Файл: Таырыбы Физика леміне саяхат. Сабаты масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 33

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
(Кубик)

8.     Бұл фигураның аты грек тілінен аударғанда "тартылған садақтың жібі" дегенді білдіреді. Бұл не?(Гипотенуза)

9.     Венгриядағы осы нүктеден бастап арақашықтықты есептеу бекітілген. Будапештің дәл орталығында осы нүктеге байланысты ескерткіш қойылған. Бұндай марапатқа ие болған кім немесе не?(Нөл)

10.                       Рим елшісі Марцеллдің әскері Сиракуз қаласының түбінде көп кідірді. Оларды кідірткен өз қаласын жаулардан қорғауға ойлап шығарған ұлы оқымысты Архимедтің қуатты катапультті машиналары еді. Қара жәшікте осы күнге дейін тұрмыста қолданылатын Архимедтің тағы бір ойлап тапқан заты жатыр. Қара жәшікте жатқан не?(Архимед винті, осы күнгі еттурағыштада қолданылады)

1 жүргізуші: Сайысымыздың соңғы бөлімі «Сөз тапқанға...». Бұл бөлім бойынша сайыскерлеріміз өздеріне қойылған сұрақтарға таратылған әріптен басталатын сөз арқылы жауап қайтаруы тиіс. Ұпай саны топтардың ұшқыр ойларына, тапқырлығына байланысты қойылады.

____________тобына қойылатын сұрақтар

(М,Ж,Е,О,Д)

1.Қыстыкүні пеш тұтанбай қалса, не істейсің?

2.Тонның жылуы несінен?

3.Жаздыкүні қандай киім киген дұрыс?

4.Қаз судан неге құрғақ шығады?

5.Газды су неліктен жабық ыдыста тыныш, ал тығынын ашқанда көпіршіп тасиды?

6.Физика сабағында неге тыныш отырасың?

7. Булану дегеніміз не?

8.Қатты денеде диффузия неге жай жүреді?

9. Физика сабағы қызық па?

10.Бүгін сайыста кім жеңеді?

______________тобына қойылатын сұрақтар

(Т,А,С,Ө,Қ)

1.Пеш мұржасының биік болғаны дұрыс па, әлде аласа ма? Неліктен?

2.Қыстыкүні қандай етіктен аяғың тоңбайды, тардан ба, кеңнен бе? Неліктен?

3.Үйді кесек кірпіштен соққан дұрыс па, әлде күйдірілген кірпіштен бе?

4.Неге судан шыққан балықты қолда ұстау қиын?

5.Неліктен спортшылар алақанын магнезиямен, шаңғы табанын конифольиямен сүртеді?

6.Физика сабағында неге тыныш отырмайсын?

7. Неге ыстық шайда қант тез ериді?

8.Диффузия деген не?

9.Физика сабағы ұнай ма?

10.Бүгінгі сайыс қалай болды?

Бүгін көріп, тамашалаған интеллектуалды ойынымыз, «Физика әлеміне саяхат» сайысы оз мәресіне жетті. Қорытынды жасау үшін, яғни жеңген команданы және «ең үздік ойыншыны» анықтау үшін сөз әділ қазылар алқасына беріледі.

Құрметті көрермендер, Сіздерге айтарымыз, көңіл-күйлеріңіз көтеріңкі, жүздеріңіз жарқын, мерейлеріңіз әрқашан үстем болсын!Қош сау болыңыздар!