Файл: оамдыгуманитарлы баыттаы пндер апталыы 1жргізуші.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 54

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер апталығы1-жүргізуші:Асқар тауын, дархан дала, айдынын Аялаған баспасын деп қайғы-мұң. Бабалардың найзасында ойнаған Азат күні қазағымның – айбыным.2-жүргізуші:Алтын күнге қанат қақты қыраным, Бостандықты аңсап келді пырағым. Желтоқсанның ызғарында шыңдалған Қазағымның қайсарлығы – тұмарым.1-жүргізуші:«Қайырлы күн, ұстаздар, оқушылар. Өз бойында туған халқының болмысын жинақтаған, өзге халыққа құрметпен қарайтын, өзіне де айналасына да сүйіспеншілікпен қарай білетін ұрпақ тәрбиелеу – заман талабы.2-жүргізуші: Армысыздар, қымбатты оқушылар! «Тіл мен тарих – ғасырлар куәсі» атты апталығымызды ашық деп жариялаймыз. Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны асқақтата шырқалсын.1-жүргізуші: «Тіл мен тарих ғасырлар куәсі» атты қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, тарих, құқық апталығы өтеді. Сөз кезегін мектеп директорының оқу ісі орынбасары Раушан Кеңесқызы және қоғамдық гуманитарлық пәндер бірлестігінің жетекшісі Сабитбек Мейрамханұлына береміз.2-жүргізуші: Бүгінгі күні барлық ғылымдардың ішіндегі ең қызық болып көрінетін алты пәннің алыптарына сөз берейік.Қазақ тіліӨз тілімдей тіл қайда еркін басар?Тілім барда еркіме кім таласар?Туған тілім күрмеліп әлсіресеЫстық қаным суынып, сиқым қашарҚазағымның бұзылмай тұр қаймағыҚақ төрінде желбірейді көк байрағыҚазақ тілін әлем танып силайдыАна тілде әнұраным сайрайды!Орыс тіліНайзағайдай айқасқан оқ ұшқыны, Арқыраған алапат соғыс күні. Шабуылға бастады «алға!» деген Жалғыз сөзбен айбынды орыс тілі. Бұл тілді білу елдің ұлы арманы. Жазылды осы тілдің қуатымен, Ынтымақ, Бейбітшілік ұрандары. Ту етіп көтеретін дос ниетті, Орыс тілі ұлы тіл, қасиетті. Шаттықты ол сабырмен арқалайды, Көтеріп қайсарлықпен қасірЖер қопарған күндіз-түн кеншілердей, Ай мен күнге ауылдас көршілердей. Мемлекеттер арасын біріктірген, Орыс тілі орнықты елшілердей.Ағылшын тілі- БануМен little (литл) баламын Book (бук) оқи аламын Copy-book (копи бук) пен pen(пэн) - ді Bag(бәг) – қа өзім саламын Teacher (тичә) біздің анамыз Анамызды сыйлаймыз Айтқан ақыл, білімін Attentionмен (этейншынмен) тындаймызӘдебиетші(Бауыржан):Асан қайғы,ЖиреншеСөйлеп өткен қазақ тіл.Әз Жәнібек,ҚойлыбайСыйлап өткен ғажап тіл.Уатқан бізді баба тіл,
Сол туған тіл отауы –Ежелгі біздің қазақ тіл.Осы тілді жек көргенДүниеден қалар құр.Бағаласаң шыныменБаба тілің –асыл дүр.Әдебиет: ГүлнафисҒылым таппай мақтанбаОрын таппай баптанбаҚұмарланып шаттанбаОйнап босқа күлугеБес нәрседен қашық болБес нәрсеге асық болАдам болам десеңіз.Тілеуің өмірің алдыңда,Оған қайғы жесеңіз.Өсек, өтірік, мақтаншақ,Еріншек, бекер мал шашпақ-Бес дұшпаның білсеңіз.Талап , еңбек, терең ой,Қанағат , рақым ойлап қой-Бес асыл іс, көнсеңіз.Жамандық көрсең нәфрәтлі,Суытып көңіл тыйсаңыз.Жақсылық көрсең ғибрәтлі,Ойы ойға жисаңыз.Тарихшы (Нұрали):Тілім тірі, тірі дербе с күн кешпек,Аты тұрып, қалай артқа мінгеспек.Тілсіз тыныс ала алмайды мемлекет,Бас кессе де, жоқ емес пе тіл кеспек.Ана тілім ана сүтін ақтаған,Оны Орхон, Енисей де сақтаған.Құрта алмаған тіпті «Алқакөл сұлама»,Қорғаған ел «Шұбырынды ақтабан».ТарихСан ғасыр бостан болар күнін күткен, Алаш ел биік бүгін білімді ұлтпен. Талай шаһар бабалар салғаны анық, Тарих боп көне жұртта сырын бүккен.Тарих ол-уақытқа ұқсас толмайтұғын, Қадайды қасыңа әкеп шалғай туын, Тарих ол-бір ғаламат алтын көпір, Ұрпақты ұрпақтарға жалғайтұғын.ҚұқықАзат елдің ар-намысы - Ата Заң! Еліне арналатын тілегі шын, Ей, ұлым – Отанымның түлегісің! Іргесін туған елдің тіреп тұрған Қадірін Ата Заңның білемісің?! Қоғамның сан саласын реттейтін Әрбір заң Ата Заңнан туындаған. Бастайтын болашаққа бақ кемені, Осы жол халықтың да нақ сенері! «Халқыма адалмын!» деп Ата Заңға Елбасы қолын қойып Ант береді. Өмірден әділдік пен бақ табатын, Құқығым қорғалды деп шаттанатын, Өзіңдей жас өркендер келеді өсіп «Бұл біздің – Ата Заң» деп мақтанатын!1-жүргізуші: «ЖасҰлан» ұйымының Президентінің ант беру рәсімін тамашаларыңыздар.«Мен Бексұлтанова Гүлеркем Қайратқызы «Жас-Ұлан» ұйымының Президенті бола отыра «Тіл мен тарих – ғасырлар куәсі» атты апталықтақазақ тілінің – кеңпейілділігін,орыс тілінің - нақтылығынағылшын тілінің – сөйлеу мәнерінәдебиеттің – мәнерлеуінтарихтың – тағылымдылығынқұқықтың – тәртіптілігін » - мектеп оқушылары атынан өз бойымызға қабылдауға анта етемін, ант етемін, ант етемін»1. Жүргізуші: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып, Ана тілін білмей өскен әңгүдік. Өсер болсаң, байтақ далаң тұрғанда, Қазақ тілі жасау керек мәңгілік,- дей отырып, біздер ұлан - ғайыр болашақ иесіміз, үміт артар, арқа сүйер азаматтарымыз. Осындай бай, асыл, алып мұраны - біз, жас ұрпақ әрі қарай жалғастыруымыз керек

2. Жүргізуші: Қазақстан Республикасында 130 дан астам ұлттар өмір сүреді. Әр халықтың тілі қайнар судың тұнбасындай мөлдір, сазды дыбыстарға бай, ұлттың тілі, әні, үні болып шалқар дариядай шалқуда. Қазақстанда тұратын барлық ұлттар еліміздің ашық аспаны мен көк туының астында бейбіт өмір кешіп жатыр. Біздің жүрегіміз бейбітшілікті қалайды. Бәріміз бейбітшілік туын жоғары ұстайық