Файл: Файлдарды басару. Файлды Жйелер дріс масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 17

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ФАЙЛДАРДЫ БАСҚАРУ. ФАЙЛДЫҚ ЖҮЙЕЛЕР
6.1. Дәріс мақсаты
Дәріс мақсаты файлдардың логикалық және физикалық ұйымдастырылуы, сол сияқты файлдық жүйелермен (FAT, NTFS) таныстыру.
6.2.1. Файлдардың логикалық ұйымдастырылуы
Бағдарламашы файлды логикалық ұйымдастырылған жазба түрінде көрсете отырып, файлдың логикалық ұйымдастырылуымен жұмыс істейді.

Логикалық жазба – бұл бағдарламашы сыртқы құрылғылармен алмасуда операциялайтын мәліметтердің ең кішірек элементі.

Егер тіпті, құрылғымен физикалық алмасу үлкен бірліктермен жүзеге асырылатын болса да, операциялық жүйе бағдарламаның жеке логикалық жазбаларға қатынас құруын қамтамасыз етеді. 12- суретте файлды логикалық ұйымдастырудың бірнеше сызбасы көрсетілген.

Жазбалар тиянақталған ұзындықта немесе айнымалы ұзындықта болуы мүмкін. Жазбалар файлда ретті (ретті ұйымдастыру) орналасуы мүмкін немесе жеке логикалық жазбаларға жылдам қатынас құруды қамтамасыз етуді мүмкін ететін, индекстік кесте деп аталатын, кестені пайдаланып, неғұрлым күрделі тәртіппен орналасуы мүмкін (индекс – ретті ұйымдастыру) . Жазбаны идентификациялау үшін кілт деп аталатын арнайы жазба жазықтығы қолданылуы мүмкін. OC UNIX және MS – DOS файлдық жүйелерінде файлдың қарапайым логикалық құрылымы – бір байтты жазбалардың реттілігі болады.

11- сурет. Файлдық жүйелердің логикалық ұйымдастырылуы.

а-бірдеңгейлі, б-иерархиялық (ағаш), в-иерархиялық (желі)
6.2.2. Физикалық ұйымдастыру және файл адресі

Файлдарды физикалық ұйымдатыру сыртқы жады құрылғысында, көпшілік жағдайларда дискіде файлдарды орналастыру ережесін сипаттайды. Файл физикалық жазбалардан – блоктардан тұрады. Блок – сыртқы құрылғыжедел жадымен алмасатын мәліметтердің ең кіші бірлігі. Үздіксіз орналастыру – файлға дискілік жадының біртұтас тұтас бөлігін түзетін диск блоктарының реттілігін беретін ең қарапайым нұсқа (13, а сурет), физикалық ұйымдастырудың ең қарапайым нұсқасы. Бұл жағдайда, файлғңа адрес беру үшін, тек қана бастапқы блоктың нөмірін көрсету жеткілікті. Бұл әдістің келесі артықшылығы - қарапайымдылығы. Бірақ, екі айтарлықтай кемшілігі бар. Біріншіден, файлды жасау уақытында оның ұзындығы ертерек белгісіз болады, сондықтан бұл файл үшін қанша жады тіркеу керек екендігі белгісіз болады. Екіншіден мұндай орналастыру тәртібінде міндетті түрде фрагменттеу пайда болады да, диск кеңістігі тиімді пайдаланылмайды, сөйтіп жеке кішірек өлшемді (ең аз дегенде 1 блок) бөліктері пайдаланылмай қалып қоюы мүмкін.



12-сурет Файлдардың логикалық ұйымдастырылуының әдістері
Физикалық ұйымдастырудың келесі әдісі – дискілік жады блоктарының байланысқан тізімі түрінде орналастыру (13, б сурет). Мұндай тәсілде әрбір блоктың басында келесі блокқа көрсететін нұсқағыш болады. Бұл жағдайда да файл адресі бір санмен – бірінші блоктың нөмірімен берілуі мүмкін болады. Алдыңғы тәсілден айырмашылығы ,әрбір блок қандай да бір файл тізбегіне байланыстырылады, сондықтан фрагменттеу болмайды. Файл өзінің қызмет етуі уақытында блок санын өсіре отырып, өзгеруі мүмкін. Кемшілігі файлдың еркін таңдалған орнына қатынауды іске асырудың күрделілігінде болып тұр: файлдың рет бойынша бесінші блогын оқу үшін, блок нөмірлерінің тізбегін сақтай отырып, бірінші төрт блокты ретімен оқып шығу қажет. Мұнан басқа, бұл әдісте бір блоктағы файл мәліметтерінің мөлшері екілік дәрежесіне (бір сөз келесі блоктың нөміріне жұмсалған) тең емес, бірақ көп бағдарламалар мәліметтерді, екілік дәрежесіне тең блоктармен оқиды.

13- сурет Файлдарды физикалық ұйымдастыру

А) үздіксіз орналастыру Б) блоктардың байланысқан тізімі

В) индекстердің байланысқан тізімі Г) блок нөмірлерінің тізімі
MS – DOS операциялық жүйенің ҒАТ файлдық жүйесінде индекстердің байланысқан тізімін пайдалану, кең таралған әдістің мысалы бола алады. Әрбір блокпен қандай да бір элемент – индекс байланыстырылады.

Индекстер дискінің жеке аймақтарында орналасады. (MS – DOS та бұл ҒАТ кестелері). Егер қандай да бір блок қандай да бір файлда таратылған болса, онда бұл блоктың индексінде осы файлдың келесі блогының нөмірі болады. Мұдай физикалық ұйымдастырылуларда өткен әдістің барлық, артықшылықтары сақталады, бірақ белгіленген екі кемшілікте алынып тасталады: біріншіден, файлдың еркін таңдалған орнына қатынау үшін, тек қана блок индекстерін оқу, тізбек бойынша файл блоктарының керек мөлшерін санау және керек блоктың нөмірін анықтау жеткілікті, екіншіден файл мәліметтері блокты толығымен алады, яғни екілік дәрежесіне тең көлемге ие болады.
6.2.3. Файлға қатынау құқығы

Файлға қатынвау құқығын анықтау – әрбір қолданушы үшін, ол осы файлға қолданатын операциялар жиынын анықтау деген сөз. Әр түрлі файлдық жүйелерде өзінің дифференциалданған қатынау операцияларының тізімін анықтау мүмкін болады. Бұл тізімге келесі операциялар кіруі мүмкін:



  • файл құру;

  • файлды жою;

  • файлды ашу;

  • файлды жабу;

  • файлды оқу;

  • файлды жазу;

  • файлды толықтыру;

  • файлды толықтыру;

  • файлды іздеу;

  • файл атрибуттарын алу;

  • атрибуттардың жаңа мәндерін орнату;

  • орын ауыстыру;

  • файлды орындау;

  • каталогты оқу, және басқа операциялар.

Жалпы жағдайда қатынас құру құқығы, бағандары жүйенің барлық қолданушыларға сәйкес, ал жолдар мен бағандардың қиылысуында рұқсат етілген операциялар көрсетілетін, қатынас құру құқығы матрицасымен сипатталуы мүмкін болады. (14- сурет). Кейбір жүйелерді қолданушылар жеке санаттарға бөлінуі мүмкін. Бір санаттың барлық қолданушыларына біртұтас қатынау құру құқығы анықталады. Мысалы: UNIX жүйесінде барлық қолданушылар үш санатқа бөлінеді: файл иелері, ол топтың мүшелері және қалған барлықтары.

14 сурет – Қаынау құқығының матрицасы
Қатынау құру құқығын анықтауда екі негізгі әдісті бөледі:

  • таңдау бойынша қатынау құру, мұнда әрбір файл және әрбір қолданушы үшін рұқсат етілген операцияларды иесінің өзі анықтайды;

  • мандаттық қатынау, мұнда жүйе қолданушының қай топқа жатқызылғандығыпа байланысты, оның әрбір бөлінетін ресурстарға (бұл жағдайда файл) қатынасын белгілі бір құқықтармен қамтамасыз етеді.