Файл: 1. Паллиативтік кмек жне медбике ктімін крсету аидалары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 46

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1. Паллиативтік көмек және медбике күтімін көрсету қағидалары

Пациенттер күтімі ауру себептеріне қарай қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді болуы мүмкін, сонымен қатар жалпы және арнайы шараларды өз ішіне алады.

Пациенттің патологиясы және жағдайына, оның жеке қажеттіліктеріне байланысты күтімнің бір неше түрлері бар:

  • Алмастыратын - пациент өзіне күтім жасай алмайды, күтім бойыншга шаралардың барлығын медбикее орындайды (салданғанда, бас ми немесе жұлын жарақаттарында, кейбір операциялардан соң, психикалық ауруларда);

  • Компенсациялық - пациент мүмкіндігіне қарай өзіне күтім жасайды, ал медбике орындай алмайтын кейбір шараларда көмектеседі;

  • Консультациялық - пациент толығымен өзіне күтім жасай алады, оның физикалық және психикалық белсенділігі сақталған, бірақ пациентке үйрету, түсіндіру және бақылау қажет.

Медбикелер паллиативті көмекті ұйымдастыруда маңызды рөл атқарады. Инкурабельді пациентке көмек көрсеткенде медбикенің негізгі міндеттері болып саналады:

  1. ауырсыну синдромын динамикалық бақылау;

  2. жалпы күтім;

  3. симптомдарды (анорексия, кахексия, жүрек айну, құсу, бас айналу, іш қату, диарея, ұйқысыздық, сана бұзылулары т.б.) бақылау;

  4. гиподинамиямен байланысты болған асқынулардың алдын алу;

  5. пациентті және жанұя мүшелерін психологиялық қолдау;

  6. пациентке және туыстарына өзіндік және өзара көмек тәсілдерін үйрету.




2. Ауырсынудың медикаментозды терапиясында медбикеге ұсыныстар

1. Анальгетиктерді жүйелі түрде енгізуді ұстау. Анальгетиктер "сағатпен", беріледі, пациент жеңілдік сезінгенше дәрінің мөлшері біртіндеп жоғарылайды.

2. Дәрінің келесі мөлшері алдынғысының әсері кеткенге дейін беріледі. Медбике енгізілетін дәрлік заттың әсер ету уақытын білуі керек.

3. Терапияның тиімділігін препаратты энтералды қабылдағаннан кейін 60 минуттан соң және күре тамырға енгізілгеннен соң 15 минуттан кейін бағалайды.

5. Дәрілік препараттардың болуы мүмкін кері әсерлерін білу және олардың көріністерін (іш қату, жүрек айну, құсу, сана бұзылулары, депрессия, тыныстың қиындауы т.б.) бақылау қажет.


6. Күнделікті ауырсыну қарқындылығын және терапия тиімділігін бағалау қажет.
3. Ауыр халдегі және қозғалыссыз жатқан пациентте келесі қажеттіліктердің

қанағаттануы бұзылады:

- қозғалу;

- қалыпты тыныс алу;

- тиімді тамақтану және ішу;

- өмір сүру өнімдерін бөлу;

- ұйықтау, дем алу;

- тілдесу;

- ауырсынуды жеңу;

- қауіпсіз болу қажеттілігі.
4. Паллиативті көмек алатын пацинттерде болатын қауіпті факторлар

  • Ойылу дамуы;

  • Тыныс бұзылулары (өкпеде іркілісті құбылыстар);

  • Несеп бөлінудің бұзылулары (микробпен зарарлану, бүйректерде тастардың түзілуі);

  • Тәбет бұзылулары;

  • Буындарда контрактуралардың дамуы;

  • Бұлшықеттер гипотрофиясы, жарақаттар;

  • Өзіндік күтім және жеке бас гигиенасы тапшылығы;

  • Іш қату;

  • Ұйқы бұзылулары;

  • Қарым-қатынас тапшылығы.


5.Ауыр халдегі пациенттерге медбикелік күтім мазмұнының тармақтары

        1. жайлы жағдай жасау, тітіркендіргіштер әсерін төмендету үшін физикалық және психологиялық тыныштықпен қамтамасыз ету.

        2. физикалық тыныштықты қамтамасыз ету, ойылулардың алдын алу үшін төсектік тәртіпті сақтауын қадағалау.

        3. ойылулардың алдын алу үшін пациенттің төсектегі қалпын әр 2 сағатта ауыстыру.

        4. ауаны оттегімен байыту үшін палатаны, бөлмені желдету.

        5. іш қату, ісіктер, бүйректерде конкременттардың пайда болуының алдын алу үшін физиологиялық бөлінулерін бақылау.

        6. асқынуларды ерте анықтау және уақытылы шұғыл көмек көрсету үшін пациенттің функционалдық жағдайын бақылау (дене температурасын, қан қысымын өлшеу, пульсті, тыныс жиілігін есептеу).

        7. жайлы жағдай жасау, асқынулардың алдын алу үшін жеке бас тазалығын сақтау бойынша шаралар.

        8. ойылулардың, пысынаулардың алдын алу үшін теріге күтім жасау.

        9. жайлы жағдай жасау, асқынулардың алдын алу үшін төсектерін және іш киімдерін ауыстыру.

10. ағзаның өмірлік маңызды қызметтерін қамтамасыз ету үшін пациентті тамақтандыру.

  1. пациентті жайлылықпен қамтамасыз ету үшін туыстарына күтім шараларын үйрету.

  2. барынша мүмкін болған жайлылықпен қамтамасыз ету үшін оптимизм ортасын жасау.

  3. барынша мүмкін болған жайлылық және амандықпен қамтамасыз ету үшін пациенттің бос уақытын ұйымдастыру.

  4. мадақтау, іс-әрекетке ынталандыру үшін өзіндік күтім тәсілдерін үйрету.

  5. ағзаның бұзылған қызметтерін қайта қалпына келтіру үшін


реабилитациялық іс-шараларды (ЕДШ, уқалау) жүргізу.
Ауыр халдегі пациенттерге күтім мақсаттары болып саналады:

  1. Физикалық, әлеуметтік, психологиялық жайлылықпен қамтамасыз ету;

  2. Аурудың клиникалық көріністерін төмендету;

  3. Өмір сапасын жақсарту;

  4. Мүмкін болған асқынулардың алдын алу;

  5. Психологиялық қарым-қатынасты орнату, бұзылған қажеттіліктерлді анықтау.


6.  Белсенділік тәртібіне қарай физикалық белсенділікті ұйымдастыру бойынша

медбикеге ұсыныстар

  1. Қатаң төсектік тәртіпте (пациент төсегінде отыра алмайды) :

  • Аяқ-қол саусақтарын күніне 4 рет бүгу және жазу.

  • Аяқ-қолдарды бүгу және жазу (белсенді, медбике көмегімен, пассивты)- күніне 4 рет әр қайсысы 5-7 минуттан.

  • Терең тыныс алу күніне 4 рет 15 тыныс алудан.

  • Дене қалпын әр 2 сағат сайын ауыстыру.

  • Төсектік тәртіпте (пациент мүмкіндігіне қарай төсегінде отыра алады) :

    • 20-30 минутқа орындыққа күніне 3 рет отырғызу.

    • Күніне 2 рет (мүмкіндігінше орындықта отырған кезде) буындарда қимыл-әрекеттер жасау.

    • Тыныс жаттығулары: терең тыныс алу, түтік тәрізді жиналған еріндер арқылы дем шығару, мұрын арқылы 2 рет қатты дем алу, және ауыз арқылы жәймен дем шығару – 5-7 минуттан күніне 3 рет.

  • Палаталық тәртіпте (пациент орнынан тұрып палата ішінде жүре алады):

    • Күніне 3 рет 3-5 минутқа орнынан тұру.

    • Кереует айналасында медбике көмегімен жүру.

    • Буындарда қимыл-әрекет көлемуне жаттығулар жасау, тыныс жаттығулары.

  • Жалпы тәртіпте:

    • Дәлізде жүру.

    • Баспалдақпен көтерілу және төмен түсу.

    • Өзіндік немесе медбике көмегімен серуендеу.


    7. Ауыр халдегі пациенттерге үй жағдайларында күтім ерекшеліктері

     Мұндай пациент үйде өзін жақсы сезінеді. Ауыр халдегі пациенттерге тиімді мақсатқа бағытталған үй күтімін ұйымдастыру үшін пациенттің негізгі қажеттіліктерін және пациент жағдайының ауырлығын есте ұстау қажет. Күтім жасаушы адам бұзылған қажеттіліктерді анықтап, казіргі мәселелерін, болуы мүмкін болған мәселелерді ды және жайлы жағдай жасауы қажет.

    Егде жастағы адамдарды күтуді жүзеге асыруда, адамдарды қолдайтын әртүрлі қызметтер бар. Оларға үйге көрсетілетін көмек, күтім қызметі, еріктілердің қоғамдық ұйымдар қызметі, қолдау тобы, жеке тұлғалық психотерапия мен оқытулар кіреді.



     
    Тазалау клизмасы.

    Мақсаты: Тоқ ішектің төменгі бөлігін тазалау, емдік және зерттеу мақсатында сұйықтықты енгізіп, нәжістен босату.

    Қолдануы: Ішекте нәжіс қатып қалғанда(48 сағаттан асыса), ота жасау алдында, ағза уланғанда, майлы және дәрілік клизма алдында, кіші жамбас қуысы ағзаларының рентгенологиялық және эндоскопиялық зерттеулер алдында.

    Қолданбауы: Асқазан және ішектен қан кеткенде, тоқ ішектің жедел қабынуы және жалақ жараларда, тік ішектің қатерлі ісігінде, тік ішектің түсуі, геморройда, тік ішектің жарығында, жедел аппендицитте, жедел холециститте, миокард инфарктісінде.

    -Жауапты қызметкер: медбике

    Әзірлеңіз: Эсмарх кружкасын, 1,5-2л су 18-220 С, штатив, вазелин, шпатель, стерильді ұштық, клеенка, клеенкалы алжапқыш, дәрет ыдысы (егер процедура палатада орындалса), су термометрі, ақ жайма, дәрет қағазы, дезинфекциялық ерітіндісі, Б тобы.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1.Науқастыидентификациялау.

    2.Науқасқа жасалатын емдік іс-шара барысын түсіндіріңіз, жасалатын орнын және уақытын

    (бұл емдік тәсіл арнайы бөлмеде жасалу керек, егер палатада жасалатын болса, ширма арқылы

    жабылу керек).

    3.Халат, бетперде, клеенкалы алжапқыш киіңіз. 4.Қолды ЕN 1:500 стандарт бойынша өнденіз, зарарсыздандырылған қолғап,маска киіңіз. 5.Эсмарх кружкасына 18-220С температурадағы 1,5-2литр су құйып, вентильді жабыңыз.

    6.Эсмарх кружканы штативке іліп, ұштық басына вазелин майын жағыңыз.

    7.Вентильді ашып, судың ағымымен ауасын шығарыңыз. Кілтін жабыңыз.

    8.Эсмарх кружканы кушеткадан 1,0-1,5 м жоғары штативке ілініз

    9.Кушеткаға клеенка, үстіне ақжайма төсеңіз.

    10.Науқасты сол жақ қырына жатқызып, тізесін бүктіріп кіндікке қарай бүгуін сұраңыз.

    1 1. Жамбасын сол қолдың І-ІІ саусағымен ашып, оң қолмен ұштықты ақырын айналдыра тік ішекке алдымен кіндікке қарай 3-4см, содан соң омыртқаға қатарластырып 8-10 см тереңдікке енгізіңіз. 12.Вентильді ашып, су баратындай етіп реттеңіз. 13.Судың ішекке баруын бақылаңыз, науқасқа ішімен терең дем алдырыңыз. 14.Егер де су ішекке бармаса, кружканы жоғары көтеріңіз немесе ұштықтың бағытын өзгертіңіз. 15.Ішекке ауа кетпес үшін Эсмарх кружкасының түбінде аздап су қалдырып, вентильді жауып ұштық тышығарып алыңыз. 16.Іішектегі нәжісті жібіту мақсатында суды 10-15 минут ұстауын сұраңыз. 17.Науқасқа шалқасына жатып ,дәрет ыдысын беріңіз және терең дем алып жатуын сұраныз. 18.Ұштықты дезинфециялық ертіндісіне салыныз. 19.Клеенкалы алжапқышты, халатты, бетпердені, қолғапты шешіңіз. 20.Бірреттік қолғапты және дәкені Б тобы ыдысына салыңыз. 21. Қолды ЕN 1:500 стандарт бойынша өнденіз


    Майлы клизманың қою техникасы.

    Мақсаты: ішекті қатпадан босату,газдарды шығару(освобождение от калловых масс и выведение газов)

    Қолданылуы: Тазалау клизмасынан жасауға болмағанда, тоқ ішектің қабынуларында, ұзақ уақытқа созылатын қатпа.(упорные запоры, п/показания очистительной клизмы)

    Қолданбауы: Асқазан-ішек жолдарынан қан кеткенде, тік ішектің қатерлі ісігінде, тік ішектің түсуі, геморройда, тік ішектің жарығында.

    -Жауапты қызметкер: медбике

    Әзірле:стерильді: жел шығаратын түтікше, лоток, алмұрт тәріздес баллон немесе шприц Жане, шпатель, резеңке қолғап, салфеткалар; клеенка, ақжайма, вазелин майы, 50-100мл майлы ерітінді +38С жылылығы, дезинфекциялық ерітіндісі.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1.Науқасты идентификациялау. 2.Науқасқа жасалатын емдік тәсіл жайында түсіндіріңіз және келісімін алыңыз. 3.Кушеткаға клеенка, үстіне ақжайма төсеңіз. 4.Қолды ЕN 1:500 стандарт бойынша өнденіз, зарарсыздандырылған қолғап,маска киіңіз 5.Науқасты оң жақ қырына жатқызып, тізесін бүктіріп кіндікке қарай бүгуін сұраңыз. 6.Алмұрт тәріздес баллонға немесе шприц Жанэге «су буына» 380С температураға дейін қыздырылған 50-100мл майлы ерітіндіні алып, лотокқа салыңыз. 7.Ректал түтікшенің доңғал жағын 20-30см ара қашықтықта вазелинмен майлап,салфеткамен үстаныз. 8.Жамбасын сол қолдың І-ІІ саусағымен ашып, оң қолмен майланған түтікшені ақырын тік ішекке алдымен кіндікке қарай 3-4см, содан соң омыртқаға қатарластырып 10-15см(паралельно копчику) тереңдікке енгізіңіз. 9.Ректал түтікшенің екінші ұшына алмұрт тәріздес баллонды немесе Жане шприціна жалғап, ауасы шығарылған майлы ерітіндіні тік ішекке жайлап жіберіңіз. 10.Ректалды түтікшенің екінші ұшына қысқышпен қысып шприц Жанені немесе алмұрт грушасын алыныз. 11.Жане шприціне немесе алмұрт тәріздес баллонға ауа жинап, қайтадан жел шығаратын түтікше арқылы қалған майлы ерітіндіні тік ішекке жіберіңіз («ауа құлпы» майлы ерітіндіні тік ішекте ұстап тұруына әсер етеді). 12.Ректалды түтікшенің алып, пациентке10-15мин қозғалмай жатып, одан кейін ынғайлы жағымен жатып азанғадейін үйықтауын сұраныз 13.Ректалды түтікшені,шприц Жане немесе алмұрт тәріздес баллонды дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. 14.Резеңке қолғапты шешіп салфеткамен бірге Б тобы ыдысына салыңыз. 15. Қолды ЕN 1:500 стандарт бойынша өнденіз.