ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 24
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімі М.Әуезов атындағы орта мектебі
ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ ҚАЗАҚСТАН
10 сынып
Авторы: тарих пәнінің мұғалімі Бекебаева Айнұр
Каримбаев Куат
ТҮСІНІК ХАТ
Қазақстан қазіргі заманғы әлеуметтік кеңістікте және әлемдік тарихтың уақыт межесіндегі өз орнын айқындауды көздейді. Қазақстандық қоғамда тарихи сананы жаңғырту, өзіндік ұлттық бірегейлік пен мәдени тұтастықты қалыптастыру, болашақ дамудың рухани бағдарын анықтау еліміздің ішкі дамуындағы маңызды көрсеткіш. Қазақстанның өткен тарихы - қоғамдық сананың түрлі деңгейіндегі гуманитарлық кеңістіктің негізгі бөлігін құрайды. Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесінің жаңаруын, зияткерлік қоғамның жасампаз тұлғасын қалыптастыру және ұлттық тарихтың жаңа белестерін зерттеуде тарихи сабақтастықтың болуы заңдылық. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы Қазақстан Республикасы аумағында өмір сүрген, қазірде өмір сүріп жатқан қазақ және басқа да халықтардың тарихы және бүкіл адамзат тарихының құрамдас бір бөлімі. Өйткені ол Еуразия және Орталық Азия елдері тарихымен тығыз байланыста ұштасып жатыр. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы – Ұлы Далада ХХ ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейін орын алған тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, фактілерді, үдерістерді, тарихи заңдар мен заңдылықтарды аша отырып, оларды тығыз байланыста тұтас қарастыратын пән. ХХ ғасыр қазақ халқының тарихи тағдырында өте маңызды кезеңдердің бірі. Өйткені, қазақ қоғамдық саяси ойдың дамуы, Қазақ мемлекеттілігін жаңғырту идеясы сол кезде пайда болды. ХХ ғасыр қайшылықтарға толы көптеген саяси-әлеуметтік бетбұрыстар мен мәдени төңкерістердің, Дүниежүзілік соғыстардың, экономикалық өзгерістердің орын алған кезеңі болғандықтан және бүгінгі күнмен етене байланысып жатқандықтан, осы үдерістерді оқытуға аса көңіл бөлу қажет.
Хронологиялық шеңберін анықтауда Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы ұлттық идеялары мен қозғалыстар тарихы басшылыққа алынды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік алуына орай өткенді жан-жақты және объективті зерттеу, негізгі міндеттері халықтың тарихи жадын жаңғырту, ұлттық сананы және азаматтық бірлікті насихаттау, жастарды отансүйгіштік пен толеранттық рухта тәрбиелеу болып табылатын «Жаңа әлемдегі Қазақстан» пәнін оқыту көкейкесті бола түсті. Мемлекеттің біртұтас сиаптын көрсету, қоғамдық сананы қалыптастыру, ұлттық идеология, азаматтардың жасампаздық белсенділігін дамыту, елдің зияткерлік әлеуетін көтеру осы пән шеңберінде жүзеге асады.
«Жаңа әлемдегі Қазақстан» курсының негізгі мақсаты – отандық тарихтағы негізгі оқиғалардың мазмұны туралы ғылыми дәлелденген фактілер негізінде міндетті толық білім беру, тарихи-мәдени дамудың үздіксіздігі мен сабақтастығын дәлелді көрсету, рухани мұрагерліктің терең тамырларын, бұрынғы ұрпақтың қажырлы еңбегін, халықтың жеке
тұлғаларын, тарихи тәжірибені және ұлттық дәстүрлерді құрметтейтін жастардың ұстанымын қалыптастыру.
Бұл бағдарламаны жасау барысында ең алдымен, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың әр жылдардағы халыққа арналған Жолдаулары негізінде қалыптасқан стратегиялық міндеттерді, «Қазақстан Республикасындағы тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасын» және т.б. маңызды құжаттарды басшылыққа алып, тарих ғылымындағы жетістіктер мен жаңалықтарды, оқыту әдістемесінің үрдістері мен ерекшеліктерін, заманауи тарихи ақпаратты оқушылардың түсіну деңгейін ескерді.
«Жаңа әлемдегі Қазақстан» пәнін оқытудың рөлі мен мәнін төмендегідей міндеттермен байланыстыра қарастырды:
-
Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттілігі мен ұлттық қауіпсіздігін қалыптастыратын стратегиялық міндеттерге бағытталған тарихи білімнің теориялық және әдістемелік негіздерін қалыптастыру; -
Полиэтникалық және поликонфессионалды қазақстандық қоғамды біріктірудің идеологиялық және рухани негіздерін қалыптастыру; -
Дүниежүзілік тарих, Шығыс және Батыс мәдениеттерінің диалогы ауқымындағы бүгінгі Қазақстан тарихының қайталанбас ерекшелігі мен маңыздылығын анықтайтын ғылыми қағидаларын ашу; -
Қазақ халқының этногенезі мәселесін, Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттілік пен өркениеттер түрлері эволюциясын, аса маңызды тарихи фактілер мен оқиғалар жиынтығын, тарихтың сабақтары мен заңдарын тұтастай және объективті түрде қарастыруды көздеген қазіргі Отан тарихының ғылыми-негізді тұжырымдамасын жасау; -
Жеделдетілген модернизация мен республиканың экономикалық және идеялық-мәдени жетістіктерге қол жеткізген даму моделін шынайы ғылыми тарихи білім мазмұнымен толықтыру.
Курсты оқу барысында оқушылар төмендегідей құзыреттіліктерді меңгереді:
- өткен тарихи оқиғалар мен көріністерді сыни талдау, ретроспективті, салыстырмалы-тарихи және де басқа да ғылыми зерттеу әдістері негізінде оларды адамзаттың әлемдік-тарихи дамуымен байланыстыра көрсетуге дағдылану;
- әлемдік және еуразиялық тарихи үдерістер бастауларында тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу алғышарттарын, кезеңдері мен олардың тарихи негіздерін білу;
- қазақстандық даму үлгісінің өзіндік басымдылықтарын, ерекшеліктері мен маңыздарын шынайы және жан-жақты ескеру;
- күрделі тарихи үдерістерді, құбылыстарды және қазіргі Қазақстанның тарихи тұлғаларының қызметін оқытуда аналитикалық және аксиологиялық талдаулар жасау дағдысын меңгеру.
КУРСТЫҢ тақырыптық жоспары
№ | Тараулар мен тақырыптардың атаулары | Сағат саны | мерзімі |
1 | Кіріспе | 1 | |
Қазақстан тәуелсіздікке барар жолда: даму фазалары мен ұлттық құрылыс идеялары | |||
2 | Ұлттық мемлекет құру жолындағы қозғалыстар | 1 | |
3 | Кеңестік Қазақстанның тарихи бастаулары: қазақтандыру қиыншылықтары | 2 | |
4 | Кеңестік тоталитарлық Қазақстанның қалыптасуы: сипаты, шаралары, сабақтары | 2 | |
5 | Фашистік басқыншылыққа қарсы күрестегі қазақстандықтардың ерлігі мен қасіреті | 1 | |
6 | Мәдениеттің дамуы | 2 | |
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы кеңестік реформалардың Қазақстандағы қайшылықты салдарлары | |||
7 | Жеке басқа табынудың «шарықтауы» және «жылымық» | 1 | |
8 | Қазақстандағы рухани, шаруашылықтық «тоқыраулар» және экологиялық дағдарыстар | 2 | |
9 | Кеңестік Қазақстанды қайта құру әрекеттері | 1 | |
Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік стратегиясы және әлеуметтік-экономикалық дамуы | |||
10 | Тәуелсіздік жағдайындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысын қалыптастыру | 2 | |
11 | Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі | 2 | |
12 | Әлеуметтік реформалар және білім беру жүйесіндегі өзгерістер | 2 | |
13 | Этнодемографиялық үдерістер және ұлтаралық келісімнің нығаюы | 2 | |
Тәуелсіз Қазақстандағы демократиялық және рухани жаңарулар | |||
14 | Қоғамдық-саяси дамудағы алға басулар. | 1 | |
15 | Қазақстан Республикасы жастар саясаты және рухани жаңару бағыты | 2 | |
16 |
|
| |
17 | «Халық тарих толқынында» атты Елбасы бағдарламасының жаңа тарихи сананы қалыптастырудағы маңызы. | 1 | |
18 | «Мәңгілік ел» - ХХІ ғасырдағы Қазақстанның ұлттық идеясы. | 1 | |
19 | Қазақстан - әлем мойындаған ел. | 1 | |
20 | Қорытынды | 1 | |
| Барлығы 34 сағат | | |
Пайдаланылған әдебиеттер
Негізгі:
-
Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1-5-томдар. –Алматы., 1996, 1997, 2000, 2010. -
Қазақстан тарихы: Лекциялар курсы. / Ред. басқ. т.ғ.д., проф. Қ.С. Қаражан. – Алматы: Нұрпресс, 2011. – 376 б. -
Қазақстанның қазіргі заман тарихы. Хрестоматия. (1917-1939). 1т. Ред. басқарған Қ. С. Қаражан. Алматы, 2007. -
Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. Алматы: Атамұра, 1999 -
Кан Г.В. История Казахстана: Учебное пособие для вузов. – Алматы, 2005. -
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. – 4 кітаптан тұратын оқулық. Алматы, Қазақ университеті, 2016. -
Ұлы Дала тарихы: учебное пособие/Кан Г.В., Тугжанов Е.Л. – Астана: Zhasyl Orda, 2015. – 328 стр. -
Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы, 2010. -
Қазіргі Қазақстан тарихы: Хрестоматия /Б.Ғ.Аяғанның ред. – Алматы, 2010. -
Қазақстан тарихы: Оқу құралы. / Ред. басқ. проф. Б.С. Сайлан. – Алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. – 452-б. -
Артыкбаев Ж.О.; Раздыков С.З. История Казахастана: Учебник. – Астана: Фолиант, 2007. – 344 с.
Қосымша:
-
Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы, 1995. -
Назарбаев Н.А. Стратегия становления и развития Казахстана как суверенного государства.- Алматы, 1992 -
Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздік белестері. – Алматы, 2003. -
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы. – Астана, 2007. -
Назарбаев Н.Ә. Бейбітшілік кіндігі. - Астана, 2002. -
Назарбаев Н.А. Евразийский Союз. Идеи, практика, перспективы.- м:1997 -
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан - 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. А., 1997. -
Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты». ҚР Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Егемен Қазақстан, 15 желтоқсан 2012 ж. -
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі – Мәңгілік Елдің Ұлы тарихы. Тәуелсіздік күніне орай салтанатты шарада сөйлеген сөзі. - Егемен Қазақстан, 16 желтоқсан 2014 ж. -
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму. Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2015 жылғы 30 қараша. – Егемен Қазақстан, 1 желтоқсан 2015 ж. -
Назарбаев Н.А. Критическое десятилетие. Алматы: Атамұра, 2003 -
Назарбаев Н.А. На пороге ХХІ века. – Алматы: Өнер, 1996 -
Назарбаев Н.А. Ғасырлар тоғысында. – Алматы, Өнер, 1996. – 272 б. -
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы. – Астана, 2007. -
Назарбаев Н.А. Стратегия независимости. – Алматы, 2003. -
Назарбаев Н.А. Без правых и левых. Москва, 1991 -
Омарбеков Т. Голодомор в Казахстане (хрестоматия). – Алматы, 2010. -
Омарбеков Т. Қазақстан тарихының өзекті мәселелері. Көмекші оқу құралы. Алматы: «Өнер», 2003. – 552 б Абылхожин Ж. Очерки социально-экономической истории Казахстана. XX век. — Алматы, 1998. -
Омарбеков Т. Қазақстан қасіреті: Көмекші оқу құралы. – Алматы: Санат, 1997. – 320 б. -
Омарбеков Т., Омарбеков Ш. Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас. –Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 388 б. -
Языковая политика в Казахстане (1921-1990 гг.): сборник документов / Сост.: Айбасова М.К.,. Исахан Г.Т. – Алматы: «Қазақ университеті», 1997. – 325 с. -
Алаш қозғалысы: Құжаттар мен материалдар жинағы: сәуір 1920-1928 жж. /Бас ред.: Қойгелдиев М.Қ.; Жауапты құраст.: Грибанова Е. М., Жағыпаров Н. Р. – Алматы: Ел-шежіре, 2007. – 304 б. -
Алаш қозғалысы: мәселенің зерттелу тарихынан //Құжаттар мен материалдар жинағы (1918–2007 жж.). – Т. 4. /Бас ред.: Қойгелдиев М.Қ.; Жауапты құраст.: Зұлқашева А.С. – Алматы: Ел-шежіре, 2008. – 472 б. -
Қазақстан Республикасының Президенті Мұрағатының аса құнды құжаттары: Жинақ. - 1 шығарылымы / Жауапты ред.: Шепель В.Н. – Алматы: АП РК, 2009. – 103 б. -
Әбжанов Х. Қазақстан: тарих, тіл, ұлт. – Астана, 2007. -
Қозыбаев М. «Өркениет және ұлт». – Алматы, 2001. -369 б. -
Қозыбаев М. История и современность. – Алма-Ата, 2003. – 265 б. -
Козыбаев М.К., Алдажуманов П.С. Тоталитарный социализм: реальность и последствия. – Алматы: Фонд XXІ века, 1997. – 258 с. -
Атабаев Қ.М. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. – Алматы, 2002. – 172 б. -
Қойгелдиев М.Қ. Алаш қозғалысы. –А., 1995. -
Омарбеков Т., Омарбеков Ш. Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас. –Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 388 б. -
Нұрпейісов К. Алаш һәм Алаш - Орда. –А., 1995. -
Абылхожин Ж.Б. Очерки социально-экономической истории Казахстана. XX век. -Алматы; ЮАТ. – 1997. -
Современный Казахстан: стратегия успеха/ под ред. М.Е.Шайхутдинова . – Алматы, 2008. -
Сайлан Б.С.Кеңестік биліктегі Қазақстанның жастар саясаты: тарихы мен тағылымы (1917-1991 жж.). – Алматы: ҚазМемҚызПУ, 2011. – 433 б. -
Ертысбаев Е.К. Казахстан и Назарбаев: логика перемен. – Асатана: Елорда, 2001. -
Тоқаев Қ.К. Қазақстан Республикасының дипломатиясы. – Алматы, 2002. -
Қазақстан: мемлекеттілік кезеңдері. Конституциялық актілер / Құрастырған Ж.Бәйішев. Алматы: Жеті жарғы, 1997. – 496 б. -
Султангалиева Г.С. Западный Казахстан в системе этнокультурных контактов (XVIII – начало XX вв.). – Уфа, 2002. -
Мендикулова Г.М. Казахская диаспора: история и современность. А., 2006. 343 С. -
Рысбекова С. Социальная модернизация традиционного общества в Казахстане (1920-1936 гг.) // Издательство «Арыс», Алматы, 2013. 370 с. -
Тәуелсіз Қазақстан тарихы: Хрестоматия. /Құрастырғандар: Қ.С. Қаражан, К.Е.Абикенова, С.Смағұлов. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. 260 бет. -
Сайлан Б. Жастар ұйымының жетекшісі – Садықбек Сапарбекұлы // Садықбек Сапарбеков. Құжаттар мен материалдар. – Астана: Әдебиет әлемі. – 2013. –251-256 бб. -
Қозыбақова Ф.А.Қазақстандағы кеңестік әкімшіл-әміршіл жүйенің аграрлық саясаты және оның салдары (1920-1930 жж.). учебное пособие. – Алматы, 2011 5,4 п.л -
Эпистолярное наследие казахской правящей элиты. Сборник исторических документов в 2-х томах. Алматы. 2014. -
Уразбаева А.М. «Қырғыз (қазақ) облыстық партия комитеті (Қыробком) құжаттары Қазақстанда тоталитаризмнің қалыптасуы тарихының дерек көзі (1920-1925 жж.)». – Монография. – Алматы: «Қазақ университеті» 2015. – 196б. -
Martin V. Law and Custom in the Steppe: The Kazakhs of the Middle Horde and Russian Colonialism in the Nineteenth Century. Richmond: Curzon Press, 2001. -
История Казахстана. Энциклопедический справочник. – Алматы, 2010. -
Akorda.kz, http://www.tarihibilim.kz/;e-history.kz; http://kazakhstan.awd.kz/; http://www.president.kz; http://www.unesco.org/culture/asia/index.html; http://www.unesco.org/culture/asia/html_eng/volume1.htm; http://kazchronic.host.kz/
Мұғалімге арналған әдебиеттер тізімі:
-
А.С. Макаренко. Педагогические сочинения. М., «Педагогика»,1988. -
А.С. Макаренко. Психология труда учителя.М., «Просвещение», 1993. -
В.И. Андреева. Педагогика творческого саморазвития. Казань. 1996. -
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Алматы 2010.6-б -
Қазақстан Республикасында 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы//Астана. 2004. 3-4б. -
Краткий словарь иностранных слов // под.ред. О.П.Марасанова.М., 1993. 318-б -
Советский энциклопедический словарь// М., Издательство «Советская энциклопедия», 1984. 613-б -
С.И. Ожегов, Н.Ю. Шведова. А.С. Макаренко. «Толковый словарь русского языка» // М., 2004. 288-б -
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // Астана . 2004. 28-б -
С.Е. Шишов. Понятие компетенции в контексте проблемы качества образования // «Государство и образование», 2002. 88-б -
В.А. Хуторской. Ключевые компетенции как компонент личностноориентированной парадигмы образования. // «Народные образования», №2, 2003. 58-94-б -
Б.А. Тұрғынбаева. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту.: теория және тәжірибе // Aлматы. 2005, 174-бет
-
К.Құдайбергенова. Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерий // «білім сапасын бағалаудың мәселелері: әдіснамалық негізі және практикалық нәтижесі » атты халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдары. 2008. 30- 32-б