ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 24
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ САБАҚ ЖОСПАРЫ
Мектеп: | 51 мектеп-гимназиясы | ||||||
Мұғалімнің аты-жөні: | Исаева Алия Жардлхановна | ||||||
Пән/Сынып: | Қазақ тілі 5-сынып | ||||||
Тарау немесе бөлім атауы: | Саяхат және демалыс | ||||||
Сабақтың тақырыбы: | Саяхат – таным бастауы | ||||||
Оқу мақсаты: | Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру,көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру; Төл сөз,төлеу сөз,автор сөзінің жасалу жолдарын қызметін білу; | ||||||
Сабақ мақсаты: | Оқылым материалдары негізінде сұрақтарға жауап береді.төл сөз,төлеу сөз, автор сөздерін мәтіннен табу | ||||||
| | ||||||
Бағалау критерийі: | Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап береді,көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді; Төл сөз,төлеу сөз,автор сөзінің жасалу жолдарын,қызметін біледі; | ||||||
Құндылықтарға баулу: | Саяхат ұғымын оқушы бойына сіңіру | ||||||
Тақырып бойынша алдыңғы білім: | Ғаламторға тәуелділік – ғалам дерті | ||||||
Уақыты | Кезеңдері | Тапсырма | Тапсырманың мақсаты | Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не? | Бағалау | Ресурстар | |
1 минут | Ұйымдас-тыру | Тақырып және сабақ мақсаттарымен таныстыру | Бүгінгі сабақта не меңгеретінін білу. | Оқушылардың белсенді жұмыс жасауға деген ынтасын бақылау. | | Презентация 1-2 беттер | |
5минут | Жаңа сабақ | 1тапсырма.КАРТОЧКАЛАР ИЕРАРХИЯСЫ әдісі арқылы төл сөз бен автор сөзін анықтаңдар | Жаңа сабақпен таныстыру, сабақта қолданылатын ұғымдармен танысу | Сабақты мұқият тыңдауын қадағалау,қосымша мәліметтермен қамтамасыз ету. | Қ/Б Өзін-өзі бағалау | Презентация 5-бет | |
8 минут | Тәжірибе | Кітаппен жұмыс Қазақ жерінің жүз аңызы 60-63 беттер 05.08.2013 жыл Алматы жшс баспасы.Мақатаев көшесі 2-тапсырма. Мәтінді оқыңдар.Ойын жинақтау әдісі арқылы сұрақтарға жауап беріңдер Бурабай туралы аңыз Көкшетау таулары үстіндегі аспан көкпеңбек нұрлы, ауасы тұнық мөлдір болғандықтан да «Көкше тау» деп аталады. Осы таулардың арасында ертеректе бір бай әрі би қоныстанған екен. Ол бай, бимен бірге бір еркін де тәккаппар ақбас бура мекен еткен. Ол бураның әсем түрі, биік тұрпаты, қалың жүнінің ақтығы көрген адамды қызықтырмай қоймайды. Талайлардың қолына түскенмен, Бура, сытылып қашып құтылып кете беретін болған. Бура жалғыз жүріп, жалғыз тұрып, ешкімге басын имей үйреніп кетеді. Ол суды тек тазалығы мен мөлдірлігі үшін Күміскөл атап кеткен бір ғана көлден ішеді. Күн сайын келіп, тал түсте су ішуге келіп, келетін соқпағы да біреу болатын.Бура қасиетті еді. Жау косындарының жақындағанын күні бұрын сезin, боздаған дауысымен халыққа төнген қауіп жайлы хабар беретін. Бура ханның сырқатын ерте біліп, ерекше тынышсызданып, күңірене боздап, беймаза болатын. Үрейлі күндердің алдында ақ бура толассыз, тоқтаусыз ақыратын. Ақырғанын естігендер, төңіректегі адамдар мен дала халқы асығыс жиналып, жау шапқынышылығын қайтару үшін жасақтар құрып, бірігетін. Ақ бураға құдайдай табынып, пале жаладан қорғау үшін Тәңір жіберген әулие жануар деп санап жүрді. | Жазылым дағдысын жетілдіру. Кітаптан маңызды ақпаратты алуға үйрету | Оқушылардың жұмыс жасау дағдыларын бақылау | Қ/Б. Оқушылар бірін-бірі бағалайды | Презентация 7- бет | |
3 минут | Бекіту | 1.Көкшенің таулары,табиғаты,аспаны тұнық мөлдір болғандықтан «Көкше тау» деп аталады. 2.Талайларды аман сақтап,жауыз күштердің алдын алған-Ақбасты бура. 3.Тәккаппарлығы өзіне жарасқан -қасиетті жануар. 4.Жамандықты алдын ала сезетін,Ақбасты бураға құдайдай табынған,пәле жаладан қорғау үшін әулие жануар санаған. 5.Жылдар өтіп,жауыздардың пайда болуы,бураны мерт етуі. 6.Өлімі алдында да өзінің туып өскен көлдің жағасына келуі. 7.Ақбасты бураның мерт болуы,қос өркешті ақ тауға айналуы. 8.Тау жайлы аңыздың жүзеге келуі. 9.Ақбасты бура мекен еткен күміс көлдің Бурабай деп аталуы | Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, сабақты меңгеру деңгейін білу | Жұмыстың дұрыс жүргізілуін қадағалау. | Критерий бойынша бағалау. | Презентация 9 -бет | |
1 минут | Кері байланыс | -мәтін негізінде қойылған сұрақтарға жауап береді; | | Білімді қаншалықты меңгергенін бақылау | | Презентация 9-бет |