Файл: Шаруа немесе фермер ожалыын, ауыл шаруашылыы ндірісін жргізу шін берілген ауыл шаруашылыы масатындаы жерді пайдалану мониторингін йымдастыру мен жргізу аидаларын бекіту туралы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 55
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
7. Веб-порталда мыналар жүзеге асырылады:
1) ауыл шаруашылығы жерлерін танаптар/жайылымдар тарихы туралы кітаптарды қалыптастыру мәніне талдау;
2) танаптар тарихы кітаптарының толықтығын алдыңғы үш жылдағы, ағымдағы және келесі жылдардағы ауыспалы егістер бойынша деректерді енгізу мәніне талдау;
3) соңғы екі жылдағы егістердің болу/болмау мәніне танаптар тарихы кітаптарындағы деректерді қашықтықтан зондтау деректерімен салыстырмалы талдау;
4) жайылым тарихы кітаптары деректерінің Жүктеме нормасының сақталуы тұрғысынан талдау.
8. Жергілікті атқарушы орган мониторинг нәтижелері бойынша тоқсан сайын веб-порталда осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері туралы ақпаратты (бұдан әрі – ақпарат) қалыптастырады және ақпарат қалыптастырылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оны орталық уәкілетті орган ведомствосының облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) жолдайды.
Аумақтық бөлімше есептік жылдан кейінгі екінші айдың он бесінен кешіктірмей, жер учаскелерінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 376 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16662 болып тіркелген) бекітілген Жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік кірістер органдарына объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өткен салықтық кезең (күнтізбелік жыл) үшін мәліметтер жолдайды.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.05.2022 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3-тарау Ақпараттық технологияларды қолданбай жерлердің пайдаланылуын мониторингтеуді ұйымдастыру және жүргізу тәртібі
9. Мониторинг бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізуді жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган жасалған уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шарттары негізінде, қоғамдық кеңестер, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің қатысуымен шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы мониторингтелуі тиіс жер учаскелері туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау және тиісті ұсынымдар мен қорытындыларды әзірлеу жолымен жүзеге асырады.
Шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) туралы жасалған шарттың нәтижелері бойынша жерлерді пайдалану, оның ішінде жеңімпаздың жерлерді пайдалану бойынша қабылдаған міндеттемелерінің орындауын мониторингтеу:
1) жалға алудың алғашқы бес жылында жыл сайын;
2) келесі кезеңдерде: суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарында – әр үш жыл сайын, суарылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптарында әр бес жыл сайын жүргізіледі.
Мониторинг жүргізу кезінде жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган:
1) тұрақты негізде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шарттарының негізінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін есепке алуды жүргізеді;
2) жыл сайын тиісті күнтізбелік жылдың 15 қаңтарына дейін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шарттарының негізінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген және келесі күнтізбелік жылы мониторингтелуі тиіс ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) қалыптастырады және бекітеді;
3) тиісті күнтізбелік жылдың 15 желтоқсанына дейінгі мерзімде бекітілген Тізбенің облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының ресми интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етеді және оны қоғамдық кеңестерге, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдарға, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына танысу үшін жолдайды;
4) келесі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына дейінгі мерзімде мониторинг жүргізу процесіне қатысу үшін қоғамдық кеңестердің, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің тізімін қалыптастырады.
10. Тиісті күнтізбелік жылы Тізбені қалыптастыру кезінде, жалдау мерзімі аяқталған не Тізбені қалыптастыру сәтінде мерзімі аяқталуға бір жылдан аз уақыт қалған жер учаскелерін қоспағанда, өткен жылдың 1 желтоқсаны мен күнтізбелік жылдың 1 желтоқсаны аралығында берілген, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тізбесі қалыптастырылатын жер учаскелері қосылады.
11. Мониторингті жүзеге асыру үшін жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган тиісті күнтізбелік жылдың 15 желтоқсанына дейінгі мерзімде Тізбеге қосылған жер учаскелері бойынша:
1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан жер пайдаланушыға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарлары басының бар-жоғы туралы мәліметтер алу үшін ветеринария саласындағы уәкілетті органға;
2) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер пайдаланушының көп жылдық шөптер егістерін қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу және егу жөніндегі жұмыстарды жүргізуі туралы және таза сүрі жерлердің бар-жоғы туралы мәліметтер алу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы басқармасына;
3) Тізбеге қосылған жер учаскелері бойынша жүргізілген тексерулер мен профилактикалық бақылау туралы мәліметтер алу үшін аумақтық бөлімшеге;
4) жер учаскелерін жалға алушылардың жерлерді пайдалану бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындауы туралы ақпаратты тиісті растаушы құжаттарымен қоса алу үшін оларға сұранымдар жібереді.
Қажет болған жағдайда, қажетті ақпаратты нақтылау және (немесе) белгілеу және оларды осындай жер учаскелері бойынша мәліметтер жинау үшін толықтыру мақсатында жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдарға және ұйымдарға сұранымдар жібереді.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.05.2022 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
12. Сұратылатын ақпаратты жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға беру мерзімі тиісті сұраным келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күнді құрайды.
13. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган алынған ақпаратты, сондай-ақ уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартына сәйкес жер пайдаланушы беретін егістік алқаптардың пайдаланылуы туралы мәліметтерді жинақтағаннан және өңдегеннен кейін қоғамдық кеңес, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және жергілікті өзін өзі басқару органдары өкілдерінің қатысуымен оларға талдау жүргізеді, олардың негізінде:
1) мониторинг жүргізгеннен кейінгі күнтізбелік жылдың 1 наурызына дейінгі мерзімде әр жер учаскесі бойынша қорытындылармен және ұсынымдармен бірге осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін мониторингтеу нәтижелері туралы есепті жасайды;
2) мониторинг жүргізгеннен кейінгі күнтізбелік жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімде мониторинг нәтижелері туралы есепті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының ресми интернет-ресурсына орналастырады және оны қоғамдық кеңестерге, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына мәлімет үшін жолдайды.
14. Мониторинг барысында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін пайдаланбау фактісі алғаш рет анықталған сәттен бастап 1 (бір) жыл бойы оны мақсаты бойынша пайдаланбау фактісі белгіленген жағдайда, мұндай жер учаскесi Кодекстiң 94-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп алып қойылуы тиіс.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жер учаскесін мақсаты бойынша пайдаланбау кезеңіне жер учаскесін еңсерілмейтін күштің салдарынан мақсаты бойынша пайдалануға болмаған уақыт кірмейді.
Мониторинг жүргізу кезінде жер учаскесін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдалану фактісі анықталған жағдайда, мұндай жер учаскесі Кодекстің 94-бабында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп алып қойылуы тиіс.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.05.2022 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
15. Қоғамдық кеңес, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің қатысуымен жүргізілетін жерлердің пайдаланылуын мониторингтеудің оң нәтижелері ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартының қолданылу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдауы үшін негіз болып табылады.
| Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген |
| ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді |
| пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларына 1- қосымша |
| Нысан |