Файл: ыса мерзімді жоспар Блім Жаандану мселелері Педагогті атыжні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 15

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім:

Жаһандану мәселелері

Педагогтің аты-жөні:

Исаева А.

Күні:

5.10.2022ж

Сыныбы: 9

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Жаһандану және ұлттық код

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.3.3.1 мәтін құрылымын сақтай отырып, бірнеше графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректерді салыстыру, маңызды тұстары мен үрдістерді (тенденция) анықтап жазу

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Білім алушылар мәтін құрылымын сақтай отырып, бірнеше графиктік мәтіндегі деректерді салыстырады, маңызды тұстары мен үрдістерді анықтап жазады.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

(Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.

Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Оқулық, жұмыс дәптерлері

ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе




(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1. Жаһандану дегеніміз не?

2. Мәдениетті ел дегенді қалай түсінесіңдер

Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.

1-тапсырма

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқып түсіндіріп береді, жаттығуларды орындатады.

1-тапсырма. Жаһандану сөзін естігенде ойларына не келді? Өз ойларын білдіріп, сызбаны толтырады.



Дескриптор: Жалпы - 3 балл.

- Сызбаны толтырады.

9-сынып оқулығы

Жұмыс дәптерлері

і

№2-тапсырма

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

2-тапсырма. Үнтаспадан 4- аудиомәтінді тыңдайды.

А) Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды

Ә) Жаһандану, ғаламдану ұғымдарының синонимдес болуын түсіндіреді. Қазіргі жастар жаһанданудың қай бағытына ден қоюда?

Б) Мәдениетті ел мен өркениетті елдің аражігін ажыратады.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл.

- Тапсырманы орындап шығады.

9-сынып оқулығы

Жұмыс дәптерлері




3-тапсырма

Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

3-тапсырма. Автордың жаһандануға қатысты екіжақты пікірін жазып алады. Неден сақтанып, нег ұмтылу керектігін есте сақтайды.

4- тапсырма. Өздерінің жаһандану жайлы ойларың мен мәтіндегі ойды салыстырады. Не қосасыңдар, не аласыңдар?

Дескриптор: Жалпы - 4 балл.

- Сұрақтарға жауап береді.




Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.




«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу б