Файл: Презентациялар орта таырыбы Сумірді айнар кзі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 78

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бөлімі:

Ұзақмерзімді жоспар тарауы:

4-бөлім. Презентациялар (ортақ тақырыбы: «Су-өмірдің қайнар көзі»)

Педагогтің аты-жөні:

Бабасова Л.Ж

Күні:

30.03.23ж.

Сыныбы: 3ә,б

Қатысушыларсаны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Презентация жасау

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

3.2.3.1 мәтін мен бейнені қамтитын қарапайым таныстырылым жасау;

3.1.2.1 қолданбалы программаларда «ыстық» пернелердіқолдану;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:

Мәтін мен бейнелерден тұратын қарапайым таныстырылымдар жасау программасымен үйрену
Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу .

«Бір қадам алға...» әдісі арқылы.

Мұғалім есіктен кіргеннен бастап өткенматериалдарға байланысты сұрақтар қояды.Жауап дұрыс болса, бір қадам алға жылжиды, қате болса, бір қадам артқа шегінеді. Мұғалім үстелінежеткенше, бірнеше сұрақ қою арқылы оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландырып алады.







Топтастыру:

Топтастыру: «Атомдар мен молекулалар» әдісі

Молекулалар атомдардың жиынтығы екендігі баршаға мәлім. Оқушылар сыныптың бос жеріне жиналады. Ойынды жүргізуші «Атомдар!» деп дауыстағанда, олар бір-бірімен араласып, әрлі-берлі жүруі керек, өйткені олар қазір броундық қозғалыстағы атомдар іс петті. Ал жүргізуші «Молекулалар!» деп айтып, бір санды атаса (мәселен, үш немесе төрт, бес, алты) оқушылар сол аталған сан құрамында топтарға жедел түрде бірігуі керек.

Оқушылар екі топқа бірігеді:

1 топ – «Атомдар». II топ – «Молекулалар».







(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға

шабуыл»

әдісі

Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып,

суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.

  • Белгілі тақырыпта жинақтаған ақпаратты көпшілікке қалай ұсынуға болады?

  • «Презентация»дегеніміз не? Презентацияны не үшін жасайды?

  • Презентация жасауға арналған қандай программаларды білесің?

  • 1-ші және 2-суретке қарап әңгіме құрастыр


Оқушылар сұраұтарға жауап береді

Қалыптастырушы бағалау Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігі мен сұраққа жауап беру деңгейіне қарай «Қошеметтеу» әдісіарқылы бағалайды.


Интерактивті

тақта
Оқулық
Жұмыс

дәптерлері


Сабақтың ортасы


Топтық жұмыс: «Постер қорғау»

әдісі

1-тапсырма

Төмендегі заттардың бірін таңдаңдар. Заттың жарнамасын дайындаңдар (постер құрау).

Жарнамаларыңды сыныптастарыңныңалдында қорғаңдар.

Дескриптор

  • Берілген заттардыңбірін таңдайды.

  • Заттың жарнамасын дайындайды.

  • Жарнамаларын сыныптастарының алдында қорғайды.




Қалыптастырушы бағалау

Топтағы оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырманы орындау деңгейіне қарай бір-бірін «Қошеметтеу» әдісіарқылы бағалайды.


Интерактивті

тақта
Оқулық
Жұмыс

дәптерлері



Жұптық жұмыс

2-тапсырма

6-суретке назар аударыңдар. Суретке арнап PowerPoint-та

2 слайдтық презентацияжобасын ұсыныңдар. Презентацияның 1- слайдына суретке берген атауларың мен суреттегі кейіпкерлердің есімін жазыңдар. 2ші слайдта жазғы демалысты сипаттайтын екі сурет кірістіріп, сақтаңдар.

Дескриптор

  • Берілген суретке арнап PowerPoint-та

2 слайдтық

презентацияжобасын ұсынады.

  • Презентацияның 1слайдына суретке берген атаулары мен суреттегі кейіпкерлердің есімдерін жазады.

  • 2-ші слайдта жазғы демалысты сипаттайтын екі сурет кірістіріп, сақтайды.




Қалыптастырушы бағалау

Жұптағы оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырманы орындау деңгейіне қарай бір-бірін «Қошеметтеу» әдісіарқылы бағалайды.


Интерактивті

тақта
Оқулық
Жұмыс

дәптерлері


Жеке жұмыс: «Венн диаграммасы» әдісі

Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға

берілетін нысандардың сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.

3-тапсырма

  1. «Ыстық» пернелерне үшін қажет?

  2. Word пен

PowerPoint программаларын Венн диаграммасы бойынша салыстыр.

Дескриптор:

  • Берілген сұраққа жауап береді.

  • Word және

PowerPoint программаларын Венн диаграммасы бойынша салыстырады.

  • Екеуінің айырмашылығы мен ұқсастығын жазады.




Қалыптастырушы бағалау

Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырманы орындау деңгейіне қарай өзін-

өзі «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.


Интерактивті

тақта
Оқулық
Жұмыс

дәптерлері

Сабақтың соңы


ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия

Жеке жұмыс: «Ара ұясы» техникасы Мұғалім жұптасқан оқушыларға өтілген сабақтан не білгендігі туралы пікір алмасуды және екі сұрақтан дайындауын тапсырады.

Әрбір жұп кезектесіп сұрақ қояды, ол сұраққа жауапты басқа оқушылар береді.Сонымен берілген осы техника негізінде мұғалімнің берген мәліметтері қорытындыланады.

Қалыптастырушы бағалау Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырманы орындау деңгейіне қарай «Қошеметтеу» әдісіарқылы бағалайды.





Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау.Сіз

оқушылардың

материалды игеру деңгейін қалай

тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».
Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Қошеметтеу» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздіктехникасы ережелерінің тармақтары орындалады.