Файл: Б отырысында аралды. Келісілді Бекітемін Бірлестік жетекшісі Оу ісіні мегерушісі Мектеп директоры.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 129
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ӘБ отырысында қаралды. «Келісілді» «Бекітемін»
Бірлестік жетекшісі Оқу ісінің меңгерушісі Мектеп директоры
______ ______ ______
« » _____2022 ж « »_______ 2022 ж « »______ 2022ж
Түсінік хат
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Мектепке дейінгі тәрбиемен оқытудың,бастауыш,негізгі,орта және жалпы орта,техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – МЖМБС) ҚР БҒМ (бұдан әрі – ҚР БҒМ) 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы, ҚР бастауыш,негізгі,орта және жалпы щрта білім берудің үлгігік оқыту жоспарын бекіту туралы» ( ҚР МП 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрық)
«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығы , «Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың,мектепке дейінгі ұымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2020 жылғы 22 мамырдағы №216 бұйрығы) негізінде ұзақ мерзімді жоспар жасалынған.
1. 2022-2023 оқу жылындағы өзгерістер: 1) 2022-2023 оқу жылының басталуы – 2022 жылғы 1 қыркүйек; 2) оқу жылының ұзақтығы: 1-сыныптарда – 35 оқу аптасы, 2-11 (12) сыныптарда – 36 оқу аптасы; 3) оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері: 1-11 (12) сыныптарда: күзгі: 31.10.2022-06.11.2022, қысқы: 31.12.2022–08.01.2023 көктемгі: 18.03. 2023– 26.03.2023 жазғы: 01.06. 2023 – 31.08. 2023 4) 2-11 (12) сыныптарда сабақтың ұзақтығы – 45 минут.
2.Білім мазмұнын ұйымдастырудағы ерекшеліктер:
- тарихи пәндер арасындағы пәнаралық байланыс іске асырылған. Бұл оқу материалдарын қайталамауға және Қазақстан тарихын әлемдік тарихи процестер контексінде қарастыруға мүмкіндік береді;
- тарихи ойлау дағдыларын (тарихи процестер мен құбылыстарды зерттеу, талдау, түсіну және түсіндіру) дамытуға бағытталған;
- білім алушыларда тарихи сана, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға септігін тигізетін материалдарды зерделеуге ерекше көңіл бөлінген.
«Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша оқу бағдарламасының басты мақсаттарының бірі – оқушылардың бойында тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыру мен дамыту болып табылады. Сондықтан сабақта оқушылардың «тарихи ойлау» дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік беретін түрлі әдіс-тәсілдерді (белсенді және проблемалық оқыту әдістері, зерттеу, жоба әдістері т.б.) қолдану ұсынылады. «Тарихи ойлау» өткен заманның кез-келген құбылысын сол заманның контекстінде, бұрын болған және кейінгі тарихи оқиғалармен өзара байланысында көру, анықтау, бағалау, талдау қабілетін білдіреді. Осы қабілетке ие болу арқылы оқушы өткен тарихқа қатысты білім мен түсінікке негізделген өзіндік дәлелді ұстанымды қалыптастыра алады. Тарихи ойлау дағдылары әрбір сабақта олардың біртіндеп кеңеюі мен прогрессиясы негізінде дамытылуы тиіс.
3.«Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндерін тарихи түсініктер негізінде оқыту ұсынылады: Оқыту келесі түсініктердің негізінде құрылуы тиіс:
1) өзгеріс және сабақтастық (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қоғам қаншалықты өзгеріске ұшырады);
2) себеп-салдар (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қандай маңызды факторлар саяси үдерістерге әсер етті);
3) дәйек (белгілі тарихи кезеңнің өнері бізге құндылықтар, нанымсенімдер мен технологиялар туралы қандай мәлімет бере алады);
4) ұқсастық пен айырмашылық (мысалы, XIII-XV ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттердің саяси құрылысындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар);
5) маңыздылық (мысалы, Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы неде);
6) интерпретация (мысалы, белгілі бір тарихи оқиғаны түрлі зерттеушілер қалай сипаттайды).
4.2022-2023 оқу жылында «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері бойынша келесі оқулықтар қолданылады:
5-сынып – 5-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары (ежелгі заман: шамамен 1 млн жыл бұрын – V ғасыр);
6-сынып – 6-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары немесе 6-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары (ортағасырлар кезеңі: V - XVII ғасырлар);
7-сынып – 7-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары (жаңа заман кезеңі: XVIII -XIX ғасырлар);
8-сынып – 8-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары ( қазіргі заман тарихы кезеңі: XX ғасырдың бірінші жартысы);
9-сынып –9-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары (қазіргі заман тарихы кезеңі: XX ғасырдың екінші жартысынан бүгінгі күнге дейін).
«Қазақстан тарихы» пәнін оқытудың ерекшеліктері
18.1 кесте.«Қазақстан тарихы» оқу пәндерін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі
Сынып | Оқу пәнінің атауы | Жалпы жүктеме,сағат | |||
Үлгілік оқу жоспары | Үлгілік оқу жоспары (төмендетілген оқу жүктемесімен) | ||||
Апталық | Жылдық | Апталық | Жылдық | ||
5 | Қазақстан тарихы | 2 | 72 | 2 | 72 |
6 | Қазақстан тарихы | 2 | 72 | 2 | 72 |
7 | Қазақстан тарихы | 2 | 72 | 1 | 36 |
8 | Қазақстан тарихы | 2 | 72 | 1 | 36 |
9 | Қазақстан тарихы | 2 | 72 | 1 | 36 |
10 11 (ҚГБ) | Қазақстан тарихы | 2 | 72 | 2 | 72 |
10 11 (ЖМБ) | Қазақстан тарихы | 2 | 72 | 1 | 36 |
18. 2 -кесте «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып | Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны | |||||||
Үлгілік оқу жоспары | Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспары бойынша | |||||||
1 тоқсан | 2 тоқсан | 3 тоқсан | 4 тоқсан | 1 тоқсан | 2 тоқсан | 3 тоқсан | 4 тоқсан | |
5 сынып | 1 | 2 | 2 | 3 | 1 | 2 | 2 | 3 |
6 сынып | 1 | 1 | 3 | 2 | 1 | 1 | 3 | 2 |
7 сынып | 2 | 2 | 3 | 1 | 2 | 2 | 2 | 1 |
8 сынып | 1 | 1 | 2 | 2 | 1 | 1 | 2 | 2 |
9 сынып | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 |
10 сынып (ҚГБ ЖМБ) | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
11 сынып (ҚГБ ЖМБ) | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарына сәйкес 7-9-сыныптарда «Қазақстан тарихы» пәнінің апталық жүктемесі 1 сағатты құрайды. Сондықтан, осы оқу жоспарымен оқытылатын «Қазақстан тарихы» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалау өткізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.
Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарына сәйкес 10-11-сыныптарда жаратылыстану-математика бағытында оқытылатын «Қазақстан тарихы» пәнінің апталық жүктемесі 1 сағатты құрайды. Сондықтан, осы оқу жоспарымен оқытылатын «Қазақстан тарихы» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалау өткізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.
«Дүниежүзі тарихы» пәнін оқытудың ерекшеліктері
18.3 - кесте.« Дүниежүзі тарихы» оқу пәні бойынша 5-11 сыныптарды оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі
Сынып | Оқу пәнінің атауы | Жалпы жүктеме,сағат | |||
Үлгілік оқу жоспары | Үлгілік оқу жоспары (төмендетілген оқу жүктемесімен) | ||||
Апталық | Жылдық | Апталық | Жылдық | ||
5- 9 | Дүниежүзі тарихы | 1 | 36 | 1 | 36 |
10 -11 (ҚГБ) | Дүниежүзі тарихы | 2 | 72 | 3 | 108 |
10- 11 (ЖМБ) | Дүниежүзі тарихы | 1 | 36 | 2 | 72 |
18.4-кесте .«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып | Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны | |||
1-тоқсан | 2-тоқсан | 3-тоқсан | 4-тоқсан | |
5 | 2 | 2 | 2 | 2 |
6 | 2 | 2 | 2 | 2 |
7 | 2 | 2 | 2 | 2 |
8 | 2 | 2 | 2 | 2 |
9 | 2 | 2 | 2 | 2 |
10 -11(ҚГБ ЖМБ) | 1 | 1 | 1 | 1 |
| Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспары бойынша | |||
10 -11 (ҚГБ ЖМБ) | 1 | 1 | 1 | 1 |
Сонымен, «Дүниежүзі» оқу пәні бойынша 5-9-сыныптарда және 10-11-сыныптарда жаратылыстану-математика бағытында «Дүниежүзі тарихы» пәнінің апталық жүктемесі 1 сағатты құрайды. Сондықтан, осы оқу жоспарымен оқытылатын «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалау өткізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады
«Құқық негіздері» пәнін оқытудың ерекшеліктері
18. 5-кесте.« Құқық негіздері» оқу пәні бойынша 9-11 сыныптарды оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі
Сынып | Оқу пәнінің атауы | Жалпы жүктеме,сағат | |||
Үлгілік оқу жоспары | Үлгілік оқу жоспары (төмендетілген оқу жүктемесімен) | ||||
Апталық | Жылдық | Апталық | Жылдық | ||
9 | Құқық негіздері | 1 | 36 | 1 | 36 |
10 -11 (ҚГБ) | Құқық негіздері | 1 | 36 | 3 | 108 |
10- 11 (ЖМБ) | Құқық негіздері | 1 | 36 | 2 | 72 |