Файл: Физика пнінен жиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар 9сынып.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 531
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Физика» пәнінен
жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 9-сынып
Нұр-Сұлтан, 2019
Оқумақсаттары 9.2.1.1 - материялық нүкте, санақ жүйесі,механикалыққозғалыстың салыстырмалылығы ұғымдарының мағынасын түсіндіру, жылдамдықтарды қосу және орын ауыстыру теоремаларын қолдану9.2.1.3 - вектордың координаталар осіне проекциясын анықтау, векторды құраушыларға жіктеу9.2.1.5 - түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және үдеу формулаларын есептер шығаруда қолдану
-
- дененің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын сызықтық және бұрыштық шамалар арқылы сипаттау
-
Материялық нүкте анықтамасын қолданады -
Вектордың координаталар осіне проекциясын анықтайды, векторды құраушыларға жіктейді -
Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және үдеу формулаларын есептер шығаруда қолданады -
Дененің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын сызықтық және бұрыштық шамалар арқылы сипаттайды
Ойлау дағдыларының деңгейлері
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырмалар
-
Денені қай жағдайда материялық нүкте деп қарастыруға болатын мысалдарды анықтаңыз.
| Қозғалыстағы дене мысалы | иә | жоқ |
| Жағалаудан алшақтап бара жатқан кеме | | |
| Мектеп ауласында ойнап жүрген оқушы | | |
| Эскалатормен көтеріліп бара жатқан адам | | |
| Жер бетінен ғарышқа қарай ұшып бара жатқан ракета | | |
| Жерді айнала қозғалып жүрген жасанды серік | | |
| Сынып бөлмесінде жүрген оқушы | | |
-
Салмағы 1,2 Н болатын шар ауада соңғы жылдамдықпен құлап келеді. Сол жақтан горизонталь бағытта кенеттен пайда болған жел 0,5 Н күшпен шарға әсер етеді. Қай диаграммада шарға әсер ететін қорытқы күш дұрыс көрсетілген?
-
Денеге горизонталь жазықтыққа 400 бұрыш жасай 7,5 Н күш түсірілген. (sin 400 = 0,64, cos 400 = 0,77)
-
Күш векторының горизонталь құраушысын анықтаңыз. -
Күш векторының вертикаль құраушысын анықтаңыз.
-
Төмендегі графикте автокөлік жылдамдығы қысқа уақыт аралығында қалай өзгеретіні бейнеленген.-
Жолдың әрбір бөлігі сәйкесінше A, B, C, D және E деп белгіленген.-
Графиктен автокөліктің тыныштықта тұрған бөлігін анықтап жазыңыз. -
Графиктен автокөліктің тұрақты жылдамдықпен қозғалған бөлігін анықтап жазыңыз. -
Қозғалыс кезінде автокөлік баяулайды. Автокөліктің жалпы жүрген жолын анықтаңыз.
-
-
Автокөлік жылдамдығы 16 м/с-тан 8 м/с-қа дейін 4 секунд ішінде азайды. Дененің үдеуін анықтаңыз.
-
-
(a) Дене шеңбер бойымен қозғала отырып, 5 с ішінде 2π радианға тең жол жүрсе, шеңбер радиусын 10 м деп ала отырып, дененің сызықтық жылдамдығын анықтаңыз.
-
Дене радиусы 4 м шеңбер бойымен 500 см/с жылдамдықпен қозғалады. Анықтаңыз:-
айналу периодын; -
центре тартқыш үдеуді.
-
| Бағалау критерийі | Тапсырм а № | Дескриптор | Балл | |
| Білім алушы | ||||
| Материялық нүкте анықтамасын қолданады | 1 | дене қай жағдайда материялық нүкте болатындығын анықтайды; | 1 | |
| Вектордың координаталар осіне проекциясын анықтау, векторды құраушыларға жіктейді | 2 | қорытқы күшті анықтайды; | 1 | |
| 3 | күш векторының горизонталь құраушысын анықтайды; | 1 | ||
| күш векторының вертикаль құраушысын анықтайды; | 1 | |||
| Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және үдеу формулаларын есептер шығаруда қолданады | 4 | (а) (і) графиктен автокөліктің тыныштықта тұрған бөлігін анықтайды; | 1 | |
| (іі) графиктен автокөліктің тұрақты жылдамдықпен қозғалған бөлігін анықтайды; | 1 | |||
| (ііі) графикті пайдалана отырып, автокөліктің жалпы жүрген жолын анықтайды; | 1 | |||
| (b) дене үдеуін анықтайды; | 1 | |||
| Дененің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын сызықтық және бұрыштық шамалар арқылы сипаттайды | 5 | (а) дененің сызықтық жылдамдығын анықтайды; | 1 | |
| (b) (і) дененің айналу периодын есептейді; | 1 | |||
| (іі) центрге тартқыш үдеуді есептейді. | 1 | |||
| Жалпы балл | 12 | |||
«Кинематика негіздері» бөлімі бойыншажиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика Білім алушыныңаты-жөні
| Бағалау критерийі | Оқу жетістігінің деңгейі | ||
| Төмен | Орташа | Жоғары | |
| Материялық нүкте анықтамасын қолданады | Дененің материалдық нүкте ретінде қарастырылатын жағдайларды анықтау қиындық тудырады. | Дененің материалдық нүкте ретінде қарастырылатын жағдайларды анықтауда қате жібереді. | Дененің материалдық нүкте ретінде қарастырылатын жағдайларды дұрыс анықтайды. |
| Вектордың координаталар осіне проекциясын анықтау, векторды құраушыларға жіктейді | Вектордың координаталар осіне проекциясын анықтау, векторды құраушыларға жіктеу тақырыбына есептер шығаруда қолдану қиындық тудырады. | Қорытқы күшті анықтауда/ күш векторының горизонталь құраушысын анықтауда/ күш векторының вертикаль құраушысын анықтауда қате жібереді. | Вектордың координаталар осіне проекциясын анықтайды, векторды құраушыларға дұрыс жіктейді. |
| Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және үдеу формулаларын есептер шығаруда қолданады | Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және үдеу формулаларын есептер шығаруда қолдану қиындық тудырады. | Графиктен автокөліктің тыныштықта тұрған бөлігін/ тұрақты жылдамдықпен қозғалған бөлігін/ жалпы жүрген жолын анықтауда/ дене үдеуін анықтауда қате жібереді. | Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және үдеу формулаларын есептер шығаруда дұрыс қолданады. |
| Дененің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын сызықтық және бұрыштық шамалар арқылы сипаттайды | Дененің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын сызықтық және бұрыштық шамалар арқылы қолдану қиындық тудырады. | Дененің сызықтық жылдамдығын/ айналу периодын/ центрге тартқыш үдеуді есептеуде қате жібереді. | Дененің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын сызықтық және бұрыштық шамалар арқылы сипаттай алады. |
7
| «Астрономия негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау | |
| Оқу мақсаттары |
9.7.2.8 - Күн жүйесіндегі денелердің ара қашықтығын немесе өлшемдерін анықтау үшін параллакс әдісін қолдануды түсіндіру |
| Бағалау критерийі | Білім алушы:
|
| Ойлау дағдыларының деңгейлері | Қолдану |
| Орындау уақыты | 15 минут |
| Тапсырмалар
(с) Күн – аспандағы жарық жұлдыздардың бірі. Күнге қарағанда Сириустың жарықтылығы 25 есе, ал Ригельдыкі – 130 мың есе күшті. Аспанда неліктен Сириустың жарқырауы жоғары?
| |