Файл: затыы 40 минут Балл саны 30 балл Тапсырмалар трлері ктб.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 70
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ІІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
ІІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 30 балл
Тапсырмалар түрлері:
КТБ - Көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Берілген нұсқа қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 5 тапсырмадан тұрады. Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы жауап нұсқаларының ішінен бір немесе бірнеше жауап нұсқаларын таңдайды. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұрады.
ІІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат Ойлау дағдыларының
деңгейі
Тапсырма саны*
Тапсырма
№*
Тапсыр ма түрі*
30
Орындау уақыты, мин*
Балл
*
Бөлім бойынша балл
10.3.1.5 Деректерді талдау негізінде саяси режимдер түрлерінің мықты және әлсіз жақтарын анықтай отырып, салыстыру
Жоғары деңгей дағдылары
1 1 ТЖ 10 8
Мемлекет, соғыс және революцияла р тарихынан
10.3.2.6 Дәйекті қорытындылар жасай отырып, араб шапқыншылықтары мен мен крест жорықтарының себептерін анықтау
10.3.2.10 Наполеон соғыстары мен Еуропа мемлекеттеріндегі капиталистік дамудың ілгерілеуі арасындағы себеп-салдарлық байланысты орнату
10.3.2.13 Версаль-Вашингтон және Ялта-
Қолдану 1 2 ҚЖ 10 8
Жоғары деңгей
дағдылары 1 3 ТЖ 7 5
Потсдам жүйелерінің тиімділігін және олардың қазіргі заманға әсерін бағалау
10.3.3.7 Шығыс Еуропадағы «барқыт»
Жоғары деңгей
дағдылары
Жоғары деңгей
1 4 ТЖ 7 5
революцияларының мазмұны мен
нәтижелерін талдау
дағдылары 1 5 ТЖ 6 4
БАРЛЫҒЫ: - 5 - - 40 30 30
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
22
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгілері
«Дүниежүзі тарихы» пәнінен ІІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1. Германия мен КСРО-да болған тоталитарлық жүйелерге тән терминдер мен ұғымдарды тауып, жүйелердің мықты және әлсіз жақтарын анықтаңыз.
Германия Термин және ұғымдар КСРО
А. Антисемитизм
В. Командалық және әкімшілік жүйе
С. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру
D. Экономиканы милитаризациялау
Тоталитарлық жүйе Демократиялық жүйе
+ - + -
[4]
[4]
2. Суреттерге қарап, ортағасырлық қандай жорықтар мен жаулап алулар екенін анықтаңыз және олардың себептерін кестеге толтырыңыз.
Ортағасырлық жорықтар мен жаулап алулардың тарихи атауы
А В
Саяси себептер Экономикалық себептер Әлеуметтік себептер
[8]
3. Төмендегі мәтін негізінде сұрақтарға жауап беріңіз.
КОНТИНЕТАЛДЫҚ БЛОКАДА
Англияға тікелей соққы бере алмай, Наполеон өзінің бәсекелесін экономикалық соғыспен британ нарығын еуропалық нарыққа жауып тастауды шешті. Наполеон континенталдық блокада жөнінде жасалған Берлиндік декретті барлық Одақтық мемлекеттерге жіберген. Бұл жарлық Британ аралдарының блокадасын жариялады. Англиямен, соның ішінде почта байланысымен, барлық сауда-саттықтар және барлық қатынастар тыйым салынған. Наполеон басқаратын аумақта жүрген ағылшындар соғыс тұтқыны деп жарияланды, ал ағылшындықтарға тиесілі барлық заттар тәркіленді. Англия мен оның отарларынан келген кемелерге еуропалық порттарға тоқтауға тыйым салынды.1807 жылдың өзінде континенталдық блокада жүйесіне Франция, Италия, Голландия, Испания және Даниядан басқа Тильзит бейбіт келісіміне сәйкес Ресей және Пруссия, содан кейін Австрия кіруге мәжбүр болды.
Британдық үкімет континеталдық блокадаға «Корольдік жарлықтар» шығарды. Англияға дұшпан елдермен теңіз саудасын жүргізуге тыйым салынды және тауарлардың тағайындалған орнын және баждардың төленуін бақылау үшін ағылшын порттарына баруға міндеттелді.
а.Наполеонның континенталдық блокада жасауының себебі неде?
в. Континенталдық блокада еуропалық экономикаға қалай әсер етті?
1
2
с. Еуропада капиталистік қатынастардың дамуына континенталдық блокаданың салдарын екі дәлел келтіріп сипаттаңыз.
1
2
[5]
4. Версаль-Вашингтон және Ялта-Потсдам жүйелерінің бейбітшілік жүйесі ти імді/т и імсіз
болды». Осы мәлімдемеге қаншалықты келісесіз?
Таңдаған позицияның астын сызып белгілеп, екі себебін жазыңыз.
Версаль-Вашингтон жүйесі
Себебі
1
2
Ялта-Потсдам жүйесі
1
2
Версаль-Вашингтон және Ялта-Потсдам жүйелерінің қазіргі заманға әсеріне дәлел келтіріңіз.
[5]
5. Мәтінмен танысып, Шығыс Еуропадағы «барқыт» революцияларының мазмұны туралы кестеде талдау жасаңыз.
1989 жылы Варшава шартына кіретін мемлекеттерде коммунистердің билігіне қарсы бағытталған «Барқыт революциясы» басталды. Соның нәтижесінде Польша еңбекшілерінің
«Ынтымақтастық» кәсіп одағының басқаруымен коммунистер үкіметі құлатылып, билікке демократиялық күштер келді. Осыдан кейін ГДР, Болгария, Румыния және Чехословакиядағы демократиялық қозғалыстар коммунистер билігіне қарсы күреске шықты. Осы қозғалыстың ықпалымен Югославия, Венгрия және Албанияда үкімет басына жаңа күштер келді. 1989-
1990 жылдардағы Шығыс Еуропадағы «Барқыт революциясының» нәтижесінде осындағы коммунистік үкіметтер бейбіт түрде (Румыниядағы қақтығыстарды есептемегенде) биліктен кетуге мәжбүр болды. Олардың орнына демократиялық күштердің өкілдері келді. Осыған байланысты бұл мемлекеттерде көптеген жаңадан құрылған партиялар мен саяси ұйымдардың қатысуымен демократиялық үкімет органдары құрылып, жаңа саяси ахуал қалыптасты, экономикада нарықтық қатынастарға жол ашылды.
Шығыс Еуропадағы «барқыт» революциясының болуына әсер еткен...
Ішкі фактор Сыртқы фактор
Шығыс Еуропадағы «барқыт» революциясының салдары. Жағымды Жағымсыз
[4]
Балл қою кестесі
Тапсыр ма
№
Жауап Балл Қосымша мәлімет
ГерманияТерминжәнеұғымдарКСРО
А. А. Антисемитизм
В. Командалық және әкімшілік жүйе В 4
С. Ауыл шаруашылығын жаппай С
ұжымдастыру
D. D. Экономиканы милитаризациялау
Тоталитарлық жүйе Демократиялық жүйе
+ - + -
Қатал тәртіп. КСРО мемлекеті
1 осы тоталитарлы
қ режимнің арқасында
15-20 жылдың ішінде батыс мемлекеттер дің 150-200 жыл бойы өткен индустриалд ы дамудан өтті.
Демократиян ың жоқтығы, халықпен санаспау, еркін ойлау, өз ойын мүлдем айтқызбау. Жаппай репрессияға ұшырау, қатаң цензура.
Демократия лық саяси жүйе - саяси жүйенің түрі, оған мыналар
тән:- азаматтарды ң кепілденген құқықтары мен бостандықта рының кең ауқымы қамтылуы.
Цензура ның жоқтығ ы, баспасөз дің қадағала усыз қалуы
Мағынасы
4 сәйкес жауаптар
қабылданады
Ортағасырлық жорықтар мен жаулап алулардың тарихи атауы
А В
Крест жорықтары Арабтардың жаулаулары
Христиан дінінің абыройын көтеру
Жердің жетіспеушілігі, араб
2 мемлекетінің
байлығына қызығу Кедей халықтың жағдайын жақсартамыз, жұмақтағыдай өмір сүресіңдер деп алдауы
Саяси себептер
Экономи калық себептер
Әлеумет тік себептер
Бір орталықтан басқарылатын империя құру Сауда-саттық жолдардың барлығын өз қолында ұстау Ислам дінін тарату, араб халықтарын бір ту астына біріктіру
Мағынасы
8 сәйкес жауаптар
қабылданады
3 а. Англияға тікелей соққы бере алмай, Наполеон өзінің бәсекелесін экономикалық соғыспен британ нарығын еуропалық нарыққа жауып тастауды шешті.
в. Еуропалық мемлекеттердің экономикалық жағдайы қатты нашарлады. Наполеонның заң шығару жөніндегі заңнамалық шаралары 18-жарлықпен тоқтатылды. Сонымен қатар, сауда-саттық және Францияның кейбір өнеркәсіптік салалары Наполеонға тыйым салынған
тауарларды сатып алу құқығына лицензия беру жүйесін 5
пайдалануға мәжбүрледі.
с. Наполеонның Ресейге басып кіргенінен кейін көп ұзамай
- Ресей мен Англия арасындағы бейбітшілік туралы шартқа қол қойылды, ал 1812 жылы Англиямен сауда қатынастарын қалпына келтіру туралы I Александрдің манифесті жарияланды.
1813 жылы Францияның Алтыншы Коалицияға қарсы күрестегі жеңілісі еуропалық үкіметтердің Конституцияға сәйкес келуінен бас тартты.
4 Версаль-Вашингтон жүйесі тиімді болды
1. 1870-1871 жылғы Франция-Пруссия соғысында Германияға берілген Эльзас және Лотарингия Францияға қайтарылды. Саар облысы 15 жылға Ұлттар Лигасының қарауына берілді. Польшаның батыс жері Померания мен Познань қайтарылды. Данциг (Гданьск) қаласы ерікті қала ретінде Ұлттар Лигасына басқаруға берілді. Бельгия Эйпен және Мальмеди аудандарын қайтарып алды. Данияға Шлезвиг қайтарылды.
2. Германияның соғыс шығындарын өтеу (репарация) мәселесі қаралды. Бұл мәселені шешу үшін репарациялық комиссия құрылып, 1921 жылы аталмыш комиссияның шешімімен Германия 226 млрд марка төлеу керек болды. 1921 жылы мамыр айында Германия
132 млрд. марка төлейтін болып келісті. Репарациялық төлемнің 52%-ын Франция, 22%-ын Англия, Италия -
10%, Бельгия - 8%- ын алатын болды. 5
тиімсіз болды
1. Версаль бітімі бойынша Германия өз жерінің көп бөлігінен айырылды. Рейн өзенінің сол жақ жағалауы түгелдей 15 жылға одақтастар әскерлерінің бақылауына өтті. Германия Рейн өзені бойынан өз әскерлерін әкетуге келісті.
2. Германияға 100 мың әскер ұстауға рұқсат берілді.
Германия өзінің соғыс-теңіз флотынан айырылды. Версаль келісімінде Германияның соғыс шығындарын өтеу (репарация) мәселесі қаралды. Германияның отарлары туралы мәселе қаралды. Африкадағы Германияның отарлары Танганьика, Тогоның батысы және Камерунның бір бөлігі Англияға берілді.
Ялта-Потсдам жүйесі
Мағынасы сәйкес жауаптар қабылданады
Білім алушының таңдауына байланысты жауаптар тексеріледі (тиімді болды, тиімсіз болды)
Мағынасы сәйкес жауаптар қабылданады
тиімді болды:
1. Соғысты тез аяқтап, Одақтас мемлекеттердің әрқайсысының Еуропадағы территориялық мәселелерді анықтап шешуге мүмкіндік берді
2. Германия мемлекетінен соғыс шығындарын өтеу
(репарация) мәселесіне тезірек кірісуді талап етті
тиімсіз болды:
1. «Қырғи-қабақ» соғыс тарихы деп аталатын, капиталистік және социалистік лагерь арасындағы қарсылықтар орын алды.
2. Бұл жүйеде келісілген келісім бейбіт өмірге әкелудің орнына жағдайды одан сайын ушықтырып жіберді.
Версаль-Вашингтон және Ялта-Потсдам жүйелерінің қазіргі заманға әсеріне дәлел келтіріңіз.
Версаль-Вашингтон және Ялта-Потсдам жүйелерінің кейінгі тарих пен саяси оқиғаларға әсері болды. Ол мемлекеттер арасындағы саяси жағдайлардың өзгеруіне
себепші болды.
Ішкі фактор:
Беделі түскен басшылардың қызметтерімен айырылуы, әміршіл-әкімшіл саяси жүйеден, демократиялық көп партиялық жүйеге көшу
Сыртқы фактор:
КСРО мемлекетінде орын алған саяси, әлеуметтік, экономикалық дағдарыс
5 Жағымды салдары: 4
Шығыс Еуропадағы «барқыт» революциясы КСРО
мемлекетінің ыдырауына тікелей әсер еткен фактордың бірі болды
Жағымсыз салдары:
Шығыс Еуропа елдері көптеген жылдар бойы өз эконмикаларын КСРО-дан бөлінген ақша арқылы реттеп отырған болатын, енді олар аталған көмектен құр қалды
Барлығы 30