ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 85
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қоңырау кестесі
1 ауысым
8.00 – 8.45
8.50 - 9.35
9.20 – 10.00
10.15 – 10.55
11.00 – 11.40
11.55 – 12.35
12.40 – 13.20
2 ауысым
12.30 – 13.15
13.20 – 14.05
14.20 – 14.50
14.55 – 15.35
15.50- 16.30
16.35 – 17.15
Жетекшілік ететін сыныптың (топтың) тізімі
№/р | Т.А.Ә. | Туған жылы | Үй мекен-жайы, тел. |
| Ажимуратов Мирас | | |
| Әбдімаш Мәдина | | |
| Бұхарбек Аяулым | | |
| Елмұрат Абылайхан | | |
| Елханов Ерасыл | | |
| Ермекбаева Балауса | | |
| Кайратова Инкар | | |
| Койшбаев Алишер | | |
| Куаныш Адай | | |
| Кудайбергенов Жарылкасын | | |
| Қыдырбай Арслан | | |
| Муртазаева Амина | | |
| Мұрат Нұрислам | | |
| Русланқызы Аяжан | | |
| Сайлаубай Мариям | | |
| Талғатқызы Қарақат | | |
| Тойлбай Алижан | | |
| Умаров Жайнар | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
Атқарылған жұмыстар туралы практика кезіндегі күнделікті жазбалар
Күні мен айы | Орындалған жұмыстардың қысқаша мазмұны | Жетекшінің қолы |
09.01.23 | Практикамыздың алғашқы күні ауа-райының күрт өзгеріп, еліміздің бүкіл аймақтарында күн суып кеткен соң , балаларды онлайн режимге ауыстырды. Алайда сынып жайлы, мектеп жайлы әлі ештеңе білмеген соң, жетекшіме өзім жеке шығып мән-жайды білуге талпындым. Ол кісі жетекшілік ететін 5 «А» мен 7«А» сыныбының тізімін беріп журнал бастауымды айтты. Бүгінгі күннен бастап ізденісте болуымды ескертті. | |
10.01.23 | Бүгін жетекшім Амангелді Шонкабаевич онлайн дәрістерге кіріп, бақылауымды сұрады. Сейсенбі күнгі 5 «А» ның сабақ кестесі бойынша қазақ тілі және әдебиеті пәні 10.15-10.55 те бірінші сабақ, 11.00-11.40 та екінші сабаққа қатыстым.Балалардың оқу деңгейі орташа екені көрінді. | |
11.01.23 | Бүгін 7«А» сыныбының бірінші және екінші сабақтарына зум платформасы арқылы кіріп сабақтарын бақыладым. Көзіме түскен оушы Әліби Разығұлы болды. | |
12.01.23 | Бүгін сабақ 7«А» да қазақ тілі ғана болады екен. Бесінші сабақта сабақтарына кіріп әр қайсысына мәнездеме жасадым. Бүгін тағы бір жақсы оқитын оқушыға көз қырымдыы салдым , Кулжабаев Бақдәулет деген оқушы өз белсенділігімен көзге түсті. | |
13.01.23 | Бүгін екі сыныпта да аталмыш пән болмайды екен, сондықтан жетекшім келесі аптаға дайындалып, қмж жасап келуімді ескертті. | |
| | |
Күні мен айы | Орындалған жұмыстардың қысқаша мазмұны | Жетекшінің қолы |
16.01.23 | Бүгін мектепте офлайн сабақтың қайта басталуына орай , сағат 9 ға қарай мектепке келдім. Директордың алдына кіріп, өзімді таныстырдым . Алға қойған мақсаттарымды айтып , көп нәрсені ортаға салдық. Басқа да келген практиканттармен танысып , мектепті аралауға кірістік. Мектеп жап-жаңа, өте әдемі екен. Директор бізге сенетіндігін, жаңа мектепті тірілтіп, көркейтіндеріңе сенемін деп қолдауын берді. | |
17.01.23 | Менің жетекшім Амангелді Шонқабаевич сағат 10 да келуімді сұрады . Мектепке келе салып ағайыммен танысуға асықтым. Мінезі жайсаң, ақкөңіл кісі екен. Кабинетімен , өз орнымен таныстырды. Біраз пән жайлы , мектеп жайлы сөйлестік. Балалар жайлы сөз қозғадық. Маған Bilim Al сайтына қалай кіріп , толтыратынын көсетті. | |
18.01.23 | Бүгін 5- сыныпта екінші және төртінші сабақ қазақ тілі және қазақ тілі әдебиеті пәніне сабақтарына кірдім. Мектепке 8.50 де келіп , жетекшімнің сабағына қатыстым. Балаларға өзімше баға қойып отырдым журналыма. | |
19.01.23 | Бүгін 7-сыныпқа сағат 16.10 да сабаққа келдім . Әрине екі, үш сағат бұрын ерте келіп , Bilim Al толтырып , ағайымның сабағына дайындалып бардым. Ағай оқушыларға «бестік диктант» дегенніңне екенін түсіндіріп жатты. Балалар мұндай диктантты біінші рет тапсырып тұр екен , сондықтан ағай менің оларға көмектесуімді сұрады. Бұл жай ғана тексеріс сабақ болмақ | |
20.01.23 | Бүгін мектепте сабағымыз жоқ, алайда келесі аптадан бастап екі апталық бақылау уақытым бітетін болған соң , жеке сабақ беруге дайындалуым керек деп білдім. Сабақ кестелерін реттедім , Bilim Al толтырдым , ҚМЖ жасадым. | |
Күні мен айы | Орындалған жұмыстардың қысқаша мазмұны | Жетекшінің қолы |
23.01.23 | Бүгін 5- сыныпта төртінші сабақ қазақ тіліне келдім. Бүгін сабақты өзім беретін алғашқы күн. . Берілген тақырып «Ер Төстік» ертегісі . Сабақ өзіме қатты ұнады, балаларда сондай құлшынысы жоғары оқушылар екен. Олар маған , мен оларға риза болдым. | |
24.01.23 | Бүгін мектепке 10 да келдім. Бірінші сабақ 5-сыныпқа қазақ тілі. Жетекшім алда олимпиада болатынын және менің бір оқушыға сол бойынша көмектесуімді сұрады. Мен келісе кеттім. Мектеп кезде қазақ тілі пәнінен Республикалық деңгейге дейін жетіп , біржылдық степендия ұтып алған уақыттарымда барлық ережелерді жаттап дайындалатынмын | |
25.01.23 | 8.50 де бірінші сабағыма келдім. Қазақ тілі мен әдебиеті бүгін өте ерекше өтті , балалармен «Менің атым Қожаны» өттік. Әңгіме балаларға да , маған да ұнады. Үй жұмысына киносын көруді бердім. | |
26.01.23 | Бүгін сағат 4те болатын сабаққа сәл ерте келіп , олимпиадаға қатысушы Қуанбаева Асимамен бірге отырып дайындалдық. Одан кейін сабағым басталып оқушыларыма келдім. Бүгін балаларға да , олимпиадаға қатысушы қызға да пайдалы болсын деп бүкіл ережелерге шолу жасадық. | |
27.01.23 | Бүгін ҚМЖ жасау үшін, Bilim Al толтыру үшін мектепке келдім. | |
| | |
| | |
| | |
Күні мен айы | Орындалған жұмыстардың қысқаша мазмұны | Жетекшінің қолы |
30.02.23 | Дүсенбі күні қысқартылған сабақтар болғандықтан бүгін әдеттегі күннен ертерек келу қалыпқа айналды . 10-15 те қазақ тілі сабағы басталды. Тақырып – «Қожаның қиялы». Балалармен бұл тақырыпты әдебиеттен өтіп бастағандықтан олар сабақта белсенді отырды. Кітап бойынша тапсырма жұмыстарын жасадық. 11-00 де қазақ әдебиеті сабағынан балалармен өткен аптадағы Қожа шығармасын еске түсіру үшін киносын көрсетемін деп шештім. Соңына дейін көруге уақыт жетпей , қалғанын ертең жалғастырамыз деп келістік. | |
31.02.23 | Сейсенбі күнгі сабақ кестесі бойынша 10-40 та келдім.5-сыныпқа 2 сабағымды беріп шығып, 7-сыныптың сабағына дайындалып уақытын күттім. 12-30да қазақ тілі сабағынан бүгін жазба жұмысы болды . | |
01.02.23 | Сәрсенбінің сәтті күні 5 а сыныбының екінші сабағынан басталды. Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Ғжайып планета». Оқушылармен бірге ғарышты зерттедік , ғарышкерлер жайлы сө қозғалды. Септік жалғауды өтіп, ережемен танысып, тапсырмалармен жұмыс жасадық. | |
02.02.23 | Бүгін 7-сыныппен дебат өткіздім. «Жаханданудың әсері қандай?» деген тақырыпқа балалар технологияның тигізіп жатқан қауіп-қатері мен көрсетіп жатқан пайдасы деген екіжақты ойлы тұжырымдамалар айтып, сәйкесінше дәлел-дәйегін келтірді. | |
Күні мен айы | Орындалған жұмыстардың қысқаша мазмұны | Жетекшінің қолы |
06.02.23 | Аптаның алғашқы күнінде 5-сыныппен қазақ тілі сабағынан қиял әлеміне саяхаттадық. Балалармен «Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы суреттерге қарап мәтін құрастырдық. | |
07.02.23 | Бүгін 5-сыныпқа әдебиеттен «Менің атым Қожа» әңгімесін жалғастырдық.«ЖИГСО» әдісі бойынша балаларды топтарға бөліп, әр топ өздеріне берілген әңгімені оқып басқа топқа түсіндіреді. | |
08.02.23 | Бүгін 7-сыныппен сабақ кестесі бойынша «Қос бәйтерек достығы» тақырыбында тапсырмалар орындадық. «Жариялау» әдісі бойынша оқушылармен сұақтарға жауап беріп, озық спикерлерді аңғардық. Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялап алып шығу керек болды. | |
09.02.23 | Бүгінгі тақырып «Тіл-ұлт бірлігінің факторы» 7-сынып оқушыларымен «Миға шабуыл» әдісі бойынша тақырыптың мазмұнын аштық. Тақырыпқа байланысты сурет, видеоматериалдар арқылы тапсырмалар орындадық | |
10.02.23 | Кезекті аптаның соңғы күнін қзіме арнаймын . Дәптер тексеремін , BilimAl толтырамын, ҚМЖ жасаймын | |
| | |
| | |
Күні мен айы | Орындалған жұмыстардың қысқаша мазмұны | Жетекшінің қолы |
13.02.23 | Бүгін 5 сыныптың оқушыларымен қазақ тілі пәнінен "Қиял әлемі" пайда болу тарихы тақырыбын өттік. Сабақ барысында оқылым, айтылым, жазылым тапсыраларын орындадық. Әдебиеттен «Менің атым Қожа» тақырыбын әлі жалғастырып жатқан соң, балалармен «Теріп жазу» стратегиясы арқылы Қожаның жақсы және жаман жақтарын теріп бөліп жаздық. | |
14.02.23 | Бүгін 5-сыныптың балаларымен «Он Сұрақ» әдісі арқылы тапсырмаларды орындадық. Ортаға бір оқушы шығып , басына тақырыпқа сай сөзді жабыстырады, ал оқушы алған балалардан 10 сұрақ қоя алса, оқушылар не «иә» не «жоқ» деп жауап беруі тиіс. Ал 7-сыныппен «Лездеме» әдісін қолдана отырып сабақтың негізгі сөздерін 1 минутта бір-біріне түсіндіріп, қызу кірісті. | |
15.02.23 | Бүгінгі 5-сыныппен өткен тақырып өте қызықты болды. Қазақ тілінен «су көліктері» тақырыбын өту барысында балаларға «кеме» әдісі арқылы кемемен қай жаққа барғысы келетіндігін , оған не нәрсе кедергі болуы мүмкін екенін , әлде қаттырақ жүзуге не көмектесе алады деген сұрақтарға жауап беріп тапсырмаларды орындадық. Ал 7-сыныппен «Тілі басқа болғанмен тілегі бар» атты тақырыпты өттік. «Пазл» әдісі бойынша оқушылар шашылған пазлды жина арқылы оптасып жұмыс жасайды. Пазл дайын болған соң артында мұғалімнің алдын ала дайындаған сұрақтарына жауап береді. | |
16.02.23 | Бейсенбі күні сабағым тек 7-сыныпқа болды. Бүгінгі тақырып «Ұлттар достығының ұйытқысы» . Жер шарына әр түрлі ұлттардың суретін қойып, сәйкестендіріп шығады , өз ойларын дәлелдейді. Оқылым, жазылым, тыңдалым тапсырмаларын да орындадық. | |
17.02.23 | Кезекті аптаның соңғы күнін өзіме арнаймын . Дәптер тексеремін , BilimAl толтырамын, ҚМЖ жасаймын | |
Күні мен айы | Орындалған жұмыстардың қысқаша мазмұны | Жетекшінің қолы |
20.02.23 | Дүсенбі күні қысқартылған сабақтар болғандықтан бүгін әдеттегі күннен ертерек келу қалыпқа айналды . 10-15 те қазақ тілі сабағы басталды.5-сыныппен қазақ тілі «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыптарды қайталадық. «Сұрақ-жауап» әдісімен өткен тақырыптардан сұрақтар қою арқылы балалардың миына шабуыл жасап, қыздырып сабаққа кірістік. | |
21.02.23 | Бүгін 5-сыныппен әдебиет сабағынан «Менің атым Қожа» әңгімесін жалғастырып, «Егер мен автор болсам...» әдісін қолданып оқушыларды ортаға отырғызып, өз ойларын айту керек болатын. Оқушылар өте белсенді болды. | |
22.02.23 | Бүгін 7-сыныпқа қазақ тілінен «Тамақтану мәдениеті» тақырыбын өттік.Соның ішінде «Шылаудың түрлеріне» ашық сабақ өттім. Ал әдебиет сабағынан «Жау тылындағы бала» әңгімесінің 3-сабағы яғни «Қазақ баласының тағдыры» тақырыбын өттік. Оқушылармен мазмұнын талқылап , ой бөлістік. | |
23.02.23 | 16-10да 7-сыныпқа әдеттегідей әдебиет сабағы . «Жау тылындағы бала» ақырыбын жалғастырдық. «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы осы тақырып бойынша сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Қызу талқыда болдық. | |
24.02.23 | Кезекті аптаның соңғы күнін өзіме арнаймын . Дәптер тексеремін , BilimAl толтырамын, ҚМЖ жасаймын | |