ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 49
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспар | |||||
Пән: Қазақ тілі Т2 | Бөлім: 7. Ғарышқа саяхат | ||||
Күні : | Педагогтің аты-жөні: Мухаметжанова Молдир Сейтказиновна | ||||
Сынып: 4 | Қатысқан оқушылар: Қатыспаған оқушылар : | ||||
Сабақтың тақырыбы: Мен астроном боламын | |||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары | 4.4.2.1* оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазу 4.4.5.1 мұғалімнің қолдауымен айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс жазу | ||||
Сабақтың мақсаты : | Оқушылардың барлығы: оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазады, мұғалімнің қолдауымен айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс жазады | ||||
Сабақтың барысы | |||||
Сабақтың кезеңі | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
Сабақтың басы | Ертеңгілік шеңбер. «Мен саған тілеймін» Қызығушылықты ояту Үй тапсырмасын тексеру Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. | Барлық оқушылар бір-біріне шеңбер бойы жақсы тілек айтады. Мысалы: Саған денсаулық тілеймін! Саған жақсы көңіл күй тілеймін! | Қолпаштау | | |
Сабақтың ортасы | 1.Тыңда. Қайтала. Сөздікпен таныстыру: Жаңа сөздер: Ғаламшар-планета астроном- астрономы ғылым-наука тартылыс күші-сила притяжения тозаң(шаң) –пыль кеңістік-пространство зерттеу -исследование Жаңа сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру жаттығуы: 2. Айтылым. Жазылым 1-тапсырма. Суретке қара. Ғаламшарларды атап бер. Кеңістікте ғаламшар- лардан басқа тағы нелер бар? Болжап айт. 3. Оқылым.Айтылым. Жазылым Аспан әлемін, ғаламшарды зерттейтін адамды астроном деп атайды.Астрономдардың айтуынша, Жер ғаламшары Күннің айналасындағы газ және тозаңдардан пайда болған. Ал «Күннің тартылыс күшінен кеңістікте ғаламшарлар пайда болған» деген болжам бар. Газ-тозаң іріктеліп, олардың жеңіл элементтері Күн сәулесінің қысымымен одан әрірек орналасады. Ал біршама ауырлары Күнге жақын орналасқан | Тыңдалым,айтылым. Сөздерді оқиды, қайталайды, сөз тіркесін құрастырады. Айтылым. Жазылым 1-тапсырма. 3.Оқылым.Айтылым. Жазылым. Берілген мәтін бойынша сұрақ құрастырыңдар. Үлгі: Кімді астроном деп атайды? Астрономдардың айтуынша, Жер ғаламшары неден пайда болған? | «Бас бармақ» Дескриптор: - берілген сөйлемдерді толықтырады. Дескриптор: 2 балл Астрономия ғылымымен байланысты сөздерді біледі. Мәтінді оқып, сұраулы сөйлем құрайды. Өлеңнің жанрлық ерекшелігін біледі. | Слайд Слайд Оқулық 32 бет Слайд Оқулық 32 бет | |
| Сергіту сәті | | | | |
| 6. Тыңдалым.Оқылым. Айтылым. Өлеңді мәнерлеп оқы. Түсінгеніңді айтып бер. Мен астроном боламын Білімін жиып ғаламның Мен астроном боламын. Ғаламшарлар әлемін Зерттеу – менің қалауым. Білімін жиып ғаламның Мен астроном боламын. Арманымның жолында Көтерем ғылым жалауын. Н. Дәулеткереева Сұрақтарға жауап бер. Өлең неше шумақтан тұрады? Өлеңнің әр шумағында неше жол бар? Өлеңнің әр жолында неше буын бар? 4-тапсырма. Өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бер Өлең кім туралы? Астроном болу үшін не істеу керек? Астроном адамдар немен айналысады? Астрономдар неліктен ғаламшарларды зерттейді? Өлеңдегі кейіпкер алдына қандай мақсат қойды? | Өлеңді мәнерлеп оқып, түсінгендерін айтып береді Өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді Өлең 2 шумақтан тұрады Әр өлең шумағында төрт жол бар Өлеңнің әр жолында 8 буын бар Өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді | Дескриптор 5балл Өлеңді мәнерлеп оқиды. Түсінгенің айтады Өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді Дескриптор 3балл Өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бер | | |
Сабақтың соңы | Үйге: 33бет 2-тапсырма жаттау | Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады | Күнделік | ||
Рефлексия «Табыс сатысы». | «Мен ........................................білемін», «Мен....................................түсінемін», «Мен ..........................жасай аламын». | |
Сынып: 4 | Күні: | Мектеп: №6 | Мұғалім: Махметова ДК | Кабинет: | |
Тақырыбы: | «Қазақтың тұңғыш ғарышкері». | ||||
Тәрбиеге негізделген оқу мақсаты: | Білімділігі: Қазақтың тұңғыш ғарышкері, Байқоңыр ғарыш аймағы туралы түсінік беру. Дамытушылығы: Сөздік қорын, тіл байлығын дамытуға, дүниетанымын кеңейтуге ықпал ету. Тәрбиелілігі: Ғалам құпияларын оқып, білуге шақыру. Өз елін, жерін, мәдениетін сүюге баулу. | ||||
Сабақтың әдістері: | түсіндіру, сұрақ - жауап, топтық, ұжымдық жұмыс, т. б. | ||||
Оқушылардың басым бөлігі: Оқушылар ой бөлісу, ортаға салу, шешім қабылдау арқылы, өз ойын білдіруге ұмтылады. | |||||
Кейбір оқушылар: қосымша ақпараттар жинақтау. | |||||
Тілдік мақсат | Оқушылар: Оқушылар ой бөлісу, ортаға салу, шешім қабылдау арқылы, өз ойын білдіруге ұмтылады. Өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады. |
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар | Табыс критерийі. (Бағалау өлшемдері) | ресурстар | |
Басталуы Ұйымдастыру Топқа бөлу Қызығушылықты ояту | Сәлемдесу. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. Психологиялық дайындық: Мен ақылдымын, Қиындықтан қорықпаймын Мен жаспын, қандай әдемімін, Мен ұзақ өмір сүремін Менің қолымнан көптеген жақсылық келеді. Мен халқыма кызмет етемін Айға ұшамын, жерге түсемін, Халқыма тыныштық тілеймін. Топқа бөліну. Оқушыларды топқа бөлу: 1 - топ «Ай» 2 - топ «Күн» 3 - топ «Жұлдыз» «Қызығушылығын ояту» Жұмбақ шешу. 1 - топ Самұрық құс самғады, Көктен өтіп. Айға жетіп, Жеңілдеді салмағы. (Ғарыш кемесі) 2 - топ Аспанда бір алып құс, Ызғып ұшып барады. Қарап тұрсақ ғажайып, Соңында із қалады. (Зымыран) 3 - топ Құстан аумайды, Көкте зулайды. ( Ұшақ ) | Сәлемдесу Бір-біріне тілектер айтады. Жұмбақ шешу | Үлестірмелі парақшалар маркер | |
Ортасы Мағынаны тану Мағынаны ажыра-ту сатысы (жаңа ақпарат) -оқушыларды белсене қатыстыру -стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жасай білу, баяндау Суретпен жұмыс Қосымша дерек | - Ендеше, балалар Ғарыш кемесіне мініп, аспан әлеміне саяхатқа шығамыз. Планеталардың тапсырмасын орындаймыз. Плутон - Күн жүйесіндегі планеталардың ішіндегі ең кішісі. Бұл планетаны ергежейлі планета деп атап кеткен екен. Сұрақ-жауап. Ой қозғау. 1. Аспан денелері туралы білетіндерін айту. 2. Ғарышкерлер туралы не білеміз? 1-оқушы. 1. Ай - Жердің табиғи серігі, Жерге ең жақын аспан денесі. 2-оқушы. 2. Күн - қызған газды шар. Жерге ең жақын жұлдыз. Күн жерге жақын болғандықтан ғана үлкен болып көрінеді. 3-оқушы. 3. Жұлдыз - өте күшті қызған газдан тұратын, өзінен жарық шығаратын және табиғаты жағынан Күнге ұқсас аспан денелерінің бірі. - Қандай ғарышкерлерді білесіңдер? Қазақ ғарышкерлерінің есімдерін ата? 4-оқушы. 1991 ж. 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіров «Союз Т - 13″ ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. 5-оқушы. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т. А. Мұсабаев ғарышта 2 рет (1994, 1998) болды. 6-оқушы. 1991 ж қазанның 10 – да Жерге қайтып қонды. Ғарышта болған мерзімі 7 күн, 22 сағ 13 мин Қазақтың тұңғыш ғарышкері. 7-оқушы. Техника ғылым докторы, профессор. Кеңес одағының батыры. 8-оқушы. Сонымен Тоқтар ағаның ізін басқан яғни ғарышқа ұшқан ғарышкер Талғат Мұсабаев. Жыл сайын 12 сәуірде ғарышкерлер мейрамын барша Қазақстандықтар тойлайды. Уран - Урандағы 1 жыл Жердегі 84 жылдай уақытқа созылады екен. Байқоңыр — ғарыш алаңы. Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан. Іргесі 1955 ж қаланған. Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр. 1957 ж. 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды. 9-оқушы. Байқоңырдан 1961 ж. 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Ю. А. Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. 10-оқушы. Т. Әубәкіров 1946 ж маусымның 27 - де Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, 1 - май ұжымшарында дүниеге келген. 11-оқушы. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. техника ғылымдарының докторы, профессор. 1965 - 69 ж. Армавир Әуе қорғанысы ұшқыштардың жоғары әскери оқу орнында оқыған, ұшқыш - инженер. 12-оқушы. 1991ж қазанның 2 - де зерттеулік ғарышпен Александр Волков және Австралия ғарышкері Франц Фибон Союз ТМ - 13 ғарыш кемесімен ғарышқа ұшуға кірісті. Апта бойы «Мир»орбиталды кешенінде жұмыс істеді. Марс - Аңырақай Аңырақай немесе Қызыл жұлдыз деп те атайды. Қазіргі зерттеулер бойынша Аңырақайдағы жыл Жер дегіден екі еседей ұзақ. | Сұрақ жауап Сұрақ -жауап Топпен жұмыс Жеке жұмыс | Плакат, қалам, мар Кер оқулық | |
Аяқталуы Ойтолғау | Ой толғаныс. I – топ. Ғарышкер ағаларға арналған өлең шығару. II – топ. Қазақстан ғарышкерлерін атап беріңдер? III – топ. Ғарышкер. Бес жолды өлең құрастыру. | Топтық жұмыс. | | |
Рефлексия 2мин. | | Стикерлер жапсырады. | |
Пән: Қазақ тілі Бөлімі: Ғарышқа саяхат Сабақ тақырыбы: Ғарыштағы ас мәзірі | Мектеп: №6 | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: МахметоваД. | |||||||||||
Сынып: 4 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Оқу мақсаты: | 4.2.4.1 мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сәйкестігін анықтау және ондағы негізгі ойды тұжырымдау 4.3.2.1* - тірексөздерді қолданып белгілі бір стильде мәтін (мақала, мінездеме) жазу 4.4.2.9 етістікті тиісті шақта (өткен шақ, келер шақ, осы шақ) қолдану | |||||||||||
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар: | |||||||||||
-мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады; -тірек сөздер, суреттер арқылы әңгіме құрап жаза алады: -етістіктің шақтарын ажырата алады: | ||||||||||||
Оқушылардың көбі: | ||||||||||||
-мәтіннің тақырыбын тауып, негізгі ойды анықтайды
| ||||||||||||
Оқушылардың кейбірі: | ||||||||||||
| ||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||
Тірек сөздер | Пәндік терминология мен тірек сөздер Ақорда, елтаңба, шаңырақ | |||||||||||
Құндылықтар | Жаңалыққа құштарлығын арттыру, мақсат қоюға баулу, жақсы қасиеттерін дамыту | |||||||||||
Пәнаралық байланыс | әдебиеттік оқу, дүниетану | |||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Ғарыш дегеніміз не? | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы 1-5 минут 5 минут | І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал. Біздер тату баламыз, Өсіп алға барамыз. Оқып,біліп, үйреніп, Білімді шәкірт боламыз. Ой қозғау (Ө, Т, Ұ) «Ғарышкер қандай болады?» сұрағына жауап табу үшін әр топқа қағаз таратылады. Тапсырма «Консенсус» әдісі бойынша жүргізіледі. Әр оқушы қағаздың шетіне өз ойын жазады. Жазып болған соң, топ мүшелері ақылдаса отырып, қағаздың ортасын «Ғарышкер қандай болады?» ортақ пікірін жазады. Топ ішінен бір оқушы шығып, өз ойларын ортаға салады. Қалған топ мүшелері пікірді толық түсіну үшін сұрақтар қойып немесе пікірлер айта алады. Ықтимал жауаптар:білімді болады, ақылды болады, мықты болады, т. б Қ.Б Топтар бір-бірін бас бармақ арқылы бағалайды. ІІ.Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады. | Слайд -1 Интерактивті тақта парақшалар | ||||||||||
Сабақтың ортасы 5-35 минут 5 минут 5-7 минут 1минут 10 минут | ІІІ. Негізгі бөлім 4.2.4.1 Өлеңді оқу,ат қою, негізгі ойды анықтау Оқулықтан 80-бет, 7-жаттығу Топта ақылдаса отырып, өлеңге ат қояды, негізгі ойды анықтайды, қарамен жазылған сөздерге назар аударып, қай шақта тұрғанын айтады. Ықтимал жауаптар: «Ғарышкер боламын»зулап келемін, көремін, кіріп келемін.Өлеңдегі негізгі ой.... «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы арқылы топтар жұмыстарын бағалайды. Орындаған жұмыстарының екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс-әрекеттеріне кері байланыс жасайды. Дескриптор: -өлеңге ат қояды; -негізгі ойды анықтайды; -етістіктердің қай шақта тұрғанын айтады; 4.4.2.9 етістікті тиісті шақта (өткен шақ, келер шақ, осы шақ) қолдану 1 топ. ______ _____ _______ ойнап жүрді. ______ _____ _______ _____ жинап жатырмын. ______ _____ _______ келеді. 2 топ. _____ _____ ______ жаттап отыр. ______ ____ _____ жауды. ______ _____ _______ барады. 3топ. _____ _____ ______ оқып отыр. ______ ____ _____ күтіп тұрды. ______ _____ _______ сыйлайды. Дескриптор: -сызба бойынша сөйлем құрау; -қай шақта тұрғанын айтады: Қ.б Өзін – өзі бағалау 4.3.2.1 (Ж, Ө, Т) Сурет бойынша әңгіме құрап жазады. 11-жаттығу, 81 бет (Ж),(Қ) «Әткеншек»әдісі бойыншажазғанжұмыстарымен алмасып, оқу,тексеру Жазған әңгімелерін топта жариялап оқиды. Қ.Б. Мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асады. Дескриптор:
Шығармашылық тапсырма «Мозайка » әдісі арқылы суреттерді құрастырып, зат атуларын қатыстырып, іс-әрекеттің осы шақта болатынын білдіретін сөйлемдер құрап жазу. 1-топ.Аққу 2-топ.Арыстан 3-топ.Қайық Дескриптор:
| Қосымша№1 парақшалар Слайд | ||||||||||
Қорытынды бөлім 35-40 минут 5 минут | Сабақты қорытындылау.
Оқушылардан кері байланыс алынады. Үйге тапсырма: «Ғарышкер»тақырыбына бес жолды өлең құрастыру. Сызба бойынша «Ғарышкер» тақырыбына бес жолды өлең құрастырып жазу. 1. Ғарышкер 2. Сын есім ( 2 сөз) 3. Етістік (3 сөз) 4. Сөйлем. 5. Синоним сөз | Қосымша №3 | ||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||
Саралау | Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыс денсаулық пен қауіпсіздік | ||||||||||
Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру. Қабілеті жоғары оқушыларға одан әрі дамуы үшін қосымша тапсырмалар беріледі. Көмек қажет ететін оқушыларға қайта түсіндіру арқылы қолдау көрсетіледі. | Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар негізінде «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы, өзара бағалау, «Бас бармақ» арқылы жүзеге асады. | Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау. | ||||||||||
Рефлексия Сабақ мақсатына жеттім бе? Оқушылар не үйренді? Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма? Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма? Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен? | | |||||||||||
Қорытынды бағалау Сабақтың ең ұтымды кезеңдері. 1: 2: Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі әдіс. 1: 2: Келесі сабақты жоспарлауға септігін тигізетіндей осы сабақтан сыныптағы және жеке оқушылар жайлы не білдім? |
Білім беру ұйымы: Қысқа мерзімді сабақ жоспары | |||||||||||||||||||||||||
Пән: Қазақ тілі Т2 | Бөлім: 7-бөлім «Ғарышқа саяхат» | ||||||||||||||||||||||||
Педагогтің Т.А.Ә.: | | ||||||||||||||||||||||||
Күні: | | ||||||||||||||||||||||||
Сынып: 4 | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: Шарға ұқсас денелер | |||||||||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары | 4.3.1.1* мәтінді іштей, түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/белгі қойып оқу 4.4.3.1* сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің тыныс белгісін (нүкте) тиісті тыныс белгілерін қолдану | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: Ғаламшар туралы қызықты мәлімет оқып,. ,аламшардың сыртқы сипатын айтып бере алады. Көпшілігі: Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің тыныс белгісін (нүкте) қолданысын түсіндіріп, сөйлемде де қолдана алады. Кейбірі: берілген ақпарат бойынша қорытынды тұжырым жасай алады. | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 8 минут | Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.Оқушыларды түгендеу. Психологиялық ахуал орнату. *Уәж тудыру: -Көңіл-күйлерің қандай? Үй тапсырмасын тексеру. (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі Сурет арқылы сабақтың тақырыбын ашу: -Қалай ойлайсыңдар, біздің бүгінгі тақырыбымыз қандай? *Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру | Психологиялық дайындық Бір, екі, үш Сынып іші тып – тыныш. Жалқаулықты тастаймыз, Сабақты біз бастаймыз. Айтылым. Үй тапсырмасын оқиды, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. (Ұ) Сурет арқылы сабақтың тақырыбын болжайды. Сабақтың мақсатымен танысу Ғаламшар туралы қызықты мәлімет оқисың. Ғаламшардың сыртқы сипатын айтып бере аласың. | Оқушылар сыныптастарын тыңдай отырып бірін-бір бағалайды. «Бас бармақ» | слайд Суреттер | |||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы (9-42 минут) | Сөздікпен жұмыс: ғаламшар-планета дөңгелек-круглый ұқсас-похожий 1. Осы сөздердің мағыналарын суретті сөздік арқылы түсіндіру. 2. Дұрыс айтуға дағдыландыру: мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды; -Оқылымалды тапсырма. Қуаныш бізге жолда хабарлама жіберіпті. Сол хабарламамен танысып көрейікші. -Кәне, кім оқып береді? | Тыңдалым. Айтылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, оқиды, мұғалім соңынан қайталайды. Оқушылар жаңа сөздермен сөз орамдарын, қарапайым сөйлем құрастырады. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазады. Қуаныштың сөзін оқиды: Балалар, мен ғаламшар туралы кітап таптым. Бұл кітапта ғаламшарлар туралы көп мәлімет берілген. Келіңдер, бірге оқиық! | Ауызша кері байланыс беру. Жақсы! Тамаша! | Оқулық суретті сөздік слайд https://www.opiq.kz/kit/33/chapter/4379 | |||||||||||||||||||||
| 1-тапсырма.Мәтінді оқы. Не туралы екенін анықта. Жалпы мәтін бойынша түсінгенін сұрайды және мәтінде оқушылардың өздерін қызықтырған немесе түсініксіз сөздері болса оны түсіндіріп, талқылайды. | Оқылым .Оқушылар Қуаныштың ұсынысы бойынша мәтінмен 2 минут ішінде танысып шығады. Не туралы екенін анықтайды. | «Бас бармақ» | 26-бет. 28 бет | |||||||||||||||||||||
Құрметті оқырман! Бұл кітап ғарыш әлемінің құпиясын ашады. Ғарыш туралы көп мәлімет береді. Алдымен «ғаламшар» сөзінің мағынасын түсініп алайық. «Ғаламшар» сөзі екі сөзден құралған. «Ғалам» сөзі «әлем» сөзімен мәндес болып келеді. «Шар» сөзінің мағынасын білесіңдер. Ол дөңгелек және ұшып жүреді. Ғалымдар ғарышта пішіні дөңгелек, шарға ұқсас денелер бар екенін анықтады. сол денелер – ғаламшарлар. Олардың арасында «Жер» ғаламшары да бар. Міне, қызық! Жер де айналып жүретін көрінеді. Біз оны байқамаймыз.
Қарсы мағыналы сөздерді сәйкестендіреді: дөңгелек –өзге, ұқсас- сопақ Мәндес сөздерді сәйкестендіреді: әлем- ғалам ,ақпарат- мәлімет | Дескриптор: - мәтіннің мазмұны түсінеді -қарсы мағыналы сөздерді сәйкестендіреді-мәндес сөздерді сәйкестендіреді Оқушылар сыныптастарын тексере отырып бірін-бір бағалайды. | ||||||||||||||||||||||||
2. Кестеден дұрыс жауапты таңда. Оқушылар сөйлемдерді оқып, қандай мақсатта жұмсалып отырғанын анықтайды, кестеде жауапты мәтін бойынша дәлелдейді. А) Адам белгілі бір нәрсе туралы хабарлайды. Ә) Адам өзінің пікірін білдіреді. Б) Адам белгілі бір затты сипаттайды.
| Дескриптор: -сөйлемдерді оқып, қандай мақсатта жұмсалып отырғанын анықтайды, -кестеде дұрыс жауабын жазады. | ||||||||||||||||||||||||
«Есте сақтайық!» айдары Нүкте тыныс белгісінің маңызын ақынымыз Қадыр Мырза Әлидің « Нүкте» өлеңімен түсіндіреді. Оқушы санасында ережені тұрақтандыруға күш салады. 4 –тапсырма. Ережені нақтылату мақсатында хабарлы сөйлем түрлеріне оқушылардың өздері өз жанынан сипаттау, пікір білдіру, хабарлау, баяндау мақсатында 3 сөйлемнен құрап түсіндіру тапсырмасын береді. | Дескриптор: -сөйлемді қатесіз жаза біледі. -тыныс белгілерді орынды қолданады | ||||||||||||||||||||||||
| Айтылым .Жазылым. Сурет бойынша сұраққа жауап береді.Сөйлем құрап жазады. Үлгі: Ғаламшарлар допқа ұқсайды. ... | Мұғалімнің бағалауы бойынша | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | . Үй тапсырмасы: Жаңа сөздерді жаттау.28 бет 3-тапсырма Сөйлемдерді оқы. Сөйлем соңына нүктенің (.)қойылуын түсіндір. Рефлексия(Ө) «Баспалдақ» арқылы оқушылар сабақтағы өз жұмысына баға береді Бағалау.Мұғалім формативті бағалауы бойынша қорытынды балын қояды. |
1 | Ғарышкерлер ғарышайлағына келді. | а |
2 | Ғарышта уақыт тез өтеді. | |
3 | Менің ойымша, болашақта ғаламшарларда өмір сүруге болады. | |
4 | Мен ғарышкерлерді батыл адамдар деп ойлаймын. | |
5 | Ғаламшарлардың пішіні дөңгелек, шар сияқты болып келеді. | |
6 | Аспанда зымыран ұшып бара жатыр. | |
7 | Кейбір ғаламшарлар шарға ұқсас болады. | |
1 | Ғарышкерлер ғарышайлағына келді. | а |
2 | Ғарышта уақыт тез өтеді. | |
3 | Менің ойымша, болашақта ғаламшарларда өмір сүруге болады. | |
4 | Мен ғарышкерлерді батыл адамдар деп ойлаймын. | |
5 | Ғаламшарлардың пішіні дөңгелек, шар сияқты болып келеді. | |
6 | Аспанда зымыран ұшып бара жатыр. | |
7 | Кейбір ғаламшарлар шарға ұқсас болады. | |
1 | Ғарышкерлер ғарышайлағына келді. | а |
2 | Ғарышта уақыт тез өтеді. | |
3 | Менің ойымша, болашақта ғаламшарларда өмір сүруге болады. | |
4 | Мен ғарышкерлерді батыл адамдар деп ойлаймын. | |
5 | Ғаламшарлардың пішіні дөңгелек, шар сияқты болып келеді. | |
6 | Аспанда зымыран ұшып бара жатыр. | |
7 | Кейбір ғаламшарлар шарға ұқсас болады. | |