ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 20
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бакалаврды (магистрді) дайындау бойынша оларды одан әрі жұмыспен қамтамасыз ету шарты
№_________________
Қарағанды қ. «___»__________20___ж.
«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ атынан Жарғы негізінде әрекет ететін Басқарма Төрағасы – Ректор Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы, бұдан әрі «Орындаушы» бір жақтан және_______________________________________________________________________
(кәсіпорын, мекеме, ұжымның атауы және т.б.)
тұлға _________________________________________, осы негізде әрекет ететін ________________________, бұдан әрі «Тапсырыс беруші», екінші жақтан, «Тараптар» бірге, төмендегі Шартты жасады:
1. ШАРТ МӘНІ
1.1 Орындаушы ______________________________________________ (білім алушының Т.Ә.Ж.) (бұдан әрі - Білім алушы) оқытуды өз міндетіне алады, __________________________________________________________ мамандығы бойынша, мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес, білім алу нысанында оқыту және толық курсты аяқтаған соң диплом беру;
1.2 Тапсырыс беруші сәйкес бос жұмыс орны болған жағдайда Білім алушыны байқау қорытындысы бойынша (біліктілік емтиханы, сұхбаттасу) ___________________________________________________________________ жұмыспен
(кәсіпорын, мекеме, ұжымның атауы және т.б.)
қамтамасыз ету үшін өз міндеттемесіне алады.
2. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
2.1. Орындаушы міндеті:
2.1.1) Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарттарының талаптарына сай дайындауды қамтамасыз етуге;
2.1.2) қолданыстағы нормативтерге сәйкес үзілістерімен қатар Білім алушының оқу жүктемесінің көлемі мен дәрістерінің тәртібін анықтауға, Білім алушының білім алуына сауықты, қауіпсіз жағдайлар жасауға;
2.1.3) білім алудың толық курсын табысты аяқтаған соң және қорытынды мемлекеттік аттестациядан өту нәтижелері бойынша Білім алушыға тиісті біліктілігін және сәйкес диплом беруге;
2.1.4) оқу орнының жабылуы немесе білім беру қызметінің тоқтатылуы жағдайында Білім алушының басқа білім беру ұйымдарында оқу жылын аяқтау бойынша шаралар қолдануға.
2.2. Тапсырыс берушінің міндеті:
2.2.1) бос жұмыс орны болған жағдайда байқау қорытындысы бойынша (біліктілік емтиханы, сұхбаттасу) «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ берілген дипломның негізінде өтініш берілген күннен бастап 6 ай ішінде _________________________________________________________(білім алушының Т.Ә.Ж.) жұмыспен қамтамасыз етеді.
2.3. Тапсырыс беруші құқылы:
2.3.1) Орындаушыдан білім алушының табысты оқуы үшін жағдай жасауын талап етуге және оқу жылы барысындағы үлгерімі туралы мәлімет алуына;
2.3.2) университеттің мамандарды даярлаудағы тереңдетілген білім беру міндеті негізінде Орындаушыдан оқу жоспарының көшірмесін мамандандырылған курстар тізімі бойынша талап ету;
2.3.3) Орындаушымен тәжірибелік, курстық, дипломдық және ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптарымен қажеттілікке сай келісу.
3. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ
3.1. Осы шартты орындау барысында туындайтын келіспеушіліктер мен даулар ортақ шешімдер қабылдау мақсатында тараптардың тікелей қатысуымен шешіледі.
4. ШАРТТЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУ МЕРЗІМІ, ОҒАН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ЖӘНЕ ОНЫ ТОҚТАТУ ТӘРТІБІ
4.1. Осы Шарт оған тараптар қол қойған мезеттен бастап күшіне енеді және тарпаптардың өз міндеттерін толық атқарғанға дейінгі мерзімінде әрекет етеді;
4.2. осы Шарттың шарттары тараптардың өзара жазбаша келісімдері бойынша өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін;
4.3. осы Шарттың бұзылуы форс-мажорлық жағдайлардың туындауы мен объективті мән-жайларға байланысты Шарттың толық орындалу мүмкіндігі болмаған уақытта жүзеге асады;
4.4. осы Шарт екі данада, бірдей заң күштеріне ие мемлекеттік немесе орыс тілінде жасалады, бір данасы Тапсырыс берушіге беріледі, бір данасы Орындаушыда қалдырылады.
5. ТАРАПТАРДЫҢ ҚОЛДАРЫ
Тапсырыс беруші: | Орындаушы: |
____________________________________ | «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ |
_____________________________________ | |
| |
Мекен-жайы:_________________________ _____________________________________ | 100028, Қарағанды қаласы, Университет көшесі, 28 |
_____________________________________ | |
Телефон: ____________________________ | 8 (7212) 31 22 99 |
E-mail: _______________________________ | office@ksu.kz |
| |
Жетекшісі ___________________________ | Басқарма Төрағасы – Ректор _______________________________ |
(қолы) | (қолы) |
М.О. | М.О. |