Файл: за мерзімді жоспарды блімблімшесі Кні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 256

Скачиваний: 6

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлім/бөлімшесі: Күні:

Сынып: 10

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы: Бұлшықет талшқтарының жиырылу механизмі.

Бұлшыет талшықтарының Т-жүйесі.

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Бұлшықет талшықтарының жиырылу механизмін түсіндіру.

Сабақтың мақсаты

Бұлшықет талшықтарының жиырылу механизмін түсіндіру.

Т-жүйенің бұлшықет жиырылуындағы ролін сипаттау.

Бағалау критерийі

-Бұлшықет талшықтарының жиырылу механизмін түсіндіреді.

- Т-жүйенің бұлшықет жиырылуындағы ролін сипаттайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар қолданады:

Сырғыған жіпше теориясының мәнін,электромеханикалық қосылу механизмін,Т-жүйенің бұлшықет жиырылуындағы рөлін талдау арқылы ауызша сөйлеу дағдысы дамиды.

Пәнге қатысты терминдер мен негізгі сөз тіркестері: Рефрактерлік, изотоникалық және изометриялық жиырылу,кимограф,миограмма,сырғыған жіпше теориясы,электромеханикалық Т-жүйесінің қосылу құбылысы.

Талқылауға арналған тармақтар:

Бұлшықеттің жиырылуын жазу ... деп аталады.

Бұлшықеттің жиырылуын түсіндіретін құбылыс ... деп аталады


Құндылықтарға баулу

Оқу тапсырмаларын орындау барысында жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін - өзі реттей алу құндылықтары дамытылады.


Пәнаралық байланыс

Химия.Физика.

Алдыңғы білім

8-9 сынып

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңі


Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы



Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, оқушыларды түгендеу.

Сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтау

Ой қозғау:

1.А,Н,І – дискілері қандай нәруыздан құралады?

2.Бұлшықет талшықтары жиырылғанда жиырылумеханизмі қалай жүзеге асады?




Сабақтың ортасы

Мұғалімнің түсіндіруі

Бұлшықет жиырылуының типтері

Изотониялық (грек тілінде isos — бірдей, тең, tonos — ширығу, деген мағына) жиырылу (ширықпай жиырылу) кезінде ет талшықтарының ширығу деңгейі өзгермей, тек оның үзындығы қысқарады. Тэжірибе жағдайында изотониялық жиырылу оқшауланған бұлшық етке аз ғана жүк іліп, электр тоғымен тітіркендірген кезде байқалады.

Изометриялық  (грек тілінде isos — бірдей, mews — өлшем) жағдайында бұлшық еттің үзындығы өзгермей, тек ширығу деңгейі артады (қысқармай жиырылу). Тәжірибе жағдайында жиырылудың бұл түрі оқшауланған бұлшық етке тым ауыр жүк іліп, тітіркендіргенде байқалады. Табиғи жағдайда таза изотониялық немесе таза изометриялық жиырылулар кездеспейді.

Ауксотониялық – бұлшық еттің ширығу деңгейі мен үзындығын өзгерте жиырылуы. Мұндай жиырылу режимі адамның еңбек қызметін орындау кезінде байқалады. Егер бұлшықет күші оның қысқаруы кезінде артатын болса, онда бұл концентрлі жиырылу, ал ұзаруы кезде бұлшықет күшінің артуы (мысалы, жүкті баяу төмендеген кезде), эксцентрлі жиырылу деп аталады.

Бұлшықеттің жиырылу түрлері

Бұлшықет жиырылуы дара және тетанусты (сіреспе) болып екіге бөлінеді. Жеке стимулмен бұлшықетті тітіркендіру кезінде бұлшықеттің дара жиырылуы келесі үш фазада жүзеге асады:

- латентті фазасы—қоздырғыштың әрекетінен басталып, қысқару басталғанға дейін.

- жиырылу фазасы — қысқару басталғаннан ең жоғарғы мәнге дейін;

- босаңсу фазасы — ең жоғарғы мәннен созылу басталуына дейін;

Бұлшықеттің ультрақұрылысы анықталғаннан кейін

1954 жылы бір топ ғалымдар –Х.Хаксли,А.Хаксли,Дж.Хэнсон,Р.Нидергерке миозин және актин жіпшелернің сырғанауын түсіндіретін бұлшықеттің жиырылу болжамын ұсынды.Олар бұлшықет жиырылғанда І және Н аймақтарының ені өзгеретінін,ал А-дискісінің ұзындығы босаңсыған және қысқарған саркомерде өзгеріссіз тұрақты түрде қалатындығын байқады. Қазір бұл болжам толықтай дәлелденді және ол жылжымалы жіптер теориясы деп аталады.

Жіпшелердің екі жиынтығы бар актин және миозин ,олар бірінің арасына бірі кіріп орналасады және саркомер ұзындығының өзгеруі кезінде бұл жіпшелер бір-бірінің үстімен сырғиды. Жиырылу кезінде актин жіпшелері саркомер ортасына қарай жылжиді .Миозин жіпшелерінің басы «ілмек» қызметін атқарады және Ғ- актинге бекітіліп,көлденең көпірлер түзеді деген гипотеза қалыптасты. Содан кейін олардың конфигурациясы былай өзгереді: актин молекулалары А – дискісінің ішкі жағына жылжиды. Бұл процестің соңында жіпшенің миозинді ұштары актиннен бөлінеді және актиннің қашықтықтағы басқа бөліктеріне «ілінеді».Көлденең көпірлердің қосылуы мен ажырау циклі бірнеше рет жиырылу жылдамдығына байланысты түрлі жиілікте қайталануы мүмкін.Толық цикл орындалуы үшін АТФ-тің бір молекуласы қажет.

Бұлшықет жиырылу механизмі туралы қазіргі көзқарасты жпшелердің сырғанау теориясын және бұл процесте Т-жүйенің рөлін түсіндіру толқтыра түседі.

Тыныштық күйінде саркомер құрамында магний ионы және АТФ болады,бірақ бос кальций иондары өте аз.Бұл жағдайда актин жіпшелері тропомиозин үшін «жұмыс жасамайтын жағдайда» болады,ол миозиннің бастары ілінуі керек бөліктерді бұғаттайды.Сондықтан бастары миозин жіпшелерінің бойлық осіне қарай тартылған және актиннен алынып тасталған.

Бұлшықет талшықтарын саркомерлер бойымен жүйке импульсі арқылы тітіркендіру кезінде деполяризация толқыны тарайды,ол Т- жүйесі арқылы саркомерлер ішіне енеді,онда триада цистерналарында кальций иондарының босап шығуына ықпал етеді.кальций иондары С тропонинімен байланысады,ол І тропонинімен актин және миозин арасындағы көпір түзілуінің тосқауылын шешеді.Тропомиозин ауысады,миозиннің басы актинмен байланысып,актомиозин көпірін түзеді.АТФ гидролизінің энергиясы есебінен көлденең көпірлердің бөліну бұрышы өзгереді,ол актин жіпшелерінің саркомер ортасының бағыты бойынша созылуына алып келеді.Саркомерде күш пайда болады,ол қысқартылған саркомерлер түзуге ұмтылады.Бұлшықет жиырылуын түсіндіретін бұл құбылыс электромеханикалық түйіндесу деп аталады.

Саркомерде қозу тоқтағаннан кейін кальцийлі сорғыға тәуелді АТФ көмегімен кальций иондары кері триада цистерналарына шығарылады.Саркомер босаңсиды.Тропомиозин тосқауылы қосылады-тропонин, көпіршелер үзіледі,актин мен миозин «өшірілген» күйге ауысады.

1-тапсырма.

Берілген сипаттаманы реттілікпен орналастыр

1.АТФ-гидролизденуі

2.миозиннің басы актинмен байланысуы

3.тітіркену

4.актомиозин көпірінің түзілуі

5.саркомер ортасының бағыты бойынша актин жіпшелерінің созылуы

6.көлденең көпірлердің бөліну бұрышының өзгеруі

7.қысқартылған саркомерлердің түзілуі

8.Са2+ иондарының С тропонинімен байланысуы

9.саркомерде күштің пайда болуы

10.триада цистерналарында Са2+ иондарының босап шығуы

Жауабы: Сипаттама реттілігі.

3

10

8

2

4

1

6

5

9

7

2-тапсырма. Шындық па,әлде жалған ба?

1.Ауксотониялық – бұлшық еттің ширығу деңгейі мен үзындығын өзгерте жиырылуы.

2.Саркомер ұзындығының өзгеруі кезінде бұл жіпшелер бір-бірінің үстімен сырғиды.

3.Изометриялық  -бұлшық еттің үзындығы өзгермей, тек ширығу деңгейінің артуы.

4.Миозин жіпшелерінің басы «ілмек» қызметін атқарады.

5.Изотониялық кезінде ет талшықтарының ширығу деңгейі өзгермей, тек оның үзындығы қысқарады.

6.1964 жылы Х.Хаксли,А.Хаксли,Дж.Хэнсон, Р .Нидергерке миозин және актин жіпшелернің сырғанауын түсіндіретін бұлшықеттің жиырылу болжамын ұсынды.

презентация

Сабақтың соңы

«Сұрақты ұстап ал»

Сырғыған жіпше теориясының мәні неде?

Бұлшықет қысқаруында жіптердің сырғу механизмі қалай жүзеге асады?

Т-жүйенің бұлшықет жиырылуындағы рөлі қандай?