Файл: А мола облысыбілім басармасыны Бурабай ауданы бойынша білім блімі Ожетпес ауылыны жалпы орта білім беретін мектебі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 24
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
"Ақмола облысыбілім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Оқжетпес ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Тақырыбы «Тіл - адамның жұмсайтын қаруының бірі»
Секция бағыты «Тіл - адамның жұмсайтын қаруының бірі»
Баяндамашы: Файзурахман Рысгүл Оразбайқызы
Оқыту тілі: қазақ тілі
2022-2023 оқу жылы
Тіл - адамның жұмсайтын қаруының бірі
Ахмет Байтұрсынов «Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. ...Біздің заманымыз – жазу заманы, жазу мен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман» - деп жазды реформатор-ғалым өзінің тіл туралы зерттеу мақаласында.
Тіл — адам қоғамының туындыларының ішіндегі асылдардың асылы, қымбаттың қымбаты, адамды адам еткен ұлы күштердің бірі. Ол қоғам тарихының барлық дәуірінде де оның күресі мен дамуының құралы, рухани өмірінің, бүкіл мәдениетінің тұтқасы болып келеді. Қоғамдық ой-сана, дүниетаным тіл арқылы ғана қалыптасып, жарыққа шығады, басқаларға беріледі.Тіл — адам баласын қазіргі прогреске жеткізген ұлы да бірегей туынды. Осы себептерден де сөйлеу мәдениетіне жетілу, тілді дұрыс та, тиімді және шебер де тартымды пайдалана білу талабы көне замандардың өзінде-ақ басталған, яғни байырғы замандардан пайда болған алғашқы грамматикалық топшылауларды «өнертабысы», «грамматикалық өнер» деп атау, грамматиканы сөйлеу, жазу өнерін үйрететін ілім деп анықтау, тілді шебер қолдануға, шешендікке үйрететін «риторика», «стилистика» деп аталатын ғылымдардың пайда болуы айтылғандарды дәлелдей түседі.
Халқымыздың бағзы заманнан келе жатқан осындай жақсы дәстүрі бұл күндері қайтадан жалғасын тауып, ғылыми негізде дамытылып келеді.
Сөз адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, байыптылығын, ақыл-парасатын көрсетеді. Сондықтан да сөйлеу мәдениетіне қай уақытта болса да ерекше мән берген, қай халық болса да қатты бағалаған. Сөйлеу мәдениеті сөйлеуші адамның ішкі жан дүниесінің тазалығына да, сөз өнеріне де қатысты. Сөзге шешен адам мәдениетті әрі шебер сөйлейді. Мәдениетті, ой-өрісі жоғары, өмірге сенімді, адал адамдардың сөйлеу тілі де жоғары болуға тиісті. Себебі, тіл — адамның ішкі жан дүниесінің айнасы.
Мәдениет – адамның рухани және материалдық интеллектілік және сезімдік қасиеттері айқын аңғарылатын белгілерінің жиынтығы. Мәдениеттің барлық салаларында ұлттық даралық сақталуы тиіс. Әсіресе тіл мәдениетін сақтау, ана тілін жақсы білу – әркімнің азаматтық борышы. «Мәдениет» ұғымына батыс Еуропалық әдебиеттерде 400-ден астам анықтама беріледі, ол оның күрделі, әрі өзекті мәселе екенін дәлелдейді. Әйтсе де барлық анықтамалардың түйісер нүктесінде мәдениет адамның рухани жемісінің қатпары мол, қабаты қалың, жұмбақты болмысының, әдеп пен саналылық деңгейінің көрсеткіші деп тұжырымдалады
Тілдік қатынас - тіл арқылы байланыс, сөйлеу тілі арқылы адамдардың бір- бірімен қарым-қатынас жасауы, қоғамдық, ұлттық тіл арқылы ұғынысу, түсінісу, яғни адамзаттың тіл арқылы сөйлесім әрекетін меңгеруі тілдік қатынас дегенді білдіреді.Бұл жерде сөйлеу тілі деген тіркесті ерекше бөліп айтуға тура келеді. Өйткені ол ауызекі сөйлеу деген мағынаны емес, жалпы адамзатгың сөйлесу құралы, сөйлеу құралдарының қызметі, адамның тілі, адамның тілдік қатынас құралы деген қоғамдық-әлеуметтік мәні бар ұғымды жеткізуі тиіс. Сондықтан осындай нақтылы ұғымды білдіру үшін, біз сөйлесім тілі деген тіркесті қолданамыз. Себебі, «сөйлесім», «сөйлеу» түбірі арқылы жасала келіп, сөйлеу процесінің тек адамзатқа тән екенін дәлелдейді. «Сөйлеу» деген сөздің өзі адамның ойын жарыққа шығару қасиетін білдіретіндіктен, көбінесе біржақты әрекет ретінде қабылданады. Ал «сөйлесім», «сөйлеу» түбіріне ортақ етістің «с» жүрнағы қосылу арқылы жасала келіп, бір-бірімен тілдік қарым-қатынас нәтижесінде іске асатын ортақ құбылысты көрсетеді. Тілдік қатынас жүзеге асу үшін, айтылған не жазылған хабардың не қабылданып, оған жауап қайтарылуы, яғни істің ортақ атқарылуы - басты шарт. «Сөйлесім» - осы басты шартты және ортақ тілдік әрекетті ағартатын сөз.
Сөйлесім тілі - тек адамзатқа ғана тән әрекет, тек адамдар ғана тіл арқылы сөйлей алады, ұғыныса алады.Ал басқа жануарлар т.б. бәрінде дененің бір мүшесі ретінде, анатомиялық-физиологиялық жағынан тіл болғанымен, олар сөйлеу мүшелеріне тән қызметпен қамтамасыз етілмеген, яғни олар тірлігі бар құбылыс болғанынымен сөйлей алмайды.
Тілдік қатынас сөйлеу тілі арқылы ұғынысу, түсінісу, қарым-қатынас жасау дегенді білдіре келіп, адамның екінші біреуге жеткізейін деген ойын жарыққа шығаруды көздейтін, қоғамның дамуы үшін ең қажетті қоғамдық-әлеуметтік ақпараттар жиынтығы арқылы адамдардың бір-бірімен пікір алмасуы, адамдар қатынасының түп қазығы дегенді білдіреді.
Кейде адамдар белгілі бір шартты келісімдер немесе белгілер арқылы тілсіз-ақ ұғынысады.Бұл да - адамдар арасындағы қарым-қатынастың бір түрі. Осыдан басқа да адамдардың бірін-бірі түсінісудің көптеген жолдары бар.
Мұндай семиотикалық таңба-белгілерден өзгеше адамдардың ыммен түсінісуі және көздің, ауыздың, қабақтың қимыл-қозғалыстары мен жалпы бет-әлпеттің өзгеруі арқылы үғынысуы сияқты қаншама көп белгілер бар.Тіптен дене мүшелерінің (қолдың, аяқтың, иықтың т.б.) әр түрлі қимыл-әрекеті кезінде өзін неше жаққа жүгіртуге болады.
Ауладан естілген қатты айқай немесе есікке берілген қоңырау, соны ести сала екінші адамның оған қарсы әрекет жасауы (далаға жүгіріп шығуы, не есікті ашуға ұмтылуы) бүл да белгілі бір әрекетті, қабылдап-түсінуді қажет ететін құбылыстар.
Жоғарыда айтылған үлгілерінің барлығы өмірден, қоғамнан тыс бола алмайды.Мұндай қарым-қатынастар адам үшін қызмет етеді, адамдардың өзара түсіністігіне жол ашады. Сондықтан олар да адамдардың қарым-қатынасына, байланысына (коммуникацияға) жатады. Өмірдегі мұндай ұғынысу, түсінісу тілсіз қарым-қатынас деп аталады.
Жалпы адамдардың қарым-қатынасына қатысты әрекеттер екі үлкен тармақтан тұрады.Оның бірі - тілдік қатынас, екіншісі - тілсіз қатынас. Тілдік қатынас пен тілсіз қатынастың ұқсастықтары да, айырмашылықтары да бар. Бұл қатынастардың сәйкес жақтары: олардың екеуі де, біріншіден, адамдардың бір- бірімен байланысын қамтамасыз етеді, яғни адамдар арасындағы қатынасқа қызмет етеді.
Екіншіден, тілдік қатынаста да, тілсіз қатынаста да белгілі бір дерек, ой, мағлүмат хабарланады, бірақ тілсіз қатынаста хабар шартты түрде болуы мүмкін.
Үшіншіден, тілдік, тілсіз қатынас та адамдардың өзара түсінісуіне жол ашады. Ұғынысу тікелей жолмен емес, сырттай болуы да мүмкін, әрбір адамның белгілі бір хабарды ұғып, соған қатысты іс-әрекет жасауына мүмкіндік туады. Алайда тілдік қатынас адамдардың бір-бірімен ұғынысуында, ойын еркін, толық жеткізуінде ерекше қызмет атқарады.
Тілдік қатынас - тілсіз қатынастан әлдеқайда күрделі және бөлек.Сондықтан да тіл білімі - адамдардың қарым-қатынас қүралы тіл туралы және сол қарым- қатынасқа негіз болатын тілдік қатынас туралы ғылым.
Ең алдымен, ерекше орын алатын тілдік қатынастың негізгі мазмұны, мәні, мағынасы болып табылатын - хабарды іс жүзіне асырушылар, хабарға тікелей қатысушылар. Олар мынандай құрамда тұрады:
-
Белгілі бір ақпаратты, деректі хабарлайтын -Баяншы. -
Ақпаратты жеткізетін - Тұлғалар. -
Ақпаратты немесе дерекеті - Қабылдаушы.
Баяншы - сыртқы объективтік әсерді, өмірді сезінуден, пайымдаудан туған санадағы ойды түрлі тілдік амал-құралдардың, тұлғалардың көмегімен екінші біреуге баяндауды, хабарлауды жүзеге асыру үшін тілдік байланысқа қатысушы, тілдік қарым-қатынасқа түсуші.
Тұлғалар - хабарлаушыдан шыққан дерек туралы басқа адамның санасында ұғым тудыратын, оған ақпараттың түсінікті болуын қамтамасыз ететін, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа байланысшы ретінде қызмет атқаратын қатысымдық бірліктер.
Қабылдаушы - белгілі бір хабарды қабылдап алып, оның мәнін тілдік тұлғалар арқылы түсініп, ой мен пайымдау арқылы өз санасына өткізіп ұғынудың нәтижесінде тілдік қатынасты ары қарай іске асырушы.
Баяншыға да, қабылдаушыға да - бәріне ортақ әрекет - байланыс, қатынас. Ал байланыс, тілдік қатынас тіл арқылы жүзеге асады. Адамдар арасындағы өзара байланыс болмаса, сөйлесім әрекеті де жүзеге аспайды. Байланыс - тілдік қатынастың негізін жасайтын, оны іске асырушы өзек, адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынастың қажетті шарты.
аяндау мен қабылдау үрдістері тілдік қатынастың барлығына тән. Бірақ лингвист-ғалымдар оларды қарапайым күнделікті сөздермен атаудан гөрі, лингвистикалық терминдермен атауды жөн көреді. Дегенмен, бүл терминдердің өзі тіл ғылымында біркелкі емес. Зерттеуші ғалымдар тілдік қарым-қатынастағы хабарлауды, яғни хабар беруді - трансмиссия, ал қабылдауды - рецепция деп атайды. Осыған орай хабар берушіні - трансмиссор, хабар қабылдаушыны - рецептив дейді.
Қортындылай келе тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.
Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс.
Ана тілі – ең басты байлығымыз. Ана тілі - ең ұлы мен тамаша тіл. Менің ана тілім - қазақ тілі. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Бұл - ауыр тіл, бірақ әрбір құрметті азаматқа оны білу керек.
Ана тілі - халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зертгеулер. -Алматы. 1999. -581 б.
2. К.Қожахметова «¥лт тағдыры мен қыз бала тәрбиссі - біртұтас». «¥лт тағылымы» журналы 2005 ж.
3. Б.Тойлыбаев «Ұлттық тәрбиеде жеке түлғаның қалыптасуы». «¥лт тағылымы», 2004, №2.
4. К. Оразбекова. «Тіл - ұлттық сана-сезімнің теориялық-әдіснамалық негізі». 5. «Ұлттық психология мен халық тәрбиесі болашақтың бастауы хақында» кітабы, A., 2008 ж.