ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 17
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Қашықтықты анықтау
Бөлімі: | |
Мұғалімнің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Қашықтықты анықтау |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 11.9.1.4 - ара қашықтықты анықтау үшін қолданылатын "жаңа тәсілдер" әдісін пайдалануды сипаттау |
Сабақтың мақсаты: | Оқушылар: Оқушылардың барлығы дерлік Стефан-Больцман заңын біледі және сипаттай алады. Оқушыладың басым бөлігі сәулелену қуаты мен температура арасындағы байланысты сипаттайды. |
Бағалау критерийлері | Абсолют қара денені анықтайды Стефан-Больцман заңын біледі |
Құндылықтарға баулу | Жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығын дарытуда оқушыларға оқу үдерісінде бақылау жүргізуге, топтастыруға, зерттеуді жүйелеуге, құбылыстарды бір-бірімен байланыстыру мен оларға түсінік беруге үйрету. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/ Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы 10 минут | Оқушылармен амандасып,жоқ оқушыларды түгендеймін. Жаңа сабақты баяндау. Жаңа материалды түсіндіру: Қашықтықты өлшеудің астрономиялық өлшем бірліктері. Астрономияда метрді, тіпті километрді қолдану қолайсыз! Жарық жылы (ж.ж)- жарықтың бір жылда өтетін қашықтығы. 1 ж.ж.=9 460 730 472 580 800 м=9,46* км Халықаралық астрономиялық ұйымның (ХАҰ) анықтамасы бойынша: 31536000 с=9 460 730 472 580 800 м | Оқу мақсатымен танысу, Жаңа тақырыпты оқу және жұп болып талдау Видео материалды қарайды | Қалыптастырушы бағалау | Таратпа материал, https://www.youtube.com/watch?v=PJ38fAoElD0 |
Сабақтың ортасы 10 минут 15 минут | 2-тапсырма (G) Бір жылда - 31536000 секунд. Астрономиялық бірлік (а.б.) – Жер центрі мен Күн центрі арасындағы орташа қашықтық, шамамен жер орбитасының үлкен жарты осіне тең. ХАҰ бойынша 1 а.б.=149 597 870 700 метр=149,6 млн.км 1 ж.ж.=63 241,077 а.б. Паралла́кс — бақылаушының орналасуына байланысты көрінетін объектінің алыстағы фонға қатысты орнының өзеруі Базис — А (бақылаушы) нүктесінен бақылаушы үшін көз жеткізілген белгілі бір В нүктеге дейінгі мұқият өлшенген қашықтық. Жұлдыздың жылдық параллаксы (π) — жұлдыздан жер орбитасының радиусы көрінетін бұрыш. Парсек (пк) (параллакс+бұрыштық секунд) – бір бұрыштық секунд (0°0'1") бұрышынан жер орбитасының радиусы (а.б.) көрінетін жұлдызға дейінгі қашықтық. 1 пк=3,26 ж.ж.=206265 а.б.=3* км а=базис= =жылдық=[ ] . Көкжиектік параллакс – жұлдыздан көру сәулесіне перпендикуляр Жер радиусы көрінетін бұрыш. 1 радиан=57,2958 Параллакс аз болған сайын, объект алыс орналасқан. Айдың параллаксы ең үлкен мәнге ие. Объекттерді және олардың нақты орналасуын радиотолқындар арқылы анықтау – радиолока-ция. Радиолокация әдісі жақын ғаламшарларға дейін-гі қашықтықты анықтау үшін қолданады. Есептер шығару. 1-есеп. 1-кестені толтырыңыз. (Әр оқушыға бір жолдан) Дескрипторлар:
2-4 есеп. Дескрипторлар:
Жауабын берілген астрономиялық өлшем бірлікте жазады. Кері байланыс. ( оқушылардың жауаптарын талқылау және ұсыныс айту) | | ||
Таратпа материалдар | ||||
Сабақтың соңы. 10мин Рефлекция Бағалау Үй тапсырмасы | Рeфлексия пирамидаcы:Қарастырылған мәселелерді қаншалықты ұққандығыңды өзің бағалап, пирамиданы толықтыр: Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау -Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап жазу. | Сабақты қорытындылау барысында оқушылар өз ойларын үлестірме қағаздарға жазып, пирамиданы кім қай мәселені ұққандығына қарай толтырады. | Жалпы сабақты бағалау критерийлер бойынша ең жоғарғы 10 балл | Үлестірме стикерлер Дескриптор Оқулық |
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? | Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | ||
Оқушыларға жеке қолдау көрсету, оқу материалдары мен дереккөздерді оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып, Мотивациясы жоғары оқушылар: Көмек қажет ететін оқушыларға «Сәйкестендіру» тәсілі оқушының ынталану қабілетін арттыруға көпірше болып қызмет атқарады. Тапсырмалар бере отырып, күтілетін нәтижеге жетелеймін. «Рефлексия пирамидасы» әдісі арқылы кері байланыс береді | Әрбір кезең бойынша оқушыларға ауызша және бас бармақ, смайликтермен кері байланыс беріп отырамын, сол арқылы оқушыларды ынталандыруға бағыттап отырамын, қолдау көрсетемін. Оқушылардың өзін-өзі бағалауы, топтардағы бағалау жүріп отырады | Физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі еске салынады. | ||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек? 1: 2: |