Файл: 10кл. Бжб2. Жер планетасындаы ауіпті алдытар, леуметтік тесіздік адам ытары жне кмек.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 233

Скачиваний: 11

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

10кл. БЖБ№2. «Жер планетасындағы қауіпті қалдықтар», «Әлеуметтік теңсіздік: адам құқықтары және көмек»





Оқу мақсаты

10.3.6.1 мәтін мазмұнындағы деректі ақпаратты толық анықтап, негізгі ойға өз көзқарасын білдіру және оны

бағалау




10.4.2.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе,

аргументативті эссе)

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтіндегі негізгі ойға қатысты деректі ақпараттарды анықтап, көзқарасын білдіреді, баға береді

  • Көтерілген мәселе бойынша қажетті тілдік құрылымдарды қолданып, эссе жазады («келісу,

келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе)

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

25 минут

Тапсырма

Мәтінді оқып шығып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Астанада тұрмыстық қалдықтар сары және жасыл түсті контейнерлерге сұрыпталып тастала бастады. Сары жәшіктер пластик, қағаз, шыны, металл және ұсақ-түйек электронды техника қалдықтарын жинауға арналса, жасыл контейнерлерге тағам бөліктері, органикалық қалдықтар жиналады. Негізгі мақсат – полигонға жиналатын қоқыс көлемін кемітіп, еліміздегі қайта өңдеу саласын дамыту. Алдағы жылдары елімізде сұрыпталмаған қоқысты көмуге жаппай тыйым салынбақшы. Жалпы сарапшылардың дерегі бойынша, жыл сайын елімізде 700 миллион тонна өнеркәсіптік қоқыс пен қалдықтар жиналатын болса, оның 250 миллионы денсаулыққа қауіпті улы заттар көрінеді.

Қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдеу ісі бойынша Германия Еуропада алдыңғы орында. Бұл ел алғаш мұндай тәжірибені 1990 жылдардың басында іске асырып көрді және әлі күнге дейін дамыту үстінде. Немістердің әрқайсысының пәтерінде қоқыс жинауға арналған кемінде үш түрлі ыдыс болады. Ол кейде тіпті сегізге дейін жетеді. Ескі батарейкалар мен аккумуляторлар ерекше әдіс арқылы жоюды қажет етеді, себебі онда жоғары токсинді улы заттар бар. Ескі киімдер арнайы контейнерге салынады. Германияда кез келген сусынның бағасына ыдысының құны қосылады. Босаған кезде оны өткізіп, ақшасын қайтарып алуға болады. Берлиндегі жасөспірімдер егер қоқыс жинап оны өткізсе, қаржылық марапатқа ие болады.

Қоқысты қайта іске асыру және сұрыптау бойынша Францияда қоқыс өртейтін арнайы кешенді зауыттар салынған. Мысалы, Париж түбіндегі Иври-сюр-Сен зауыты жылына шамамен 600 мың тонна қоқыс өртейді. Қоқыстарды парализ тәсілі бойынша жоғары температурада өртейді. Соның әсерінен зиянды улы заттар толық еріп, күлге айналады. Франция қоқысты сұрыптап жинау әдісі мен қайта өңдеу нәтижесінде 30% алюминий, 50% әйнек, сонша газет қағазын өңдіріп отыр.

Жапонияда тұрмыстық қалдықтарды өртейді, ал одан алынған энергияны жылыту үшін қолданады. Тұрмыстық техникаларды қайта бұзып, өңдеу үшін жөнелтеді. Бұл елде әр жапондықтың үйінің алдында үш контейнер тұрады. Бірі пластмассаға арналса, екіншісі

тағам, ал үшіншісі керексіз заттар үшін. Тіпті аталған елде органикалық қалдықтардың өзінен құрылыс материалдарын жасап шығарады.


  1. Мәтіндегі негізгі ойды және оны ашатын деректі ақпараттар бойынша кластерді толтырыңыз.




  1. Мәтіндегі негізгі ойға қатысты пікіріңізді 3 сөйлеммен беріңіз.






  1. «Адам құқығының аяққа тапталуы құқықтық сауатсыздықтан» деген пікірмен келісесіз бе? Лексикалық құрылымдар мен клишелерді қолдана отырып, ойыңызды шағын эссе түрінде жеткізіңіз.



Бағалау критерийі

Тапсырма



Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтіндегі негізгі ойға қатысты деректі

ақпараттарды анықтап, көзқарасын білдіреді, баға береді

1

мәтіннің негізгі ойын анықтайды;

1

негізгі ойды ашатын ақпаратты анықтайды;

6 деректі

1

1

1

(әр 2 дұрыс жауап үшін 1 балл).

2

мәтіннің негізгі ойына қатысты өз

пікірін 3 сөйлеммен білдіреді;

2

Көтерілген мәселе бойынша қажетті тілдік құрылымдарды қолданып, эссе жазады («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе)

3

берілген пікірдегі кілт сөзге 2-3 сөйлеммен анықтама береді;

1

пікірге қатысты өз

білдіреді;

ұстанымын

1

өз ұстанымын 3-4 дәлелдейді;

аргументпен

2

мәселенің шешіміне қатысты нақты

ұсыныстар береді;

1

эссе мазмұнында қолданылатын лексикалық құрылымдар мен

клишелерді қолданады.

2

Барлық балл

13