Файл: Лекция жне зертханалы сабатарды, СЖ таырыптарыны атаулары.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 206
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Әдістемелік нұсқау | Ф 3-1.1.30-2022 1 Баспа 02.02.2022 | |
м.х.дулати атындағы тараз өңірлік университеті
БЕКІТЕМІН
Кафедра меңгерушісі х.ғ.к., доцент
_________________Мажибаев А.К.
/қолы/ /аты-жөні./
«_____»_______________2021__ж.
Зертханалық сабақты орындау үшін
Микробиология және вирусология пәні
6В01505 – «Биология мұғалімдерін даярлау» және 6В01507 – «Химия - биология мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының студенттері үшін
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Тараз 2023
Әдістемелік нұсқау зертханалық сабақ орындау үшін
Микробиология және вирусология
5В01505-«Биология мұғалімдерін даярлау» және 5В01507-«Химия - биология мұғалімдерін даярлау»мамандығының білімгерлері үшін
пәннің оқу бағдарламасына сәйкес жасалған.
Әдістемелік нұсқауды құрастырушылар:
аға оқытушы Шолпанқұлова Г.А. ______________________
/қолы/
аға оқытушы Абжапарова А.С.. ______________________
/қолы/
Әдістемелік нұсқау «Химия және биология» кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №_____ «______»_____________2023ж.
Курстың құрамы/мазмұны
Апталар | Лекция және зертханалық сабақтардың, СӨЖ тақырыптарының атаулары | Сағат саны | |
1 | №1Зертханалық сабақ | Микробиологиялық зерттеу әдістері. Зертханалық ыдыстар мен ортаны зарарсыздандыру. | 1,5 сағ |
2 | № 2 Зертханалық сабақ | Қоректік ортаны және микроорганизмдерден препараттар даярлау әдістері. | 1,5 сағ |
3 | №3 Зертханалық сабақ | Микроорганизмдер клеткаларын санау әдістері. | 1,5 сағ |
4 | №4Зертханалық сабақ | Бактериялардың морфологиясы және клеткаларының құрылысын зерттеу | 1,5сағ |
5 | №5Зертханалық сабақ | Микроскопиялық саңырауқұлақтар мен қарапайымдылардың құрылысын зерттеу | 1,5 сағ |
6 | №6 Зертханалық сабақ | Микроорганизмдер физиологиясын зерттеу | 1,5 сағ |
7 | №7 Зертханалық сабақ | Аэробты және анаэробты микроорганизмдерді өсіру әдістері | 1,5 сағ |
8 | №8Зертханалық сабақ | Микроорганизмдерге сыртқы орта жағдайларының әсерін зерттеу | 1,5 сағ |
9 | №9 Зертханалық сабақ | Микроорганизмдер көмегімен көміртегі қосылыстарының өзгеріске ұшырауын зерттеу | 1,5 сағ |
10 | №10Зертханалық сабақ | Азотты заттардың микроорганизмдер көмегімен өзгеріске ұшырауын зерттеу | 1,5 сағ |
11 | №11Зертханалық сабақ | Ауа және су микрофлорасын зерттеу | 1,5 сағ |
12 | №12Зертханалық сабақ | Ауыз судың санитарлы микрофлорасын зерттеу | 1,5 сағ |
13 | №13 Зертханалық сабақ | Топырақтағы микробтар ценозы. Б.В.Перфильев және Д.Р.Габенің әдістері арқылы зерттеу | 1,5 сағ |
14 | №14 Зертханалық сабақ | Спирттік ашу процесін зерттеу | 1,5 сағ |
15 | №15 Зертханалық сабақ | Сүт қышқылы ашу процесін зерттеу | 1,5 сағ |
Микробиологиялық лаборатория жөнінде жалпы мәлімет.
Микробиологиялық лабораторияда білімгерлер микробиологияның әдістерін игереді, топырақ, су, ауа т.б. бізді қоршап тұрған айналадағы субстраттардағы микроорганизмдердің таралуы, биологиясы және басқа да қасиеттерімен танысады, зерттейді. Әсіресе, топырақ микроорганизмдеріне, топтарына, олардың топырақ құнарлылығын түзудегі роліне назар аударып, олардың өсімдіктердің қарым-қатынасын зерттейді.
Микроорганизмдермен жұмыс жасаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың ішіндегі ең маңыздысы- тазалық сақтау.
Лабораторияда жарық мол түсуі керек. Оның терезелері мен солтүстік –батыс, солтүстік-шығыс немесе солтүстік жақта орналасуы керек. Егерде терезелер оңтүстік жаққа қараған болса, күн ашық күндері оны материалмен жауып, көлеңкелеген дұрыс. Қабырғалары тегіс боялған немесе пластиктермен жабылған болуы тиіс. Лабораториядан шығатын есікте қол жуғыш, дезенфекциялаушы ерітінді бар бутил, сабын және сүлгі болуы керек. Еденді пластикамен жабу қажет, өйткені қарағай еденнің тақтайларының аралығында лас жиналады да тазалыққа нұқсан келтіреді.
Жұмыс үстелдері де терезе алдына орналасуы керек, оған жарық мол түскені жөн. Үстел беті пластикамен қапталған болуы тиіс. Үстелдің ортасына приборларға арналған штативтер, флакондар немесе бояулар құйылған ыдыстар, спирт шам немесе газ жанарғысы орналасады. Білімгерлерге үстел айналасынан орын бекітіліп беріледі. Жұмыс үстелінің үстінде сабаққа қатысы жоқ бөтен заттар болмауы тиіс. Сабаққа қажетті заттардың барлығы өнебойы стол үстінде болғаны жөн. Құрал-жабдықтардың жұмысқа сай, дайын болуына лаборанттар жауапты болады. Микробиологиялық лабораторияда халатпен, ақ қалпақпен немесе ақ жаулықпен жұмыс істелінетін естен шығармау керек.
Жұмысқа пайдаланыған заттарды ішінде дезинфекциялаушы сұйықтары /хлораминнің 1%, фенолдың 3%/ бар ыдысқа салып қою керек. Металдан жасалған заттарды /инелерді, ілмешектерді, пинцепті/ ж.мыс жасап болғаннан соң спиртовка жалынына жақсылап қарып алады. Киімге немесе тұтанатын заттарға зерттелетін материалдар кездейсоқ тамып кетсе, ол жерді дизенфекциялаушы сұйықпен жақсылап өңдейді. Жұмыс біткенен кейін қолды дизенфекциялаушы сұйықпен, сабынмен жуып тастайды.
Бөлмені белгілі уақыт өткен соң дизенфекциялаушы ерітіндімен , ал боксты /микробтармен жұмыс істейтін бөлме/ жұмыс жасап біткенен кейін бактерицидтік шаммен 30 минуттай өңдеп алады.
Жалпы микробиологиялық лабораториялардан зат жуғыш, автоклав, қоректік орта даярлайтын, термостаттар орналасқан, препораторлық, бокс- бөлме, виварий бөлмелері болуы керек.
Химиялық реактивтер және кейбір биологиялық препораттарды үй асты төлесінде немесе қабырғаға ойып жасалған қараңғы шкафқа орналастырылады. Жыл маусымында ол бөлмелер құрғақ, температуралары біркелкі тұрақты болғаны жөн.
Микробиологиялық лабораторияда қауіпсіздік техникасы ережелері.
1. Микробиологиялық лабораторияға тек халатпен кіруге және жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
2. Бөгде заттарды алып кіруге тйым салынады.
3..Қызметкерлердің бекітіліп берілген өз орны болуы тиіс, ол тек сол жерде жұмыс істеуі тиіс.
4. Жұмыста тазалық сақтау міндетті.
5. Жұмыс кезінде темекі шегуге, тамақ ішуге тиым салынады.
6. Жұмыс үстелінде тек жұмысқа керекті ғана құрал- жабдықтар болуы тиіс.
7. Жқмыс біткенен кейін жұмыс орнын жинастырып, тәртіпке келтіру міндетті шарт.
8. Спиртовкалардв тек сіріңкемен жағы керек. Оның ішінде спирт болғандықтан өртке қауіпті болып есептеледі.
9. Электр тоғына сақ болу қажет.
10. Бөлмедегі лаборатория қызметкерлерінің көмегімен ғана электр жабдықтарын тоққа қосуға болады.
11. Химиялық және басқа реактивтермен жұмыс жасаудың ережелерімен алдын ала танысып алу керек.
12. Лабораториядан шығарда қолды сабындап жуу қажет.
13. Лабораторияның едені әлсін- әлі ылғалды шүберекпен сүртіліп алынуы тиіс.
Лабораториялық ыдыстарды өңдеу.
Микробиологиялық жұмыстарда қаолданылатын ыдыстар химиялық тұрғыдан аса таза, ал кейбір ыдыстар сонымен бірге зарарсыздандырылған болуы тиіс.Ластанған ыдыстарды хром қоспасымен / қосалқы анықтамада келтірілген/ өңдейді. Ол негізінен өте тотықтырғыш зат және шыныларды органикалық қалдықтарда өте жақсы тазартады. Хром қоспасында 30-40 минут ұстағанан соң ыдыстарды құбыр ағын суында жақсылап жуады.
Жаңадан алынған ыдыстарды 15 минуттай сабынды сумен жуып, содан кейін салқын сумен шаяды. Бұдан кейін ыдыс тазаланбаса, оны 10% тұз қышқылы ерітіндісінде 10-15 минуттай тағы да қайнатып, артынан сумен шаяды.
Өлшеуіш пипеткалар майдан ұқыпты түрде тазартылуы тиіс. Майлы пипеткалар қабырғасында су тамшылары тұрып қалып, сұйықты өлшегенде оның мөлшерін қата көрсетеді. Пипетканы өңдегенде хром қоспасын пипетка ұшымен сорып тартуға мүлде болмайды. Бұл жұмысты пипетка ұшына резина груша кигізіп оңай атқаруға болады.
Заттық әйнектерді де майдан жақсылап тазалау керек. Дұрыс жуылмаған заттық әйнектерге микробтардың жұғынды препаратын даярлауға болмайды. Сондықтан бұндай шыныларды хром қоспасына бір тәуліктей салып қояды. Содан оларды 5% сода ерітіндісінде 30 минуттай қайнатады да, артынан жақсылап жуады. Таза шыныларды пинцетпен Никифоров қоспасына салып сақтайды / қосалқы анықтамада келтірілген/. Жуылған ыдыстарды сүртпейді, бөлме температурасында немесе құрғатқыш шкафтарда 100- 105 С температурада құрғатады. Таза ыдыстарды шаң- тозаң түспейтін, тығыз жабылатын ыдыстарда немесе шкафтарда сақтайды.
№1 Зертханалық жұмыс.
Тақырыбы: Микробиологиялық зерттеу әдістері. Зертханалық ыдыстар мен ортаны зарарсыздандыру.
Сабақтың мақсаты: Студенттерді микробиологиялық лабораторияның жағдайымен, құрал-жабдықтарымен және жұмыс істеу ережелерімен таныстыру және лабораториялық ыдыстардың түрлерімен және оларды қолдану ерекшеліктерімен, қоректік орталарды зарарсыздандыру әдістерімен таныстыру.
Қажетті құрал-жабдықтар: Биологиялық микроскоптар, заттық және жабын әйнектер, спиртовка /шілтер/, шырпы, металл ілмешек, тұрақты препараттар, сүзгіш қағаздар, хлороформ, хинозол, мертиолат фенолдың 3-5%-ті сулы ерітіндісі, формалиннің 0,5-2%-ті ерітіндісі, хлораминнің, иодтың, сулема және т.б. 0,5-3%-ті ерітіндісі, автоклав, зейтц сүзгіші. Биологиялық микроскоптар, заттық және жабын әйнектер, спиртовка /шілтер/, шырпы, металл ілмешек, тұрақты препараттар, сүзгіш қағаздар, геницианвиолет, метилвиолет, геммотокселин.
Тапсырманың орындалу барысы.
1. Сурет бойыеша биологиялық микроспоппен танысу және онымен жұмыс істеу ережелерін меңгеру.
2.Микроорганизмдерді микроскоппен көру тәсілдерін игеру.
3.Иммерсиялы объектив көмегімен фиксацияланған және боялған бактерияларды қарау. Оны төмендегі тәртіп бойынша бақылайды.
4. Химиялық зарарсыздандыру үшін хлороформ, хинозол, мертиолат фенолдың 3-5%-ті сулы ерітіндісі, формалиннің 0,5-2%-ті ерітіндісі, хлораминнің, иодтың, сулема және т.б. 0,5-3%-ті ерітінділерін пайдаланып, дезинфекция жүргіземіз.
5. Құрғақ ыстықпен зарасыздандыру.
6. Автоклавта бу қысымымен зарарсыздандыру әдісін меңгеру.
7. Зейтц сүзгішінің ерекшелігімен танысу және оны пайдалануды меңгеру.
Мироскопты үстел үстіне қойып, оған түсетін жарықтың қолайлы жағдайын анықтау, заттық әйнектің үстіне фиксацияланған препаратты қойып, серіппелі клеммаларымен бекіту, алдымен препаратты құрғақ күйінде қарап, ондағы микроптардың егжей-тегжей зерттеуге тиісті ең анық көрінетін аймағын анықтау, микроскоп тубусын көтеріп, револвер көмегімен иммерсиялық объективті қойып, препаратқа самырсын майының бір тамшысын тамызу, самырсын майына иммерсиялық обективтің төменгі фронталды линзасын жақындату, окулярға қарай отырып микроскоп тубусын зерттейтін объектінің көру аймағында пайда болуын анықтау, микрометрлік винт көмегімен фокусты дәлелдеу.
Препаратты зерттеу және суретке салу, тубусты жоғары көтеріп, объективтен самырсын майын сүртіп алып, оны тазарту, микроскопты қорапқа салып қою.
-
Микроскоптың құрылысы.
Микроскоппен микрообъектілерді зерттейді. Ол өте сезімтал оптикалық аспап. Білімгерлер лабораториялары көбінесе МБР-1 микроскопымен қамтамасыздандырылған. Сонымен бірге қазір лабораториялық МБР-2 микроскоптарымен де жабдықталған.
МБР-1 микроскоптың құрылысы. МБР-1 микроскопының миханикалық бөлігі, заттық столі бар штатив /2/ және тубустан тұрады. Заттық үстел оң және сол жағында орналасқан екі бұранда винттің көмегімен /3/ горизонтал жазықтықта жылжи алады. Бұл препараттағы кез келген нүктені көру аймағының ортасына ығыстырып әкелуге көмектеседі. Үстел бетінде қысып ұстап тұратын екі қысқашы /клеммасы/ бар. Заттық әйнек астында штативке конденсорлық кронштейн /6/ бекітілген. Штативтің жоғары жағына тубусты ұстап тұрғыш /5/ бекітілген, ол штатив бекітілген тубусты 50 мм тік көткріп, одан соң төмен түсіріп тұруға жәрдем етеді. Бұл механизм макрометр /4/ және микромтр /1/ винттердің айналуынан қолға түседі. Сөйтіп зерттейтін объектілерді тұрпайы жәнешебер көрсетуге мүмкіндік туады. Сағат тілінің айналысына қарай осы винттерді бұрағанда тубус ұстағыш төмен түседі, ал оған керісінше айналдырғанда жоғары көтеріледі. Микромтрдің толық бір айналымы тубустың 0,1 мм қашықтыққа жылжуына тең. Тубус ұстағыштың жоғары жағында өз өсінен айналып тұратын револьвер /14/ бар. Оның тесігіне объективтер мен тубус бекіледі. Микроскоптың көлбей орналасқан тубусын оның тік өсінен зерттеуші айналдыра отырып, ыңғайлы жағдайғаріп, қозғалмайтын етіп винтпен /5/ бекітіп қояды. Тубустың төменгі жағына окулярды онатады.
Микроскоптың оптикалық бөлігі: окуляр, объектив және жарық бергіш қондырғыдан тұрады. Жарық бергіш қандырғығы айна және заттық әйнектің астына орналасқан диафрагма мен конденсатор жатады. Айна екі жақты және қозғалып тұрады, бір жағы дөңес, ал екінші жағы ойыс болады. Күн сәулесі түскенде дөңес бетін, ал жасанды жарыққа ойыс бетін қолданады.