Файл: Балаларды жасы 3 жас Жоспарды рылу кезеі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 29

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы
Білім беру ұйымы: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№18 «Еркетай» балабақша-бөбекжайы» КМҚК

Топ: «Құлыншақ» орта жас тобы

Балалардың жасы:3 жас

Жоспардың құрылу кезеңі: Қараша 1-апта , 2022 - 2023 оқу жылы


Күн тәртібінің кезеңдері

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі


Жұма


Балаларды қабылдау


Балаларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алу. Балалар үшін жайлы жағдай жасау. Балаларға тәрбиешінің толық аты - жөнін атап сәлемдесуді үйрету. Баланың бүгінгі көңіл күйі, оны не қызықтыратыны туралы сұрау, баланы жеке пікірін білдіруге тарту (сөйлеу тілін дамыту)

Ата-аналармен әңгімелесу,

кеңес беру

Балалардың көңіл күйі, денсаулығы жайында ата-анамен әңгімелесу


Балалардың дербес әрекеті

(баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Еңбекке баулу Мақсаты: Балаларды топ бөлмесінде ретілікті сақтауға үйрету;Ойыншықтарды .құрылыс материалдарын өздігінен орнына жинауын үйрету .

(Сөйлеуді дамыту, Ойын әрекеті)


Тыныс алу жаттығулары №3

«Кеседегі ыстық шайды суыт»

Мақсаты:Балалардың назарын тыныс алу ойын жаттығуларына аударту. Түрлі іс-әрекеттерді бірге қайталап жасауға дағдыландыру.

( Сөйлеуді дамыту, Ойын әрекеті)


«Жаңбыр жауғанда»

Фонема –ырғақ жаттығуы

Мақсаты: Балаларды сөздердің ырғағына сай қимыл жасауға баулу.

Тырс-тырс (бір аяқпен секіру)

Тарс –тұрс (Екі аяқпен секіру)

Шылп –шылп (Екі аяқпен секіру)

( Сөйлеуді дамыту, Ойын әрекеті)



Дидактикалық ойын №11

«Менің көңіл-күйім»

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын ойындар мен ойын жаттығулары арқылы кеңейту,сөздік қорды заттардың сапасы мен қасиеттерін білдіретін сөздермен байыту (Сөйлеуді дамыту, Қоршаған ортамен таныстыру,таным,математика негіздері)


Қимылды ойын №7

Суреттегі қимылдарды қайтала
Мақсаты: Ептілік қасиеттерін арттыру. Денсаулықтарын шынықтыру.

(Қимыл белсенділігі, Ойын әрекеті)

Таңертенгі жаттығу

Қазан айына арналған таңертеңгі жаттығулар кешені (жалпы дамытушы жаттығулар, қимыл белсенділігі, ойын әрекеті)

Таңғы ас

Таңғы ас алдында гигиеналық іс-шараларды орындау (мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету,

Гигиеналық іс-шара (қолды дұрыс жуу, сүлгімен қолды сүрту, көркем сөзді қолдану, мысалы, «Сылдырлайды мөлдір су»)

Тамақтану (Өз орнын тауып отыру. Таза және ұқыпты тамақтануды, қасықты  дұрыс ұстауды, тамақтанған кезінде ауызын жауып отырып, асықпай әбден шайнауды үйрету, сөйлемеу. Тамақтанып болғаннан кейін алғыс айту)

Ұйымдастырылған іс-әрекетке

дайындық

Шаттық шеңбері. «Алақанның жылуы»

Балалар әсерлерімен бөлісу, жаңалықтарды білу, бірлескен жоспарларды, мәселелерді талқылау, қызығушылықтары бойынша әрекет түрін таңдау, ережелер туралы келісу және т. б. (сөйлеуді дамыту)

Ұйымдастырылған іс әрекет тақырыбына сай ойындар ойнату.

Дидактикалық ойын №12

«Көліктер»

Мақсаты:Заттарды топтастыру және олардың біреуін бөліп көрсету,өоршаған ортадан бір немесе бірнеше бірдей затты табу Қанша? Сұрағына жауап беру.

(Сөйлеуді дамыту, Қоршаған ортамен таныстыру,таным,математика негіздері)


Дидактикалық ойын №
(Қоршаған орта мен таныстыру,Сөйлеуді дамыту,таным,құрастыру)


Дидактикалық ойын №14

«Менің киімдерім»

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын ойындар мен ойын жаттығулары арқылы кеңейту,сөздік қорды заттардың сапасы мен қасиеттерін білдіретін сөздермен байыту (ыдыс, жиһаз) және ерекше белгілері бойынша жалпылаушы сөздермен байыту;

(Сөйлеуді дамыту Құрастыру,таным,математика негіздері)



Дидактикалық ойын №15

«Менің тазалық заттарым»

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын ойындар мен ойын жаттығулары арқылы кеңейту,сөздік қорды заттардың сапасы мен қасиеттерін білдіретін сөздермен байыту (ыдыс, жиһаз) және ерекше белгілері бойынша жалпылаушы сөздермен байыту;

(Сөйлеуді дамыту Құрастыру,таным,математика негіздері)


Дидактикалық ойын №16

« Аяқ-киім бөлігін тап»

Мақсаты.

Заттардың айырмашылықтары мен атауларын,олардың көлемін ,түсін қарастыру мен зерттеу дағдыларын қалыптастыру;

(Қоршаған ортааен таныстыру,

Сөйлеуді дамыту,таным)

Ұйымдастырылған

іс-әрекеттер





Дене шынықтыру

(Маман жоспары бойынша)


Музыка

(Маман жоспары бойынша)


Дене шынықтыру

(Маман жоспары бойынша)


Дене шынықтыру

(Маман жоспары бойынша)


«Маманлықтар»

Мақсаты: Таныс мамандық иелеріне құрметпен қарау, олардың еңбек нәтижелеріне қамқорлық таныту.

Сөйлеуді дамыту,қоршаған орта,таным)

« Дәрігердің құрал жабдықтарын тап»

Әр балаға жеке үлестірмелі материалдар таратылып беріледі Дәрігердің керекті құрал жабдықтарын табуы тиіс.

(Қоршаған ортамен таныстыру, Сөйлеуді дамыту, Ойын әрекеті)


(Қоршаған ортамен таныстыру,сөйлеуді дамыту,таным)

«Сәбіз»

Мақсаты: Кесектерді алақандарының арасында домалату,есу тәсілдері арқылы заттарды мүсіндеу (ыдыстар).Жеке жұмыстарын ұжымдық композицияларға біріктіру дағдыларын қалыптастыру.

Мүсіндеу барысында қауіпсіздікті сақтауға,ұқыпты болуға баулу;

(Мүсіндеу,таным,сөйлеуді дамыту,Қоршаған орта)

«Қызанақ» өлеңін жаттау.

Мақсаты: Балаларға сөздер мен сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін қайталауға мүмкіндік беру.

(Сөйлеуді дамыту)

Мақсаты: Көлденең және тік сызықтарды салуға үйрету,әр түрлі пішіндегі ( көкөністер мен жемістер, ыдыс-аяқ,) дөңгелек пішінді заттардың суретін салу ( бұлттар) Қылқаламмен бояуда оны бояуға ақырын батыруды, алынған артық бояуды құтының шетіне қылқаламды ақырын басынан басып, ағызып жіберіп бояуды ;

«Қызанақтың суретін бояу»

Қызанақтың суреті беріледі, суретті қылқаламның көмегімен бояп шығу тиіс.

(Сурет салу,таным,сөйлеуді дамыту)


«Шаршы» Мақсаты: Балаларды геометриялық фигура: шаршыны көру және ұстау тәсілдері арқылы аталған фигураларды атауға үйрету;

(Математика негіздері)

Мақсаты:Бір заттың немесе түрлі заттардың суретін салуды қайталау. «Доп»
Доптың суреті беріледі ,суретті ір турлі түсті қарандаштардың көмегімен бояп шығу.

(Сурет салу)


«Ыдыстар»

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын ойындар мен ойын жаттығулары арқылы кеңейту,сөздік қорды заттардың сапасы мен қасиеттерін білдіретін сөздермен байыту (ойыншықтар)

(Математика негіздері,Сөйлеуді дамыту,таным)
«Кесені жапсыру »

Мақсаты: Қағаз бетінде түсі ,көлемі пішіні бойынша дайын пішіндерді ретілікпен орналастыру (Жапсыру,таным,сөйлеуді дамыту,Қоршаған орта)

І бесін ас

Таза және ұқыпты тамақтану. Тамақтану мәденетін қалыптастыру. Асты тауысып жеуге үйрету.

(мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әрекеті)

Серуенге дайындық

Балалардың дербес қимыл белсенділігі үшін жағдай жасау, спорттық - ойын жабдықтары мен спорттық құрал-жабдықтады дұрыс пайдалану туралы әңгімелесу.

Балаларды ретімен киіндіру (ауа-райы жағдайына байланысты), дұрыс киінуді бақылау (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).

Қатармен жұптасып жүруді, қатарды бұзбауды үйрету.

- Сөйлеуді дамыту

-Көркем әдебиет

-Дене шынықтыру

- Қоршаған ортамен таныстыру

Серуен


Серуен №1

Жыл мезгілдерінің өзгеруін бақылау

1.Д/О: «Қайың мен теректің ең әдемі күзгі жапырағын тап»

2.Еңбек

Ойын алаңындағы жапырақтарды жинау.

Мақсаты:

— орындалған жұмыс нәтижесін көріп қуануға үйрету;

— экологиялық мәдениеттерін тәрбиелеу.

3.Ұлттық ойын «Арқан тарту».

Мақсаты:

Тез жүкіруге, ептілікке жаттықтыру.

4.Еркін ойындар


Серуен №5

Күн — жылу мен жарық көзі

1«Күншуақ»

Мақсаты: Балаларға жақсы көңіл-күй сыйлау. Күн сәулесі адамға қуаныш, жылу беретінін сезіну

-Бәріміз көзімізді жұмып, күнге қол созамыз. Күннен жылу алып бір-бірімізге сыйлаймыз, қуанып қол соғамыз.

2.Еңбек:

Алаңды тазалауға кішкентайларға көмектесу.

Мақсаты: еңбексүйгіштікке, кішкентайларға көмекке келуге тәрбиелеу.

3.Жаттығу ойындары: «Шеңберге түсір»

Мақсаты: нысанаға көздеуге жаттықтыру


Серуен №6

Аула тазалаушы еңбегін бақылау

1.Сұрақтар:

  • Аула тазалаушы не істейді?

  • Аула тазалаушыға қандай құралдар қажет?

  • Аула тазалаушы күзде не жинайды?

  • Ол кімдер үшін қызмет етеді?

2.Еңбек: Аула тазалаушыға көмектесу

Мақсаты: Еңбексүйгіштікке, үлкендер еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу

3.Еркін ойындар


Серуен №1

Жыл мезгілдерінің өзгеруін бақылау

1.Д/О: «Қайың мен теректің ең әдемі күзгі жапырағын тап»

2.Еңбек

Ойын алаңындағы жапырақтарды жинау.

Мақсаты:

— орындалған жұмыс нәтижесін көріп қуануға үйрету;

— экологиялық мәдениеттерін тәрбиелеу.

3.Ұлттық ойын

« Арқан тарту».

Мақсаты:

Тез жүкіруге, ептілікке жаттықтыру.

4.Еркін ойындар


Серуен №2

Күздің алғашқы белгілерін бақылау

1.Тәрбиеші сұрақтары.

  • Күздің қандай белгілерін білесіңдер?

  • Күзде ауа-райы қалай өзгереді?

  • Күзде өсімдіктер қандай өзгеріске ұшырайды?

  • Адамдар күзде не істейді?

  • Жануарлар күзгі тіршілікке қалай бейімделеді?

2.Д/О: «Күзге ең алғашқы дайындалған ағашты тап» (қайың, көк терек)

3.Д/О: «Қайың мен теректің ең әдемі күзгі жапырағын тап»

4.Қимылды ойын «Қуып жет».

Мақсаты: Тез жүкіруге, ептілікке жаттықтыру.

Серуеннен оралу

Топқа оралу кезінде жылдам қатарға тұруға дағдыландыру.  Асықпай, бір-бірін  итермей жүруді үйрету. Топта киетін аяқ киімдерін өз бетінше ауыстырып, киімдерін рет-ретімен шешу, киюін қалыптастыру. Жұмбақтар шешу, өлеңдер, әндер жаңылтпаштар, санамақтар  және т.б. жаттау (көркем әрекет, дербес ойын әрекеті).

Түскі ас

Түскі ас алдында гигеналық шараларды орындау :қолды дұрыс жуу, қолды дұрыс сүрту. (мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет көрсету, еңбек әрекеті)

Көркем сөз қолдану

«Сылдырлайды мөлдір су, мөлдір суға қолыңды жу»

Гигиеналық іс-шара (қолды дұрыс жуу, сүлгімен қолды сүрту, көркем сөзді қолдану, мысалы, «Сылдырлайды мөлдір су»)

Тамақтану (Өз орнын тауып отыру. Таза және ұқыпты тамақтануды, қасықты  дұрыс ұстауды, тамақтанған кезінде ауызын жауып отырып, асықпай әбден шайнауды үйрету, сөйлемеу. Тамақтанып болғаннан кейін алғыс айту)

Ереже: 

Тамақ ішер кезде енді, 

Сөйлемейміз күлмейміз.

Астан басқа өзгені,

Елемейміз, білмейміз. (сөйлеуді дамыту)

Күндізгі ұйқы

Тамақтан соң ауыздарын сумен шаюды қалыптастыру.

Киім түймелерін, сырмаларын өздігінше ағыту. Киімдерін ұқыпты орындыққа іліп қоюды үйрету. Өз төсек орнын тауып жатуды үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)

Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайы баяу музыка тыңдау. Түлкі мен қоян ертегісін  оқып беру (көркем әрекет)

Біртіндеп ұйқыдан ояту,

сауықтыру шаралары

Өз орындарында отырып керілу, тыныстау жаттығуларын жасату.  Ригалық әдіс  бойынша сауықтыру.

(дене жаттығулар мен белсенділігі)

Киімдерін реттілікпен өздігінен киіну. Түймелерін қадау, сырмаларын сыру, аяқ киімдерін дұрыс киюді үйрету. Қыз балалардың шаштарын тарауға үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)

Қолдарын жуу, құрғатып сүрту, сүлгіні өз орнына іліп қоюды үйрету. (мәдени-гигиеналық дағдылар).  

ІІ Бесін ас

Асхана құралдарын, майлықтарды үстелге қою, соңынан жинау.

Таза және ұқыпты тамақтану. Тамақтану мәденетін қалыптастыру. Асты тауысып жеуге үйрету.

(мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әрекеті)

Балалардың дербес әрекеті

(баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Вариативтік компонент / ЖОБА ҚЫЗМЕТІ

Диалогтық сөйлеуді дамыту жұмысы, мнемо-кестелер арқылы ертегі айтуды үйрету, Воскобович дамытушы ойындары



«Би әлемі»

(Маман жоспары бойынша)



Саңырауқұлақ

Мақсаты: Қағаз бетінде түсі ,көлемі пішіні бойынша дайын пішіндерді ретілікпен орналастыру.

(Жапсыру,

Математика негіздері,Сөйлеуді дамыту ,таным)


«Менімен бірге биле балақай!»

(Қимыл қозғалысты ойын жаттығулары)

(Ойын, таным

коммуникативті әрекет)


Шебер қолдар

(Маман жоспары бойынша)

Ойыншықтар өлеңін жаттау.

Мақсаты: Балаларға сөздер мен сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін қайталауға мүмкіндік беру.

(Сөйлеуді дамыту)


Дидактикалық ойын №4

«Көленкесін тап»

(Сөйлеуді дамыту Құрастыру,таным)

Балалармен жеке жұмыс

Қол ұстарту жаттығулары

Мақсаты: артикуляциялық аппаратты дамыту.

(Сөйлеуді дамыту –коммуникативті әрекет)

Наргиз-жеке жұмыс

(Қарандаш ұстап үйрету,түстерді қайталау)

Қалған балаларды топқа бөліп, топтық жұмыс ұйымдастыру

Жаңбыр тамшысы

Әндерін қайталау.

(Сөйлеуді дамыту – коммуникативті әрекет)

.

Көркем – жеке жұмыс

Киімдерін ретілікпен жинауды үйрету.

Қалған балаларды топқа бөліп, топтық жұмыс ұйымдастыру

Балалардың әндерін тыңдау, қосыла ән айту, би дағдыларын дамыту.

(шығармашылық қызмет)

Аялы – жеке жұмыс

(Ойыншықтар тақпағын қайталау)

Қалған балаларды топқа бөліп, топтық жұмыс ұйымдастыру




Би қимылын бірге қайталау.

(Ойын, таным

коммуникативті әрекет)

Нұрислам- жеке жұмыс

(Көлеңкесін тап ойынын ойнатып, заттардың толық атауын сұрау)

Қалған балаларды топқа бөліп, топтық жұмыс ұйымдастыру.

Серуенге дайындық

Балалардың дербес қимыл белсенділігі үшін жағдай жасау, спорттық - ойын жабдықтары мен спорттық құрал-жабдықтады дұрыс пайдалану туралы әңгімелесу.

Балаларды ретімен киіндіру (ауа-райы жағдайына байланысты), дұрыс киінуді бақылау (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).

Қатармен жұптасып жүруді, қатарды бұзбауды үйрету.

Серуен


Ұлттық ойын:

«Арқан тарту»

Еркін ойындар.

(Қимыл белсенділігі ойын әрекеті)

Қ/О «Киіз үй»

Балалар 4 орындықты анала жүгіреді,тәрбиешінің нұсқауымен орамалдың шетін жоғары көтеріп киіз үй құрады.

(Қимыл белсенділігі ,ойын әрекеті)


Қ/О «Толқиды теңіз»

(Толқиды теңіз төрт)

сөз жолдарын айтады, тәрбиеші нұсқауы бойынша мұз болып қаттады.

(Сөйлеуді дамыту,Қимыл белсенділігі ойын әрекеті)

Қ/О «Өрмекші»
Мақсаты: Ептілік қасиеттерін арттыру. Денсаулықтарын шынықтыру.

(Қимыл белсенділігі ,ойын әрекеті)

Қ/О «Аюдың апанында»

Әне аюдың апаны,

Жатыр онда дәу аю

Жайлап басып барайық,

Бүлдіргенді жеуге.

Деп өлең жолын айтып аюдың бүлдіргенін жеуге ұмтылады ,аю көріп қуалайды.

Еркін ойындар.

(Қимыл белсенділігі ,ойын әрекеті,Сөйлеуді дамыту)

Серуеннен оралу

Топқа оралу кезінде жылдам қатарға тұруға дағдыландыру.  Асықпай, бір-бірін  итермей жүруді үйрету. Топта киетін аяқ киімдерін өз бетінше ауыстырып, киімдерін рет-ретімен шешу, киюін қалыптастыру. Жұмбақтар шешу, өлеңдер, әндер, жаңылтпаштар, санамақтар  және т.б. жаттау (көркем әрекет, дербес ойын әрекеті).

Кешкі ас

Таза және ұқыпты тамақтану. Тамақтану мәденетін қалыптастыру. Асты тауысып жеуге үйрету.

(мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әрекеті)

Балалардың дербес әрекеті

Ата-аналармен қарым-қатынас Балалардың үйге қайтуы


Балалардың әр түрлі іс-әрекеттері (ойындық, қимыл-қозғалыс, танымдық, шығармашылық, зерттеушілік, эксперименттік, еңбек, өз бетінше әрекет)

Балалардың жетістіктері туралы әңгімелесу, ата-аналардың бала тәрбиесі мен дамуына қатысты сұрақтарына жауап беру, кеңес беру.

Ата-аналармен

күн тәртібін сақтау, баланың балабақшада өзін-өзі ұстау ережелері туралы әңгімелесу.

Жеке бас гигиенасы дағдыларын қалыптастыру туралы ата-аналармен жеке әңгімелесу.

Отбасы тәрбиесі мәселелері бойынша жеке кеңестер беру.

Ата-аналармен бірлескен жұмыстар туралы кеңес беру (буклет, көрме жасау)

Ата-аналармен баланың өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру туралы жеке әңгімелесу.



Әдіскер ______________________М.Д.Токтаганова