ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 205
Скачиваний: 4
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қорытыңды:
Қазір ХХІ ғасыр- ғылым мен білімнің, техниканың дамыған заманы. Біз өмір сүріп жатқан бұл қоғамда технология дамуы қарқынды жүзеге асып жатыр. Бұл тек адамзаттың санасынан туған дүние болып табылмайды,бұл бүкіл өмірлік тәжірибеден туған нәрселер десек қателеспеспіз. Қазіргі кезеңдегі ОЖ дамуына тоқталатын болсақ, бұл эволюцияның соңғы төртінші кезеңі болып табылады. Мұнда тек дербес компьютерлерге ғана емес, мобильдік технологияға да операциялық жүйенің орнатылуын атап өтеміз. Бұл адамзаттың тарих ағымындағы ерекше бетбұрысы.
Компьютердің пайдасы өте көп. Мысал келтіретін болсақ: әр пәнен жазылатын рефераттардың көрнекі әрі таза, әдемі жазылуын мұғалімдер талап етеді. Қолмен жай сиямен және компьютерде терілген жұмыстарды салыстырайықшы. Екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Осы жазылған рефераттың бірнеше көшірмесі керек дейік. Оны ашып принтермен көшірмесін жасаған әлде қайда аз уақыт жұмсалады. Сөзімді қорытындылап келіп «Компьютер – уақыт талабы» біз уақытымызды ұтымды пайдаланамыз.
Сонымен қатар, компьютердің адам ағзасына тигізетін залалдары бар . Оның факторлары мынандай:
Көздің көру қабілетін төмендетеді;
Омыртқалардың қисаюына әкеледі;
Жүйкеге салмақ түсіреді;
Шаршағыштық, әлсіздік басады.
Сол себептен, өз деңсаулығымызды ойласақ компьютермен жұмыс жасағанда техникалық қауіпсіздікті орындау қажет. Мысалы, компьютерге отырғанда арқа тік, иық бос, шынтақ тік бұрышқа иілген, бас алға кішкене түсіп тұру қажет. Көз бен монитордың арасы 70 см болуы қажет. Сонымен қатар, ересек адам компьютермен 5сағаттан артық жұмыс жасамай, әрбір сағат сайын үзіліс жасап отыруы қажет.