Файл: Экодорбалар жасауда бірнеше тжірибелік жмыстар жасап, з сыныстарын сынан.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 35
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
№ 93 Абылайхан атындағы жалпы орта мектебінің 8 «Б» сынып оқушысы Барнаева Ақмаржанның «Этилен пакет орнына эко-дорбалар» тақырыбындағы ғылыми жұмысына
Пікір
Барнаева Ақмаржанның «Этилен пакет орнына эко-дорбалар» атты ғылыми жобасы күнделікті тұрмыста жиі қолданып жүрген полиэтилен пакеттің орнына балама ретінде эко-дорбаларды қолдануды насихаттауға арналған.
Зерттеу жұмысында оқушы полиэтилен пакеттердің тарихын қарастырып, олардың бірнеше жыл ішінде үлкен экологиялық мәселеге айналып отырғанын көрсетеді. Полиэтилен пакеттердің қоршаған ортаға келтіріп отырған зиянын сипаттай отырып, табиғатқа келіп жатқан зардаптарын талдап, таныстырады. Зерттеу мәселесін шешу жолдары ретінде бұл пакеттерді қолданыстан шығарып, оның орнына заман талабына сай эко-дорбаларды қолдануды насихаттайды. Зерттеу жұмысын жүргізу барысында Барнаева Ақмаржан оқушылар мен жергілікті тұрғындар арасында сауалнама жүргізіп, оның нәтижесі бойынша тұтынылатын полиэтилен пакеттерінің саны мен олардың әрі қарайғы жойылу барысын талдайды. Өз тарапынан Эко-дорбалардың жасалу жолдарына мастер класс көрсете отырып, олардың қоғамға пайдалы екендігін айқындайды.
Эко-дорбалар жасауда бірнеше тәжірибелік жұмыстар жасап, өз ұсыныстарын ұсынған.
Жалпы алғанда ғылыми жоба өз дәрежесінде жасалынған деуге болады. Зерттеу жұмысының мазмұндылығы мен мәнділігін ескере отырып, жоғары дәрежеде бағалауға ұсынамын.