Файл: азастан Республикасы Білім жне ылым министріні кейбiр бйрытарына згерiстер енгізу туралы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 54

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


      77. Кезекті емтиханнан "2" деген баға алған 9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім алушылары келесі емтиханға жіберіледі.

      78. 9 (10) және 11 (12) сыныпта пән бойынша қорытынды бағаларды шығару кезінде қорытынды баға емтихан нәтижелері (бес балдық шәкіл бойынша) және оқу жылындағы тоқсандық бағалар (бес балдық шәкіл бойынша) 30:70 арақатынаста қойылады. Қорытынды бағаны дөңгелектеу жақын бүтін санға жүргізіледі.

      Егер 11 (12) сыныптарда инварианттық компоненттің тереңдетілген және стандартты деңгейлерінің пәндері таңдалмаған жағдайда, жалпы орта білім туралы аттестатқа осы пәндер бойынша 9-сыныпта алған қорытынды бағалары қойылады.

      79. Жазбаша емтиханға қойылған бағалармен келіспеген жағдайда білім алушы емтихан бағасы жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13:00-ге дейін мектеп, "НЗМ", аудандық, қалалық білім бөлімдері, білім басқармалары, сондай-ақ республикалық мектептердің білім алушылары үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) жанынан құрылған тиісті комиссияға апелляцияға өтініш береді.

      Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша апелляцияға өтінішті тиісті Комиссия тек тапсырмалардың мазмұны және/немесе техникалық себептер бойынша қабылдайды және 2 (екі) жұмыс күні ішінде қарайды.

      Апелляцияға берілген өтініште баяндалған нақты фактілер қарауға жатады. Нақты тапсырма бойынша дәлелді негіздеме (толық түсіндірме) көрсетілмей өтініштер қарауға жатпайды.

      Апелляция бойынша өтініштер осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша апелляцияға өтініштерді тіркеу журналында тіркеледі.

      Апелляцияға өтініштер бойынша шешім осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді.

      80. Қорытынды аттестаттау өткізу үшін ағымдағы жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде Комиссия мектеп директорының бұйрығымен мектептер жанында, "НЗМ" ДББҰ Басқарма төрағасының бұйрығымен "НЗМ" жанында, білім бөлімі басшысының бұйрығымен аудандық, қалалық білім бөлімдері жанында, басқарма басшысының бұйрығымен білім басқармалары жанында және Министрдің бұйрығымен Министрлік жанында (республикалық мектептер үшін) құрылады.

      81. Мектеп жанынан құрылған Комиссия құрамына пән мұғалімдері және мектеп директорының орынбасарлары (болған жағдайда), қоғамдық ұйымдардың (болған жағдайда) және ата-аналар комитетінің өкілдері кіреді. Комиссияны мектеп директоры немесе оның орнын алмастырушы тұлға басқарады.


      Мектеп жанындағы Комиссия мүшелерінің саны негізгі және орта мектепте бір бітіруші сынып-кешен болған кезде кемінде бес адамнан және негізгі және орта мектепте екі және одан көп бітіруші сынып-кешен болған кезде кемінде жеті адамнан тұрады.

      82. Аудандық, қалалық білім бөлімі жанындағы Комиссия құрамына пән мұғалімдері, білім бөлімдерінің, қоғамдық ұйымдар мен ата-аналар комитетінің өкілдері, сондай-ақ білім бөлімі қызметкерінің арасынан тағайындалған хатшы енеді. Комиссияны білім бөлімінің басшысы немесе оның орнын алмастырушы тұлға басқарады.

      83. Білім басқармасы жанындағы Комиссия құрамына пән мұғалімдері, білім басқармасының мамандары, қоғамдық ұйымдардың және ата-аналар комитеттерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ білім басқармасы қызметкерлерінің арасынан тағайындалған хатшы кіреді. Комиссияны білім басқармасының басшысы немесе оның орнын алмастырушы тұлға басқарады.

      84. Министрлік жанындағы Комиссия құрамына пән мұғалімдері, Министрлік және Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың және ата-аналар комитеттерінің өкілдері, сондай-ақ Министрлік қызметкерлері арасынан тағайындалған хатшы енеді. Комиссияны Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі немесе оны алмастырушы адам басқарады.

      85. Мектеп жанынан қалыптастырылған Комиссия келесі іс-шараларды жүзеге асырады:

      1) білім алушылар, педагогтер мен ата-аналар үшін қорытынды аттестаттау өткізу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

      2) 11 (12) сынып білім алушыларының таңдаған пәндерінің тізбесін көрсете отырып қорытынды аттестаттау тапсыратын 11 (12) сынып білім алушыларының тізімін қалыптастыру және ағымдағы жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде ҰТО филиалына жолдау;

      3) қорытынды аттестаттау өткізу, сондай-ақ қорытынды аттестаттауға білім алушыларды даярлау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      4) 9 (10) сынып білім алушыларының және жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаттарын алуға үміткерлердің осы Қағидалардың 41-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айқындалған оқу пәндерінен басқа 11 (12) сынып білім алушыларының жазбаша емтихан жұмыстарын қарау;

      5) жазбаша емтихан жұмыстары аяқталғаннан кейін Хаттаманың электронды нұсқасын білім бөлімдеріне немесе басқармаларына жолдау;

      6) тестілеу нәтижелерін беру және пайдалану;

      7) жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаттарын алуға үміткерлердің осы Қағидалардың 41-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айқындалған оқу пәндерінен жазбаша емтихан жұмыстарын білім басқармалары жанынан қалыптастырылған Комиссия қарауына (республикалық мектептер Министрлік жанынан қалыптастырылатын Комиссия қарауына) білім бөлімдері арқылы жолдау;



      8) осы Қағидаларға 4-қосымшада келтірілген Тестілеу балдарын жалпы орта білім туралы аттестаттың бағаларына ауыстыру шәкіліне сәйкес тестілеу нәтижелерінің балдарын бағаларға ауыстыру;

      9) апелляцияға түскен ұсыныстардың негізділігін қарау және шешім қабылдау.

      86. Аудандық, қалалық білім бөлімі жанынан қалыптастырылатын Комиссия келесі іс-шараларды жүзеге асырады:

      1) білім алушылар, педагогтер мен ата-аналар арасында қорытынды аттестаттау өткізу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

      2) қорытынды аттестаттауды өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      3) жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаттарын алуға үміткерлердің осы Қағидалардың 41-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айқындалған оқу пәндерінен жазбаша емтихан жұмыстарын білім басқармасы жанынан қалыптастырылатын Комиссия қарауына жолдау;

      4) апелляцияға түскен ұсыныстардың негізділігін қарау және нақты шешім қабылдау.

      87. Білім басқармасы жанынан қалыптастырылатын Комиссия келесі іс-шараларды жүзеге асырады:

      1) ағымдағы жылғы 10 наурызға дейінгі мерзімде таңдалған пәндер тізбесін көрсете отырып, жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестатын алуға үміткерлердің жиынтық тізімін "НЗМ" ДББҰ-ға жіберу;

      2) білім алушылар, педагогтер мен ата-аналар арасында қорытынды аттестаттау өткізу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

      3) қорытынды аттестаттауды өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      4) жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаттарын алуға үміткерлердің жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаттарын алуға үміткерлердің осы Қағидалардың 41-тармағының 1) тармақшасында айқындалған оқу пәнінен жазбаша емтихан жұмыстарын қарау;

      5) жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаттарын алуға үміткерлердің жазбаша емтихан жұмыстарын қарау нәтижелерін мектептерге жолдау;

      6) апелляцияға түскен ұсыныстардың негізділігін қарау және нақты шешім қабылдау.

      88. Білім басқармалары жанынан қалыптастырылатын Комиссиялар келесі іс-шараларды жүзеге асырады:

      1) білім алушылар, педагогтер мен ата-аналар арасында қорытынды аттестаттау өткізу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

      2) қорытынды аттестаттауды өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      3) жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаттарын алуға үміткерлердің жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаттарын алуға үміткерлердің осы Қағидалардың 41-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айқындалған оқу пәндерінен жазбаша емтихан жұмыстарын қарау;


      4) жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаттарын алуға үміткерлердің жазбаша емтихан жұмыстарын қарау нәтижелерін мектептерге жолдау;

      5) апелляцияға түскен ұсыныстардың негізділігін қарау және нақты шешім қабылдау.

      89. "НЗМ" жанынан құрылған Комиссия келесі іс-шараларды жүзеге асырады:

      1) жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестатын алуға үміткерлер, олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдерінің үшін қорытынды аттестаттауды өткізу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

      2) осы Қағидалардың 41-тармағының 2) тармақшасында айқындалған оқу пәні бойынша жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестатын алуға үміткерлерді қорытынды аттестаттаудан өткізу бойынша жұмысты ұйымдастыру;

      3) осы Қағидалардың 41-тармағының 2) тармақшасында айқындалған оқу пәні бойынша жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестатын алуға үміткерлердің жазбаша емтихан жұмыстарын қарау;

      4) апелляцияға келіп түскен өтініштердің негізділігін қарау және олар бойынша шешім қабылдау;

      5) қорытынды шығару және Комиссия отырысының хаттамасын бекіту;

      6) Комиссия отырысының хаттамасын тиісті өңірлердің білім басқармаларына жолдау.

      90. Министрлік жанынан қалыптастырылатын Комиссия келесі іс-шараларды жүзеге асырады:

      1) білім алушылар, педагогтер мен ата-аналар арасында қорытынды аттестаттау өткізу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

      2) қорытынды аттестаттауды өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      3) республикалық мектептердің жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаттарын алуға үміткерлердің осы Қағидалардың 41-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айқындалған оқу пәндерінен жазбаша емтихан жұмыстарын қарау;

      4) жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестатын және "Алтын белгі" белгісін алуға үміткерлердің жазбаша емтихан жұмыстарын қарау нәтижелерін білім басқармаларына, республикалық мектептерге жіберу;

      5) апелляцияға түскен ұсыныстардың негізділігін қарау және нақты шешім қабылдау.

      91. Жұмыстардың қорытындысын шығару және "Алтын белгі" белгісімен марапатталған білім алушылардың тізімін бекіту туралы шешімді қабылдау жөніндегі мектеп жанынан қалыптастырылған Комиссияның қорытынды отырысы тиісті жылдың 14 маусымынан кешіктірілмей өткізіледі.

      92. Негізгі орта білім туралы үздік аттестат, жалпы орта білім туралы үздік және жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаттарын және "Алтын белгі" белгісін иеленген білім алушылардың тізімі мектеп директорының бұйрығымен бекітіледі.


      93. Білім басқармалары және республикалық мектептер білім алушыларды қорытынды аттестаттау нәтижесі туралы қорытынды мәліметтерді Министрлікке ағымдағы жылғы 1 шілдеден кешіктірмей ұсынады.

      94. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау нәтижелері ағымдағы жылғы тамызда оқу жылының жұмыс қорытындылары бойынша мектеп жанынан құрылған Комиссияның барлық мүшелерінің қатысуымен педагогикалық кеңесте талқыланады. Педагогикалық кеңес оқу-тәрбие жұмысының сапасын жақсарту бойынша нақты шаралар қабылдайды.

 

Бастауыш, негізгі орта, жалпы
орта білімнің білім беретін оқу
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарындағы білім
алушылардың үлгеріміне
ағымдық бақылаудың, оларды
аралық және қорытынды
аттестаттау жүргізудің
үлгі қағидаларына
1-қосымша