ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 9
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мектеп: № Пән мұғалімі:
Бөлімі: | 1. Төртбұрыштар | ||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | | ||||||||||||||||||||||||||||||
Пән мұғалімі: | Серікбай Аруна Мұхтарқызы | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сыныбы: 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Көпбұрыш. Дөңес көпбұрыш | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | 8.1.1.1 көпбұрыш, дөңес көпбұрыш, көпбұрыш элементтері анықтамаларын білу; 8.1.1.2 көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындыларының және сыртқы бұрыштарының қосындыларының формулаларын қорытып шығару; | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі/уақыт | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||
Басы 5 минут Ұйымдастыру кезеңі | Оқушыларды түгендеп, сәлемдеседі. Олардың үй жұмыстарын тексеріп, сабаққа деген дайындықтарын тексереді. Жаңа тақырыпты анықтау және оқушыларды топқа бөлу үшін көпбұрыштың 3 түрі жазылған стикер таратады. Мұғалім төртбұрыш таңдаған, бесбұрыш таңдаған, алтыбұрыш таңдаған оқушыларды жеке-жеке топқа бөледі. | Оқу-құралдарын дайындап, сабаққа кіріседі. Орындаған үй тапсырмасын тексертеді. Көпбұрыштың 3 түрі жазылған стикерлерді таңдайды. Таңдаған көпбұрыштар бойынша бірігіп топтасады. | Үй жұмысын дұрыс орындаған оқушыларға балл қойылады. | Оқулық, стикер | |||||||||||||||||||||||||||
Негізгі бөлім Тақырыпты ашу | Жазықтықта берілген А,В,С,Д,Е нүктелерін тізбектеп қосқанда шығатын фигураны сынық сызық деп атайды. А,В,С,Д,Е нүктелері сынық сызықтың төбелері, ал АВ, ВС, СД және ДЕ кесінділері оның буындары деп аталады. Егер жай сынық сызықтың бастапқы және соңғы ұшы беттесетін болса, ондашыққан фигура тұйық сынық сызық деп аталады. Жазықтықтың жай тұйық сынық сызықпен шектелген бөлігін көпбұрыш деп атайды. Тапсырма: Бұрыштары 2:3:2:5:6 сандарына пропорционал болса, онда осы дөңес бесбұрыштың бұрыштарын тап? 1-оқушы:есептің берілгенін жазады, суретін салады; 2-оқушы: бірінші оқушыны тексеріп, барлық бұрыштарының қосындысын табады; 3-оқушы: екінші оқушыны тексеріп, әрбір бұрышын табады, көпбұрыштың түрін айтады. «Бос ұяшықты толтыр» жұптық жұмыс жасатамын.
Оқулық бойынша есептер береді. LearningApps.org платформасы арқылы сәйкестендіру есебін жеке жұмыс ретінде тапсырады. | Жаңа сабақты түсінеді. Тапсырмаларды орындайды. Оқушылар платформа бойынша тапсырманы орындайды. |
| Оқулық Слайд Интерактивті тақта | |||||||||||||||||||||||||||
Соңы Қорытындылау | Мұғалім «Жетістік баспалдағы» әдісін оқушыларға ұсынады. Кім сабақты қаншалықты түсінді, түсінбеді, сұрақтары бар ма сол бойынша жұмыс жасап, сабақты аяқтайды. | Оқушылар өз ойларын ашық жеткізіп, сабақты қорытындылайды. | | | |||||||||||||||||||||||||||
Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау ж оспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Саралау іріктелген тапсырмалар, бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Тапсырманы толық дұрыс орындаған оқушыларды марапаттау жұмыстары. Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы: нұсқаулықпен жүргізіледі. Сабақ бойынша рефлексия: Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттың кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі ( оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? |