Файл: Отіж орынбасары А. Е. Балахметова ысамерзімді жоспар Сабаты таырыбы Миды рылысы мен ызметі. Ми дііні рылысы жне мишы.лкен ми сыарлары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 22

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ОТІЖ орынбасары: А.Е. Балахметова
Қысқамерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: «Мидың құрылысы мен қызметі. Ми діңінің құрылысы және мишық.Үлкен ми сыңарлары».

Бөлім:

Координация және реттелу

Педагогтің аты-жөні:

О.Н. Баяш

Күні:

09.02.2023ж

Сыныбы:7 “А”

Қатысушылар саны:7 Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Мидың құрлысы мен қызметі. Ми діңінің құрылысы және мишық.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.1.7.4- орталық жүйке жүйесі бөлімдерінің құрылысы мен қызметтерін салыстыру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Ми бөлімдерін біледі.

Көпшілік оқушылар үшін:

Ми бөлімдерінің қызметі мен құрылысын түсіндіреді.

Кейбір оқушылар үшін:

Медицина саласындағы мидың орнын зерттейді.

Құндылықтарға баулу:

Қарым-қатынас жасауға,жауапкершілікке,өмір бойы оқуға баулу.

Алдыңғы білім:

Жүйке жүйесінің құрам бөліктері жайлы біледі.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы.

Қызығушылықты ояту.

3 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. «Айна» әдісі арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Мақсаты: «оқушыларды білімді, талапты, ең белсенді» деген мақтау сөзбен қызығушылығын ояту, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
«Жемістер» арқылы жұпқа бөлу

Оқулық, жұмыс дәптері

Кітап, дәптер, қалам


Жаңа сабаққа кіріспе

5 мин

«Кім шапшаң» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру сұрақтар қойылады.

  1. Жүйке жасушаларын ата.

  2. Нейрон деген не?

  3. Аксон дегеніміз не ?

  4. Дендрит дегеніміз не?

  5. Жүйке жасушалары неден тұрады?

  6. Орталық жүйке жүйесіне жатады.

  7. Нейронның ұзын өсінділерінің тармақталған жүйке ұштары.


Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға “Өте жақсы”, “Жақсы”, “Орташа”

деген мадақтау сөзімен ынталандыру. wordwall.net платформасы арқылы

Сабақтың ортасы

15 мин.

Миға шабуыл»

Жаңа тақырыпты «Болжау» әдісі арқылы ашу

4 суретті көрсету. Сұрақ:

  1. Нені көріп тұрсыздар?

  2. Бұл суреттерді не байланыстырады?

  3. Себебін түсіндіріңіз

Бүгінгі сабақтағы бағалау критерийлері:

Бүгін біз.....................

  1. Мына термин сөздермен танысамыз:

  • Жүлгелер

  • Сопақша ми

  • Көпір

  • Ортаңғы ми

  • Аралық ми

  • мишық

  1. Ми діңі құрылысымен, оның бөліктері туралы білеміз

Сабақ түсіндіру бөлімі.

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады

Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1.Ми діңінің құрылысын талдайды.

2.Мидың қызметін сипаттайды.

Оқулық
Жұмыс дәптері

(12) Ми бөлімдерінің құрылысы мен қызметтері - YouTube

5 мин

1-тапсырма. True/False таблосы

1.Ересек адам миының орташа салмағы-1300-1400г. /Дұрыс/Бұрыс

2.Адам миы негізгі 5 бөлімнен тұрады. /Дұрыс/Бұрыс 3.Сопақша ми жұлынның жалғасы. /Дұрыс/Бұрыс 4.Аралық ми тепе-теңдікті сақтайды. /Дұрыс/Бұрыс 5.Ортаңғы ми жарық пен дыбысқа елең етеді. /Дұрыс/Бұрыс 6.Мишық өзара жалғасқан 4 ми сыңарларынан тұрады. /Дұрыс/Бұрыс 7.Аралық ми дене температурасының тұрақты болуын реттейді. /Дұрыс/Бұрыс 8.Мишық ас қорыту процесін реттеп отырады. /Дұрыс/Бұрыс

Тапсырмаларды жеке орындайды. Болғасын бір-бірін слайдтағы дұрыс жауаппен бағалайды

Бағалау: «Бағдаршам» әдісі
Дескриптор:

1.Ми діңінің құрылысын анықтайды

2.Мидың қызметін анықтайды


Таратпа карточка, слайд.

3 мин

Тапсырмалар айдарындағы

2-тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.



Дескриптор: 1.Мидың бөліктерінің бөлімдерінің қызметін ажыратады




7 мин

Тапсырмалар айдарындағы 3-тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

3-тапсырма

Жұптық жұмыс. «Сөйлемнен не түсіп қалған?»

1-ші жұп.

1. ……. ми сыңарлары – мидың ең үлкен және …………. тұрғыдан ең …….. бөлімі.

2.Адамда ……..ми сыңарлары өте жақсы жетілген және ….сүйек сауытының … бөлімінде орналасқан.

3…….. ми сыңарларының беті …. заттан – ………… түзілген.

4. ……….. жалпы ауданы 2200-2500 см2, қалыңдығы 2,5-3 мм, оны 14-18 млрд ……. денесі құрайды.

2-ші жұп.

1.Қыртыс астында … зат орналасқан, оның …….. қабатында ………. ядролар түзіледі.

2.Ми сыңарының әрқайсысы …… жүлгелермен ………, төбе, ……., самай бөліктеріне бөлінген.

3.Ең …….. жүлге – …….. бөлігін ……. бөлігінен ажырататын …… жүлге және ……… бөлігін шектейтін ………. жүлге.

4.Үлкен ми сыңарларында ……….. – сезімтал аймақтар орналасқан. ……… бөлігінде ……….. аймағы, ал ….. сезу және ………. сезу аймағы ………. және самай бөліктерінің шегінде, ……….. бөлігінде – ……… аймағы орналасқан.

3-ші жұп.

1. …………-қозғалыс аймағы …………. жүлге …………., маңдай бөлігінде орналасқан.

2.Адамның …….. және …….. жақтағы ми сыңарларының қызметі әртүрлі. ………. сол жақ ми сыңарында, ал ………….. оң жақ ми сыңарында адам кейін қалыптасатын …………. және ………. мен ………….. қимыл-қозғалыс ………………. орналасқан.

3. …………….. жүйесі ауруларының себебін, ………….. алу, ………. және . қою әдістерін ………….. анықтайды.

4. …………… ішмдік ……………. сіңіріледі де, 2 минуттан кейін ………….. түсіп, қанмен барлық жасушаларға …………………...


Дескриптор: 1. Талдау жасап,сөйлемді аяқтайды.

7-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

4 мин

4-тапсырма.Берілген кесте ішінен сабаққа қатысты термин сөздерді тап


Берілген кестеден сабаққа қатысты сөздерді анықтайды

Бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек» топтар бірін-бірі дескрипторға сай бағалайды

Екі жұлдыз: ерекше ұнаған ақпарат;

Бір тілек: толық ашылмаған ақпарат;



Сабақтың соңы

Үй тапсырмасы

Рефлексия

3 мин.

Мидың құрылысы мен қызметін оқып келу.

«Бір ауыз сөз» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.


Алма ағашы




Мұғалім оқушылардың сабаққа деген ойын “Алма ағашы” әдісін пайдаланып өз ойларын айтады.

Сонымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін

«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.





Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


“Қошеметтеу әдісі” , “Алма ағашы”

Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Алма ағашы» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2: