Файл: Бекітемін мектеп диреторны міндетін атарушы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 36

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бекітемін:

мектеп диреторның

міндетін атқарушы

Унакбаева А.А________

5 қыркүйек – Қазақстан халықтары тілдері мерекесі күні/Ахмет Байтурсыновтың 150 жылдығы

Мақсаты: оқушыларға мемлекеттік тілді білудің маңызы жайлы айту және оны құрметтеуге үйрету; қазақ тілі туралы мақал-мәтелдер, өлең, тақпақ, нақыл сөздер айту арқылы оқушының сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту; оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, тілді құрметтеуге, тіл байлығын, маңызын түсіне білуге баулу;

Көрнекілігі: Ұлағат сөздер жазылған плакат,слайдтар, оқулық, нақыл сөздер.
Тіл дегеніміз – адаммен бірге пайда болып, қатар жасасып келе жатқан қоғамдық құбылыс. Бұдан біз тілдің адамнан айырылмас серігі екенін көреміз. Тіл арқылы адамдар бір-бірімен пікір алысып, өзара түсінісіп, оны қатынас құралы ретінде пайдаланып отырады. Әр адам өз ойын басқа біреуге тіл арқылы жеткізсе, біреудің ойын тіл арқылы түсінеді. Тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті, болмысы деуге болады. Халықтың тарихта қалуы тіліне, тілінің сақталуына байланысты. Сол секілді, қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар. Сонымен қатар өз тілі бар. 1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының тіл туралы заңы қабылданды. Ол 1997 жылы қайта өңделіп шығарылды. Ол 6 тарау, 22 баптан тұрады. Оның 4-ші бабында Қазақ тілі – Қазақстан республикасының мемлекеттік тілі делінген. (Шағын видеоролик)
Қымбат маған ана тілім, бал тілім,

Қымбат маған дана тілім, ар тілім,

Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,

Ана тілім – ардақ тұтар алтыным.
Ана тілін жырлап өткен талайлар,

Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.

Қасиетті менің ана тілімде,

Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.

Өлен – жырмен арайланса, тау күліп,

Ардақтымды жырлап өтем әң қалып.

Жалғастырып жаза берем мәңгілік.

5-қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі. Бұған дейін (1998 жылдың 20 қаңтарынан бастап)  22 қыркүйекте атап өтілетін мереке, 2017 жылғы үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» қаулысымен 5 қыркүйекке ауыстырылған. Атаулы датаның өзгеру себебі – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты. Бүгін барша қазақстандық қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тілдер мерекесін тойлайды. Жалпыхалықтық атаулы датаны туғанына 147 жыл толған Ахаңның мерейтойына орайластыруында үлкен мән бар. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, қазақтың ақыны, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Ол – қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа емле, төте жазу, араб графикасы сынды жаңа үлгі ұсынған реформатор.




Алаш қайраткері, тіл білімінің атасы, ұлт ұстазы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы. Фото: ашық дереккөз «Ұлт ұстазы» атанған Алаш арысы 1872 жылы 5 қыркүйекте Қостанай округі, Торғай уезі, Тосын болысының 5-ауылына қарасты Сартүбек елді мекенінде дәулетті отбасында дүниеге келген. Замана алыбына Сәкен Сейфуллин "...Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді" деп баға берген. Тәуелсіздік тарихның алтын бесігі саналатын Алматы шаһарында Ахаңнан қалған қара шаңырақ бүгін музей ретінде жұмыс істеп тұр. Әйткенмен, асылдың көзі болған музей айналасында дау шиыры қалың. Мемлекет қамқорлығынан сырт қалып қойған тарихи мекен жекешелендіру құрбаны болуы ықтимал. Бұл мәселені ахметтанушылар, музей директоры Райхан Имаханбет, өзге де қоғам белсенділері БАҚ беттерінде талмай үздіксіз көтеріп келеді. Әзірге нәтиже жоқ. 150 жылдық мерейтойы қарсаңында билік мемлекеттік тілін реформалаған феномен тұлғасына қарайласып, көзіндей қадірлі мұраның үдесінен шыға алмаса қоғамға да, өзіне де зор сын болмақ.



Алматы қаласындағы А.Байтұрсынұлы атындағы музей-үйі.