Файл: Шаруа немесе фермер ожалыын, ауыл шаруашылыы ндірісін жргізу шін берілген ауыл шаруашылыы масатындаы жерді пайдалану мониторингін йымдастыру мен жргізу аидаларын бекіту туралы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 53

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.






Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 252 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 9 шілдеде № 18997 болып тіркелді.


      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 2-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:



      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.05.2022 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.





      1. Қоса беріліп отырған Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары бекітілсін.



      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:



      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;



      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;



      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;



      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;



      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.




      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.



      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



      Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрі



 

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2019 жылғы 3 шілдедегі
№ 252 бұйрығымен
бекітілген

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары


      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.01.2020 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


1-тарау. Жалпы ережелер


      1. Осы Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 14-бабы 1-тармағының 2-5) тармақшасына сәйкес әзірленді және шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингін (бұдан әрі – жерлердің пайдаланылуын мониторингтеу) ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін айқындайды.



      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.05.2022 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.





      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



      1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің пайдаланылуын мониторингтеу веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – жүйелі бақылау нәтижелерін, жер беті түсірілімдерін, зерттеп-қарауларды, түгендеулерді, жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау материалдарын, мұрағаттық деректерді, жерді қашықтықтан зондтау деректерін, мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және электрондық ақпараттық ресурстардан алынған мәліметтерді, сондай-ақ жердің сапалық жай-күйі туралы басқа да мәліметтерді енгізу жолымен алынған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің пайдаланылуы туралы деректерді енгізуге, жинауға, өңдеуге, талдауға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе;




      2) ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган – ветеринария саласында басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;



      3) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;



      4) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;



      5) жергілікті өзін-өзі басқару органдары – "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу жөніндегі функциялар жүктелген органдар;



      6) қоғамдық кеңестер – "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік органдарды қоспағанда, министрліктер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін органдар, жергілікті мемлекеттік басқару органдары, квазимемлекеттік сектор субъектілері өз құзыретіндегі мәселелер бойынша коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп құратын консультациялық-кеңесші, байқаушы органдар;



      7) мемлекеттік кірістер органы – өз құзыреті шегінде салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасында кедендік реттеуді, Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның қарауына жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік орган;



      8) уақытша жер пайдаланушылар (бұдан әрі – жер пайдаланушылар) – жер пайдалану құқығы белгілі бір мерзіммен шектелген тұлғалар.



      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.05.2022 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.






      3. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген жер учаскесін мақсаты бойынша пайдаланбау жағдайларына:



      1) егістікте – ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге арналған жер учаскесін өңдеу бойынша жұмыстардың жүргізілмеуі;



      2) шабындықтарда - жер учаскесінде шөп шабудың жүргізілмеуі, оны арамшөптердің, бұталардың, шіліктердің басып кетуі және шөп бітіктігі жұтаңдануының өзге де белгілерінің болуы;



      3) жайылымдарда - жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының болмауы не олардың санының "Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 болып тіркелген) жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасының (бұдан әрі – Жүктеме нормасы) жиырма пайызынан аз болуы және (немесе) азық дайындау мақсатында шөп шабудың болмауы;



      4) көпжылдық екпелерде - есептен шығарылған көпжылдық екпелерді күту, егін жинау және тегістеу бойынша жұмыстардың жүргізілмеуі жатады.



      4. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымсыз пайдалану жағдайларына (шабындық жерлерді, көп жылдық екпелер мен өндірістік емес учаскелерді: жолдарды, орман екпелерін, өзендерді, көлдерді қоспағанда) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19893 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларының (бұдан әрі – Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидалары) 4-тармағында белгіленген талаптарды сақтамау және жер пайдаланушының жаюға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының саны Жүктеме нормасынан асып түсетін мөлшерде болуы жатады.



      Жерлерді ұтымды пайдалану бөлігіндегі мониторинг Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелген) бекітілген Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.




      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.05.2022 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.




2-тарау. Ақпараттық технологияларды қолдана отырып, жерлерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру және жүргізу тәртібі


      5. Жерді қашықтықтан зондтау деректерін қолдану арқылы жердің пайдаланылуын мониторингтеу веб-порталында жүзеге асырылады. Веб-порталдың көрсететін қызметтерін мемлекеттік сатып алу және ақпараттандыру туралы заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдар сатып алады.



      Бұл ретте, веб-порталдың жұмыс істеуін және оны жерді қашықтықтан зондтаудың өзекті деректерімен, жер пайдаланушылар туралы мәліметтерді қамтитын мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстардың деректерімен қамтамасыз етуді веб-порталдың көрсететін қызметтерін жеткізуші жүзеге асырады.



      6. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган веб-порталда жердің пайдаланылуын және ұтымсыз пайдаланылуын мониторингтеуді жүргізу кезінде алынған нәтижелерді мынадай деректерді пайдалана отырып талдайды:



      жерді қашықтықтан зондтау;



      ақпараттық деректер базасы;



      аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жыл сайынғы жер балансы;



      жер пайдаланушыға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарларының басы туралы мәлімет алуға арналған ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру базасы.



      Жер пайдаланушыларға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарлары басының санын есептеу үшін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорынан алынған мәліметтер бойынша тиісті жылдың 1 сәуірі мен 1 қазаны жағдайындағы деректер негізінде алынған орташа көрсеткіш алынады.



      Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің, жер балансының және жерді қашықтықтан зондтау бойынша нақты жер пайдаланудың арасында сәйкессіздіктер туындаған жағдайда, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін Мемлекеттік корпорацияға мәліметтерді нақтылау туралы сұрау жібереді.