ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 19
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Осындай қиындық кезеңде хандық құрған Тәуке алдымен Россия және оңтүстіктегі көрші елдермен қарым – қатынасын түзей отырып, қазақ қоғамының ішкі дау-жанжалды, барымтаны тежемей, уақ хандықтардың уақытша болсада ынтымақтастығын көздемей тұрып, сыртқы жаулар мен батыл күресуге болмайтынын ол жақсы түсінді.
Хандық билігін күшейтуге бағытталған ірі-ірі өзгерістер жасады. Тәуке өзінің саясатын феодалдық билер мен шонжарларға, батырларға сүйеніп жүргізді. «Xалық кеңесі» мен «Билер кеңесін» тұрақты орган ретінде қалыптастырып, олардың рөлін арттырды. Жыл сайын белгілі бір мерзімде Күлтөбеде 3 жүздің басын қосқан жиын өткізіп тұрды.
Тәуке билікті өз қолына алды. Өзінің алысты болжағыш саясаткер екендігін елге таныта білді. Оның қолына ең маңызды көш – қоңысты белгілеп бөліп беру, алым - салық салу, сот ісі, қарулы күш т.б. қызмет түрлері жинақталды. Сыртқы жағайды назарда ұстап, кәмелетке толғандарға 5 қарумен жүруді міндеттеген.
XVII ғасырдың аяғында қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы өте шиелінісе түті. Халық басына қиын да қилы заман орнады. Сыртқы душпандар жиі торуылдай бастады. Ал қуатты сұлтандар өздерінің иілігіндегі ұлыстарды жеке – дара билеп, дербестенуге бой ұрды. Сондықтан Тәуке елдің ауыз бірлігін нығайтатын
шаралар қарастыра бастады
«Жеті жарғы» заңдар (Тәуке ханның заңдары).
XVII ғасырдың аяқ шенінде қазақтардың әдеттегі қуқық (право) нормалары бір жүйеге келтіріліп, толықтырылды. Тәуке хан билік құрған кезде тұжырымдалған заңдар «Жеті жарғы» деген атпен мәлім, мұның өзі сөзбе–сөз алғанда «жеті ереже» деген сөз. Деректемелерде «Жеті жарғының» авторы кім болғаны жөніңде мағлұматтар жоқ. Тарихи аңыздарға қарағанда, оны жасаушы Тәуке хан дейді: ол Күлтөбе деген жерде үш жүздің өкілдері болған билердің басып қосып, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» заңдарын «Жеті жарғы» деп аталатын нормаға біріктірген екен деседі
«Жеті жарғыға» әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық право нормалары, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізілген, яғни онда қазақ қоғамы өмірінің барлық жағы түгел қамтылған.
Мазмұны жағынан «Жеті жарғы» үш болімнен турады: біріншіден, қазақтың ежелгі әдет –ғұрып заңдарын қамтыған «Қасым ханның қасқа жолына» негізделген, екіншіден, одан соңғы өзгерістер, соның ішінде «Есім ханның ескі жолына» негізделсе, үшіншіден, Тәуке ханның дәуіріне , саясатына сай енгізілген жаңалықтар.
«Жеті жарғы» жеті заңнан құралды:
1. Жер дауы заңы (земельный закон)
2. Отбасы - неке заңы (семейно – брачный закон)
3. Әскери заң (военый закон)
4. Сот заңы (судебный закон)
5. Қылмысты істер заңы (уголовный закон)
6. Құн заңы (закон о Куне)
7. Жесір дауы заңы (закон о вдовах)
Сөйтіп, «Жеті жарғының» біздің заманымызға дейін жеткен заңдар осындай еді
.
Тәуке ханның сыртқы саясаты.
Тәуке ханның сыртқы саясаты атырабындағы елдермен тату көршілік байланыс орнатуға, олармен экономикалық, сауда – саттық қарым – қатынас жасауға тырысқан бейбіт дипломатиялық саясат болды. Тәуке хан Бухара хандығымен бибітшілік қарым – қатынаста болуға, Орта Азиядағы отырықшы аймақтармен, қалалармен сауда – саттық жасауға тырысты. Қазақ хандығымен жауласып келген жоңғар хандығына да соғысты тоқтатып тату көршілік қатынас орнату жөнінде Қазыбек би бастаған елшілер жіберген.
Ол кезде мейлінше жауласып алған жоңғарлар мен қазақтарды4 бітімге келе қоюы мүмкін емес еді.
XVII ғасырдың соңы мен XVIIІ ғасырдың басында жоңғар феодалдары қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасап тұрады. Олар Оңтүстік Қазақстанды және Сырдария бойындағы базарлы қалаларды, сонымен қатар ең маңызды кереуен жолдары өтетін территорияны да басып алуға тырысты. 1681 – 1685 жж. жоңғар феодалдары Оңтүстік Қазақстанға бірнеше рет жабуыл жасады, Сайрам қаласын қиратып, егіншілікпен айналысқан ауылдарды күйретті. XVIIІ ғасырдың бас кезінде жоңғар әскерілерінің бір тобы Сарысу өзеніне жетсе, екінші бір бөлігі Орта жүздің шығыс солтүстік аудандарына басып кірді
Қазақ ханы Тәуке береке – бірлікті барынша күшейтіп, сыртқы жауға батыл күрес жұмсау үшін қажымас қайрат жұмсады. 1710 жылы жауға қарсы қалай төтеп беру мәселесін талқылау үшін Қарақұм маңында барлық қазақ жүздерінің өкілдері бас қосты. Халықжасақтары құрылды, бұлар жоңғар әскерлерін шығысқа қарай ығыстырды. Бірақ, бұл жеңіс баянды бола алмады. Өйткені бұл кезде жоңғарлар жұм (біріккен), қазақтар бытыраңқы болды. 1716 жылы бұлардың әскерлерінің негізгі бөлігі Іле өзенінен Аягөзге қарай жорық бастады. Нақ осы кезде жоңғарлардың отрядтары Абақанға қарай беттеп, Бие және Катун өзендерінің арасындағы жерді басып алды.
Тауке хан Россия мемлекетімен де тату, достық қарым – қатынас жасауға тырысты.
Алайда, Тәуке хан қазақ хандығын бір орталыққа бағынған күшті мемлекет етін құру мақсатын жүзеге асыра алмады, халқының басым копшілігі көшпелі және жартылай көшпілі мал шаруашылығымен айналысқан және патриархалдық-феодалдық қатнас үстем болып отырған елде мұны жүзеге асыру мүнкін емес еді, оған қазақ хандығының сыртқы жағдайы да мүнкіндік бермеді. Сөйтіп, қазақ хандығы бытыраңқылық жағдайда кала берді.
Солай бола турса да, Жәңгірдің баласы Тауке хан (1680-1718 жж.) тұсында қазақ хандығың бірлік-берекесі күшейе түсті. Тауке хан қазақ тарихында «Әз Тауке», «адамзаттың данасы» деп аталды. Ол хан тағына отырған сөң, қазақ хандығында асқынған ішкі феодалдық алауыздық пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған қазақ хандығын құруға қажырлы қайрат жұмсаған мемлекет қайраткер деп, толық есептеумізге болады.
Тәуке ханнан соң билікте болғандар Есім ханның бір ұрпағы Қайып хан (1716-1718), Тәукенің үлкен ұлы Болат хан (1718-1723) қазақ қоғамында қалыптасқан ішкі саяси қайшылықтарды ретке келтіре алмады. Орталық атқарушы билік әлсіз болғандықтан жер-жердегі беделді сұлтандар өздерін хан деп жариялап, дербес саясат жүргізе бастайды. Кіші жүзде Әбілқайыр хан, Ұлы жүзде оның туысы Жолбарыс хан Тәшкенде отырып, дербес билеуші атанады. 1723-1725 жылдардағы жоңғар шапқыншылығы қазақ қоғамындағы қиын жағдайды одан әрі шиеленістірді. Түркістанда Болат ханның өлімінен кейін Тәуке ханның ұлы Сәмеке хан (1723-1737) таққа келеді, бірақ ол бір орталықтан басқарылатын мемлекеттік жүйені қалпына келтіре алмайды. Ал одан кейін Болаттың ұлы Әбілмәмбет хан (1739-1771) Түркістандағы тақты иеленеді.
Кіші жүз бен Ұлы жүздің тайпалары өз хандарына бағынғандықтан, Түркістандағы Сәмеке, Әбілмәмбет хандардың билігі бар болғаны Орта жүз аумағындағы ру-тайпаларға, оның ішінде олардың бір бөлігіне ғана таралады. Сол себепті олар бүкіл қазақтың Ұлы ханы емес, бар болғаны Орта жүз хандары деп атала бастайды.
Саяси жағынан бытыраңқылыққа ұшыраған елдегі осындай ішкі саяси жағдай көрші мемлекетке белгілі болатын. Батыстан ентелеп келе жатқан Ресей де, шығыстан әлсін-әлсін жорық жасап отырған Жоңғария да қалыптасқан саяси жағдайдан барынша пайда табуды көздейді. 1730 жылғы 30 қазанда орыс тілінде жазылған бір ресми құжаттың қысқаша мазмұны саяси жағдайды былайша көрсетеді: «…40 мың түтіннен тұратын қазақтарды Әбілқайыр хан басқарады, тағы да Барақ және Әбілмәмбет деген екі ханы бар. Олар Ұлытау мен Кіші тауды, Сыр, Сарысу және Торғай өзендерін, Қарақұм далаларын башқұрттардан бір айлық жерде көшіп-қонып жүреді. Қазақтардың тағы мынадай қалалары бар: 1. Басты қаласы – Ташкент, оның билеушісі Жолбарыс хан, 2.Түркістан, онда Сәмеке хан отыр, 3. Сайрам, онда Көшек хан билік құрады…».
Көріп отырғанымыздай, Тәуке ханнан кейінгі 10-15 жыл ішіндегі ішкі саяси жағдай өте күрделі болып тұрды
Хандар тізімі
Толық мақаласы: Қазақ хандары
Толық мақаласы: Қазақ хандарының шежіресі
-
Керей хан, Болат сұлтан ұлы, Орыс хан шөбересі 1465—1473 жылдары билеген. -
Әз-Жәнібек хан, Барақ хан ұлы, Орыс хан шөбересі 1473—1480 жылдары билеген. -
Бұрындық хан, Керей хан ұлы, 1480—1511 жылдары билеген. -
Қасым хан, Әз-Жәнібек хан ұлы, 1511—1521 жылдары билеген. -
Мамаш хан, Қасым хан ұлы, 1521—1523 жылдары билеген. -
Тахир хан, Әдік сұлтан ұлы, 1523—1533 жылдары билеген. -
Бауыш хан, Әдік сұлтан ұлы, 1529—1533 жылдары билеген. -
Бұйдаш хан, Әдік сұлтан ұлы, 1533—1538 жылдары Жетісу өңірін билеген. -
Тоғым хан, Жәдік сұлтан ұлы, 1533—1537 жылдары билеген. -
Ахмат хан, Жаныш сұлтан ұлы, 1533—1535 жылдары Сырдария маңын билеген. -
Хақ-Назар хан, Қасым хан ұлы, 1538—1580 жылдары билеген. -
Шығай хан, Жәдік сұлтан ұлы, 1580—1582 жылдары билеген. -
Тәуекел хан, Шығай хан ұлы, 1582—1598 жылдары билеген. -
Есім хан, Шығай хан ұлы, 1598—1628 жылдары билеген. -
Жәнібек хан, Есім хан ұлы, 1628—1643 жылдары билеген. -
Салқам Жәңгір хан, Есім хан ұлы, 1643—1652 жылдары билеген. -
Батыр хан, Бөлекей сұлтан ұлы (Әз-Жәнібек хан ұлы, Өсеке сұлтанның ұрпағы), 1652—1680 жылдары билеген. -
Тәуке хан, Жәңгір хан ұлы, 1680—1715 жылдары билеген. -
Қайып хан, Құсрау сұлтан ұлы (Есім хан ұрпағы), 1715—1718 жылдары билеген. -
Болат хан, Тәуке хан ұлы, 1718—1729 жылдары билеген. -
Әбілмәмбет хан, Болат хан ұлы, 1740—1771 жылдары билеген. -
Абылай хан, Көркем Уәли сұлтан ұлы, 1771—1781 жылдары билеген. -
Кене хан, Қасым сұлтан ұлы, (Абылай хан немересі) 1841—1847 жылдары билеген