Қ.Мырзалиев «Қызыл кітап» поэмасының негізгі тақырыбыҚадыр Мырзалиевтің тақырыптарының бірі – табиғатты жырға қосу. Ақын табиғат сұлулығын «Нұр», «Түн кірпігін ілмеді», «Шалкөде жайлауы» атты өлеңдерінде ерекше бір сыршылдықпен жырлайды. Ал «Мүйізтұмсық немесе миллионның тағдыры» немесе «Қызыл кітап» шығармаларында экология мәселесін көтерді. «Адам өрісі кеңіген сайын аң-құстың өрісі тарыла түседі» деп ақынның өзі айтқандай, адам баласы өзінің де табиғаттың бір бөлшегі екенін ұмытып, оған қол салғанын күйіне баяндады. Поэмадағы лирикалық кейіпкер табиғатты жойып алудан қорқады:Шынтақтаған жастықтыКөрінедіАққу-қазды жаныштап жатқандайын.Өкпелетпеу керек қой қожайынды.Айта алмайсың халыңды,Не жайыңды.Ұстай беріп айырдыШошып кетемШаншығалы жатқандай дәу жайынды!Ақын өзінің азаматтық үнін, көкейкесті ойын былай білдіреді:…Аяймын мен анасыз,Атасызды,Аяймын мен құлынсыз,Ботасызды.Хайуанатқа жасаған қиянатың –Бауырыңа жасаған опасыздық! –деп, күйіне отырып, кешірім сұрайды:Кешіре гөр біздерді, Әулие көл!Кешіре гөр біздерді,Қыр киелі!Автор табиғатты қорғауды тек ел аумағында ғана емес, бүкіл ғаламшараралық мәселе ретінде қарастырып, оқырманды Америкаға да, Африкаға да, Еуропаға да апарады, бір кездерде мұнда адам саудасы болғанын да айтады.Кейбір халықтың жойылып кеткенінен шошынады. Қандай да болсын, зорлық-зомбылықтан бас тарту қажеттігін түсіндіреді. Бір кезде елімізде мекендеген аңдарды түгендейді, соларды жоқтайды.Поэманы не себепті «Қызыл кітап» деп атағанын аңғартады:…Қызыл кітап –Мезгілсіз кеткендердіңБастарына қойылған қызыл шырақ!… Қызыл кітап –Опат боп кеткен аңның,Бастарына қойылған қызыл күмбез.Ақын саналы адам болғандықтан, табиғатты қорғау парызымыз екенінайта келе:
Орнында ма санамыз?Күшіміз де?!Мамонт құсапЖігіттік,АзаматтықҚалған жоқ па көміліп ішімізде?! –деп ойлануға шақырады. Ата-баба салтын ұмытпау керектігін есімізге салады:Жақсылықтың алдында бас иетінБабалардың не істейміз өсиетін?!
Жер жоғалтса, не болмақ перзенттерін?Ер жоғалтса, не болмақ қасиетін?!Табиғат пен адам арасындағы үндестік, қоршаған ортаны қорғаудыңмаңыздылығын поэмада былайша түйіндейді:Одан көріп,Ақыры бұдан көріп,Таласқаннан не таппақ құлан, керік?!
Жоғалтқанды жоқтаған жөн болғанмен,
Жоғалтпаған жақсырақ одан гөрі!
Қ.Мырза әли қазақ әдебиетінде ерекше орын алады. Кітаптағы өлеңдердің тақырыбы мен мазмұны – адам, адамға тән сезімдер, ойлар, толғаныстар, адамның өмірге көзқарасы, адамның табиғатқа қарым-қатынасы, сайып келгенде, адамның тағдыры мен тіршілігі. Олардың қайқайсысы да тақырып-мазмұн ретінде жаңалық емес, сан рет толғанған сырлар, жырланған шындықтар.Бірақ осы тақырыптар мен мазмұндардың қандайы болмасын Қадырдың жырлауында жаңа қырынан, бұрын соңды ешкім айтпаған мағынада, тың пішінде көрінеді. Соның ішінде ерекше орын алатын күллі халықты мазалап отырған экология мәселесі де бар...