ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 41
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ
№ апта | Дәріс тақырыбы және тезистер | Сағат көлемі |
№ 1 дәріс | Тақырыбы: Кіріспе.Биология ғылымының тарихи және зерттеу нысандары Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары): 1. Биологиялық ғылымдар, ғылымның дифференциясы, интеграциясы 2. Биология ғылымының зерттеу нысаны 3. Биологиялық зерттеу әдістері Дәрістің қысқаша мазмұны: Биология (грекше - bios, («өмір» және logos,«ғылым») -жаратылыстану ғылымдарының бір саласы.Тірі организмдерді және олардың қоршаған ортамен арақатынасын зерттейтін ғылым. Биология жанды нәрселерде тіршіліктің барлық көріністерімен айналысады. Биология ғылымы тірі организмдердің құрылысын, қызметін, өсіп-жетілуін, шығу-тегін, эволюциясы мен жер бетінде таралуын қарастырады. Бұл ғылым организмдердің классификациясын жасап оларды суреттейді, олардың қызметтеріне үңіледі, түрлердің қалай пайда болатынын сипаттаумен қатар организмдердің бір-бірімен қатынасын және табиғи ортасымен арақатынасын зерттейді. «Биология» терминін ғылымға алғаш 1797 ж. неміс ғалымы Т. Руз енгізген. Биология Оңтүстік-шығыс Азия елдерінде(Қытай, Жапон, Үндістан) І - VІ ғасырларда дами бастағанымен, тіршілік құбылыстарына жүйелі түрде сипаттама берген грек және Рим философтары мен дәрігерлері болды. Биологияның тарихы ежелгі мысыр мен грекияда, жерорта теңізі елдерінде басталған. Жануарлар мен өсімдіктер туралы білім негіздері Аристотель мен оның шәкірті Теофраст еңбектерінде салынған. Аристотелден жануарларға арналған шығармалар қалған, олар «Жануарлардың бөліктері туралы» және «Жануарлардың тарихы», «Жануарлардың тууы туралы». Бұл жұмысында Аристотель жануарлардың көбеюі мен дамуы туралы мәселелерді қарастырған. Теофрасттың «Өсімдіктер туралы зерттеулер» кітабының маңызы өте зор, онда өсімдіктер қатысындағы мәндік қасиеттер негізінде анықтауды тұжырымдау қажеттілігі туралы Аристотелдің идеясы әрі қарай дамытылған. Соның ішінде Гиппократ (460-370 ж.ж.) алғаш адам мен жануарлардың анатомиялық және морфологиялық құрылысына жүйелі түрде сипаттама беріп, оларда болатын түрлі аурулардың қалыптасуындағы сыртқы орта мен тұқым қуалаушылықтың рөлін атап көрсеткен. Ғасырдың ортасында биологияның дамуы медицинаның дамуымен ұласты. Адам дениесін ашуға тиым салынғандықтан, адамға жануарлар анатомиясы қолданылды: маймылдар немесе шошқалардың, бұл Галеннің анатомиясы болды. Адам анатомиясы алғаш рет 1543 ж. Везалия еңбектерінде сипатталған еді, бұл ұлы жаңалықтарға жол ашты.1628 жылы Уильям Гарвеей жануарлардың қан тамырлар жүйесінің құрылысы туралы алғашқы мәлімет алды, және қан айналысы туралы ілімнің негізі қаланды. Өз ілімінде ол гидравлика заңын- сұйықтардың физикалық қасиеттері туралы ғылымды пайдаланды. Ол кейінгі бағытта қан ағысы үшін кедергі жасайтын, көк тамыр қақпақшасын тапты, жүректің оң және сол қарыншаларының оқшаулығын көрсетті және кіші қан айналым шеңберін ашты. 1666-1675 жж. өсімдік анатомиясы бойынша Р. Гук пен М. Мальпиги жұмыстары пайда болды, олар өсімдік әлемін жүйелендіруге талпыныс жасады. Марчелло Мальпиги көптеген омыртқасыз жануарлардың ішкі құрылысын сипаттады және1651 жылы қылтамырларды (капиллярларды) ашты. Джон Рей 18000 мыңнан астам өсімдік түрлерін сипаттады, оларды 19 кластарға топтастырды. XIX ғасырдың бірінші жартысында маңызы аса зор оқиғалардың қатарында, Жорж Кювье негізін салған палеонтологияның қалыпта- суы, Маттиас Шлейден мен Теодор Шванның жасушалық теориясының пайда болуы, салыстырмалы анатомия мен салыстырмалы эмбриологияның қалыптасуы, биогеографияның дамуы болды.
XX ғасырдың басында дәрумендерді (витаминдер) зерттеу басталды. 1920-1930 жылдары Ханс Кребс, Карл және Герти Кори көмір- сулар метаболизмінің негізгі жолдарын сипаттай бастады: үш карбон- қышқылдарының, гликолиз, глюкогенез ци клдерін.1924-1929 жылдары А.И. Опарин Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы өз болжамын ұсынды. Оның болжам бойынша Жер бетіндегі тіршілік ұзақ уақытты қамтыған көміртегі қосылыстарынан пайда болған. Болжамның әрі қарай дамуына Джон Бёрдон Сандерсон Холдейн үлкен үлес қосты. Соның нәтижесінде Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы гипотеза ғылыми теория мәртебесін алды. Осы күнге дейін Опарин-Холдейн теориясы тіршіліктің пайда болуы туралы ғылыми ұғымдардың негізінде жатыр.1930-1950 жылдар аралығында Фриц Липман және басқа да авторлар, жасушадағы биохимиялық энергетиканың әмбебап тасымалдаушысы ретіндегі аденозинүшфосфаттың және митохондрияны, оның басты энергия көзі ретіндегі рөлін сипаттады. Осындай дәстүрлі биохимиялық саланы зерттеу әлі күнге дейін дамуын жалғастыруда. XX ғасырдың үлкен жетістігі В.И. Вернадскийдің ашқан био- сфера туралы ғылымы болып табылады. В.И. Вернадский әзірлеген, ноосфера туралы ғылым әлемді жаңадан түсінуге әкелді. XX ғасырда экология саласында да үлкен жетістіктерге қол жеткізілді. 1942 жылы В.Н.Сукачев биогеоценологияның теориялық негізін әзірледі. Шетелде, 1934-1935 жылдары А. Тенсли экожүйелер туралы, Ч.Элтон -экология негіздерін - ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен өзарабайланысытуралығылымды ашты. Қазіргі заманғы биология көпқырлы және тірі табиғат туралы ғылымның кең ауқымын қарастырады. Қазақстанда алғашқы биологиялық ғылыми мекемелер 1938 ж. ұйымдастырылды. Қазақстан Ғылым Академиясы 1946 жылы ашылған кезде биология саласынан үш ғылыми-зерттеулер институты болды (ботаника, зоология және топырақтану институттары). Қазір сегіз ғылыми-зерттеулер институттары бар - топырақтану, ботаника және фитоинтродукция, зоология, микробиология және вирусология, адам және жануарлар физиологиясы институттары, өсімдіктер физиологиясы, генетикасы және биоинженерия институты, молекулалық биология және биохимия институты, жалпы генетика және цитология институты. 6 ботаникалық бақ (Алматыда, Алтайда, Жезқазғанда, Қарағандыда, Маңғыстауда, Іледе) бар. Арнайы бағыттағы ботани- калық зерттеулер Бас ботаникалық бақ (1935 ж.) пен Ботаника институты (1945ж.) құрылған кезден басталды. Ең үлкен гербарий жинақталды, өсімдік биологиясы туралы аса бағалы басылымдар жарық көрді. Мысалы, 9 томдық «Қазақстан флорасы», 13 томдық «Қазақстанның споралы өсімдіктер флорасы». Қазақстан Республика зоологтары омыртқалы және омыртқасыз жануарлар фаунасын зерттеді; кәсіптік мәні бар бірқатар сүтқоректі жануарлар (ондатр, америка құндызы) мен балық түрлері (ақ амур, дөңмаңдай, көксерке, т.б.) жерсіндірілді. Сирек кездесетін, жойылып бара жатқан құстар мен сүтқоректілерді, бауырымен жорғалаушылар мен қосмекенділерді, балық түрлерін қорғау, олардың санын көбейту шаралары қарастырылды. Ақ бөкен, бұлғын, суыр, тиін, сарышұнақ сияқты аңдарды халық шаруашылығында пайдалану жолы табылды. Қазақстанда молекулалық биологияның қалыптасуы академик М. Айтхожиннің есімімен байланысты. 1983 жылы құрылған Молекулалық биология және биохимия институты үлкен ғылыми орталыққа айналып, елімізде алғаш рет клеткалық және гендік инженерия, трансгенез,өсімдік геномы лабораториялары ашылды. Алматы мен Астанада биотехнологиялық орталықтар құрылды. Биологияның өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында және медицинада алатын орны ерекше. Тест тапсырмалары және сұрақтар:
A +Жан Батист Ламарк B Карл Линей C Роберт Гук D Уильям Гарвей E Марчелло Мальпиги
A Виталистік B +Креаценистік C Абиогенездік D Биогенездік E Химиялық
A Ф.Ред B Аристотель C Л.Пастер D +А.И.Опарин E С.Миллер
A +XV ғасырдың екінші жартысында B XVIII ғасырдың басында C XIX ғасырдың аяғында D XX ғасырда E XXI ғасырда
A +Кейбір түрлердің Еуропаға әкелінуі B Өсімдіктерді жүйелеу C Жасушаның ашылуы D «Түр» туралы ұғымның қалыптасуы E Тіршіліктің деңгейлерінің зерттелулері
| 2 |
№ 2 дәріс | Тақырыбы: Тіршіліктің пайда болуы және оның мәні. Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары): 1.Тіршілікті сипаттаудың заңдылықтары және оның негізгі формалары 2.Органикалық дүниенің пайда болу теориясына тарихи көзқарас. 3.Креационизм Дәрістің қысқаша мазмұны: Біздің ғаламшардағы тіршіліктің пайда болуын түсіндіретін үш гипотеза бар: креационистік; панспермия; көміртектік қосылыстар эволюциясы. Креационизм термині жақында пайда болғанмен, оның тарихы діннің тарихымен тығыз байланысты. Бұл термин XIX ғасырда кең қолданыла бастады. Креационизм "Көне келісімде" айтылған әлемнің жаратылу тарихын растайды. Әртүрлі ғылыми деректер, әсіресе эволюция теориясының таралуы, жаңа ғылыми көзқарастар мен әлемнің діни бейнесі арасында қайшылықтарды тудырды. Осының әсерінен креационизм пайда болды.Адамзат тарихында тіпті ХIX ғасырдың ортасына дейінгі кезеңде барлық жағынан алып қарағандағы креацинистік гипотеза үстемдік алып келді. Креационистік тіршіліктің пайда болуын рухани бастау- Қүдыретті жаратушымен, жоғары интелектпен байланыстырады. XX ғасырдың басында панспермия гипотезасы кең тарала бастады, оған сәйкес тіршілік біздің ғаламшарға ғарыштан әкелінген, ғарыштық денелерден таралған деген ережеге негізделеді. Бұл екі гипотеза да ресми түрде ғылыми дәлелденген жоқ.Қазіргі кезде тіршіліктің пайда болуының бес концепциясы қарастырылады. Бірінші концепция діни болып табылады және ғылымға тікелей қатысы жоқ. Екінші концепцияны XX ғасырда өмір сүрген, бактериялардың қызметін зерттеген Луи Пастер бекерге шығарған креационизм – бір құдайдың дүниені жарату концепциясы;тірі емес заттан тіршіліктіңөздігінен көп рет туу концепциясы (мұны тіпті Аристотельдің өзіайтқан еді, ол тірі нәрсе топырақтыңыдырауы нәтижесінде пайда болуымүмкіндеп санады); стационарлық жағдай концепциясы, осы концепцияға сәйкес жерде тіршілік қашан да болған; панспермия концепциясы; тіршіліктің жерден тыс ортада пайда болу концепциясы; өткен тарихта химиялық және физикалық зандардың нәтижесінде Жерде тіршіліктің пайда болу концепциясы. XX ғасырдың бас кезінде ғылымда соңғы екі концепция үстемдік құрды. Панспермия тұғырнамасына сәйкес жерге тіршілік сырттан әкелінген, ол метеориттерді, кометаларды зерттеу кезінде табылған органикалық қоспаларға сүйенеді, бұлар "тұқым" рөлін атқаруы мүмкін. Соңғы бесінші тұғырнаманың екі варианты бар: оның біріне сәйкес тіршіліктің пайда болуы жеке, "тірі молекуланың кездейсоқ түзілуінің нәтижесі, оның құрылымына тірі нәрсенің одан әрі дамуы- ның күллі жоспары енген. Француз биологы Ж.Моно "тіршілік физика заңдарынан пайда болмайды, алайда олармен қабысады. Тіршілік - оқиға, оның ерекше екенін тани білу керек" - деп атап көрсетеді. Басқа көзқарасқа сәйкес, тіршіліктің пайда болуы -бұл материяның заңды эволюциясының нәтижесі болып табылады.Ф. Реди және Л. Пастер тәжірибелері. «Панспермия» теориясы (зерттеу бөлімі).Франческо Редидің жүргізген зерттеу жұмыстары, тірі организм өзінен-өзі кенеттен пайда болады деген ұғымды жоққа шығарды. Ол жас етті алып, оны стаканға салып, бетін дәкемен жауып қойды. Ешбір тірі заттың пайда болғаны байқалмады. Сонымен шыбын личинкаларының шіріген еттен пайда болмайтынын дәлелдеп шықты. Л. Пастер бактериялардың өршитін тұқымынан микроорганизмдер дамитынын бірден білді. Сонымен тірі организм ешқашан да өзінен-өзі дамымайтыны белгілі болды .Tipi организм басқа космостық денелерден даяр күйінде келді деген болжам бар. Оны космозой теориясы деп атайды. Мұны алғаш рет айтқан неміс дәрігері Г.Рихтер еді. Космозой теориясы бойынша тірі организм басқа космостық денелерден метеориттермен келді деп көрсетті. Бұл дұрыс емес еді. Өйткені метеориттер ауаның тығыз қабаттарында қатты қызады да балқып кетеді. Оның сыртына жабысқан тірі организмнің бірі де қалмай жанып кететіні анықталады. Кейіннен панспермия концепциясы шықты. Мұның маңызы мынада: ауада тірі организмнің ұрықтары қалай болса солай өз бетінше жүзіп жүреді. Ол метеориттермен бірге жерге түседі де өсіп-өнеді деп түсіндіреді. Бірақ швед ғалымы Сванте Аррениус ұрық метеориттермен бірге жерге түсе алмайтынын айтты. Өйткені метеорит жерге түскенше қатты қызатыны соншалық, оның температурасына іс жүзінде бірде-бір тірі организм шыдай алмайды, қырылып қалады деді. Тест тапсырмалары және сұрақтар: 1.Тіршіліктің абиогенез жолымен пайда болғанына тұжырым жасаған ғалым: A +М.М.Тереховский, 1775 жылы B Ф.Реди, 1626-1698 жылдары C Ф.Бэкон, 1626 жылы D Л.Пастер, 1895 жылы E Д.Холдейн, 1928 жылы 2.Тіршіліктің пайда болуын креацинизмдік көзқараспен түсіндіру: A Тіршілік басқа ғаламшарлардан таралған B Бейорганикалық заттардан пайда болған C +Тіршілік мәңгілік, оны құдіретті жаратушы күш бар D Тіршілік абиогенез жолымен пайда болған E Тіршілік өздігінен өлі табиғаттан пайда болған 3.Организмдерді алғаш рет топтастырып жүйеге келтірген ғалым: A + Карл Линней B Жан Батист Ламарк C Чарлз Роберт Дарвин D Д.И.Менделеев E А.М.Бутлеров
A Құрылысы мен атқаратың қызметi B Өсу мен даму C +Тұқым қуалаушылық пен өзгергiштiк D Көбею мен тұқым қуалаушылық E Жеке даму мен өзгергiштiк
A Цитоплазманың бөлiнуi B Ядроның бөлiнуi C + ДНҚ синтезi D Клетканың қарама-қарсы полюстерiне хроматидтердiң ажырауы E Хромосомалардың ширатылуы
| 2 |
Жасушаның негізгі тіршілік қасиеттері : Зат алмасу. Жасуша мен қоршаған орта арасында тынысалу, қоректену, қажетсіз өнімдерді шығару арқылы үздіксіз зат алмасады. Жасушадан сыртқы ортаға тотығу өнімдері шығарылып, корек заттар мен оттек қабылданады. Көпжасушалы ағзалардың жасушалары ағзаның ішкі ортасында тіршілік етеді. Ағзаның ішкі ортасына қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы жатады. Осы ортадан жасушаның жарғақшалары арқылы су, тұздар, витаминдер, гормондар, оттек өтеді. Бұлар - жасушаны түзетін құрылыс материалдары. Оттек нәруыздарды, майларды, көмірсуларды тотықтырып, энергия бөлінеді. Энергия жасушаның барлық тіршілік әрекеттерін жүзеге асырады. Оттектің жасушаның құрамды бөліктерімен қосылуы - жасушалық тынысалу деп аталады. Бұл кезде ағзада қажетсіз заттар (көмірқышқыл газ, тұздар) түзіліп, қан ағынымен зәр шығару мүшелері арқылы сыртқа шығарылады. Зат алмасу - тірі ағзаларды өлі табиғаттан ажырататын негізгі белгі.
Тітіркенгіштігі. Жасушалар сыртқы ортаның түрлі тітіркендіргіштерінің әсерінен қозады. Қозғыштық - барлық тірі ағзаға тән қасиет. Мысалы, суықтын, ыстықтың, жанасудың, химиялық заттардың барлығы тітіркендіргіштер.
Көбею жасушалардың бөлінуі арқылы жүзеге асады. Алдымен ядро, содан соң цитоплазма екіге бөлінеді. Әрбір бөлінудің алдында ядродағы хромосомалар ұзынынан екі еселенеді де, бірінен-бірі ажырап, жас жасушаларға бөлінеді.
Өсу мен даму зат алмасудың нәтижесінде жасушадағы жай заттардан күрделі ағзалық заттар (нәруыздар, майлар, көмірсулар) түзіледі. Цитоплазма, ядро осы заттардан түзіліп, жасуша өседі. Цитоплазма мен ядро өзгеріп дамиды. Ересек жасушалардың жаңа пайда болған жасушалардан көптеген айырмашылықтары бар екені байқалады.
Тест тапсырмалары және сұрақтар:
-
Хлоропластың қызметі:
A Улы заттарды ыдырату
B +Өсімдікке жасыл түс беру
C Гүл, жеміске қызыл, сары түс беру
D Қор затын жинау
E Көбеюге қатысу
2. Организмдердің сомалық клеткаларындағы хромосомалар жиынтығын ата:
A генотип
B + кариотип
C экотип
D фенотип
E морфотип
3. Жасушалар бір-бірімен … арқылы байланысады.
A Вакуоль
B Жасуша ядросы
C Цитоплазма
D Жасуша сұйықтығы
E +Жасушааралық заттар
-
4. Ағзалардың белгілі бір ортаға өзінің тіршілігін сақтап бейімделуі ол ...
A Қолдан сұрыптау
B Тіршілік үшін күрес
C Микроэволюция
D +Табиғи сұрыпталу
E Макроэволюция
5. Әр адамның жеке қасиеттерін зерттейтін ғылым:
A Физиология
B Тәнтану
C Гигиена
D+ Психология
E Биосфера
-
Жасушаның негізгі тіршілік қасиеттеріне сипаттама -
Жасуша теориясының негізгі қағидалары -
«Жасуша» терминін ғылымға енгізген ғалым -
Жасуша органоидтарын ата және оның қызметі -
Қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы: Қайыңдыдағы шыршалар. Қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы 6000-дай өсімдік түрлерінен тұрады. Басқа көрші елдермен (Ресей, Орта Азия, Кавказ) салыстырғанда бұл онша көп емес. Оған Қазақстан жерінде шөлді, шөлейтті аймақтардың көптігі, топырақ пен климат әсер етеді. Екіншіден, Қазақстанның едәуір бөлігі геологиялық тарихы жағынан жас. Каспий маңы ойпаты мен Тұран ойпаты теңіз астынан неоген дәуірінде ғана босаған. Үстірт пен Бетпакдаланың босауы одан сәл ғана ертерек. Сол себептен бұл өлкелердің өсімдік жамылғысы әлі толық қалыптасып үлгірмеген.
Өсімдігі жағынан бай өлке Қазақстанның таулы аймақтары болып саналады. Әсіресе, Батыс Тянь-Шаньда Орта Азия мен Жерорта теңізінің бай флорасы сақталған. Онда палеоген дәуірінен қалған грек жаңгағы, платан, бадам, түркістан үйеңкісі, алмұрт және т.б. түрлері кездеседі. Сырдария- Қаратау флорасы бұдан да бай. Онда 1000-нан асатын өсімдік түрі, оның 150 түрі тек осы ауданға ғана тән, басқа жерде ұшыраспайтын өсімдіктер. Тянь-Шаньның, Алтайдың, Жетісу Алатауының тау беткейлерінде қылқан жапырақты ормандар таралған. Оларда шыршалардан, май қарағай, бал қарағай, самырсын түрлері өседі. Биік таулы белдеу шымды-шалғынды, бұталы шалғынды болып келеді. Тау алды мен аласа таулы белдеулерде дала зонасына тән өсімдіктер өседі. Алтайдың таулы даласында итмұрын, долана, бөріжидек бұталары мол. Жетісу Алатауы мен Тянь-Шань тау жүйесінің тау алды жазықтары шөлге ұқсайды. Оларда эфемерлер мен эфемер тәріздес өсімдіктер (қияқөлең, қоңырбас, көкнәр, қызғалдақ және т.б.) кең тараған. Аласа таулы белдеулер теректі, қайыңды, жабайы ағашты, алма, өрікті, доланалы ормандардан тұрады. Қазақстандағы қазіргі өсімдіктер түрлері қылқанжапырақты ормандар, ұсақ жапырақты орман-тоғайлар, бұталы тоғайлар, даланың бұталы өсімдіктері, сексеуіл, шөлдің бұталы өсімдіктері, дала өсімдіктері, субтропиктік өсімдіктер, шалғындар, тақырлар, шөлдің бір жылдық өсімдіктері болып бөлінеді.