Файл: за мерзімді жоспарды тарауы Денсаулы жне ауіпсіздік.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 21

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

4. 1. Денсаулық және қауіпсіздік

Күні: 3.09.2018ж

Сынып: 6

Мектеп: «№5А.Байтұрсынов ЖОМ» КММ

Мұғалімнің аты-жөні: Қаныбекова Н

Сабақтың тақырыбы

§1. Эргономика ұғымы

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына

сілтеме)

6.4.1.1 – Эргономика міндеттерін ойластыру және шешу (жоғары деңгейде жайлы және тиімді болу үшін)

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар үшін:

Эргономика ұғымымен танысады және жұмыс үстелінің эргономикасын анықтайды.

Көпшілік оқушылар үшін:

Компьютермен жұмыс істеу барысында іске асыруға болатын және болмайтын әрекеттерді ажырата алады.

Кейбір оқушылар:

Алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін практика жүзінде көрсете алады

Бағалау критерийі

Эргономика ұғымын біледі және айтады: жұмыс кезінде, жұмыстан кейін, кабинетте жұмыс алдында ережелерді сақтайды;

Компьютермен жұмыс жасау барысында орындалатын әрекеттерді ажыратады;

Практика жүзінде алғашқы медициналық көмек көрсете алады;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар істей алады:

дұрыс сымбаттылық мәселесінің маңыздылығын талқылауды (сөйлеу дағдысы мен тыңдау)

денсаулығын сақтап қалуға көмектесетін жаттығулар кешенін суреттеуге (жазу дағдысы)

Құндылықтарға баулу

  • Өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау

  • Денсаулық, достық және айналадағыларға қамқщорлық көрсету

Пəнаралық байланыс

Биология, Физика (электр құралдары мен электрмагниттік сәуле шығару)

Алдыңғы білім

Оқушылар компьютердің негізгі қызметі, негізгі бөлшектері, компьютер қандай қызмет көрсету саласында қолданлатыны туралы біледі.

Сабақ барысы




Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар


Сабақтың басы

5 минут

2 минут

5 минут

2 минут

Сыныпты түгендеу. «Екі жұлдыз, бір тілек» тренингін жасау арқылы оқушылардың жақсы көңіл – күйлерін, сыныптың ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Барлығын ортаға шығып шеңбер құрдыру. Мен және оқушылар бір – бірімізге допты лақтыру арқылы өз ұсыныстарымыз бен тілектерімізді білдіргізу

Оқушылардың мұндағы мақсаты жақсы тілектер арқылы өз жұптарын тауып, бір топ болып құралу. Топ басшысын сайлау. Топ басшыларына сыныптағы оқушыларды бағалап отыру үшін, бағалау парақшасын таратамын. Бағалау крийтериімен таныстырамын.

Зейінін шоғырландыруға арналған жаттығуды орындату



«Суреттер сөйлейді» әдісін қолдану арқылы жаңа сабақтың тақырыбын оқушылармен бірсесе отырып, анықтау.

Техника қауіпсіздігін сақтау туралы видео көрсетемін.

Егер сіз техника қауіпсіздігін сақтамаған жағдайда, не болады?

Оқушылар сабақтың міндеті мен мақсатын атайды:

Бүгін біз техника қауіпсіздігі ережелерін сақтамағанның қандай салдар болатынын білетін боламыз. Біз қауіпсіздік туралы айтамыз. Компьютермен жұмыс кезінде өзінің жұмысын қалай дұрыс ұйымдастыру керек.

Жұлдызшалар арқылы бағалау



Оқулық

Г. А.Көпеева «Арман-ПВ»


Сурет



Сабақтың ортасы

5 минут
6 минут
2 минут
8 минут

Миға шабуыл: арқылы оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын (жекелей жұмыс)

  • Эргономика дегеніміз не?

  • Компьютермен жұмыс істеу кезінде жасауға болатын және болмайтын әрекеттерге мысал келтір.

  • Компьютермен жұмыс жасау барысында қандай жаттығу бар жасалатын?

Бағалау критерийіне сәйкес оқушылар бір-бірін өзара бағалайды

Оқушыларға бірнеше сыни сұрақтар беріледі.«Құндылықтар спектрі» әдісі арқылы топтар өзара ой бөліседі. Жұптық жұмыс.

  1. Эргономика ғылымы неліктен пайда болды?

  2. Компьютермен жұмыс істеу не себепті адам денсаулығына зиян келтіреді?

  3. Неліктен компьютерде ұзақ уақыт отыруға болмайды?

  4. Неліктен монитор мен көздің арасындағы арақашықтықты сақтау керек?

  5. Көзге арналған жаттығуларды не үшін жасаймыз?


Сергіту жаттығуы

Көзге арналған жаттығулар жасату

Оқулықпен жұмыс жасаймыз. Постермен жұмыс

1 топқа тапсырма. Жалпы қауіпсіздікке қойылатын жалпы талаптар қандай ?

(суретпен, сызбамен қорғау)

2 топқа тапсырма. Апат жағдайындағы қауіпсіздік талаптар .

( топтастыру, оқушылар акт тақтаға жазады )

3 топқа тапсырма. Алғашқы медициналық көмек көрсету.

(Флипчартқа өз ойларын жазып пікірлесу)

Жоғары деңгей дағдысы: сараптау және бағалау

Алдын ала сыныптағы оқушылар санына сәйкес суреттерді басып аламын (мысалы: 12 сурет). Сабаққа дейін кабинетте суреттерді жасырып қоямын. Оқушылар суреттер тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарды таңдау үшін, курветкаларда сұрақтар дайындап қоямын (сурет бойынша):

Бағалау саусақ бойынша.

Оқулық

Г. А.Көпеева «Арман-ПВ»

Оқулық

Г. А.Көпеева «Арман-ПВ»


Оқулық, маркер, плакат



Сабақтың соңы


3 минут


2 минут


Алғашқы медициналық көмек көрсетуге байланысты іс-әрекеттерді төмендегі кестеге толтырыңдар. Жеке жұмыс.

Электр тогымен зақымданғанда

Күйген кезде

Талып қалғанда

Тынысы тоқтап қалған жағдайда





































Сабақтың соңында оқушылар рефлексия жүргізеді

Жаңа сабақты қаншалықты меңгергендігін айқындау мақсатында «Табыс ағашы» жаттығуын жүргіземін.Оқушылар қолындағы стикерге не білгенін жазып, айтып, табыс ағашына жабыстырады
Үйге тапсырма

6 сынып Информатика оқулығының 22-23 бетін оқу.

Оқулық

Г. А.Көпеева «Арман-ПВ»


Саралау – Сіз қандай тəсілмен

көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда

қабілетті оқушыларға қандай

тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз

оқушылардың

материалды игеру

деңгейін қалай тексеруді

жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне

қауіпсіздік техникасын

сақтау

Қабілеті жоғары оқушылар: Топта ұйымдастыру жұмыстарын жүргізе алады. Сабақ бойындағы Миға шабуыл әдісі арқылыоқушылардың ойын қозғауға, дамытуға араласады.

Қабілеті орта оқушылар:«Құндылықтар спектрі» әдісі осы деңгейдегі оқушыларға қолдау береді. Сабақ арасындағы деңгейлік сұрақтар.

Қабілеті төмен оқушылар: Денгейлік сұрақтар. Мұғалімнің қолдауы

  • Әр тапсырмалар арқылы оқушылардың қарқынын арттыру үшін бағалау жүргізіп отырамын.

  • Ынталандыру, қолдау көрсету

  • Тәжірибелік жұмыс қалыптастырушы бағалау ретінде жүзеге асырылады.

Сыныпта техника қауіпсіздігін сақтау

Көзге арналған жаттығулары.


Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет?