Файл: Трбие сааты Таырыбы арыш жне адам 3 А сыныбы ткізген.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 27

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

№38 мектеп-лицей


Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Ғарыш және адам»

3 “А” сыныбы

Өткізген: Тәңірбергенов Н.Қ. , Довлетова Т.Д.

Қабылдаған: Сейлова Г.С.
Астана 2023 жыл
«Ғарыш және адам»

Мақсаты:

1.Оқушыларға ғарыш әлемі туралы түсінік бере отырып, алғаш самғаған әлемдік және қазақтандық ғарышкерлер туралы мағлұмат беру.
2.Ғарыш әлеміне деген қызығушылық және танымдық қабілетін арттыру.
3. Оқушылардың патриоттық сезімін ояту.
Көрнекілігі: презентация, ғаламшарлардың суреттері, бейнематериалдар.
Барысы:

1-Мұғалім:

Құрметті оқушылар, ұстаздар! 12 сәуір – Дүниежүзілік космонавтика және авиация күні мерекесіне орай өткізіліп отырған тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

ХХ ғасыр. «Ай нұрын ұстап мінсе де, қызыққа тоймас адамзат» деген бабалар арманы орындалып, ғарышқа қазақ ұланының барып қайтуы еді.

(Бейнематиерал)

Адамзаттың ғасырлар бойы көрсеткен асыл арманы орындалып, бұдан 61 жыл бұрын, яғни 1961 жылы 12 сәуірде аспанға алғаш рет «Восток» ғарыш кемесімен Юрий Гагарин әлемде тұңғыш рет космосқа ұшты.

Бұл ерлікті артынша көп ұзамай тәуелсіздіктің туын енді ғана тіккен жас мемлекет Қазақ елінің азаматтары қайталаған болатын. Енді егеменді еліміздің тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров пен Қазақстан Республикасының екінші ғарышкері Талғат Мұсабаев жайында сөз етсек.

2-мұғалім:

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров 1946 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Қазақтың тұңғыш ғарышкері, техника ғылымдарының докторы, профессор. Қазақтан шыққан тұңғыш сынақшы-ұшқыш. Кеңес одағының батыры, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы.

1979 жылы Мәскеу авиация институтын бітірді. Ол іс жүзінде мүмкін емес деген әрекеттерге барып, тоғыз балдық мұхит толқынындағы кемеге ұшақ қондырды. 1991 жылы ғарышкерлер құрамасына алынып, 1991 жылы сәуірде Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ұшу дайындығына кірісті. 1991 жылы 2 қазанда Тоқтар Әубәкіров Халықаралық экипаждың құрамында «Союз ТМ-13» кемесімен 8 тәулікке ғарышқа ұшты. 1991 жылы 10 қазанда жерге оралды. Ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнолгия, металллургия, медицина салалары және Арал теңізі аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.

1992-93 жылдары Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, 1993-94 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Аэроғарыштық агенттігінің бас директоры, Ғылым және жаңа технология министрінің орынбасары қызметтерінде болды. 1994-95 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды. 1996 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болды. 2004 жылдан бастап Парламент депутаты.


2-Мұғалім:

КСРО-да тұңғыш рет 1988 жылы Т.Әубәкіров «МИГ-31» ұшағымен солтүстікке барып, қайтарда ұшағына жанармайды ауада құйғызып оралды. Осы үшін оған «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді. «МИГ-29К» ұшағында 1989 жылы әлемді алғаш рет «Тбилиси» авианосеңімен трамплиннен ұшты. Осы үшін оған «Еңбегі сіңген сынаушы-ұшқыш» атағы берілді. Ұшу жұмыстары кезінде ұшақтың 50 түрін меңгеріп, 4720 рет ұшу жатттығуын орындады, ұшу мерзімі 3325 сағат. Т.Әубәкіровтың ғарышқа екінші сапары 1991 жылдың 2-10 қазаны аралығында өтті. Ұшу кезінде Т.Әубәкіров Қазақстандық ғылыми ғарыш бағдарламасы бойынша бірнеше тәжірибелер мен зерттеулер жүргізді.

Ғарышқа ұшқаны үшін «КСРО-ның ұшқыш ғарышкері» атағына ие болды. Оған «Халық қаһарманы» және «ҚР-ның ұшқыш космонавы» құрметті атақтары берілді.

1-мұғалім:

Т.Мұсабаев 1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылында дүниеге келді. 1968 жылы Алматы қаласындағы №58 орта мектепті бітіргеннен кейін Рига Азаматтық авиация инженерлері институтына оқуға түседі. 1974 жылы Боралдайдағы азаматтық авиация жасағы бірлестігіне радио саласының инженері болып жұмысқа орналасады. Ол ұшақ спорты бойынша «КСРО спорт шебері» атағын алап, 1984 жылы КСРО чемпионаты атанды. Азаматтық авиацияның оқу-жаттығу жасағында оқып, азаматттық авиацияның ұшқышы деген куәлік алады. Ол «АН-2», «ТУ-134» ұшақтарымен ұшып, оларды басқарып, тәжірибе жинақтайды. 1990 жылдың қазан айында ғарышкерлер дайындайтын орталыққа оқуға қабылданады.

ҚР-ның ұшқыш ғарышкері, Ресейдің 79-ғарышкері, әлемнің 309-ғарышкері Т.Мұсабаев 1991 жылдың 2 қазанында «Союз ТМ-13» техникаалық ғарыш кемесінде ғарышкер зерттеуші Т.Әубәкіровтың дублері болды. Т.Мұсабаевтың ғарышқа алғашқы сапары 1994 жылдың 1 шілдесінде ЭО-15-тің құрамындағы «Союз ТМ-19» техникалық ғарыш кемесінде жүзеге асты және оған 126 тәулікте сәтті ұшу сапары үшін «Халық қаһарманы», «Ресей Федерациясының Батыры» және екі елдің «Ұшқыш ғарышкері» құрметті атақтары, «2класты ғарышкер» дәрежесі берілді.


Жарыс:

  1. Постер қорғау

  2. Жұмбақ


Оқушыларды топқа бөлеміз. Оқушылар қима қағаздарды таңдау арқылы төрт топқа бөлінеді.

  1. Постер

Топтарға постерлерін дайындауға 4 минут уақыт беріледі. Дайын болған соң қорғауға 3 минут уақыт беріледі.



«Жер» тобы :

«Ғарышқа ұшырылған жануарлар»

«Ай» тобы :

«Қазақстанның ғарышкерлері»

«Марс» тобы:

«Нәзік жанды ғарышкерлер

«Юпитер» тобы :

«Ғарыш станциялары»

  1. Жұмбақ

Топтарға жұмбақтар жазылға парақтар таратылады(2 сұрақ). Жауап беруге 30 сикунд уақыт беріледі.
Қазылар алқасы шешімдерін шығарғанша 2 минуттық бейнеролик көрсітіледі және оқушыларға ақпарақ таратылып кері байланыс жүргізіледі.

Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаз топтар марапатталады.
1 Мұғалім(бірге):Бүгін 12 сәуір – Дүниежүзілік космонавтика және авиация күніне арналған тәрбие сағатымыз осымен өз мәресіне жетті . Көріскенше күн жақсы борлсын.