ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 20
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Достығымыз жарасқан»
Мерекелік ертеңгілік
Мақсаты: 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні екенін балаларға айтып ұғындыру. Балаларды татулыққа, достыққа, елін, жерін сүйе білуге үйрету.Басқа ұлт өкілдерімен таныстырып олармен тату, достық қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Әсем безендірілген зал, мерекелік шарлар,
ұлттық киімдер мен жалаушалар.
Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар, құрметті ұстаздар!
Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттармен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Достығымыз жарасқан» тақырыбындағы мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Қазақ халқы - халқы жомарт, даласы дархан, орманы қарқан, таулары қалқан, болған ақ бесік ата мекені бар, сол мекенде жусанның жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспеген елміз.
Тілі бөлек болғанменен тілегі бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрегі гүл.
Қазақстан барлық ұлтқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достығымыз мәңгілік болғай- дей отыра ортамызға
Қазақ халқының өкілдерін қошеметпен шақырайық.
-Бейбітшілік жасасын, ынтымақтастық жасасын! -Ура- ура- ура!
Келесі кезекте Орыс халқының өкілдерін қошеметпен ортаға шақырайық.
-Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын! -Ура-ура-ура!
Ендігі кезекте өзбек ұлтының өкілдерін қошеметтеп ортаға шақырамыз.
-Ынтымағы жарасқан Қазақ елі жасасын! -Ура-ура-ура!
Келесі кезекте грузин ұлтының өкілдерін қошеметтеп ортаға шақырамыз.
1-Мамыр ынтымақ,бірлік күні жасасын! Ура-ура-ура!
Ендігі кезекті ұлттар достығы жайлы ертеңгілігімізді ашып беру үшін балабақшамыздың меңгерушісі: Мөлдір Балғабайқызына сөз береміз.
Хор «Дос болайық бәріміз»
Шұғыла. Жан біткендей жас тауға,
Шуақ ойнап арайлы.
Күн күлімдеп аспанда,
Мамыр әні тарайды.
Азамат: Қазақ елі қашаннанда жыр елі,
Тарихында тұлғалар көп киелі.
Қазақстан аясында бұрыннан,
Бірнеше ұлт өмір сүріп келеді.
Жұбаныш: Жайдары жаз түрге еніп,
Жадыратты жанымды.
Жер дүние тербеліп,
Дала, қала құлпырды.
Інжу: Ортақ жұтар ауамыз,
Ортақ жарық күніміз.
Достық туған анамыз,
Жердің қызы, ұлымыз.
Кәусар: Мамырдың бірі, достықтың күні,
Ән салып, билеген халықтың үні.
Тұтасып, тойлаған ұлттар,
Керемет мереке мамырдың бірі.
Дамир: Қырғыз, қазақ, өзбектер,
Монгол, ұйғыр, дүнгендер,
Армиян, тәжік, грузин,
Орыс пенен украин,
Терезесі тең жатыр.
Мирас: Бір шаңырақ астында
Тату тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.
Хор: «Бақытты баламыз»
Би: «Грузин биі» Шұғыла Азамат
Назым: Күте тұғын асыға әр күнін біз,
Арналатын ең тәтті ән- жырымыз.
Мерекелі мерейлі айдың басы,
Құтты болсын бірінші мамырымыз!
Сезім: Болсын жермен су да ортақ,
Болсын біздің ту да ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ұлан: Енді бүгін қарасам,
Айналам бақыт кең жатыр,
Бірімен- бірі туысқан,
Қол ұстасқан ел жатыр.
Мейіржан: Сары, ақпыз, қарамыз,
Бәрімізде баламыз.
Бір отанда тұрамыз,
Біз мектепке барамыз
Жұлдыз: Достығымыз жарасқан,
Ақпыз, қара, сарымыз.
Қара жер мен көк аспан,
Ортақ дала, тауымыз.
Жанель: Бір-бірімен тату тәтті тұрады,
Бәрінің де Қазақстан тұрағы.
Туған жерге тебіренген сәттерде,
Ағылады өлең жырдың бұлағы.
Дінмұхаммед: Достар тату-тәттіміз,
Болса қолда тәттіміз.
Біз бөлісіп жатамыз,
Бәріміз дәм татамыз.
Хор: «Достық жыры»
Би: «Өзбек биі» Інжу Жұбаныш
Жаннұр: Ынтымағы жарасқан береке күн,
Арналатын ең тәтті ән- жырымыз.
Татулық, достығың арта берсін,
Құтты болсын бүгінгі мереке күн.
Жасұлан: Достықты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалған ата-бабадан,
Бірлік асыл мұрамыз.
Нұрхан: Ортақ болып ісіміз,
Еңбек десе тынбаймыз.
Үлкен сыйлап кішіміз,
Аға ақылын тыңдаймыз.
Әбу: Достық- шырағымыз,
Достық-ұранымыз,
Достық-туымыз,
Достық әніміз.
Айзере: Дос болып түрлі халықтар,
Жасайтұғын ғасырмын.
Бақытшымын әлемге
Ұмытылмас асылсын.
Нұрзат: Бейбітшілік ұраны,
Жарқыраған алтын күн.
Ән қанатты қыраны,
Еркіндігі халқымның.
Хор: «Достық»
Би: «Орыс биі»
Балхадиша: Достықты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалған ата бабадан,
Бірлік асыл мұрамыз.
Ақмырза Біз балдырған тең басқан,
Дос құшағын кеңге ашқан.
Тілегіміз әділдік,
Ашық болсын кең аспан.
Бекжан Әрқашан дос біргеміз,
Ажырамас іргеміз,
Ілгері жүріңдер,
Би: «Қаражорға» Назым Мирас
Жүргізуші: Ағайын, туған бар адам,
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық!
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін!»
1-Мамыр мерекесі дүние жүзіндегі халықтардың достығы мен бірлігін атау күні. Біздің мемлекет бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы ел. Елімізде әр түрлі ұлттар тату- тәтті өмір сүруде. «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» -деген халық мақалы біздің елге айтылғандай.
Осымен «Балдырған» ортаңғы тобының «Достығымыз жарасқан» тақырыбындағы мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет.