Файл: Реферат Таырыбы азіргі мдениеттегі апаратты рлі Курс 2 Тобы хб211 Орындаан Мсабек лжан.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Реферат

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 18

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

Кафедра: Химия және биология мұғалімдерін даярлау

Реферат

Тақырыбы:Қазіргі мәдениеттегі ақпараттың рөлі

Курс: 2

Тобы: ХБ-21-1

Орындаған: Мұсабек Ұлжан

Тексерген:

Тараз 2023


Жоспары:

1.Ақпарат туралы түсінік.

2.Ақпарат философиялық көзқарас бойынша...

3.Ақпараттық мәдениет

4.Ақпараттық мәениет туралы түсініктер

5.Студенттердің ақпараттық компаненттері

Ақпарат дегенімізді және ақпарат теориясын дұрыс түсіну үшін оған қажетті функционалды ұғымдарды жан-жақты қарастырып алған жөн. Олар белгі, таңба, тіл және т.б. сынды бірін бірі туындата өрбитін ұғымдар. Ақпарат теориясында кең мағынадағы (сөйлейтін тіл шекарасымен бітпейтін) тіл ұғымының алатын орны зор. Өйткені адамзат мәдениетіндегі ақпарат алмасудың негізгі жолы тіл болып табылады.

Ақпарат философиялық көзқарас бойынша шынайы өмірдің мәлімет арқылы немесе хабарлама арқылы көрінетін бейнесі, ал хабарламаның өзі – мәтін, сурет, сандар, графиктер, кестелер түрінде берілетін ақпарат. Ақпарат сөзі кең мағынада – бұл қазіргі заманғы ғылымның негізгі түсінігі, сонымен қатар материя, энергия, уақыт, кеңістік және адамның басқа адамдармен араласуы, тірі мен өлі табиғыттың дабыл-белгілерінің алмасуы, адам мен аппараттардың өзара алмасуымен сипатталады. Ақпарат – бұл қоршаған ортаның көріністері мен объектілер жөнінде мәліметтер мен білімдер жиынтығы. Ақпарат – автордан шыққан және қоғамның қазынасына айналған білімнің бір түрі.

Егер бірнеше ондаған жылдар бұрын ақпарат мәні мен мазмұны туралы мәселені БАҚ қызметкерлері қарастыратын болса, онда қазір ақпаратты ұғыну шеңбері кеңейді және ақпараттың рөлі ақпараттық қоғам теориялық бағытының өкілдері: Дж. Андрела, П. Пиганьоль, Ж.Ж. Серван-Шрайбер, Ж. Фурастье, Б.Брукс, Ю. Гарфилд, Ч. Медоу, Э. Тоффлер және т.б. еңбектерінде қарастырылған. Бұл авторлар көбіне адамзат тарихында ғылым мен техниканың, экономиканың қарқынды дамуы нәтижесінде қоғамдағы ақпараттардың көлемінің ұлғаюы және мәнінің артуына байланысты «ақпараттық төңкеріс» жүзеге асты деп тұжырымдайды.

«Ақпараттық мәдениет» терминінің пайда болуы Г.Г.Воробьевтың «Басқару қызметіндегі ақпараттық мәдениет» атты еңбегімен байланысты. Басқару ақпараттық үрдерістер басым орынды алатын интеллектуалдық қызмет саласына жатады. Г.Г.Воробьев ақпараттық мәдениетті қолдану аясын кеңейтіп, өндірістік еңбекті арттыратын – білім, қабілеттіліктер, практикалық икемділікті қарастырады. Ол ақпараттық мәдениеттің құрамдас бөліктеріне – ақпарат қызмет көрсету орындарымен қарым-қатынас жасай білу, өзінің ақпараттық қажеттіліктерін құра білу, ақпаратты мақсатты түрде пайдалана білу қабілеттіліктерді енгізді. Г.Г.Воробьев, сонымен қатар, құрамдас бөлікке ақпараттық ағымдардың артуына қатысты қоғамның өзгеруіне ықпал ететін компьютерлік техникалардың рөлін түсінуді жатқызуды ұсынды.


Қоғамдық ғылымдар ауқымында «ақпарат» ұғымына байланысты үш түрлі көзқарас қалыптасқан. Ғылыми көзқарас бойынша ақпарат материя құрылымын және оны тану әдістерін бейнелейтін алғашқы жалпығылыми категория. Абстрактілі көзқарас тұрғысынан алсақ, ақпарат орындаушыға мағына әкелетін символдар қатарынмен айқындалынады. Нақты көзқарас ақпараттың тек кеңістікте ғана емес, уақытта да таралатынын көрсетеді. Ежелгі қолжазбала, кітаптар, жарға салынған суреттер, археологиялық олжалар – ерте замандағы ақпарат көздері.

Ал ақпараттық мәдениет - адамға ақпараттық кеңістіктің қалыптасуына қатыcyғa және ол кeңicтікті epкін бағдарлай алуға, ақпараттық өзара ic-әрекетке түсуге мүмкiндiк беретiн бiлiм деңгейi. «Ақпараттық мәдениет - білім, дағдылар мен ережелер, ақпараттық қызмет саласында жасалған және ақпарат пайдаланушыға ақпарат әлемін еркін меңгеріп, өзіне қажетті деректерді (құжаттарды) тұрған жеріне қарамай тауып, пайдалануға мүмкіндік беретін жалпы мәдениеттің бір бөлігі»

Адамның өмір бойы ақпараттық мәдениетін қалыптастыруы, ол болашақ маман үшін олардың кәсіби білімалу аралығында қаланады. Мамандар даярлаудағы алғашқы сатысына олардың өздігінен білімалуына бағытталған шараларды ұйымдастыру ісі пайда болады. Қазіргі ақпараттық технологияларды жоғары білім беру жүйесіне енгізгенде, оқыту материалдарының педагогикалық мазмұндылығы мен әркімнің өздігінен оқып үйренуіне жағдай жасаудың маңызы зор.

Қазіргі кезде ақпараттық мәдениеттің көптеген анықтамалары бар. И.Г.Хангельдиеваның пайымдауынша, ақпараттық мәдениет адамның өмірдегі ақпаратты қабылдауы, сақтауы болып табылады. Е.А.Медведеваның ойынша, ақпараттық мәдениет адамның ақпараттық кеңістікте еркін жұмыс істеу білімінің деңгейі. Э.Л.Семенюктің түсінігі бойынша, ақпараттық мәдениет адамның ақпаратты қабылдауы, сақтай білуі, басқа да сапалы ақпарат жасау және тәжірибеде еркін қолдана білу дәрежесі. Жоғарыда келтірілген анықтамалар ақпараттық мәдениеттің қалыптасу жағдайларын көрсетеді. Сонымен қатар, ақпараттық мәдениет тұлғаның мінездемесі және оның еңбегінің нәтижесі болып табылады.

Н.Б. Зиновьева ақпараттық мәдениеттің күрделі құрылымын бөліп көрсетеді. Оның құрамына келесі мәдениеттерді: коммуникативті (қатынас жасау мәдениеті), лексикалық (тілдік, жазу мәдениетімен, іс-қағаз құжаттарын жүргізу мәдениеті), кітап және оқырман (кітап оқу мәдениеті), интеллектуалдық (ғылыми-зерттеу және ой еңбегі мәдениеті), ақпараттық технологиялық (қазіргі ақпараттық технологияларды пайдалана алу мәдениеті), ақпараттық, құқықтық, дүниетанымдық және адамгершіліктік, библиографиялық элементтерді енгізеді



Ақпараттық мәдениет жалпы мәдениеттің негізгі бөлігі ретінде адамның даму деңгейін көрсетеді. Ақпараттық мәдениет қоғамның белгілі – бір бөлігінің, тұлғаның даму ерекшелігін айқындайды.

Ю.А.Агешин: «Мәдениетті байытатын жаңа құнды элемент ақпараттық мәдениет пайда болды және бұның негізі адамзаттың тіршілігін қамтамасыз ететін басшылыққа алынған әмбебап құндылықтарды мойындау мен ортақ мақсат пен міндеттер үшін шығармашылық байланыстың басымдылығын түсінуден басталады», - деген пікір келтіреді . Ақпараттандыру үрдісі ақпарттық мәдениеттің құбылыс ретінде дамуына әсер етті.

Ақпараттық орта — жаңа ақпараттық өнімді өндірумен байланысты адамзат әрекетінің үнемі кеңейіп отыратын аумағы, технология мен қызметі, себебі, қазіргі ақпараттық ортаға ғылыми – ақпараттық орталық байланысты емес, ақпараттық желі, кітапхана мен архивтер, кеңселік жүйелер, бұқаралық ақпараттық құралдар, яғни түгелдей индустрия құру, сақтау, өңдеу және адамзат әрекетінің барлық аумағында ақпаратты тарату. Бұл «ақпараттық қоғам» тенденциясын көрсетеді – бұл ақпараттық технология негізінде байланыс каналдары мен өзара әрекет ететін мүшелер арқылы іске асырылады.

Қазіргі кездегі қоғам индустриялдық кезеңнен кейінгі дамудың ақпараттық кезеңіне аяқ басты. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар мен студеттер меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен – күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Оның басты сипаттарына — ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану адамдардың көптеген қызмет түрлерін компьютерлендіру, коммуникациялардың бірыңғай халықаралық жүйелерін жасау істері жатады. Қазіргі кездегі адамдар үшін «компьютерлік сауаттылық» дегеніміз кешегі жай сауаттылық (оқып жаза білу) тәрізді міндетті түрде іске асырылатын шара болып саналуы тиіс.

Студенттердің ақпараттық мәдениеті компоненттері келесідей көрсеткіштермен ерекшеленеді:

Осыларды жеке-жеке талдасақ:

Әлемді түсіну: әлемнің қазіргі ғылыми бейнесін түсінумен білімін сипаттайды,ақпараттың ролі туралы, информатика мен ақпараттық технология, қазіргі дамыған қоғамда ауқымды ақпараттық кеңістікті, олардың өзара әрекеті, қазіргі ауқымды үрдістерді түсіну, қоғамның ақпараттық инфрақұрылым туралы құқықтық, этикалық, қоғам мен жеке тұлғаның ақпараттық қауіпсіздігі, ақпараттық қоғамда құбылыстар мен үрдістерді болжау қажеттілігі туралы ауқымды ақпараттық кеңістікті ұғыну;

Рефлекс. Өзін сезіну, өзіндік дамуға ынталандыру, өзін-өзі басқару мен оқу арқылы өзін-өзі игеру рефлексі, сондай-ақ өзінің оқу танымдық қабілеттілігіне талдау жасау арқылы субъектінің өзінің әрекетін түзетуші ретінде өзін-өзі тәрбиелеу.


Компьютерлік сауаттылық. Сандық мәліметтерді өңдеу принципі компьютер құрылғылары және қазіргі сыртқы құрылғылар, Windows ОЖ –сін білу және олармен жұмыс істеуді меңгерту, бумалармен жұмыс істеу дағдысы, стандартты бағдарламалар, мәтіндік және кестелік редакторлармен жұмыс жасай білу, компьютерлік желі ұғымы, Интернет желісі мен жергілікті желіде жұмыс істей білу, қарапайым ақпараттық — іздеуді білу, мәліметтер қоры туралы түсінік, оларды ақпараттық сақтау тәсілдері мен ақпарат алу мүмкіндігін білу, сұраны құра білу, жаңа бағдарламалар құралдарын еркін игеру.

Ақпараттылық сауаттылық. Ақпарат түрлері мен үлгілерін, ақпараттық жүйе мен ресурстар түсінігі, ақпараттар легі, ақпараттық іздеу тілімен танысу жіне ДК-де ақпарат іздеудің қарапайым түрін білу, Интернет желісінде ақпарат – іздеу сұранысын құру, ақпаратты жинау, сақтау,жеткізу, ақпаратты талдау мен синтездеу.

Коммуникативтік. Адам – компьютер диалогын іске асыруды білу, электрондық поштамен жұмыс істеу, интернет сайттарымен, гипермәтінмен жұмыс, адрестер мен сайттардан ақпарат сақтау тәсілдерін игеру, желіде қызмет көрсету бағдарламалары туралы ұғымды білу, қарым-қатынас ережелері мен нормалары, таныс емес жағдайда адам-компьютер диалогын жүргізу.

Ақылмен әрекет ету. Объектілермен, жағдайлармен, түсінік, белгі, түсіну, түсіндіру қабілетін сипаттайды. Түсінікті анықтауда талдау мен синтездеудің қабілеттілігінің болуы, мәселеге қатысты сұрақтар қою, баға беру т.б.

Интелелектуалды шешімді іске асыруды игеру. Шешімді тексеру мен түзету, эвристикалық әдістердің логикалық шешімі мен оны іске асыру, мәселені талдау, жаңа объектімен өзіндік жұмыс жасау.

Ақпаратты қайта өңдеуді игеру. Мәтіннің мағыналы элементін ерекшелеу, негізгі идеяны бейнелеу, негізгі жағдайды, байланыстыалу, мәтінді өзгертуді орындау (жоспар, конспект). Мәтін құрылымын сызба түрінде құру, мәтін бойынша сұрақтар мен жауаптар құрастыру, реферат, резюме құруды меңгеру.