Файл: Алматы аласы уезов ауданы 126 мамандандырылан лицей Информатика пні малімі Г. К. Кузеубаева Саба жоспары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 22
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Алматы қаласы Әуезов ауданы
№126 мамандандырылған лицей
Информатика пәні мұғалімі: Г.К.Кузеубаева
Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы | Алгоритмді әзірлеу | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 8.3.1.1- өңдеудің кіріктірілген ортасында есептердің моделін құру 8.3.2.1- алгоритм трассировкасын жүзеге асыру | |||||||||||
Сабақтың мақсаты | Алгоритм құрастырып, есептердің моделін жасай алады. | |||||||||||
Бағалау критерийі | Барлық оқушылар: Алгоритм құрастыра алады. Оқушылардың басым бөлігі: Алгоритм құру арқылы блок- сызбаның шығу жолдарын көрсетеді. Кейбір оқушылар: Алгоритмді жазу тәсілдерін қолданып, программалау тілде есептерді шығарады. | |||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар Оқушылардың жеке, жұптық,топтық жұмыс жасау барысында информатикалық тілде сөйлеу дағдылары қалыптасады, сипаттама бере алады. - трассировка, трассировка орындаушылар ұғымын түсіндіреді; - блок- сызба көмегімен есептің псевдокодын шығарудың жолдарын айтып береді; | |||||||||||
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: Алгоритмді орындаушылар .... Псевдокод- ......... | ||||||||||||
Құндылықтарға баулу | Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. | |||||||||||
Пәнаралық байланыс | Математика, орыс тілі, ағылшын тілі | |||||||||||
Алдыңғы білім | Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар беріп осы сабақпен байланыстыру. -алгоритм деген не? -базалық алгоритм құрылымдарын атаңдар? -алгоритмдердің жазу тәсілдерін атаңдар? | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы 5 мин | Ұйымдастыру: а) Оқушылармен амандасу, сыныпта психологиялық ахуал жасау. Шаттық шеңбер «Жылы лебіз» жүрекшелер арқылы бір -біріне сәттілік тілейді. Мақсаты: оқушыларды ынталандыру, жағымды орта қалыптастыру. б) Сыныпты топтастыру. «Сандар арқылы» әдісі бойынша ортаға бала санына қарай 3 түрлі сан қойылады. оқушылар қағазды алып, артындағы сандар бойынша топтастыру. Әр топ өздерінің топ басшысын тағайындайды в)Үй тапсырмасын сұрау. « Не және неге? әдісі Топ құрылғаннан кейін топ басшысы сайланады. Өтілген тақырып бойынша топ мүшелері бір біріне сұрақ қойып жауап береді. Топтағы барлық оқушы қатысу керек. Сұрақтар: .........................
Үй тапсырмасын пысықтау «Бас бармақ» әдісмен жүзеге асырамыз. | Қағаздан жасалған сандар | ||||||||||
Сабақтың ортасы 30 мин | Тақырыпты ашу әрекеті. 1-тапсырма. «Ой қозғау» әдісі «Жасырылған сөздер» бірнеше сөздер беріледі сол сөздердің ішінен оқушылар жасырылып қалған сөзді тауып тақырыпты ашады. Сабақтың мақсатын интерактивті тақтада көрсетемін. 2-тапсырма. «Бруннердің бейнелік білім беру әдісі» бойынша электронды оқулықтан түсіндірме bilimland.kz сайтынан «Алгоритмді құрастыру» тақырыбының «түсіндіру» бөлімінен электронды оқулықты мұқият қараймыз. Мәтінмен және сөздікті жұмысты дәптерімізге жазамыз.
ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдіс бойынша кері байланыс жасайды. 3-тапсырма (Ж) «Жоба жасау» әдісі арқылы компьютерде орындайды. Оқушыларға алған білік пен дағдыларын пайдалана отырып, «Алгоритм құрастыру» тақырыбына презентация құруды ұсынамын.
ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдіс бойынша кері байланыс жасайды. 4-тапсырма «Күту уақыты» әдісін пайдалана отырып белгілі уақыт беріледі, сол уақытта оқушылар тапсырманы орындайды. (компьютермен жұмыс)
| bilimland.kz сайтынан | ||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия: «Менің ойым». Оқушылардың осы сабақ бойынша түсінгендерін анықтау немесе қателіктерін түзету мақсатында «Менің ойым» әдісін қолданамын. 1.Бүгін сабақта нені үйрендім? 2.Сабақтағы ұтымды іс-әрекетің? 3.Өз уақытымды дұрыс пайдалана алдым ба? Үйге тапсырма: §§ Алгоритм құрастыру. | Бағалау парағы | ||||||||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? | Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | ||||||||||
Оқушылардың қажеттіліктерін есепке алып, саралау тапсырмаларын құрастырдым. Саралау әдістері әрбір оқушыға мақсаттарға жетуге ықпал жасайды деп күтемін. Мысалы, 4-тапсырма «Күту уақыты» әдісімен оқушылар тапсырманы орындайды. компьютермен жұмыс істеп орындайды. Барлық оқушылар: берілген псевдокод бойынша есептің шартын қолдана алады, сол есептің шартын құрастырады. Көпшілік оқушылар: берілген псевдокод бойынша есептің шартын қолданып есептер шығарады. Кейбір оқушылар: Берілген псевдокод бойынша есептің шартын қолданып, N натурал сан берілген n көбейтіндіні есептеп шығара алады. Қосымша оқушыларға көмектесе алады. | ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдіс бойынша кері байланыс жасайды. Рефлексия: «Менің ойым» | Қауіпсіздік техникасы ережелері |