ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 22
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Мұзтаудың мұзбалағы»
М.Мақатаев туралы тәрбие сағаты.
Мақсаты:
Мұқағали Мақатаевтың өмір жолымен, шығармашылығымен оқушыларды таныстыру. Ғасыр ақыны Мұқағалидың жырларын насихаттау.
Ақын өлеңдерінің мәңгілік жыр қазына екенін ұғындыра отырып оқушыларды өлеңді мәнерлеп,нақышына келтіріп оқуға дағдыландыру. Отанға, анаға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Отанды, туған жерді сүюге тәрбиелеу, ақын жырларынан үлгі алу.
Көрнекілігі: ақынның портреті, буклет, слайдтан ақын туралы суреттер,нақыл сөздер
Жоспар:
1. Кіріспе бөлім
2. Қайғы бар қайтқан құстың қанатында»(ақынның өмір жолы мен шығармашылығына шолу)
3. «Поэзия, менімен егіз бе едің?!»(Ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу)
4. «Құлақтан кіріп бойды алар» (Әндерін орындау!
5 «Жазылар естеліктер мен туралы»(Ақын жайлы)
Барысы: 1-жүргізуші. Қайырлы күн,қадірменді жыр сүйер қауым! Қазақтың қара өлен
ін кие тұтқан,жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махабатына бөленген Мұқағали Мақатаев шығармаларына арналған «Мұзтаудың мұзбалағы» атты поэзия кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
2-жүргізуші
Бүгін менің , туған күнім,
Ой бәлі ай
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім-ақ
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай-деп қамықса, бүгінде қазақ елі ақын ұлының өмірден кеткен есесін толтырып, асқыр тау кең даласында ұлан-асыр той жасап,ақын рухына тағзым етуді өзінің перзенттік борышы деп біледі.
1-жүргізуші- Олай болса, бүгінгі «Мұзтаудың мұзбалағы» атты кешке қош келдіңіздер
2-жүргізуші :
«Сырым да осы,
Жырым да осы
Алдыңда.
Байқашы бір
Бықсыдым ба,жандым ба!
Мақаңдар жақ,
Мақаңдардың сарқыты
Мұқағали Мақатаев бар мұнда «деп бір күндік сәуледей ағып өткен қазақ жырының шоқ жұлдызы Мұқағали Мақатаев бүгін 84 жасқа толып отыр.
1-жүргізуші: Олай болса ақынның өмір жолы мен шығармаларына көз жүгіртіп өтсек. Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9-ақпанда Алматы облысы Нарынқол ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген.Әкесі Сүлеймен осы өңірде алғаш колхоз құрып,осы шаруашылықты басқарушылардың бірі болатын. Зеңгірі көк тіреген көгілдір шыңдар, шұрайлы шалғынды Шәлкөденің баурайы, мөлдірі күміс шашқан тұма суының сыбдыры бала Мұқағалидің ойын әлдилеп, қиялына қанат бітірген алтын бесігі еді.
1 оқушы: «Қарасазым»
Иә, ақиық ақын басын мұз жапқан,етегін қар жапқан, асқақ та, биік шыңды Хан Тәңірі тауының бөктеріндегі Шалкөде жайлауымен ұштасқан Қарасаз атты табиғаты сұлу мекенде өмірге келген екен.
Бірақ балалықтың бұлтсыз күндерін тағдыр өзі қызғанғандай зұлмат соғыс тақсыреті Мақатаевтар әулетінің шаңырағын шайқалтып кетті.Әкесі соғыста ерлікпен қаза тауып, шешесі Нағиман 3 ұлымен жесірлік тауқыметін тартып қалады.Балдай тәтті балалық шағы жаралы жылдарға дәл келген өз тұстары тәрізді болашақ ақын да ерте есейіп арба айдап соқа тартып,шөп шауып, масақ терді.
Бәрі есімде мекен жай,тұрағым да,
Тек естетек есте жоқ,күлдім бе,жыладым ба?
Балалық шақ жармасып жүретұғын
Өгіз жеккен соқаның құлағында.
Қарсы жауға біз де шықтық түренмен,
Аңыздардан тере жүріп масақты,
Рас,рас көзімізден жас ақты.
Бірақ сол бір дауыл жылдар,от жылдар
Бәрімізден бір-бір батыр жасапты.
... ... ...
Майдандағы әкеме оқ жібердім,
Айырбастап күлшемді қорғасынға.
2 оқушы: Қалай тауып ащы айтылған. Уақыт қанша қатал болғанымен жас жүрек қайсарлық отын жоғалтпады.Сөйтіп, Мұқағали еңбекке ерте араласты. Алдымен ауылдық кеңестің хатшысы,Қызыл отау меңгерушісі, комсомол қызметкері,жеті жылдық мектептің мұғалімі,республикалық газеттің тілшісі, Қазақ радиосының директоры, «Жұлдыз» журналының әдеби қызметкері, жазушылар одағы поэзия бөлімінің жастар жөніндегі кеңес қызметін атқарады.
Көптеген жинақтарын оқырман қауымға ұсынады: «Ильич, Армысыңдар достар, Қарлығашым келдің бе?,Мавр, аққулар ұйықтағанда, шуағым менің, Дариға жүрек, ақынның аманат жыр жинағы 2000 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бүгінде ақынның 13 кітабы бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы бар екені анықталды.
3 оқушы: Поэзия әлеміне жарық жұлдыздай сәуле шашып айрықша із қалдырған мұқағали –күллі қазақ халқының мақтанышы.Сондықтан да Өлсе өлер Мұқағали, Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім деп адамның ішкі жан дүниесінің нәзік сезімін оның күшті құштарлығын шынайы да әсем бейнелей білген ақын өлеңдері-мәңгілік қазына.
Мұқағали Мақатаев орта мектепті бітірген соң ауылдың хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол комитетінде болып,1949-жылы Лашын апамызбен отбасын құрды. Дүниеге Алмагүл,Шолпан атты екі қыз, Айбар, Жұлдыз атты ұлдары келді. Ал Майгүл есімді қызы 10 жасында қазаға ұшырап мұқағали атамыздың қабырғасын қайыстырды
Одан кейін қазақ радиосында диктор болып қызмет атқарады.ал 1962-1967 жжылдарда «Социалистік Қазақстан», «қазақ әдебиеті» газеттерінде , «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында бөлім меңгерушісі болып еңбек етті.
Ақынның тұңғыш өлеңі 1948 жылы»Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінде жарық көрді.
1 жүргізуші: Назерке, сен білесің бе?Ақын өлеңін қай жасында жазды деп ойлайсың?
2- жүргізуші: Неге білмеймін. Ақынның анасы Нағиман ананың айтуы бойынша 4-сыныпта өлең жазабастаған екен...Ең алғашқы еліктеп жазу түрінде болса,одан кейінгі өлеңі шынайы таланттың белгісін білдіреді. Ол өлеңін соғысқа кеткен әкесіне арнаған»Әкеме» деген сағыныштан туған өлең екен.
4 оқушы «Әке»
Ақынның шығармалары негізінен елге , туған халқына деген құштарлығын жырлауға арналған.Көптеген өлеңдеріне ән де шығарылды. Дантенің, Шекспирдің шығармаларын қазақ тіліне аударған ақиық ақынымыз 1976 жылы 27-наурызда өмірден өтті
Бар болғаны 45-ақ өмір сүрген Мұқағали Мақатаев ақынның жырламаған тақырыбы жоқ!Қай өлеңін оқысаңызда алпыс екі тамырыңды тулатпай, жанарыңды сулатпай қоймайды.
5 оқушы: « Күрең күз»
Бүгінде ақын ортамызда болмағанымен алып ақынның өзінің көзіндей көретін мөлдірде сырнлы өлеңдері халқынан қалтқысыз бағасын алып,келер ғасырға керуен көшін сенімді түрде ұзатып барады.
Мұқағали ақынның поэзиясы бүгінде әнге тайналды.Оның сөзіне жазылған әндер қаншама .Сол әндер халық жүрегінен берік орын алып ,қуанышымен қайғысын бөлісетін жан серігіне айналды.
6 оқушы «Мен таулықпын»
Мұқағали-біздің заманымыздың ғажайып ақындарының бірі. Ақынның өзі «Мен өлеңді ойдан құрастырып жазбаймын,құлағыма сыбырлағандай болады,соны қайталап жазамын деген.
Мұқағали- өмір жырын жырлаған,
Жүрегінің тек айтқанын тыңдаған.
Өлеңдері құдірет қой,құдірет,
Сүймейтұғын табыла ма бір адам?!
Қашанда ақиқаттың ақ туын көтеріп әділет пен адалдықты тең ұстаған ақынның ғажайып сырлы өлеңдеріне кезек берейік.
7оқушы « Қара өлең»
Асқақ көңілі асқар биікке ұмтылған тау ұлының өмірімен таныс болу әр азаматтың парызы.Ақын туған ел,туған жерге деген сүйіспеншілік,ауылға Отанға деген махаббат сезімін,өзінің ұлтын туған тілін ерекше құрметтейді
8 оқушы «Мұзбалақ жыры»
Өлең үлгісіне өзіндік өрнек салған ақын өмірге өжет мінезбен»Алынбаған ақым бар сенде менің, кең дүние, кенде етсең сыбағамнан, шырылдаған сәбидей мазаңды алам»-деп жоқ іздеген жандай алға ұмтылды. Ақыры іздегенін тапты. Ақынның іздегені өз жыры Мұзбалақ жыры екен.
9 оқушы «Поэзия»
Поэзия,менімен егіз бе едің,
Сен мені сезесің бе,неге іздедім?.
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім -деп жырлаған,саф алтындай поэзиясын елдің мұрасындай етіп қалдыра білген ақынның өлеңдері талай болашаққа көшеді.Ендеше сол бір мәңгілік көштің сырлы әуеніне, жадымызға жаңғырған жыр жолдарына құлақ салайық.
10 оқушы «Шеше сен бақыттысың»
Ақынның басты тақырыбының бірі-ана тақырыбы.Шыр етіп дүниеге келген сәбиді жылы құшағына алып,әлдиін жырлатын-жан ана.Бала үшін ең бақытты шақ ананың аялы алақаны болса,ана үшін шаттыққа толы сәт- сәбидің шат күлкісі.Ана тіршіліктің бастауы болғандықтан ана туралы «Шеше, сен бақыттысың» деп жырға қосады.
11 оқушы «Аққу-киелі құс»,аққуды халқымыз ежелден қастерлеп бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы,пәктіктің,сұлулықтың белгісі деп ұғады. Оған дәлел-ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
12 оқушы «Аққулар ұйықтағанда»поэмасынан үзінді.
13 оқушы: Кеше ғана өмірден өзған Фариза Оңғарсынова апамызда ақын туралы былай деген екен:
1.Сыздатып кеудесін жыр,тыңдайтын ән,
Бетке алған сұрапылды қандай ұлан?
Әйтеуір,алқам-салқам жолға шықты,
Киелі Хантәңірі баурайынан.
2.Көз салды балалыққа тағы барлап,
Тұрғандай жолын таудың әні жалғап.
Алыста көз ұшында бір ғажайып,
Көгілдір әлем тұрды жанын арбап.
3.Жай ойнап жүрегі оның жауындаған,
Селдетсе-сілкінердей дәуір ғалам.
Ей.Әлем!Құшағыңды аш,терьет жанын,
Келеді қарасаздан дауыл балаң!-деген екен.
1 жүргізуші: Ақынның ғұмырлық поэзиясы әнге айналып көкте қалықтайды.Ақынның сөзіне жазылған әндер бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуаныш пен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды.
Кезек әнге беріледі
-
Есіңе мені алғайсың -
Сәби болғым келеді -
Азайып бара жатыр қариялар Жәнібек
2 жүргізуші.
Үнін естіп тау арасы жылы бір,
Хан тәңірден қанат қаққан қыран ұл
Мерейіңді тойлап жатыр қалың ел,
Ғұмырыңның шексіздігі , сірә бұл
1жүргізуші:
Қарасаз, кара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам оған халқым елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев ,
Өлтіре алмас өлеңді ешкім,-деп ақын өзі тірісінде жырлағандай, поэзия деген құдіретті өнерді бағалап жүрген оқушылардың шығарған жыр шумақтарына кезек берейік.
Жазылар естеліктер мен туралы:
14 оқушы:
«Мұқағали Мақатаев біздің заманымыздың ғажайып ақыны.»
Әбділда Тәжібаев.
«Мұқағали мұрасы, сұлулық үлгісі біздің бүгінгі иелігіміз ғана емес, Мұқағали мұрасы маржан поэзиясы-болашақ ұрпақтардың да еншісі, қастерлеп қадірлейтін қазынасы»
З.Серікқалиев .
«Арамыздан тым ерте кеткен тамаша ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың алғашқы қадамынан- ақ, оның аяқ алысынан айрықша талант иесі екенін аңғаруға болатын еді. Аңғарыппыз.»
М.Қаратаев .
15 оқушы
«Мұқағали Мақатаев -адамдар арасындағы өмірді,табиғатты жарастық пен келісімнің жаршысы.»
Ә. Кекілбай.
«Мұқағали Мақатаев қазақ тарихында ең оқырманы көп ,қалың халықтың басты жанашыры болған суреткер.Ол ең алдымен ақын.Қазақ жырының құдіреті.»
Ф.Оңғарсынова.
16 оқушы
«Мұқағали -ғажайып , ақиық , сыршыл гуманист ақын. Ол бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан , бізге естілмейтін сиқыр бояулардан ,бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын.»
1 жүргізуші.
Мол мұраңды қалдырудан тынбадың,
Дәлелдедің алашыңда ұл барын.
Талабымның жеткенінше ағайын,
Сол ұлыңды күйге салып жырладым-
2 жүргізуші:
Жүзімізде өзіңе тән шат барлық,
Ақтарылды шумақтала ақ сандық.
Артыңда қалған сенің ұрпағың ,
Есіміңді ардақтайды мақтан ғып,-дей келе, бүгінгі «Мұзтаудың мұзбалағы» атты Мұқағали Мақатаев поэзиясына арналған әдеби-танымдық кешіміз аяқталды.
Ақын мұрасы, маржан поэзиясы- мәңгілік болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп қадірлейтін қазынасы.