Файл: азастан республикасы білім жне ылым министрлігі асу политехникалы колледжі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 31
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АҚСУ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Оқу сабағының жоспары
Сабақ тақырыбы: Жарықтың электромагниттік табиғаты.
Пән атауы: Физика
Педагог: Тобықбаева Айгерім Тұрарбекқызы
21 топ | 22 топ | 23 топ | 24 топ |
| | | |
Курс: 2 топ:
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Мақсаты: Білім алушыларға жарықтың интерферен-ция, дифракция және поляризация құбылысын талдай отырып, эксперимент арқылы жарықтың электрмагниттік табиғатына түсінік беру.
Міндеттері: Жарықтың табиғаты туралы ұғымды өзіндік жұмыстар арқылы меңгеруіне, деңгейлік тапсырмаларды орындағанда алған білімін өз бетімен қолдана алуға үйрету.
Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер:
Тақырып бойынша меңгерген білімдерін өмірдегі қолдану аймағын, қайда қолданылатындығы және дамытатындығы туралы түсіндіру арқылы өмір бойы білім алу құндылығы қалыптастыру.
Қажетті ресурстар: Презентация, видео,оқулықтар, компьютер.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау. Өткенге шолу. Бірнеше сұрақ беру арқылы өткен сабақты қайталаймыз. (W) Үй тапсырмасын келесі сұрақтарды қою арқылы сұрау: 1. Неліктен айналмалы дискідегі тістер мен ойықтардың ендері бірдей? 2. Неліктен айналар жоғарырақ орналастыры-лады? 3. И.Физо және Г.Галилей Тәжірибелерінің қандай ұқсастықтары бар? | Берілген сұрақтарға жауап береді. Дискриптор: Берілген сұрақтарға жауап береді. | Критерий: сабақ басында белсенділікпен қатысып анықтауға, оқуға кірскендерді осы төрт балдық жүйенің екі цифрлық баламасына сәйкес бағалаймыз. С 65-69, С-60-64, D+55-59, D 50-54 Қаңағаттанарлық. В+ 85-89, В 80-84, В- 75-79 С+ 70-74 Жақсы. Үй жұмысы бойынша бір ғана сұраққа жауап бере алса D 50 ұпай - барлығын дұрыс жауап берсеD+55 ұпай - И. Физо және Г.Галилей тәжірибиесінің ұқсастықтарын айтса C-60 ұпай, өмірмен байланыстыра алса С 65 ұпай | Оқулық 11 – сынып |
Сабақтың ортасы | 1 тапсырма: Корпускулалық теория негізінде жарықтың шағылу және сыну құб- ылыстарын түсіндіріңдер. Неліктен корпускулалық теория негізінде жарықтың интерференциясы мен дифракциясы құбылысын түсіндіру мүмкін емес? | Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Дескриптор -Тапсырманы орындайды | Критерий; қайталау басында білім алушының оқыту нәтижелерін осы төрт балдық жүйенің үш цифрлық баламасына сәйкес бағалаймыз. С 65-69, С-60-64, D+55-59, D 50-54 қаңағаттанарлық В+ 85-89, В 80-84, В- 75-79 С+ 70-74 жақсы А 95-100, А- 90-94 өте жақсы - Жаңа тақырып бойынша жарықтың шағылуын түсіндірсе С+70 ұпай жарықтың сыну құб- ылыстарын түсіндір В-75, В 80, В+85 ұпайлармен бағаланады Корпускулалық теория негізінде жарықтың интерференциясы түсіндірсе В+89 ұпай дифракциясы құбылысын дұрыс айтқан жағдайда А-90. | Презентация Оқулық 11 – сынып |
Жеке жұмыс | 2-тапсырма Күн сәулелері Жер бетіне жететін уақытты анықтаңдар. Қандай уақыт аралығында жарық сәулелері Жер бетін айналып өтеді? | Дескриптор: -Күн сәулелері Жер бетіне жететін уақытты анықтайды | Критерий; Қайталау басында білім алушының оқыту нәтижелерін осы төрт балдық жүйенің үш цифрлық баламасына сәйкес бағалаймыз. А 95-100, А- 90-94 өте жақсы - Жаңа тақырып бойынша сұрақтың жауабына дұрыс жауап беріп, білімдерін жинақтаса А 91-94 ұпай. Толықтай түсіндірсе алса A 95-100 ұпайлармен бағаланады | ДК экраны Презентация ДМ |
Сабақтың соңы. Рефлексия | Оқушыларға нұсқаулық Төмендегі сұрақтарды жұбыңмен пікір алмасып жауап бер: A. Бүгінгі сабақтан қандай маңызды мәлімет алдыңыз? B. Бүгінгі сабақтан алған білімді күнделікті тұрмыста қалай қолданған болар едіңіз? C. Қай тақырыпты игеру оңай болды? D. Егер сізде қиындық тудырған, игерілмей қалған ақпарат болса оны игеруді қалай жүзеге асырар едіңіз? Үйге тапсырма: (Қазақстандағы электр энергиясын тарату туралы эссе жазу) | Нәтижені талдайды. Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай мадақтау әдісі арқылы бағаланады. | | ДК экраны Тапсырма орындауға қажетті құралдар. |