Файл: Аралы аласы білім бліміні Т.убкіров атындаы негізгі орта мектебі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 28

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Арқалық қаласы білім бөлімінің Т.Әубәкіров атындағы негізгі орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Жобаны дайындаған: Қоныс Мақсат 9-сынып

Жұмыстың атауы: «Рамазанда ораза ұстап, намазына мұқият қараған тұлғалар»

Жұмыстың дайындалған бағыты, секциясы: қазақ әдебиет

Жетекшiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты: Курмашева Аягоз Абилкасымовна

Арқалық қаласы 2023 жыл

МАЗМҰНЫ
Аңдатпа....................................................................................................................2
І.КІРІСПЕ

1.1. Зерттеу жобасының мақсаты................................. .........................................3

1.2. Пікір ..................................................................................................................4

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Құнанбайдың оразасы. ....................................................................................5

2.2. Абай да ораза ұстаған ......................................................................................6

2.3. Шәкәрімнің ораза жайлы ойы. .......................................................................7

III.Қорытынды.......................................................................................................8
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................9


АННОТАЦИЯ

Рамазан –мұсылмандар үшін қасиетті және берекелі ай. Қазіргі таңда ораза жайлы маңызды мәлеметтер жетерлік. Мені осы зерттеуге итермелеген «Қазақ тұлғалары ішінде Рамазанда ораза ұстап, намазына мұқият қараған адам болды ма?» , «Олар ораза жайлы не жазды?» деген сауал төңірегінде жауап іздедім. Зерттеу барысында қызықты мәліметтерге кездестім Құнанбай Өскебайұлы, Абай Құнанбайұлы, Шәкірім Құдайбердіұлы Ораза жайлы орамды ой қозғаған тұлғалардың пікірлерімен бүгінгі ораза ұстаушы жамағатпен салыстырдым. Ауылдың үлкен кісілерден сұхбат алдым.

АННОТАЦИЯ

Рамадан-священный и благословенный месяц для мусульман. В настоящее время существует большое количество важных вопросов о голодании. Что побудило меня к этому исследованию, так это то, что " среди казахских людей был человек, который постился в Рамадане и внимательно смотрел на свою молитву?", "Что они писали о посте?"я искал ответ на вопрос. В ходе исследования я наткнулся на интересные факты: Кунанбай Ускебаевич, Абай Кунанбаевич, Шакирим
Кудайбердиевич сравнили отзывы людей, которые размышляли о голодании, с мнением сегодняшнего постящегося жамагата. Я взял интервью у старших жителей деревни.

Annotation

Ramadan is a holy and blessed month for Muslims. Today, there is a lot of important information about fasting. What prompted me to this study was "among the Kazakh people, was there a person who fasted in Ramadan and carefully looked at his prayer?", "What did they write about fasting?"I was looking for answers around the question. In the course of the study, I came across interesting facts and compared the opinions of people who thought about fasting Kunanbai Ust-Kamenogorsk, Abay Kunanbayuly, Shakyrym Kudaiberdiuly with today's fasting community. I interviewed the older people of the village.

2

Кіріспе


Зерттеудің мaқcaты:

«Қазақ тұлғалары ішінде Рамазанда ораза ұстап, намазына мұқият қараған адам бар ма?» деген сауалға жауап іздеу және қалай ораза ұстағаны. Ораза жайлы құнды жазбалар қалдырған қазақтың алғашқы ағартушыларының еңбектерін саралап, бүгінгі күнімен салыстыру.
Бoлжaм:

Анықталған материалдарды жинақтап жүйеге келтіру.

Жинақталған материалдар жүйеге келтірілгеннен кейін оразаға байланысты ақпарат жинақталады.

3

Т.Әубәкіров атындағы негізгі орта мектебінің 9- сыныбының

оқушысы Қоныс Мақсаттың

«Рамазанда ораза ұстап, намазына мұқият қараған тұлғалар» атты ғылыми жобасына

ПІКІР

Қоныс Мақсаттың ғылыми жұмысының тақырыбы өте көлемді. Оқушының оқитын тіліне, жас шамасына, қабілетіне байланысты, тақырыптың тарихын түсініп оқу оқушы үшін қызықты болғанмен, оңай болған жоқ. Бір ай көлемінде істелген іс ауқымды болды. Жинақталған материалдар үнемі зерделеніп, қорытылып, талқыланып отырды. Тарихи тұлғаларға шолу жасалды. Үнемі жұмыс менің тарапымнан бағытталып отырды.Аты әлемге әйгілі Құнанбай,Абай, Шәкәрім аталарымыздың сол кезіңдегі Рамазан айларында ораза ұстаулары өз алдына зерттелді. Ол үшін ең алдымен ораза жайлы ақпараттар іздеу және ауылдың үлкен кісілермен сұхбат алынды. Бастаған іс бір ізді болу үшін, тарихи тұлғаларымыздың ораза жайлы қалдырған ойларын саралай жүру ұсынылды. Жұмыс өте үлкен ұқыптылықпен, мұқият жасалды.

Мақсаттың еңбегі оқушылардың қызығушылықтарын тудырумен қатар, осы тақырыпты зерттеу жұмыстарымен айналысып қызықты мәлеметтерге қол жеткізді. Ғылыми кеңестің жоғары бағасына лайық деп санаймын.

Ғылыми жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Курмашева А.А.



4

Ораза – адам нәпсісін тыйып, рухани өсуге, өз бойындағы жаман әдеттерден арылып, көркем мінезін тәрбиелеп қалыптастыруға мүмкіндік беретін ғибадат. 

Оразаның қоғамдағы пайдасы – жаратушы мен адам, адамдар мен әлем арасындағы түсіністік артып, мейірім артады. Адамдар ырзық-несібенің қадірін түсініп, дәулетті мен жоқ-жітік арасында байланыс орнайды. 

Құнанбайдың оразасы

Алдымен «Қазақ тұлғалары ішінде Рамазанда ораза ұстап, намазына мұқият қараған адам бар ма?» деген сауалға жауап іздесек. Ол Абайдың әкесі Құнанбай Өскенбайұлы болатын. Абайтануға айтарлықтай үлес қосқан Әрхам Кәкітайұлы естелігінде Құнанбайдың оразасы жайлы келтіреді.

Әрхам – Абай мұраларын тұңғыш бастырушы, ақынның інісі Ысқақтың немересі. Атасы Ысқақ болыстыққа сайланғаннан кейін Құнанбай билік ісіне араласпай, бар ниетін құлшылыққа қойған.

«Құнанбай енді ел сөзіне кіріспей, дін жолына біржола беріліп, күндіз-түні ораза тұтып, намаз оқып, Ғабитқан молланы уақыт-уақыт шақырып алып, шариғаттың бес парызын, уәжібін, сүннетін сұрап алып үйреніп, оңаша үйде тағат, ғибадат ететін болды» дейді Әрхам Кәкітайұлы. Сөйтіп жетпістен асқанда қасиетті Қағбатуллаға қажылық жасаған.

Сәбит Мұқанов та Құнанбайдың дін исламды дамытуға үлес қосқаны жайлы айтады. «Құнанбай діншіл адам болған. Ол сол кезге дейін көшпелі қазақ ауылдарының арасына біртіндеп тарап келген мұсылман дінінің ықпалын күшейтуге тырысқан, намаз оқитын, ораза тұтқызу, дәулетті адамдарға зекет төлету сияқты дін шарттарын өзіне бағыныштыларға күшпен таратпақ болған. Осы мақсатпен Орта Азияның діндар қожаларын, татар молдаларын қарамағындағы ауылдарға таратып, олардың балаларын міндетті түрде мұсылманша оқыттырады. Сондай қожа-молдаларды өз аулында да ұстап, өз балаларын, олардың ішінде Абайды Ғабитхан есімді татар молдасына сабаққа берген», – дейді Сәбит Мұқанов.

5

Абай да ораза ұстаған

Абайдың дін жайлы дұрыс білім алуына әкесі Құнанбайдың зор ықпалы болғаны анық. Бұл жайлы Мұхтар Әуезов «Абай он жасқа келгенде әкесі Семей қаласына әкеліп, оқуға берген. Бұдан бұрын қырда да біраз оқыған болады. Семейдегі алғашқы берген молдасы Ғабдұлжаппар деген татар. Артынан бұдан шығарып, Ахмет Риза молдаға тапсырған. Екеуі де мешітте имамдық қылады. Және сол мешіттердің жанында медресе болған. Оқушы шәкірттің көбі сол медреседе жатып оқиды» деп жазады. Абайдың Ахмет Риза медресесінен алған діни білімі оның осы бағыттағы ізденісін қамшылай түскен еді.


Кәкітай Ысқақұлы естелігінде Құнанбайдың ұлы Абайдың да Рамазан айында құлшылығын арттырып, ораза ұстағаны жайлы жазады.

«...Рамазан айында ораза ұстап, намазды сонда үзбей оқушы еді. Ол оқыған кезінде, өзгелерді «асығыс отырып, сендер көңілді алаң қыласыңдар» деп, өзі жеке асықпай оқып отырып алушы еді» дейді. Кәкітайдың жазуынша, Абай «Құдайға шын көңілмен ғибадат қылған кісі құпия қылады деп» сыртымен тақуасынған адамдарды аса жақтырмағанын атап өтеді. Бұл пікірді Көкбай Жанатайұлы да қуаттаған. Көкбай естелігінде «Абай шын мағынасында мұсылман еді. Бірақ мұсылманшылығы молда-қожа айтып жүрген сырты сопы мұсылмандық емес, үлкен сынмен, терең оймен, өз жүрегімен тапқан мұсылмандық болатын» деп жазады.

Абайдың, одан бертіндегі қазақ ақындарының (Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мағжан Жұмабаев т.б) өлеңдерінде дін жайлы жағымсыз жолдар жоқ емес. Бұл олардың дін исламды мойындамағаны немесе күпірлікке салынғанынан емес, сол замандағы сәлде таққанын бәлсініп, құлшылығына рия қосып, жалаңаш жұрттың хақын жеп, дінді жек көрінішті көрсеткен дүмше молдалардың ісіне күйінгенінен еді.

Абай өзінің «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген өлеңінде:

Руза, намаз, зекет, хаж – талассыз іс,

Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс.

Бастапқы үшін бекітпей, соңғы төртті,

Қылғанменен татымды бермес жеміс, – дейді. Ақынның бастапқы үші деп отырғаны Алланы, адамзатты және әділетті сүю болатын. Міне, осы үш «Имани гүл» кеудесінде бүр жарған адамның ғана соңғы төртеу – ораза, намаз, зекет, қажылығы қабыл болатынын алға тартады. Абай құлшылыққа рия араластырмауға шақырады. Мағжан Жұмабаевтың «Риялы ораза, намазбен, Өзіңді өзің алдама!» деп жазатыны да содан.

Абай Құнанбайұлы – дінді ғылым арқылы түсінуді құптаған адам. Мұны ақын өзінің оныншы қара сөзінде «Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған хаж, ешбір ғибадат орнына бармайды» деп нақтылай түседі.

6

Шәкәрімнің ораза жайлы ойы
Ораза жайлы орамды ой қозғаған тұлғаның тағы бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы болатын. Шәкәрім өзінің «Мұсылмандық шарты» (Орынбор, 1911) кітабында «Әр жылда рамазан айында ораза тұтпақ парыз. Ораза кісі күндіз еш нәрсені ішіп-жемейді, темекі тартпайды, насыбай атпайды, сағыз да шайнамайды» деп бастай келіп, оразаны Рамазан айын көріп барып ұстаудың дұрыс болатынын баяндайды. Одан ары ораза ұстау ережелеріне қатысты мол мәлімет береді.

«Оразада әдейі ашып жіберген кісі бір күнге алпыс күн кінәрат, яғни тұтас екі ай ораза ұстайды. Халсіз ауру, халі келмейтұғын шал-кемпір, жолаушы үш күндік жолға шыққанда ұстамаса болады. Бірақ жолаушы тым қиыншылық болмаса, ұстаған жақсы және жолаушы үйге келген соң, ауру кісі жазылған соң қазасын ұстайды. Шал менен кемпір әр күн үшін пітір садақасындай бидай береді пақырға және буаз қатынның баласына, яки емшекте болса, бар қатынның баласына өзі ораза болғаннан зиян келетұғын болса, бұлар ашық болады да, артынан қазасын ұстайды» дей келе әйелдердің қандай жағдайда ораза ұстай алатынын анықтап түсіндіреді. Сөз соңында ораза тек тамақтан ғана емес, ауызға да тыйым салу керек деген түйін жасайды. Сөз соңын «Қалай болса солай күнәдан тыйылмай, аузына не келсе соны сөйлеп жүргендей ораза сауапты болмайды. Бәлкім, қабыл да болмас деген қауіп бар», – дейді Шәкәрім Құдайбердіұлы.


 

Біз жоғарыда қазақ ағартушыларының оразаға қатысты ой-орамдарын мысалға келтірдік. «Олар ораза жайлы не жазды?» деген сауал төңірегінде жауап іздедік. «Ораза, намаз, зекет, қажы – ол нұр иман! Бұл айда рахмет нұрға дүние толған». Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы Рамазан айы жайында осылай толғаған еді. Дүние рахмет нұрға толған қасиетті айда жасаған дұға-ғибадаттар қабыл болсын!

7

Әліне қарап, әрекет еткен жөн

Мектеп оқушылары арасында ауыз бекітіп, яғни ораза ұстап жүрген оқушылар бар. Жалпы олай айтуға болмайтын шығар әрине, дегенмен оқушылардың ауыз бекітуіне қарсымын. Себебі олар сабаққа келгенде шаршап отырады, ұйқы қысып, сабақтарына салғырт қарап, үй тапсырмасын орындамай жүргендері де кездеседі. Ораза ұстаған адам ол әрекетін міндет қылмау керек, міндет қылса тілегі қабыл болмайды, сауап алмайды деген бар емес пе?! Балалар оны түсінбей тұрған секілді. Бұл жерде ата-ана тарапынан балаға түсіндірме жұмысы дұрыс жүргізілмей, әлсіз баласының алдында дәрменсіз болып тұр. «Ораза ұстаймын деп тұрған балаға қалай қарсы тұрамын» дегеннен басқа уәж айтпайды. Өзім ораза ұстаймын, жұмысыма кедергі келтірмеймін, мен оразамын, шаршап отырмын деп айтпаймын ғой. Олай дейтін болсам, сауабым қайда, мұсылманның бес парызының бірін орындағаным қайда?
Бала мектептің ішкі тәртібіне бағынып, оқушылық міндетін орындауға тиісті. Білім алу керек, сабаққа уақытында дайындалып, бағасын алу керек. Келешек ғылым мен білімнің заманы. Тек сауатты балалар ел басында тұрып, қызмет жасай алады.

8

Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9E%D1%80%D0%B0%D0%B7%D0%B0Т.



  1. https://aikyn.kz/44760/44760-2


9