ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 35
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ғ. Сланов атындағы орта мектеп
(Білім сайысы)
Өткізген: Математика пәні мұғалімі
Г. Махметова
Өткізген сыныбы: 9,10,11
Сәлеметсіздерме, ұстаздар мен оқушылар!
Мектебімізде өтіп жатқан «математика-ғылымдар патшасы» атты апталыққа 9-11 сынып аралығында ұйымдастырылған «менің сыныбым және математика» атты ойын-сайысқа қош келдіңіздер.
Мақсаты: Сынып жетекшілерді оқушылармен бірге мектепшілік іс-шараларға қатыстыру, сынып оқушыларының алдарына қойған мақсаттарына жетуге ынталандыру. Сайысқа қатысушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру. Математикалық мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Топтың құрамында 4 дам: Сынып жетекшілері және оқушылары
Сайыстың жүрісі:
-
Топтың өзін таныстыруы -
«Кім жылдам» (сұрақтар қойылады?) -
Математикалық терминдер: (топтың басшыларына «Бәрі бір әріптен» , мүшесіне «Артық сөзді тап») -
Тапқырлық сайысы -
Шығарма сайысы -
Ғажайып қоржын (ойын, көрініс, квн)
Құрметті аяулы көрермендер,
Білімменен сусындаған жас өрендер,
Қош келдіңіздер бүгінгі кешімізге
Бұл кеш қалсын мәңгіге есімізде
Шақырамыз үш топты ортамызға
Қол соғад көрермендер таңдана,
Сайыскер өнеріңді ортаға сал,
Осы кеште біліміңді сынап ал.
Білмегеніңді осы кеште тбіліп ал-дей келе ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.
9 – формулалар тобы
10 – формула тобы
11 – логарифм тобы
Әділдік болмаса егер шығар алға,
Бұл дүние жақсылардан қалар алға.
Әділқазы алқасы сеніп тұрмыз,
Мықтыларға берер деп әділ баға – деп бүгінгі сайысымызға әділ баға беретін әділқазылармен таныс болайық.
-
Оқу ісінің меңгерушісі және математика пәні мұғалімі: Ж. Есқұлова -
Мектебіміздің психологы: Р. Берниязова -
Физика пәні мұғалімі: Г. Айтжанова
Әділқазылармен танысып болсақ, сайысымызға көшейік
Сұраққа жауап беріп айтысайық
Сауалды іліп алып тартысайық
Бәрін айтпа бірін айт алдыменен
Бүгінгі тобымызбен танысайық – дей келе, сайысымыздың бірінші туры бойынша әр топ өзін-өзі таныстырып өтсін.
Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып, тасып асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап зулап жатыр,
Шапшаңдылық бұл сайыста керек екен дей – келе, келесі турымызды «Кім жылдам» Бұл турда 1 минутта қанша сұраққа жауап берсе, сонша ұпайға ие болады? (1 сұрақ 1 ұпаймен бағалайды)
І- ші топқа
1. Екі қабырғасы тең болатын үшбұрыш (тең бүйірлі)
2. Жазықтықта қиылыспайтын екі түзу (параллель)
3.сағаттың төрттен бір бөлігі неше минут (15 минут)
4. неге тең (600 )
5. 180̊ -қа тең бұрыш? (жазыңқы)
6. Шеңбер бойындағы кез келген нүктені центрімен қосатын кесінді (радиус)
7. Бір тәулікте неше сағат бар?
8. 5-ке қарама-қарсы сан? (-5)
9. Бұрышты өлшейтін құрал (транспортир)
10. Дәлелденбейтін тұжырым қалай аталады (аксиома)
ІІ- топқа
11. у=x3 функциясының графигі қалай аталады? (кубтық парабола)
12.Нәрселерді санау үшін қолданылатын сандар (натурал сандар
13. Қарама-қарсы сандардың қосындысы? (0-ге тең)
14. П – санының жуық мәні (3, 14)
15. Терс санның жұп дәрежесі (теріс сан)
16. Ең кіші 3 таңбалы сан? (100)
17. Санның 0-дәрежесі (1-ге тең)
18. 11 Санның квадраты (121)
19. Теріс санның тең дәрежесі (теріс сан)
20. Екі санның бөліндісі (қатынас)
ІІІ- топқа
21. Айырмасы тек таңбасында ғана болатын сандар (қарама-қарсы сандар)
22. Екі қатынастың теңдігі (пропорция)
23. 1100 = неге тең (1)
24. Ең кіші жай сан (2)
25. Ең үлкен үш таңбалы сан (999)
26. 43 = 64
27. 900 – тан кіші бұрыш? (сүйір)
28. Дөңгелектің R=5; D= ?
29. Ең кіші екі таңбалы сан?
30. Дәлелденетін тұжырым? (теорема)
3 тур. Сіздерді бұл ойынға шақырамыз,
Есептеп басыңызды қатырайық.
Математика әлемін ұғындырып,
Азда болса білімді толтырамыз.
Қатысыңыздар, қолдаңыздар,
Ойымнан шет қалмаңыздар.
Ойланыңыздар, ойланыңыздар,
Жайбырақат болмаңыздар!
Ал енді келесі турымызға көшейік:
3 турымыз: «Математикалық терминдер»
Топ басшыларына, яғни сынып жетекшілерге тапсырма: «Бәрі бір әріптен» Т және П әрпінен басталатын математикалық терминдер немесе сөздер жазады.
Топ мүшелеріне: «Артық сөзді тап» Әріптердің орнын ауыстырып, сөз құрау және артық сөзді табу.
Дұрыс жауапқа 1 ұпай.
4 тур
Келесі 4-ші турымыз: Тапқырлық сайысы
Бұл сайыста әр шаршының астына ұпайға сәйкес математика, физика және информатика пәндеріне бойынша сұрақтар жасырылған. Командалар таңдаған сұрағына дұрыс жауап берсе, сол ұпайды иеленеді. Егер дұрыс жауап берге болады.
Физика:
10) «Эврика» сөзі кімнің сөзі «Архимед»
20) Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын физикалық шама (Күш)
30) Өзінің барлық саналы ғұмырын ислам дінімен ғылымға арналған ұлы бабамыз «Ғылым шындық жолынан тайса адам баласын апатқа ұшыратады» деген «Әлемнің екінші ұстазы» аталған иғұлама кім? (Әбу-Насыр Әл-Фараби)
Информатика пәні бойынша
10) Принтер түрлері (лазерлік, құйылымды, матрицалық)
20) Жануаргға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын.
Білсеңдер қане айтыңдар (Тышқан)
30) Бұл құрылғы командаларды таниды, оларды орындайды және өз жұмысының нәтижелерін шығарып береді немесе оны машинаның жадына жазады, тіпті екеуін де қатар орындай алады. Компьютердің кез келген жұмысы болса да, оның қатсуымен болады? Бұл қай құрылғы? (Процессор)
Математика:
10) у=х2 функциясының графигі қалай аталады? (парабола)
20) Ағасы 12 жасқа толғанда қарындасы неше жаста болады, егер ағасы қазір 8-де, ал қарындасы 3 жас кіші болса?
Жауабы: 3 адам (ата, әке, немере)
5 тур «Шығарма сайысы»
Қалмаңдар білімде көрінбей
Ұлдар мен қыздар өрімдей
Топ басшыларына беремін
Шығарма жазсын ерінбей – дей келе сайыстың 5 туры «шығарма сайысы» Бұл турда сынып жетекшілері «Менің сыныбым және математика» атты тақырыпта шығарма жазады.
(шығарманың мазмұндылығы, қызықтылығы, бағаланады)
Осы бөлімде көрермендерге сұрақ қойылады және жауап берген оқушы ұпайын өзі қалаған топқа беруге болады.
Қасиетті жеті сан:
Жеті ата: әке, бала, немере, шөбере, щөпшек, немене, туажат.
Жеті қазына: 1)ер жігіт, 2)сұлу әйел, 3)берен мылтық, 4)ақыл, білім 5)жүйрік ат 6)қыран бүркіт 7)жүйрік тазы
Жеті жұт: 1)құрғақшылық 2)су тасқыны 3)оба, ауру 4)өрт 5)соғыс 6)зілзала 7)жұт, ашаршылық
Жеті жоқ: Аллада бауыр жоқ, таста тамыр жоқ, аспанда тіреу жоқ, тасбақада талақ жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ.
1)Көк тоғанды қырға бар
Келіп қонды тырналар
Жұптан қонып сол жерде
Отыр екен он жерде
Бірім, бірім деп
Біл бар санын біріндеп (20)
2)12 түйе, 5 жылқы
2 сиыр, 2 ешкі
2 қоян, 3 түлкі, болды санда нешеуі (26)
3)Кездесіп бір топ аңменен
Болды отыз бас малменен
Олар кетті қоштасып
Үш түлкімен достасып
Есепті ойлап тезірек
Мал саны қанша шешіңіз (33)
6) тур. «Ғажайып қоржын»
Армандардың ағыстарын бағалайық
Өз мүмкіндігімізді жоймайық
КВН мен әзіл айтып көрейік
Өзімізше қызық қылып ойнайық – дей келе сайыстың соңғы турымыз «Ғажайып қоржын» Бұл турда оқушылар (көрініс, квн немесе ойын түрлерін көрсетуге болады)
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер, - деп бүгінгі білім сайысын қорытындылаймыз. Сайыс нәтижесін әділқазылар хабарлайды.
Барлық сайыстың нәтижесі бойынша І- орынды 9- сынып «Формулалар» тобы, ал ІІ- орынды 11- сынып «Логарифм» тобы, ІІІ- орынды 10- сынып «Формула» тобы иеленді.
«Ақыл ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек» М. В. Ломонов
«Арифметика - математиканың, математика – ғылымның патшасы»
К. Гаусс.