Файл: нді діні ытай діні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 20

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Үнді діні

Қытай діні

Жапон діні

Еврей діні

 Үндістан - Оңтүстік Азияда Үндістан түбегінде орналасқан мемлекет. Үндістан – өзінің аса бай мәдениетімен және ежелгі өркениетімен әйгілі ел. Ол – терең тамырлы философияның, мол өзіндік ізгі рухани мұраның, сыры да, сыны да сақталған әдет-ғұрыптар мен дәстүрдің, жер-жаһанға әйгілі махаббат күмбезі Тәж-Махал, Лотосхрам сынды сәулеттік жауһарлардың, терең қайнарлы би мен саздың, ғажайып үнді киносы мен жұпар иісті үнді шайының елі. Ол – “барлық халықтардың жүрегін біртұтас өмірдің ырғағында тоғыстырған” (Үндістанның “Халықтың жан жүрегі” мемлекеттік Әнұранынан) әр түрліліктегі бірлестіктің үлгісі. Үндістан Республикасы — Үнді мұхиты алабында, Гималай тауларынан оңтүстікке қарай Оңтүстік, Оңтүстік-Батыс Азия елдерін Еуропа және Африкамен байланыстыратын маңызды теңіз және әуе жолдарының торабында жатыр. Батыс жағалаулары Араб теңізінің, шығыс жағалаулары Бенгал шығанағының суларымен қоршалған.

 

Қытай діні мен философиясында дәстүрлі түрде конфуцийлік, даосизм, буддизм қатар жүреді. Қытайға ең алғашқы болып ықпалын тигізген конфуций діні тұлғаның қоғамға бойұсынуы мен оның алдындағы жауапкершілігінің кодексіне айналды. Даосизм жеке кемелдену мен табиғатпен бірлікте болу идеясын алға тартады. Ал рухани бастаулардың дамуына негізделген буддизм қытайлық прагматизмнің баламасы бола алады. Мәдени төңкеріс жылдары Қытайда барлық дінге тыйым салынған. 

Қытай - түрлі діндер қатар өмір сүріп келе жатқан мемлекет. Ислам, буддизм, христиан сынды әлемдік діндерден бөлек, Қытайда өзіндік дәстүрлі діни ілім даосизм бар.

 Синтоизм-Жапония халқының
Ұлттық діні
Ежелгі жапондықтардың анимистік көзқарастарына негізделген
Негізгі табынушылары болып саны көп

құдайлар мен өлген аруахтар саналады
Өз даму барысында буддизмгеде үлкен әсер еткен
Негізгі белгілері болып Ицуксимахрамы (қақпа) саналады. Синтоизм-(жапон. Синто –Құдайлар жолы)-
Жапониядакең тараған дін, табиғатты алғашқы
қауымдық дәріптеуден туындаған рулық

және
тайпалық құдайларға табыну.

Синтоизм түрлері:
Храмдық синтоизм
Императорлық аула синтоизм
Мемлекеттік синтоизм
Сектанаттық синтоизм
Халықтық және үй синтоизмі





 Еврей халқының ұлттық діні Иудей аңызы бой­ынша, Жаратушы Тораны (Таурат) сол уақыттағы барлық жетпіс халыққа қабылдауға ұсынған. Алайда еврей ұлты ғана қабылдауға келіскен. Сондықтан, діни мағынада "Израиль” бір Құдайды мойын­дағандар мен заң кітабы – Тора арқылы Құдайға бой ұсынуға ұмтылушыларды білдіреді.

Иудаизм термині (Ивритте "Яаадут”) Иуда еврей тайпасы бірлестігінің атынан шыққан. Иуда Из­раиль­дің ең ірі тайпасы болатын. Иврит тілінде "Иудаизм” термині XІX ғасырдың соңынан бастап кең тарала бастады.

Давид патша Иуда тайпасынан болатын. Давид тұсында біріккен Израиль-Иуда патшалығының күш-қуаты арта түсті. Бұл б.з.б. XІ ғасырдың соңында болды.

Иудаизм дін ретінде және құқықтық, моральдық-этикалық, философиялық және діни түсініктер кешені ретінде төрт мың жыл бойы және бүгінгі уақытта еврейлердің өмір салтын айқындап келді және айқындап отыр.