Файл: Бауыр жеткіліксіздігі.ppt

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 36

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бауыр патофизиологиясы

Бауыр жеткіліксіздігі

гепатоциттердің жедел немесе созылмалы зақымдануынан, бауырдың бір немесе бірнеше қызметінің бұзылуы

Бауыр қызметтері

Зат алмасуының барлық түрлеріне қатысады
Қорғаныстық, усыздандыру, тосқауылдық және оны ішекке шығару
Гемостаз және қан түзуге қатысады
Гемодинамика үрдісіне қатысады


Бауырдың алғашқы және кейінгі зақымдануының себептері:

1. Биологиялық факторлар:

Вирустар (А, В, С, D, Е, F гепатиттер; жұқпа мононуклеоз)
Бактериялар (туберкулез, сифилис қоздырғыштары)
Актиномицеттер
Құрттар

2. Химиялық факторлар (гепатотропты улар)

Алкоголь, өндірістік улар (төртхлорлы көміртегі, хлороформ, мышьяк, фосфороорганикалық инсектицидтер);
Өсімдік улар (афлатоксин, мускарин);
Тін ыдырауының өнімдері, бұзылған алмасудың өнімдері;
Дәрілік заттар (ПАСК, сульфиналамидтер, тетрациклин, цитостатиктер ж.б.).

3. Физикалық факторлар

Механикалық травма
Иондайтын сәулелер

4. Ауқаттық факторлар

Нәруыздық, витаминдік ашығулар, майлы тағам

Гепатоциттер зақымдануының патогенезі

Зақымдаушы факторлар


Өт шығарылуының бұзылуы


Монокиндердің шығарылуы


Иммуноглобулиндердің тузілуі,
Т- жендеттердің (киллер) құрылуы
(иммундық бүліністер)


Лимфоциттердің белсенділенуі


Макрофагтардың белсенділенуі


Гепатоциттердің зақымдануы


Бауырда қанайналымының бұзылуы


Дәнекер тіннің
өсіп кетуі


Регенерациялық
үрдістердің ↑


цирроз

Бауыр жеткіліксіздігі кезінде зат алмасудың бұзылуы

Көмірсу алмасуының бұзылуы


Гликогеногенез, глюкогенез бұзылуы


Гликоген мөлшерінің азаюы


Қанда глюкоза деңгейінің тұрақсыздануы


Бауырдың усыздандыру қызметі төмендеген
(глюкурон қышқылының түзілуі бұзылады)

2. Май алмасуының бұзылуы

Холестерин эфирлері түзілуінің азаюы (бос холестериннің ↑)
Фосфолипидтер түзілуінің төмендеуі
Кетондық денелердің түзілуінің күшейтеді
Бауырдың майлық шоғырлануы


Бауырдың майлық шоғырлануы патогенезі:

Бауырға май түсуінің күшеюі
Фосфолипидтер түзілуінің ↓ және үш глициридтер түзілуі ↑
Май қышқылдарының тотығуы ↓ және липолиз ↑
Липопротеидтер, түзілуі бұзылғандықтан бауырдан майлардың шығуы бұзылады

3. Нәруыз алмасуының бұзылуы:

Альбуминдер түзілуінің төмендеуі → гипоальбуминемия → гипоонкия → ісінулер
Қан ұю факторларының түзілуі (протромбин, фибриноген, тромбопластин, V, VII, IX, XII, XIII факторлардың → геморрагиялық синдром)


 - глобулиндер түзілуі ↑,  - және  - глобулиндер түзілуінің ↓, сапасы өзгерген нәруыздар түзіледі → гипопроеинемия, диспротеинемия, парапротеинемия амин қышқылдарының дезаминдеуі және қайта аминдеуі бұзылады, мочевина түзілуі азаяда → аминацидемия, аминацидурия, қанда аммиак ↑, гиперазотемия


Зақымданған гепатоциттерден жасуша ішілік ферменттер (АСТ, АЛТ, ЛДГ, сілтілік фосфатазалар) шығады

4. Витаминдер алмасуының бұзылуы

Майда еритін витаминдердің ішекте сіңірілуі төмендейді
Гепатоциттердің провитаминдерді белсенді витаминге айналдыру қабілеті азаяды
Витаминдерден алмасуының коферменттердің түзілуі әлсірейді (витамин В1 → кокарбоксилаза)
Бауырда витаминдердің қорға жиналуы азаяды (А, D, К, РР, Е, В1, В2, В12) → гиповитаминоздар

5. Гормондар алмасуының бұзылуы

Трийодтиронин, тироксин, инсулин, глюкагон, СТГ, АДГ, альдостерон, эстрогендер, андрогендердің әсерсізденуі бұзылады (кейінгі альдостеронизм, гинекомастия, қан тамырлық жұлдызшалар ж.б.)

Бауырдың усыздандыру, тосқауылдық қызметінің бұзылуы

1. Гепатоциттерде мыналардың усыздандырылуы бұзылады:
Ішекті улардың (фенол, скатол, индол, кадаверин, путресцин, тирамин, аммиак);
Улы өнімдердің;
Экзогендік улардың.
2. Купфер жасушаларының фагоцитоздық белсенділігі ↓ (қаннан микроорганизмдер, токсиндер, иммундық кешендер, май тамшылары, бүлінген эритроциттердің жұтылуы).

Бауыр қызметтерінің тәжірибелік зерттелуі

1. Экктің тура фистуласы
Төменгі қуыс және қақпа веналары арасындағы анастамоз → қақпа венасын анастомоздан жоғары байлап тастау → ішек-қарын жолдарының қан тамырларынан усыздандырылмаған қанның қан айналымының үлкен шеңберіне түсуі → бауырлық кома



2. Бауырды толық алып тастау тәсілі

Алғашқы кезең: Экктің-Павловтың кері фистуласы
Төменгі қуыс және қақпа венасы арасындағы анастамоз → төменгі қуыс венаны анастамоздан жоғары байлау → қақпалық-қуыс вена және қуыс венаның өз талшықтары арасындағы анастомоздың дамуы →
Қейінгі кезең: бауырды алып тастау → алғашқы 3-8 сағат ішінде → гипогликемиялық кома, ал гликемия қалыпқа келгенде → бауырлық кома

3. Бауырдың бөліктерін алып тастау

4. Е.С. Лондон бойынша ангиостомия тәсілі
5. Оқшауланған бауырды перфузиялау тәсілі
6. Бауырдың уыттанулық зақымдануы (ССl4, хлороформ)
7. Клиникалық зерттеу тәсілдері (биопсия, сканирлеу, УДЗ, рентгенография, биохимиялық, иммундық сынамалар)

Бауырлық кома

Патогенезі бойынша жіктелуі
1. Бауырлық – жасушалық
2. Шунттық (қақпалық – қуыс веналық)
3. Аралас

Бауырлық жасушалық кома

Бауыр ұлпасының көп мөлшерде өліеттенуі → Бауырдың барлық қызметінің бұзылуы → Қанда миды уыттындыратын заттардың көбеюі (аммиак, фенол, скатол, аминдер, ұсақ молекулалы май қышқылдары → май, капрон, валериан қышқылдары, тура емес билирубин, бүлінген гепатоциттерден шыққан заттар ж.б.), гипогликемия, гипокалиемия, ацидоз


Сарғыштық (лат. icterus) — өт нілдерінің жиналуынан терінің, шырышты қабықтардың, көз ағының сарғыш түске боялуымен көрінетін синдром

Билирубиннің алмасуы
Гепатоцитердің анатомиялық құрылымы