Файл: Балалар, бгінгі кніміз ерекше болатын сияты. Бірбіріміз жне онатармен амандасып алайы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 23

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

- Балалар, бүгінгі күніміз ерекше болатын сияқты. Бір-біріміз және қонақтармен амандасып алайық.

Арайлап таң атты

Алтын шуақ таратты

Қайырлы таң, балалар!

Қайырлы таң! (Қонақтармен танысайық)

Қайырлы таң!

Біз нәзік қыздармыз

Қайырлы таң

Біз ержүрек ұлдармыз!

- Жарайсыздар! Қараңдаршы, менде не бар? Бұл не деп ойлайсыңдар? (балалар жауабы). - Өте дұрыс, бұл флешка. Ол көп ақпаратты сақтай алады, ал мына бөлме мәліметтерді сақтау орталығы. Мен сендердің өте тату екендеріңді, қызықты, жаңа жаңалықтарды жақсы көретіндеріңді білемін. Тағы қандай зат ақпаратты сақтайтынын білу үшін, бүгін қандай тақырыпта әңгімелесетінімізді білу үшін маған қараңыз, мынау не және неге ұқсайды? Мұқият ойланып, өз ойларыңды айта қойыңдар. ( А4 көрсету. Сыни ойлау, тақырыпты ащу. Балалар жауабы)

- Жарайсыздар! Кітапта не жазылады? Ол не үшін керек?

- Айтыңдаршы, кітап қалай пайда болғанын білгілеріңіз келе ма?(балалар жауабы) Тамаша олай болса, сендерді «Кітаптың таңғажайып парақшаларына» саяхатқа шақырамын. Ол үшін біз бұрынғы өткен шаққа бару керекпіз. Бірақ, оған қалай, немен жетеміз? (әртүрлі нұсқаларды айтады)

- Дұрыс, біз өткенге «уақыт аппаратымен » барамыз. Сендерге құпияны ашайын: ол алдарыңызда тұр. Бізге «уақыт аппаратын» қосыңызшы. (көмекші қосады, музыка ойналады. Тәрбиеші «сиқырлы таяқшаны» алады)

 - Балалар, уақыт көлігіне тұрайық, тек абай болыңыздар, барлық жерінде ақпарат жүйелері өтіп жатыр, үстінен басып кетпеуге тырысыңдар. Келістік пе? Алғашқы кітап осыдан бірнеше мыңдаған жылдар бұрын Египетте жасалған екен, біз сонда барамыз. Бір-біріңе сиқырлы таяқшаны музыка аяқталғанша беріп үлгеруіміз керек. (Жарық сөнеді. Балалар шеңберде тұрады, бір біріне таяқшаны береді). - Жарайсыңдар , қараңыздар біз ежелгі Египетке келдік. (ежелгі Египет музыкасы ойналады, видео қосылады). Видео

Слайд. Египет - әдемі ел,онда шөл далалар көп , балықтары түрлі-түсті теңіз , өзен-таулары да бар. Бұл елді перғауындар билеген, ал оларға ақылды, білімді абыздар көмектескен, олар жазу, оқу білген екен. Қане, біз де үстелге келіп отырайық. (балалар үстелге отырады, тәрбиеші қарама қарсы отырғышқа отырады)

- Үстелде абыздар кітап жазуға пайдаланған табиғи материалдар тұр. Алдарыңда тұрған табиғи материалдарыңызды атап шығыңдар. (балалар жауабы: құм, су, сазбалшық).

-Жақсы! Барлық материалды атап шықтыңдар. Енді осыларға жазып көрейік. Қолдарыңа ағаш таяқшаны алыңдар, үшкір жағын төменге қаратып құмға сурет салыңдар.
(Балалар сурет салады)

- Сендердің салған бейнелерің көріне ма? (иә)

-Таяқшаны қоямыз. Өз жазуларыңызды біреуге көрсетуге, оқытуға апармыз дейік. Жолда келе жатып, қозғалып кетті, ыдысты қозғалтамыз.

- Енді қараңыздаршы, жазуларыңызға не болды? (балалар жауабы)

- Жазу көрінбей қалды. Неліктен жазу жоқ болып кетті? Кім айтады?

-Өйткені, құм ұнтақ, сусымалы.

- Жарайсыңдар, құм сусымалы екен.

-Енді суға сурет салып көрейік, таяқшаны суға батырып, сурет салып көріңіз. (балалар сурет салады)

- Балалар, ненің сурет салынды? ( Ештеңе)

- Неліктен? Қандай себеп бар деп ойлайсыңдар? Су қандай екен? (балалар жауабы)

-Су сұйық, оның пішіні болмайды, сосын салған суреттеріміз көрінбейді.

-Қанекей, ыдысымзды ысырып қойып, сазбалшық салынған тақтайшаны алып, жазып көрейік.

- Дөңгелек сызамыз, енді дөңгелек ортасына басып 5 нүкте қойыңыз. Жарайсыңдар, жасалды ма? Санаңыз неше нүкте екенін?

-Бұл ақпаратты сақтауға бола ма екен, тексерейік. Таяқшаны қойып, сазбалшықты қолдарыңа алып, қозғап көріңдер. Ақпаратпен не болды? (сақталды)

- Сурет қалды ма? (иә)

- Оған үрлеп көріңіз (үрлейді)

- Қандай өзгеріс болды? (ақпарат сақталды)

- Яғни, сазбалшық жазуға жарамды ма екен? (иә)

- Ежелгі абыздар да осындай шешімге келген екен. (тұрып, экранды көрсетеді).

- Қалай жасағанын көрейік. (слайд) Жаңа сендер сазбалшықпен қалай жұмыс жасасаңдар, солай таяқшамен сазбалшықты басып бейне шығарған екен. Содан кейін сазбалшықты күйдіріп, бір-бірінің үстіне қойғанда кітап парақшалары пайда болған.

- Керемет,енді қолдарыңды сүртіңдер, бізге саяхатты жалғастырамыз, бізді өзге ел күтіп тұр. (Уақыт машинасына мінеді, шеңберде тұрып, бір- біріне таяқшаны береді).

- Балалар, біз келген ел - Қытай мемлекеті. Қытай – көптеген жаңалықтардың Отаны . Презентация «Қытай»

 - Алдымызды ұлы Қытай қабырғасы, мынау император сарайы, ал мынау Аспан шіркеуі.

Қытайда адамдар әрқашан шәй өсірген, ал мына жерде Қытай Жаңа жылы бейнеленген.

- Балалар, сендер білесіңдер ме, Қытайлықтар өз денсаулықтарын қатты мән береді. Өз денелерін күтіп, жаттығулар орындап отырған. Мен сендерге қытай жаттығуын жасауды ұсынамын. Жасап көреміз ба?

Бір-бірімізге кедергі келтірмей, кілем үстіне тұрайық. Дайынсыңдар ма?

Динамикалық үзіліс.(қытай музыкасы)

 1. Қолды түсіреміз, аяқты тіке қоямыз

2. Алдымен күнді қарсы аламыз. Жайлап қолымызды жоғарыға көтереміз, жарайсыңдар – енді түсіреміз.



3. Қытайлықтар қолшатырды жақсы көреді, сондықтан қолшатырға айналамыз (оңға, солға сәл иіліп бұрылымыз) - Жарайсыңдар! Қандай әдемі, қолшатырлар!

4. Ал енді биік, әдемі ағашқа айналамыз. Қолымызды қосамыз, аяғымызды көтеріп, өкшемізді тіземізге қоямыз, тепе-теңдік сақтаймыз, түсіреміз. Жарайсыңдар! Екінші аяқпен қайталаймыз

5. Сонымен бірге, Қытайда шәйді жақсы көреді. Шәйнекті бейнелеп, оң жақтағы кесеге шәй құямыз, енді сол жақтағы кесеге шәй құямыз – солға иілеміз)

6. Шәй ыстық ( алақанымызды қосып, шәйді үрлейміз).

7. Шәйді береміз (қолымыз алда)

8. Алға еңкейеміз, қолымызды жоғары көтере мі, қолымызды төмен түсіріп «х-ха!» дейміз.(қайталаймыз)

9.Әдемі құс боламыз (бір қолын алға, бір қолын артқа созып, аяғын бүгеді)

 - Керемет балалар, бір тынығып алдық. Ал енді қытай кітап шеберханасына өтіп, кілемге отырамыз, себебі ежелгі Қытайда еденде отырып жұмыс жасаған. (кілемге отырады) - Ежелгі Қытай кітабының тарихы қызықты болған: алдымен жібек матада жазған, оны кішкене бөліктерге бөліп, осы парақтарды жіппен тіккен, содан жібек кітаптар пайда болған.(слайд)

Мен сендерге жібек кітап парақшаларың құрастырушысы болуға шақырамын.

Қытайда кітап жазу үшін арнайы символдарды қолданады, оларды – иероглиф деп атайды. Қанекей, менімен бірге қайталаңыз – иероглиф.

- Мынау - тау

- Мынау - өзен

-Мына иероглиф - адам деген мағынаны білдіреді ,

- Бұл – күріш алқабы.

- Бұл-күн

- Ал мынау – шөп.

 Өздеріңе ұнаған иероглифті жібек парақшаға салыңыздар. Қылқаламды алып жұмысты бастаймыз.(Балалар сурет салады . Тәрбиеші жұмысты бақылап, баладан не салғанын жеке-жеке сұрап отырады, мадақтайды) 

- Тамаша, өте жақсы. Қылқаламды қоямыз, ылғалды салфетканы алып қолдарыңды сүртіңдер.

- Мен сендерге бір құпия айтайын - кейін қытайлықтар қағазды да ойлап тапты, бірақ оның жасалу жолын ұзақ уақыт бойы басқа елдерден жасырын ұстады. Бірнеше ғасырдан кейін бүкіл әлем қағазды қалай жасайтынын білді. Бірақ, бұл туралы біз басқа елде айтатын боламыз.

(Уақыт көлігіне барайық).

Балалар, біздер ежелгі Ресейге келдік.. (орыс халық музыкасы орындалады)

 Презентация «Ежелгі Ресей»

 -Ежелгі Ресей ағаш үйлерімен, өз батырларымен, қолөнерімен және мерекелерімен көзге түскен.

 - Балалар, білесіңдер ма , Ресейде алдымен береста яғни қабықта жазған. Оның не екенін білесіңдер ма?

- Береста- бұл қайың қабығы. Оған үшкір таяқшамен ойып жазған. Кейін қағаз пайда болды. Қағазға шежірешілер жазды. Олардың еңбегі өте қиын болды.Сондықтан олар, алғашқы кітап басқыш машина пайда болғанда қатты қуанды. (слайд шежіреші, әріптер)


Әріптерді ағаштан дайындап, оны бояуды жағып, қағазға бастырған. Бұл қолмен жазғанға қарағанда жылдамдау болды. Кітап қызықты болу үшін, суретті бастырып, безендірді.

Ал қазір біз бастыру арқылы кітап парақшасын жасап көрейік.

-Менде қағаз парағы бар, онда өлең жазылған мен оқып беремін.

Кленовый лист.

 

Кленовый лист манит красой,
Весь с окантовкою резной,
Раскрашен мастерски природой,
Чарует в разную погоду….

Красиво пел берёзке песни,
Всегда казалось будут вместе.
Вдруг появился ветер злой,
Нарушил радость и покой.

Нагрянула красотка -осень,
Лист дерзко ею с веток сброшен,
Всё закружило листопадом…..
С берёзкой не остался рядом.

Унылый миг и расставанье,
Куда девались все признанья?
Берёзка шаль тоски одела,
Но осень их не пожалела…


-Өлеңде не туралы в айтылған? Жылдың қай мезгілі? Жапырақ қандай түсті? (балалар жауабы)

- Осы өлең мазмұнына сәйкес, бастырма арқылы кітап парақшасын безендіріп шығыңдар. Ол үшін жапырақты алып бояп, қағаз бетіне басамыз. (Балалар жұмыс жасайды.Бетіне қағаз қойып, сипайды, екінші қағазды алып тастайды.)

-Қараңдар, қандай әдемі кітап парақшасын жасадық. Жарайсыңдар!

-Қолымызды сүртеміз, бізді « уақыт көлігі» күтіп отыр.

Біз қазіргі заманға келдік. Қай елдің туы бейнеленіп тұр?(балалар жауабы)

  • Қай қала?

-Сіздерге сұрақ қояйын. Кітаптың қалай пайда болғанын білдік. Ал қазіргі заманда ақпаратты кітаптан басқа қайда сақтауға болады?

(Қиналған кезде атрибуттарға назар аудартады, компьютерде, дискіде, флешкада, телефонда, электронды почтада, қағазда, планшетте)

(Электронды бейнехат келген дыбыс шығады).  

- Сәлеметсіздер ме! Сәлем, балалар! Менің атым - Нұрдәулет. Мен Ақтөбе қаласында тұрамын. Бұрын осы балабақшаға бардым , қазір мектепте оқимын. Дәл қазір мен үйімдемін. Ал сендер қайдасыңдар? (Балалар жауабы )

- Бүгін балабақшада қандай қызықтар болды, не істедіңдер айтып беріңдерші.

( Балалар жауабы )

- Біз уақыт машинасымен саяхаттадық. Египетте болдық. Құмда, суда, сазбалшықта сурет салдық.

- Египеттте қандай кітаптар болған? ( Сазбалшықтан жасалған).

- Қытайда болдық. Жібекке сурет салдық.

- Қытайда қандай кітап бар екен? (Жібек кітаптар)

- Ежелгі Ресейде болдық. Таңбадан бастырып кітап жасадық.

 Бейне хат: Бүгін қызықты күн болған екен. Сендер сондай ақылдысыңдар! Балалар, менің сабақ оқитын уақытым болды. Сендермен қоштасамын, сау болыңдар! Келесі кездескенше! (балалар қоштасады)


- Жарайсыңдар, балалар! Сендерге кітаптың парақшаларына жасаған саяхат ұнады ма? Егерде ұнаған болса, бәріміз бірге отшашу жасайық !

Спасибо вам большое! Цель:  Расширить знания детей об основных этапах создания книги в рамках обогащения представлений об окружающем мире.

Задачи:

Образовательные:

Познакомить с историей создания книг, с первыми письменными материалами – глиной, тканью, берестой, бумагой.

Формировать умение участвовать в совместной игре, вести короткие диалоги в ситуации творческого и игрового общения.

Формировать культуру речи, умение ясно и грамотно излагать свои мысли.

Развивающие:

Развивать мыслительную активность; Активизировать познавательно-исследовательскую деятельность путём исследования свойств материала (вода, песок, пластилин)

Способствовать умению анализировать, мыслить, делать выводы, находить причинно-следственные связи.

Развивать творческие навыки, используя нетрадиционную технику рисования.

Воспитательные:

Закладывать нравственные основы личности в процессе формирования представлений детей об истории возникновения книги.

Воспитывать чувство уважения к традициям и обычаям  народов разных стран; воспитывать культуру общения.

Ход НОД:

Воспитатель: Здравствуйте, ребята! Как я рада вас видеть. Меня зовут Елена Викторовна. Давайте с вами поздороваемся как с самыми лучшими друзьями. Давай возьмёмся  за руки и вместе дружно скажем слова: Здравствуй друг, как я рад хорошо, что ты пришёл!

— Ребята, а вы любите читать книги? Какие сказки вы знаете? (Перечисляют). Да действительно, вы знаете очень много сказок. Скажите, а вы знаете, как появилась книга? (Ответы детей).

— Хотите  узнать? Тогда я предлагаю вам отправимся в путешествие в далёкое прошлое. Как вы думаете, как нам туда попасть? (Варианты).

— Правильно, мы с вами отправимся в прошлое на машине времени. Открою вам секрет: она перед вами. (На ковре из гирлянды сделана «машина-времени»).

Воспитатель: Ребята, давайте встанем в «машину времени», только смотрите, здесь идут потоки информации, старайтесь на них не наступать. Договорились? Итак, мы отправляемся, даём обратный отчёт: 3.2.1. Старт! (Выключается свет. Звучит космическая музыка).

(Звучит музыка Египта).

Воспитатель: Прошлое книги началось со страны, которая называется Египет. (Презентация «Египет»)