Файл: 8дріс Kundelik kz, bilimal kz, edus электронды мектеп жйелерінде білім алушыларды оу жетістіктерін баалау жне білім сапасын мониторингілеу ерекшеліктері.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 20
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
8-дәріс
«Kundelik.kz», «bilimal.kz», «edus электронды мектеп» жүйелерінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау және білім сапасын мониторингілеу ерекшеліктері»
Kundelik.kz — Қазақстан Республикасы бойынша бірыңғай білім беру интернет-порталы. Kundelik.kz жүйесі мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде енгізілді және жеке инвесторлардың қаражаты есебінен қаржыландырылады. Бүгінгі таңда жүйеде 6200-ден астам мектеп тіркелген.
Ай сайын порталға 3 200 000-нан астам адам кіреді, парақшаларды көрулер саны – 500 миллионнан астам (2021 жылғы қыркүйектегі Яндекс Метрика деректері бойынша).
ТАРИХЫ
2016 жылы "Дневник.ру" жобасының жетекшісі Гавриил Левидің айтуынша, Қазақстан аумағында "Күнделік.кз" білім беру платформасы енгізілді. Бүгінгі таңда жобаның ресми сайтындағы мәліметтерге сәйкес, осы платформамен 6 мыңға жуық мектеп және 4 миллионға жуық қолданушы жұмыс істейді.
"Күнделік"-ті техникалық тұрғыдан әзірлеген Білім және ғылым министрлігі емес. Жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында пайда болған. "Күнделік" жобасының бас директоры Мұхтар Ілиясовтың айтуынша, инвесторлар жаңа жүйені жасап бергені үшін мемлекеттен мүлде ақша алмаған. Жоба өзін 11 жылда ақтап алады дейді. Министрліктің бұл жобаны мақұлдап, жаппай енгізуінің бір ғана мақсаты бар екен: ол – мұғалімдерді қағаз толтыру "азабынан" арылтып, Қазақстанда сандық білім беру жүйесін қалыптастыру.
Қазақстандағы ұстаздардың пікірінше, "Күнделік.кз" – Ресейдегі осындай "Дневник.ру" жобасының айна қатесіз көшірмесі. Мұхтар Ілиясов экслюзивті сұхбат бере отырып, "Күнделік" компаниясының бір бөлігі ресейліктерге тиесілі екенін растады.
"Әрине, әуел бастан қазақстандық компаниямыз деп айтып отырмын. Бірақ, біздің компанияның 45 пайызы Ресейдің "Дневник.ру" компаниясына тиесілі. Яғни, жобаның "жүрегін", негізін әзірлеген адамдар – ресейліктер. Ал, әдістеме, үш тілдегі жұмысын, академиялық бағалау жүйесін, сабақтардың санын енгізген біз. Ресейде бұл жобаны 150 адам жасап отыр, оның ішінде оншақты адамды бізге көмектесуге берген. Ал, Қазақстан тарапынан бұл жобада он екі адам – есепші, заңгерлер мен операторлар жұмыс істеп отырмыз"
ПАЙДАЛАНУ
Сонымен, бұл жүйеге кім және қалай тіркеліп, қалай пайдаланады? Яғни, ұстаздың, оқушының, ата-ананың жеке кабинеті қалай пайда болады.
"Күнделік" жүйесіне тіркелу үшін өтінішті тек мектеп бере алады. Мектеп әкімшілігі сыныптағы оқушылардың санын, аты-жөндерін және ата-аналардың аты-жөні мен өзге де мәліметтерді ұсынуы керек. Бұл жұмысты сынып жетекшілер атқарады.
Мектеп оқушылары туралы бүкіл мәліметті ұсынғаннан кейін "Күнделік" авторлары оны бес күн ішінде тексереді де, өтінішті расымен мектеп беріп отырғанына көз жеткізгеннен кейін келесі қадамға көшеді.
"Күнделік" авторлары мәліметтерді растаған соң, өтініш жіберген мектепке жүйе әкімшісіне арналған логин мен құпия сөз келеді.
Жүйенің әкімшісін мектеп тағайындайды. Бұл жұмыс жүктелген әкімші ұйымның жеке парақшасын толтырып, оқушылардың тізімін, мұғалім мен ата-ананың мәліметтерін жүйеге енгізеді. Бүкіл мәлімет базаға енген соң, сабақ кестесі және тағы басқа академиялық мәліметтер толтырылады. Содан кейін әкімші әр сыныптың жетекшісіне әрбір бала мен ата-ананың құпия сөзін таратады. Сынып жетекшісі өз кезегінде жиналыс өткізіп, әрбір баланың және оның ата-анасының жеке логині мен құпия сөзін қолдарына ұстатады.
Логин мен құпия сөз қолына тиген соң, оқушы, ата-ана мен ұстаз сайттың жоғарғы жағындағы "Кіру" тетігін басып, жұмысын бастап кетеді. Ұстаздың міндеті – баға қою, үй тапсырмасын жазу. Ата-ананың міндеті – баласының бағаларын қарап, сабақ кестесімен, үй тапсырмасымен танысу. Ал оқушының міндеті – сайттан үй тапсырмасын қарап, оны орындау. Айта кетерлігі, оқушы өзінің бағаларын және өзі оқитын сыныптың үй тапсырмасы мен сабақ кестесін ғана көре алады.
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттыұ білім академиясының мәліметі:
ЖШС «Күнделік» компаниясы оқушылардың үлгерімі сапасының деректерін әділетті талдау мақсатында Белсенділік бақылауы базасында Excel файлы түрінде тоқсандық есептерді жүктеу мүмкіндігін іске асырды.
Енді Білім басқармаларының, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшылары осы есептің көмегімен Сізге қала, аудан немесе облыс бойынша үлгерімі үздік, орташа төмен оқушылардың жалпы саны туралы ақпаратты алу оңайырақ болады.
BilimLand — көптілді білім беру онлайн-платформасы. Платформаны 2011 жылы Bilim Media Group компаниясы құрды. Қызмет Қазақстан (bilimland.kz), Ресей (bilimland.ru), Өзбекстан (bilimland.uz) және АҚШ (bilimland.com) елдерінде жұмыс істейді. Bilimland мектеп пәндерін оқытуға арналған бірнеше онлайн-платформаларды қамтиды. Бұл басқа онлайн платформалар үшін туыстас жобасы, мысалы: www.twig-bilim.kz, www.itest.kz, www.imektep.kz, www.onlinemektep.kz. Бас директоры - Рауан Кенжеханұлы, атқарушы директоры - Санжар Кенжеханұлы.
Жоба 2011 жылы "Болашақ" білім беру бағдарламасының түлектерімен құрылған. Бірінші жоба қазақ тілінде оқытатын бастауыш мектеп үшін imektep.kz онлайн-платформасы болды. Жоба американдық BrainPop жобасына ұқсас жасалған.
2013 жылы жоба технологияларды сатып алу және онлайн-платформаны коммерцияландыру үшін Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттіктің (ТДҰА) грантынан қолдау тапты.
2014 жылы сервис білім беру қызметтері нарығына алғашқы сатылыммен шықты. Сервис Назарбаев Зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымының мектептерінде тексерістен өтті. Сервисті Қазақстанның 700-ден астам мектебі белсенді түрде пайдаланды. 2016 жылы жоба Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевқа ұсынылды.
2020 жылдың наурыз айында коронавирус пандемиясына байланысты Bilim Media Group пен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі bilimland.kz платформасына тегін кіру мүмкіндігін жариялады.
2013-2016 жылдар аралығында Оқу материалдары ҚР БҒМ "Оқулық" орталығының, Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының, ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының, Өрлеу БАҰО, сондай-ақ Ресей Федерациясы Ғылым Академиясының сараптамасынан өтті.
Онлайн-платформа Қазақстанның 7000-нан астам мектебінде қолданылады.
Короновирус пандемиясының басталуымен және Қазақстанда төтенше жағдайдың енгізілуімен барлық білім беру ұйымдары қашықтықтан оқыту нысанына көшуге мәжбүр болды. 23 наурыздан бастап жоба негізінде Bilimland.kz "Балапан" (қазақ тілінде) және "Ел арна" (орыс тілінде) телеарналарында трансляциялауға арналған бейнесабақтарды жазумен OnlineMektep жобасы басталды. Бейнесабақтар 6 сәуір мен 22 мамыр аралығында көрсетілді. Жоба аясында 42 мектеп пәні бойынша 3 мыңнан астам бейнесабақтар, 20 мыңға жуық жаттығулар мен тапсырмалар жасалды.
Жоба Bilim Media Group бастамасымен жүзеге асырылды. Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырушылық және әдістемелік қолдау көрсетті. Жобаға барлығы 160 мұғалім, 40 әдіскер және компанияның 100-ден астам қызметкері қатысты. Төртінші тоқсан кезінде қашықтықтан оқытуға еліміздің 77% оқушысы көшті - бұл 3 млн 400 мың.
Bilim Media Group компаниясы жобаны өз есебінен жүзеге асырды. Қыркүйек айында қызмет белсенді DDoS шабуылдарына ұшырады.
EDUS платформасы туралы
Қазақстанда жасалған өнім
«EDUS» білім платформасы (LMS)
«EDUS» білім платформасы (LMS) білім беру мекемесінің оқыту жұмыстарын жүйелеу, процесстерді бақылау және мониторинг жүргізу арқылы электрондық құжат айналымын автоматтандыруға арналған бағдарламалық шешім болып табылады. Платформаның мақсаты білім беру және оқыту процесстері мен жалпы үлгерімді реттеуге, басқаруға, бақылауға және есеп беруге көмектеседі, ішкі жұмыстардың реттелуін жақсартады, цифрландырады, және, ата-аналармен байланысты заманауи ақпараттық технологиялар мен мобильді қосымшаларды қолдану арқылы жүйелейді. EDUS платформасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен (ҚР БҒМ) тарапынан білім беру ұйымдарына бағдарламалық шешімдер ретінде ұсынылатын өнімдерінің тізіміне енгізілген.
«EDUS» бағдарламасы зияткерлік меншік объектісі болып табылады (авторлық құқық объектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, 2016 жылғы 20 желтоқсандағы No2695), және отандық өндіруші мәртебесін нақтылайтын ұлттық өнеркәсіптік Индустриялдық сертификатына ие.
Платформа елдің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайтын Қазақстан Республикасының электрондық өнеркәсібінің сенімді бағдарламалық құралдары мен өнімдерінің тізіліміне енгізілген (20.09.2021 ж. № 72 сертификат), сондай-ақ, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V) сәйкес мемлекеттік деңгейде қауіпсіздік талаптарын сақтайды.
Платформаны Mediana Services Limited IT-компаниясы әзірледі, пилоттық нұсқасы 2008 жылы іске қосылды.