Файл: Мектеп кмм 53 жббомл каржасбекова Асель Базаралиевна (І санат, ііі дегей).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 19

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Мектеп

КММ №53 ЖББОМЛ Каржасбекова Асель Базаралиевна (І санат, ІІІ деңгей)

Физика

10 сынып сабақ №82

Күні

Қатысушының саны: Қатыспағаны:

Тақырыбы

Ампер күші. Магнит өрісіндегі рама (10.2, 10.7)

Оқыту мақсаты

Ампер күші, магнит ағыны туралы түсінік, сәйкес формулаларды білу және түсіну

Күтілетін нәтижелер:

А. Магнит өрісі, магнит өрісіндегі рама, магнит өрісінің индукция векторы, магнит ағыны туралы біледі.

В. Магнит индукциясы векторының, магнит ағынының формуласын есептер шығарғанда қолдана алады

С. Магнит индукция векторының және магнит ағынының физикалық мағынасын түсінеді.

Құрал-жабдықтар

Әдіс-тәсілдер: диалог, жеке, жұптық, топтық жұмыстар,

Оқулық  физика, «Ампер заңы» видеосы, интерактивті тақта, РРТ таныстырылым, тапсырмалар, бағалау және шығу парағы

Тілдік мақсат:



Арнайы пәндік лексика және терминология:

ток күші - amperage күш – force магнит индукциясы векторы - the magnetic induction vector

магнит өрісінің күш сызықтары - the magnetic field lines токтың бағыты - the direction of the current

магнит өрісі күш сызықтарының бағыты - the direction of the magnetic field lines

магнит өрісі- magnetic field магниттік полюстер- magnetic poles

оӊтүстік полюс -South Pole солтүстік полюс - North Pole

магнит ағыны - magnetic flow аудан - surface area
Диалог үшін баянды сөйлемдер:

Ампер заңы – бір-бірінен белгілі бір қашықтықта орналасқан өткізгіштердің шағын кесіндісі бойымен өтетін екі токтың өзара механикалық әсерлесу заңы. 1820 жылы француз физигі А.М. Ампер (1775-1836) ашқан. Ампер заңынан параллель екі өткізгіш бойымен ток бір бағытта жүрсе, олардың бір-біріне тартылатындығы, қарама-қарсы бағытта жүрсе, бір-бірінен тебілетіндігі шығады. Ампер заңы бойынша тогы бар өткізгіштің шағын кесіндісіне (Δl) магнит өрісі тарапынан әсер етуші механикалық күштің (F) шамасы мына өрнек арқылы табылады:

Магниттік ағын, магниттік индукция ағыны — белгілі бір бет арқылы өтетін магниттік индукция векторының (В) ағыны (Ф). Бірліктердің халықаралық жүйесіндегі (СИ) өлшем бірлігі - вебер (Вб)

Бірліктердің СГС жүйесінде - максвелл (Мкс);

1 Вб=108 Мкс. Магнит ағынның формуласы Ф=BS, мұндағы B - индукция векторы, S - аудан


Алдыңғы оқыту

Магнит өрісі және оның қасиеттері туралы білу керек


Сабақ барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті Бағалау Ресурстар

Кіріспе

10 минут

Оқушылармен амандасып, (I am very glad to see you) түгендегеннен кейін сыныпта жағымды көңіл – күй тудыру және жұпқа бөлу үшін «Ыстық алақан» тәсілін қолданамын, ол үшін оқушыларды ортада шеңбер құруға шақырамын. Бір – бірінің алақанына қолдарын салып, тілек айтады, содан кейін жұптасады. Құрған жұптары бойынша орындарына отырғаннан кейін оқушыларға сабаққа сәттілік тілеймін.

Өз жұптары анықталғаннан кейін орындарына отырады, сабаққа сәттілік тілеп, өткен материалдар бойынша қайталау жұмысын ұйымдастырамыз. Ол үшін "Иә, жоқ" тәсілін қолданамын.

1. Электр тогы дегеніміз зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы

2. Тізбек бөлігіндегі ток күші кедергіге тура пропорционал, ал өткізгіш ұштарындағы кернеуге кері пропорционал болады.

3. Электр өрісін заряд немесе зарядталған дене, ал магнит өрісін магнит заряды тудырады деген сөз дұрыс па?

4. Эрстед тәжірибесінде тогы бар өткізгіш магниттік тілшеге әсер етеді деген тұжырым бар. Тұжырым дұрыс деп ойлайсыңба?

5. Магнит өрісінің екі полюсі бар; олар оңтүстік және солтүстік полюс деп аталады деген сөз дұрыс па?

6. «Бұрғы ережесі» деген ережемен Ампер күшінің бағытын анықтауға болады

7. «Сол қол» ережесімен Ампер күшінің бағытын анықтаймыз деген тұжырым дұрыс па?

8. Ампердің магниттердегі магнит өрісін оның ішіндегі микротоктар тудырады деген гипотезасы дұрыс па?

9. Магнит индукциясы векторы - the magnetic induction vector

Мұғаліммен амандасады, кезекші есеп береді, шеңберде дөңгеленіп тұрады, бір – бірінің алақанына «Мен сенің алақаныңа алдағы өміріңе жарайтын бір құндылық ... салдым» деп айтып, мұғалімнің қарама – қарсы екі жағынан тұрған оқушылар бойынша жұптасады. Орындарына отырғаннан кейін бір – біріне сабаққа сәттілік тілейді.

Үйге берілген тақырыпты пысықтау үшін

«Иә, жоқ» тәсілі бойынша оқушылар өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап береді.
1. иә
2. жоқ
3. жоқ
4. иә
5. иә
6. жоқ
7. иә
8. иә
9. иә

Қолпаштау,

бағалау парақтары
әр дұрыс жауап

1 ұпай



«Мен сенің алақаныңа алдағы өміріңе жарайтын бір құндылық ... салдым» деген сөз

бағалау парақтары
сұрақтар

Тұсаукесер

3 минут

Магнит өрісінің бар екенін сызба арқылы көрсете аламыз, ал оның сандық сипаттамасы туралы не айтуға болады?

Оқушылар өз ойларымен бөліседі, тақырып ашылады

Қолпаштау, мадақтау

пәндік дәптерлері, оқулық

Негізгі бөлім

27 минут

2 минуттық видео қою, оқушылар ойын сұрау

(2 минут).

Содан кейін оқулық бойынша дәптерге жазба жұмысын жасауды тапсыру. (2 минут)
Тақтада көрсету арқылы жеке жұмыс (3 минут):

1 есеп: Біртекті магнит өрісінде индукция сызықтарына 300 бұрыш жасай орналасқан ұзындығы 0,5 м бойымен 3 А ток өтіп жатқан өткізгішке 9 Н күш әсер еткендегі магнит өрісі индукциясы қандай болады?

Талдау 2 минут
Тақтада көрсету арқылы жұптық жұмыс (5 минут):
1. Қандай физикалық шама магнит индукциясы векторының ағыны немесе магнит ағыны деп аталады? Формуласы, өлшем бірлігі
2. Тогы бар контур магнит өрісінде қалай орналасады?

Талдау 2 минут

Таратпа арқылы топтық жұмыс (6 минут):

2 және №3 есеп:

І топқа:

2. Өткізгіштегі ток күші 25 А. Өткізгіш магнит өрісінің индукциясына перпендикуляр орналасқан. Актив бөлігінің ұзындығы 5 см болатын өткізгішке 50 мН күшпен әсер ететін магнит өрісінің индукциясы қандай?

3. Ішіндегі өрісінің индукциясы 2мТл, көлденең қимасының ауданы 200см2 соленоидқа болат өзекшені енгізгендегі магнит ағыны (µболат=8000)

Ж: 0,32 Вб

ІІ топқа:

2. Индукциясы 0,4 Тл біртекті магнит өрісіне перпендикуляр орналасқан актив ұзындығы 0,5м өткізгішке 2Н күш әсер еткенде, ондағы ток күші?

3. Көлденең қимасының ауданы 200 см2 соленоидқа болат өзекшені енгізгенде,ол арқылы 0,4 Вб магнит ағыны өтсе, оның ішінде болған В0 өріс индукциясы

б = 8000) Ж: 2,5 мТл

ІІІ топқа:

1. Индукциясы 7,5 Тл біртекті магнит өрісіндегі түзу өткізгіш арқылы 4 А ток өткен кезде 20 см ұзындығына 3 Н күш әсер ететін болса, оның магнит өрісінің күш сызықтарымен жасайтын бұрышы қандай?

2. Көлденең қимасының ауданы 200см2 соленоидқа темір өзекшені енгізгенде,ол арқылы 0,4Вб магнит ағыны өтсе, оның ішінде бұрын болған В0 өріс индукциясы (µт = 250000 ) Ж: 0,08 мТл
Талдау 5 минут

Оқушылар видеоны көреді, тақырып бойынша түсінгендерімен бөліседі. Дәптерлеріне жазба жұмыстарын жүргізеді.
Жеке түрде орындайды.


Жұп болып дәптерге орындайды.

Топ болып орындайды.


Қолпаштау, мадақтау,


бағалау парақтары

№1 есеп

Берілгені, формуласы, шешуі бойынша:

1 – 2 – 3 ұпай

1 – 2 – 3 ұпай үш сұрақ бойынша

№2 есеп

Берілгені, формуласы, шешуі бойынша:

1 – 2 – 3 ұпай

№3 есеп

Берілгені, формуласы, шешуі бойынша:

1 – 2 – 3 ұпай


10 сынып оқулығы,
Видеоролик,
интерактивті тақта, компьютер,
пәндік дәптерлері,
бағалау парақтары
РРТ таныстырылым


Рефлексия

5 минут

«Шығу парағын» толтыра отырып, қалауы бойынша 2 - 3 оқушыдан сабақтағы қарастырылған мәселелер мен оқыту әдістерінің тиімділігі мен тиімсіздігі туралы пікір сұраймын, яғни сабақ бойынша кері байланыс орнатамын.
Шығу парағы

1. Сабақ бойынша түсінгенім......

2. Әлі де толығырақ қарастырсам .....

3. Мен үшін ұнаған жұмыс ....

4. Мен үшін тым қызықсыз болған жұмыс ...

5. Өзімнің және өзгелердің жұмысын

қаншалықты бағалаймын ....
Бағалау парағы бойынша сабақтағы бағаларын шығаруды сұраймын.


Үйге тапсырма: 10.2, 10.7 оқу



Шығу парағын толтыра отырып, сабақ бойынша өз ойларымен бөліседі. Сабақта қолданылған әдістің тиімділігі мен тиімсіздігіне ой білдіреді.

Бағалау парағын толтырады.

Үйге тапсырма алады.


Ынтaлaндыру мaқcaтындa қoлдaу көрceту

Бағалау және шығу парақтары



Бағалау және шығу парақтары,
РРТ таныстырылым
сынып журналы,
оқушы күнделігі


Бағалау және шығу парағы, оқушы «3» - 6 – 14 ұпай «4» - 15 – 18 ұпай «5» - 19 – 21 ұпай

«Иә, жоқ»

Жеке жұмыс

Жұптық жұмыс

Топтық жұмыс

Жалпы ұпай

Нақты баға

Әр дұрыс жауап 1 ұпай
1 - 9 ұпай

№1 есеп

Берілгені, формуласы,

шешуі бойынша:

1 – 2 – 3 ұпай

1 – 2 – 3 ұпай үш сұрақ бойынша


№2+3 есеп

Берілгені, формуласы, шешуі бойынша:

1 – 2 – 3 ұпай

1 – 2 – 3 ұпай

























Шығу парағы

1. Сабақ бойынша түсінгенім......

2. Әлі де толығырақ қарастырсам .....

3. Мен үшін ұнаған жұмыс ....

4. Мен үшін тым қызықсыз болған жұмыс ...

5. Өзімнің және өзгелердің жұмысын қаншалықты бағалаймын ....