Файл: 3блім. Бізді міріміздегі роботтар (орта таырыптар Таам жне сусын, Дені сауды жаны сау).docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 20
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бөлімі: | 3-бөлім. Біздің өміріміздегі роботтар (ортақ тақырыптар: «Тағам және сусын», «Дені саудың – жаны сау») |
Педагогтің аты-жөні: | Асқарова Ақерке |
Күні: | 25.04 |
Сыныбы: 1Д | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Роботтың белгілі бір жылдамдықтағы қозғалысы |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 1.5.2.1. роботтың белгілі бір жылдамдықтағы қозғалысын ұйымдастыру. 1.5.2.3 роботты алға жылжыту қозғалысын ұйымдастыру; 1.5.2.4. роботты артқа жылжыту қозғалысын ұйымдастыру; |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушы үшін: Роботтың белгілі бір жылдамдықтағы қозғалысын ұйымдастырады. ЕБҚ оқушы: Жылдамдық пен қозғалысты ажырата алады Көпшілік оқушылар үшін: Роботқа алға, артқа жылжыту жұмысын ұйымдастырады Кейбір оқушылар үшін: Роботқа арналған жоба жасап, іске қосады |
ЕБҚ оқушы | Зейіні әлсіз оқушы |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/ Уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | | ||
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: 1-7 мин. | Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Ширату тапсырмасы. «Мәселенің түйіні» жаттығуы Бәріміз шеңбер бойына тұрайық. Қолымызды алдымызға созып, көршімізден басқа кез келген адамның қолынан ұстасып тұрайық. Шиеленісіп болсақ, қолымызды жібермей біріміздің арамызда біріміз өту арқылы шешілуге тырысайық. Осы жеткен жерімізден тоқтайық. Қандай мәселенің де шешімі бар. Ол үшін сабырлы болып, асықпаған жөн | Шеңберге тұрып, жаттығуды орындайды. Бұл жаттығу оқушыларға психологиялық тұрғыдан жағымды көңіл-күй сыйлайды/. | | | | ||
Топтас- тыру | Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру. | Оқушылар шеңбер бойында тұрып үш-үштен санап, үш топқа бірігеді. | | | | ||
Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі. | «Ой қозғау» әдісі. Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді. |
| ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік көрсеткен оқушылар-ды «Жұлдызшалар» әдісі арқылы бағалайды. | | | ||
Жаңа сабаққа дайындық. | Жаңа сабаққа кіріспе. Оқулықпен жұмыс істеу «Мені түсін» әдісі Оқушылар мәтіннің бөлігін оқиды да, түйінді сөздерін дәптерлеріне жазып алады. Мұғалім оқушылардың кітаптарын жабуын, қолдарына парақ пен қарындаш алып, осы мәтіннің негізгі ойын білдіретін он шақты сөз жазуларын талап етеді. Соңынан мұғалім парақтарды жинап алып, өзі алдын ала даярлаған түйінді сөздермен салыстырады. Кімнің осы түпнұсқамен сәйкес келген сөздері көп болса, сол жеңімпаз деп танылады. /Бұл тапсырмадан оқушылар жаңа сабақтың негізгі ақпаратынан хабардар болады. Әрі жаңа сабақты түсінген немесе түсінбегені айқындалады/. | Оқушылар ақ параққа тақырыпқа байланысты он шақты сөз жазады ЕБҚ оқушы Мұғалімнің көмегімен оқулықтар бірнеше сөздер жазады | ҚБ «Жұлдызшалар» әдісі | Ақ парақ | |||
Сабақтың ортасы (26 мин) | Практикалық жұмыстар: 1- тапсырма /Мұғалімнің көмеген интерактивті тақтада орындайды/ Төмендегі командалық блоктар роботты қалай қозғалтады? Блоктардан қандай деректерді оқуға болады. | Дескриптор:
| ҚБ: Жұптық жұмыста белсенділік көрсеткен оқушыларды ««Жұлдызшалар» әдісі арқылы бағалайды. | | | ||
| Жұмыс дәптеріндегі №1-тапсырманы орында. (суреттегі роботтардың қайсысы көбірек қозғалады, дұрыс ұяшықты тауып.бояу қажет) | Дұрыс ұяшықты тауып.бояйды | «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» | Жұмыс дәптері. 23-бет | | ||
| 2- тапсырма Роботтың басқару блогына 39-суреттегі программаны салып тексеріңдер. Төмендегі сұрақтар мен тапсырманы орындаңдар. 1.Программа-дағы блоктардың қандай айырма-шылығы бар? 2.т 3-суретті пайдала-нып жіктеңдер. 3.Блоктар-дан қандай деректерді оқуға болады? | Дескриптор: 1.Топтасып, суреттегі блоктармен танысады. 2. Программа-дағы блоктардың айырмашы-лығын 3-суретті пайдаланып жіктейді. 3.Блоктардан қандай деректерді оқуға болатынын анықтайды. ЕБҚ оқушы Қозғалыс пен жылдамдыққа мысалдар келтіреді | ҚБ: Топтық жұмыста белсенділік көрсеткен оқушыларды. «Жұлдызшалар» әдісі | | | ||
| Жұмыс дәптеріндегі №2-тапсырманы орында. (Ойланып ,белгіле.) | Дұрыс жауабын тауып , белгілейді | «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» | Жұмыс дәптері. 24-бет | | ||
Сабақтың соңы 7 мин. Сабақты бекіту. | «Оқушылар сұрақ қояды» әдісі. Оқушыларға бүгінгі өтілген сабақ бойынша қорытындылау мақсатында сұрақтар қоюға мүмкіндік жасаңыз. Сұрақтар сыныптастарға, мұғалімге қойылуы мүмкін немесе талқылауды дамыту құралы ретінде қолданылуы тиіс. Жазбаша түрдегі сұрақтарға арналған «Сұрақтар қорапшасы» оқушылар үшін қарым-қатынас жасаудың өзгешелеу түрі болып табылады. Оқушылардың жұмыс туралы сұрақтарды дауыстап айтуына уақыт беріңіз. Бұл бағалау үдерісін іске қосуға және ұғымның екіұдайы түсінілуін болдырмауға көмектеседі. | Мысалы:
| ҚБ: Мұғалім тапсырма орындау барысында белсенділік көрсеткен оқушыларды «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды. | | | ||
Үйге тапсырма | Болашақта ұлтық сусындарды тез дайындайтын роботтар салып келу | | | | |