Файл: за мерзімді жоспар блімі Кні Сынып 10.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 17

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Күні:

Сынып: 10 « »

Мектеп: Жумабаева Гимназия

Мұғалімнің аты –жөні Тлебаева К. А.

Қатысқандар саны: 14

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Магниттік – резонанстық томография 2-сабақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.2.4 - магниттік-резонанстық томографияның практикалық маңызын түсіну;

Сабақ мақсаттары

Қазіргі таңдағы медицинада кеңінен қолданылып жүрген МРТ әдісін оқушыларған таныстыру. МРТ-нің жұмыс істеу принципін үйрету

Жетістік критерийлері

Оқушылар:

  • МРТ-нің жұмыс істеу принципін біледі

  • МРТ медицина саласында қолданысын біледі

  • МРТ практикадағы маңыздылығын түсіндіреді

Тілдік мақсаттар

Оқушылар өздерінің түсініктерін көрсететін жаңа сөздерді пайдаланулары керек. Олар терминдерді түсіну және қолдану керек.

Арнайы пәндік лексика мен терминология:

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Магнит өрісі

Магнитное поле

A magnetic field

Магнит ағыны

Магнитный поток

Magnetic flux

Магниттік – резонанстық томография

Mагнитно резонанс томография

Magnetic resonance imaging

Электромагнит

Электромагнит

Electromagnetic




Құндылықтарды дарыту

Қоғамның дамуы үшін физиканың маңыздылығын түсіну.

Физикалық білім жүйесін саналы түрде игеру логикалық ойлаудың, жадының, назар аударудың, елестетудің, ойлау қабілеттерінің, икемділік пен дарынның дамуына ықпал етеді.

Қалыптастырушы бағалау кезінде оқушылар академиялық әділдікті сақтайды.

Пәнаралық

байланыстар

Математика, техника, өмірмен байланыс

АКТ қолдану дағдылары

Есептер мысалын АКТ көмегімен ұсыну, twig-bilim.kz, http://files.school-collection.edu.ru/ , https://www.youtube.com/watch?v=9Wby4aHyXJQ сайттарын қолдану

Бастапқы білім

Жердің магнит өрісі.күш сызықтары туралы 8-сыныпта өтілген, магнит өрісінің физикалық шамаларымен алдыңғы тақырыптарда таныс болған.

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин


І. Ұйымдастыру

Қолайлы атмосфералық орта қалыптастыру

1.Оқушылармен амандасу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Сыныптың сабаққа даярлығы
«Ой қозғау»

(Өтілген материалды активациялау мақсатынды жүйеге негізделген сұрақтар арқылы оқушылардың білімдерін шыңдау)

1.Магнит өрісі дегеніміз не?

2.Қандай электротехникалық құрылғы электромагниттік деп аталады?

3. Электромагнитті қандай мақсатта қолданамыз?

https://twig-bilim.kz/kz/film/what-are-electromagnets

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Mагниттік-резонанстық томография»

ОМ: 10.4.2.4 - магниттік-резонанстық томографияның практикалық маңызын түсіну

Оқушылармен бірге жетістік критерийлерін құрастырылады



Оқушылар хабарламасы
Презентация

Ойлану/ ақпарат алу

30 мин

Оқушылар назарын видеоға аудару


Магниттік-резонанстық томография дегеніміз не?




1.Фильмнің қысқаша мазмұны қандай?

Жауабы: MRI машиналары қазіргі кезде емханаларда біздің денеміздің ішкі бейнесін құру үшін кеңінен қолданылады. Магниттер мұның жасалуына қалайша көмектесетінін анықтаңыз.
2.Фильмдегі маңызды деректер

Жауабы:

  • МРТ машиналары адам денесінің ішіндегі бейнелерді алу үшін магниттерді пайдаланады.

  • Магнит МРТ машинасына түсуге келген науқастың айналасында мықты магнит өрісін тудырады.

  • МРТ машиналары денедегі сутегі атомдарын магнит өрісі бойымен бағыттайды.

  • МРТ машиналары адам денсаулығына зиян емес.

Теориялық мағлұмат



Магниттік-резонанстық томографияның практикалық медицинада қолданылатын магнитті өрісінің қуаттылық диапозоны емделуші үшін ешқандай зияны жоқ. Сондықтан, диагностикамен қатарауруды емдеу барысында динамикалық бақылау үшін де жиі қолданылады.

Магниттік-резонанстық томографияның немесе МРТ-ның пайда болуы - 20-ғасырдағы зор медициналық жетістіктерідің бірі.

Магниттік-резонанстық томография (МРТ) аппараты

Бұл аппарат магниттің көмегімен адамның ішкі құрылысын қауіпсіз түрде суретке түсіреді.

МРТ аппаратында емделушіні төрт магнит қоршап тұрады.

Олардың ең үлкені аппараттың ұзындығын бойлай орналасқан және ол аса күшті магнит өрісін тудырады.

Жаңа МРТ аппараттарында магниттердің күші екі теслаға дейін жетеді.

Тесла = магнит индукциясының өлшем бірлігі

Бұл Жердің магнит өрісінен 40000 есе күшті.

МРТ жүйесінде, сондай-ақ, үш градиенттік магниттер болады.

Олар әлдеқайда аз күшпен, яғни 0,027 теслаға дейінгі шамада жұмыс істейді.

Бұл үш магнит айнымалы магнит өрісін тудырады, ал үлкен магнит емделушінің айналасында тұрақты әрі қарқынды магнит өрісін түзеді.

Емделушінің жанындағы катушкалар жиынтығы оның денесіне радиотолқын жібереді.

Катушканың дененің әр бөлігіне арналған жеке түрлері бар.

Адам денесінде судың мөлшері көп болғандықтан, аппараттың ішіне енген катушка радиотолқындар жиілігін тек сутек атомдарына ғана әсер ететіндей реттейді.

Әдетте сутек атомдары денеде табиғи осьтер бойымен бейберекет қозғалады, ал МРТ аппаратында олар солтүстікті көрсететін компастай магнит өрісіне жинақталады.

Атомдар жиналған кезде, радиоимпульс жіберіледі.

Соның әсерінен кейбір атомдар орнын солтүстіктен оңтүстікке қарай ауыстырады.

Радиоимпульс тоқтағаннан кейін, сутек атомдары өздерінің табиғи орындарына оралып, радиоимпульстен алған энергиясын жарық фотондары түрінде шығарады.

Қоршап тұрған катушкалар бұл фотондарды қабылдап, компьютерге жібереді, ал ол өз кезегінде бұларды емделушінің ішкі құрылысының суретін алуға пайдаланады.

Ең бастысы, магнит әсерінен зақымданатын металдар не басқа бөтен құрылғылардың болмауы, МРТ аппаратындағы магнит өрісін рентген сәулелеріне қарағанда қауіпсіз етеді.


МРТ әдістерінің артықшылығы

МРТ-ның басты артықшылығы – жоғары деңгейлі жұмсақ тінді контрасттың болуы (қарама-қарсы заттардың енгізілуінсіз түрлі жұмсақ тіндердің сапалы медициналық суреттерін алуға жағдайжасайтын) және сәулелік қуаттың болмауы. Алайда, МРТ өкпе, асқазан,ішек және сүйекті түсіруде қолданылмайды.

МРТ әдістерінің мүмкіндіктері

МРТ-бас және жұлын миы, омыртқа, буындар, іш қуысы (асқазан және ішекті қоспағанда) және кіші жамбас бөлігі ауруларын диагностикалауда ең тиімді әдістерінің бірі.

МРТ көп жағдайда, диагностиканың нақтылау әдістері ретінде қолданылады



МРТ өткізуге қарсы көрсеткіштер

  • Үлкен металл импланттар

  • Орналастырылған жүрек ширатқышы (МРТ аппаратының магнитті сәулесі жүрек ширатқышы ырғағына кері әсер ету қауіптілігі бар)

  • Бас миы тамырындағы қан тоқтатушы клипстер (МРТ аппараты ми ішінен қан кету қауіптілігін туғызуы мүмкін)

  • Емделушінің салмағы 120 кг асып кетуі

  • Жүректің жасанды қақпағы

  • Макияж және татуировка

  • Нерв ширатқышының болуы

  • Емделушідегі клаустрофобия (жабық кеңістіктен қорқу сезімі)

  • Жүктіліктің алғашқы 3 айы

  • Емделушінің жағымсыз жағдайы психикалық немесе паникалық шабуылы, сондай-ақ емделушінің алкогольді немесе наркотикалық мас болуы

  • Емделуші қимылсыз жату жағдайын сақтай алмау

  • Емделушінің ауыр немесе өте ауыр жағдайы



https://twig-bilim.kz/kz/film/mri

Оқушылар хабарламасы


10 сынып МРТ .pptx



Сабақтың соңы

3 мин
Үй тапсырмасы


С абақ соңындар оқушылар кері байланыс береді.
Стикерге сабақ бойынша

нені жақсы және қандай сұрақ

туандағанын жазады

Білімланд бойынша оқу (магнит өрісі бөлімі бойынша)


Рефлексия паракшалары


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:магниттік резонанстық томографияны біледі

Көпшілік оқушылар: Медицада қолданысын жетік меңгереді

Кейбір оқушылар: МРТ принципін басқа оқушыларға түсіндіреді

Сабақ барысында қолдау, қолпаштау көрсету жетістік критерийлері арқылы

Өзара бағалау;

өзін-өзі бағалау;

Интерактивті тақтаны сабақ барысында қолдану уақытын 10 минуттан асырмау

Көз жаттығуларын орындау

Кабинетті желдету

Кабинетте приборлармен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережесін сақтау (су қолмен жұмыс жасамау) жарықты қажет емес кезінде өшіру

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?





Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?