Файл: Трбие сааты Таырыбы Отанрухы биік аса ым.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 17

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Отан-рухы биік асқақ ұғым»

Күні: 24.04.2023ж

Сынып : 8 «Г»

Сынып жетекші: Хайыпова Айнаш Хусенбаевна

Тәрбие сағатының мақсаты:

Мақсаты: Отан туралы білімдерін назарға ала отырып, Отанымыз – Қазақстан Республикасы туралы не білетіндігін саралау, алған мәліметтер бойынша білімдерін бекіту.
Міндеттері:
1) Білімділік: Балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.
2) Дамытушылық: Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру.
3) Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін сүюге, байлығын қорғауға, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Түрі: сайыс
Әдісі: топтық жұмыс, сұрақ - жауап, пікірталас
Көрнекіліктері: жалауша, суреттер, плакат,слайдтар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
.
Ойтастау.
- Кәне, балалар Отан деген не?
- Адамның туып өскен жері, туған - туысқандары, біз тұратын атамекен.
- Балалар біздің отанымыз қалай аталады?
- Біздің - Отанымыз Қазақстан.
- Ендеше, балалар, мына тақтадағы әріптерге көз салыңдаршы. Мұндағы әріптер орындарын ауыстырып, адасып қалыпты. Енді осы әріптерді өз орындарына тұруына көмектесейік.
«Адасқан әріптер» ойынын ойнау.
росы, тарат, раба, іенмс.
- Балалар, әріптерді орнына қойғанда қызыл шаршының ішінде қандай сөз шықты?
- Әрине, ОТАН
- Олай болса, балалар, біздің бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы да Отан туралы, яғни «Отан – рухы биік, асқақ ұғым!»
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
- Отан - әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан - сенің туған елің, туған жерің, дос - жарандарың, туған - туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Осы үлкен Отанның ішінде әр адамның өзі туған, өзіне өте жақын ауылы, қаласы, көшесі бар. Әрбір адам үшін туған ел, туған жер әр уақытта да қымбат. Өйткені, сен туған өлке, саған алтын бесік - атамекен болып саналады. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз.
ІІ. Негізгі бөлім.
Оқушыларды 3 - топқа бөлу. Әр қатарға қиылған қағазды тарату. Шыққан суреттен әр топтың аты шығады. (Мозайка)

1 - топ: Туған жер
2 - топ: Отан
3 - топ: Атамекен

Бүгін сабақ бойы мына бір кестені толтырып отырамыз.

1.Кесте толтыру.

Не білемін

Нені білгім келеді

Не білдім

1-топқа сұрақ.

Қазақстанның қазба байлықтары

2-топқа сұрақ

Қазақстанның қалалары

3-топқа сұрақ

Отан немесе Қазақстан туралы өлең оқы.







«Бәйге» ойын. Полиглот.
20 – ҚР тәуелсіздігін қай жылы алды?
20 – Еліміздің бас қаласы
20 – ҚР президенті
50 – ҚР туының авторы

50 – ҚР елтаңбасының авторлары
50 – Әнұранымыздың авторлары
100 – Еліміздің көрікті жерлері
100 – Отан туралы өлең айт
100 – Отан туралы ән шырқа

  1. Тренинг. «Қар бұрқасыны» ойыны. Тілек сөздер арқылы қар лақтыру. Тілек сөздерге. Сен әдемісің, сен сұлусың, сен батырсың, сен ақылдысың т.б.

  2. «Ойтолғаныс». Қазақстан туралы суреттер беріледі үш топқа, сурет бойынша ой-пікірлерін жеткізу.

1-топ «Елтаңба»

Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнелеген.Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған.Жарық жұлдыз – Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан  нұр шашып тұрғанын бейнелейді.Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз ертегісінен алынған. Аңыз бойынша қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қанат аспанға ұшып, жеті қат жер астында түсіп халықты қасіреттерден азат еткен,еліміздің азаттығы мен жеңімпаздығының белгісі.Бидай сабақтары тоқшылықты, молшылықты білдіреді. Ал төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу еліміздің ежелден әлемге танымал   екенін көрсетеді.

2-топ. «Гимн»
Кез келген мемлекеттік рәміздің ең маңыздысы - Гимн. Гимн   мемлекеттік салтанатты ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың  мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі   өмірі мен келешек арманы айтылған.

3-топ «Ту»

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы ортасында шұғылалы күн, оның астында қадықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрвшты көгілдір түсті мата. Бұл түс- ашық аспанның,тыныштықтың белгісін көрсетеді.Тудың ортасындағы алтын күн – баршаға ортақ, бәріне нұрын шашып, сәулесін төгеді.Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік тіршілік атаулыға ортақ. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтер»п ұшып бара жатқан қыран құс – ерлік белгісі. Матаның   сол жағында ою - өр негі бар тік жолақ орналасқан. Бұл қазақ елінің әшекейі. Алтын күн, Қыран          және ою- өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен бай – берекесі, тыныштық пен байлықтың  белгісі.



1

«Мен саған,сен маған»әдісін қолдану. Бір топ таңдаған тобына мақал айтады,қалған топ сол мақалды жалғастырады.

1. Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
2 Отансыз – адам, ормансыз – бұлбұл.
3. Отан үшін отқа түс күймейсің,
Арың үшін алыссаң өлмейсің.

6.Балалар Қазақстан туралы өлеңдер оқып, елімізді, жерімізді мадақтау бүгін біздің еншімізде. Ендеше өнерімізді ортаға салайық.
оқушы: Арыстандай айбаттым.
Жолбарыстай қайраттым,
Аспандаған байрақтың
Қанша жұлдыз жайнаттың.
Қанша бұлбұл сайраттың,
Қазақстан ардақтым.
оқушы: Өзіңдікі туыңда,
От пен ауа, суың да.
Жаса Қазақстаным,
Белді бекем буында.
5 - оқушы: Жаса жаңа Астанам
Өркен жая бастаған
Болашақтың есігін
өз қолыңмен аш маған.
- Балалар! Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы екен. Отансыз адам болмайды. Отанымыз көркейіп, гүлдену үшін біз көп еңбектенуіміз керек. Еңбектену дегеніміз білімді, тәртіпті болуымыз.
Хор: «Көк тудың желбірегені» (Қолдарына жалаушалар алып сермейді)
Қорытынды.
Байтақ дала жерім менің
Арта берсін даңқың сенің
Көк байрағың желбіресін
Егеменді елім менің
– дей отырып, құрметті қонақтар, балалар осымен «Отан-рухы биік асқақ ұғым» атты сынып сағатымыз аяқталды.Сіздерге көп-көп рахмет!