Файл: здік экологиялы білім беру йымы лтты конкурсына атысу туралы тінім.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 43

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«ҮЗДІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ» ҰЛТТЫҚ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУ ТУРАЛЫ ӨТІНІМ

  1. Өтінім беруші туралы мәлімет

    Өтінім номері







    Ұйымның атауы

    Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы

    Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің

    «Жаңаауыл негізгі орта мектебі»КММ




    Тіркелген мекенжайы

    ШҚО Күршім ауданы Жаңаауыл ауылы Атаусыз №14, ғимарат 1




    Басшының аты –жөні, лауазымы

    Мустафина Гульчат Чайхановна




    Осы өтінімді толтыруға уәкілетті тұлғаның аты – жөні

    Хамитов Ерасыл Ержанатұлы




    Телефон

    87714366294




    Электрондық мекенжайы

    Zhanaauyl@mail.ru




    ЖСН

    940521301105




    Заңды тіркелу күні мен номері

    28.06.2000




    Ұйымның жарғыға сәйкес миссиясы

    Коммуналдық мемлекеттік мекеме




  2. МОТИВАЦИЯЛЫҚ ХАТ

Өтініміңіздің сипаттамасы (500 сөзден аспауы тиіс)

Экологиялық білімнің маңызы өте тереңде жатыр. Табиғат- бізге берген ең құнды қазынамыз, бірақ табиғаттың байлығы өлшеусіз емес. Оны аялап қорғау керек. Ең алдымен осыны өскелең ұрпаққа түсіндіруге тиіспіз. Дәл осы мақсат тәрбие мен білім беру ісінде айқын көрініс табуы қажет. Соңғы уақытта экологтар педагогтармен бірлесіп «Үздіксіз экологиялық білім беру» бағдарламасының жобасын насхаттап жүр, бұл бағдараламаны біздің мектепте бірауыздан қолдаймыз. Себебі, адам баласы өзін табиғаттан тыс елестете алмайды. Туғаннан өмірден өткенше табиғаттың мол ырызығын пайдаланамыз. Сол себепті біздің мекеме де табиғат ананы аялау, қамқорлық көрсетуге бағытталған экологиялық білімді үздіксіз беріп отырады. Әрине, білім берудің барлық сатысында экологиялық білім маңызды және өзекті. Иә, экологиялық білім беру арнайы құжатпен болғаны бізге жеткіліксіз. Себебі, балалар көзбен көріп, қолмен ұстап, өздері сезінген нәрсені есінде сақтап қалады, ұмытпайды. Жалпы мектеп жасындағы балаларға көрсетудің маңызы өте зор. Сондықтан экологиялық тәрбие мен білім беруді түрлендіріп отырамыз. Мектебімізде оқушылармен табиғатқа саяхат, мақсатты серуендер, тренингтер, бейнефильмдер, табиғат туралы көркем әдебиеттер, суреттер, иллюстрацияларды тамашалау, зерттеу жобаларын жүзеге асыру жақсы жолға қойылған. Сонымен бірге түрлі қызықты эксперименттер жасау ерекше әсер қалтыратынын айқындадық. Бұдан бөлек экологиялық тәрбие беруде халықтық педагогика негіздерін пайдалану да оқу- тәрбие жұмысын өнімді етеді. Мәселен, табиғат құбылыстарына қатысты түрлі қазақ болжамдары, қоршаған ортаны қорғауға үйрететін мақал – мәтелдер мен танымдық қабілетін арттыруға септігін тигізетін тақпақтар жаттауға болады. Бәрі де мұғалімнің шеберлігіне келіп тіреледі. Білуімізше жерді мекендейтін сан-мыңдаған тіршілік атау­лының ішінде Жер-анаға адам баласынан артық қиянат жасай­тын жан иесі жоқ екен. Қасиетті даласын көзінің қарашығындай аялайтын қазақ «ат аунаған жерде түк қалады» деп қастерлеуші еді. Енді табиғат аясына демалысқа шыққан әрбір адамның артында кемінде 10 килограмм қатты тұрмыстық қалдықтар қалатын болды.

Қоқыс- еліміздің дамуына кесір. Қазіргі кезде бәрімізді қатты алаңдатып отырған жағдай – табиғатымыздың тікелей адамның іс-әрекетінен ластанып, бұзылуы.

Мектебімізде экологиялық тәрбиені оқушы бойына сіңіру мақсатында 2018 жылы құрылған «Шебер қолдар» үйірмесі өте жақсы нәтиже көрсетіп отыр. «Шебер қолдар» үйірмесінде әртүрлі материалдармен жұмыс істейді және жоғарыда айтылған қалдық өнімдерді де пайдаға асырады. Қалдықсыз өнеркәсіп дегендей, тұрмыстық қалдықтарды макет, үлгілеу, модельдеу жұмыстарында пайдаланады. Оларды қоқыс алаңына апарғанымен аз уақыт аралығында шіріп, жойылмайды. Керісінше қоршаған ортаға залалын тигізіп, экологияны бұзады. «Шебер қолдар» үйірме бағдарламасы балалардың әр түрлі жасанды заттарды құрастырып жасауда өз шеберліктерін көрсетуге шақырады. Үйірме арқылы оқушыларымыз қолөнер түрлерімен таныса отырып, еңбекке қызығушылығы мен ой-өрісін кеңейтеді және экологиялық тәрбиені бойына сіңіреді. Оқушылардың эколгиялық білімдері жүйеленіп, шығармашылық қиялдары артады. Оқушылар ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, еңбексүйгіштікке және үнемділікке тәрбиеленеді. Мысалы мектебімізде тұрмыстық техникалардан қалған қораптардан, пеноплас қиқымдарынан, шырындардан қалған пластикалық бөтелкелерден, сымтемір қиқымдарынан жәнеде күнделікті тұрмыста қолданылатын пластикалық бөтелкелерден әр түрлі заттар жасалынды. Жасалған туындылар мектеп қабырғасына тек әсемдік қана беріп қоймай, сонымен қатар көптеген республикалық, облыстық байқауларға қатыстырылып жүлделі орындарға ие болды. Сонымен бірге экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық – практикалық сапасын көтеру жағдайында өлкетану сабақтарын өткізудің маңызы зор. Бұл сабақтардың негізгі мақсаты оқушыларымыздың санасына айналадағы ортаны сақтаудағы жауапкершілік идеясын ұялатып, қоғамның әр мүшесіне табиғатқа аяладай қарауды қалыптастыруы. Жергілікті материалдарды пайдаланудың негізгі мақсаты – оқушыларға жергілікті материалдарын пайдалана отырып, оларға экологиялық білім мен тәрбие беру. Жергілікті материалды пайдаланған кезде оның ең үлкен жетістігі- айналаны, қоршаған сыртқы ортаны қорғау қажет екендігі бала санасында қалыптасып отырады.

Экологиялық білім беру және іс – шараларды жүзеге асыруда тәжірибеңізді сипаттаңыз (200 сөзден артық емес)

Оқушыларға туған жерінің экологиялық проблемалары жайлы ақпарат беріп отырсақ, оқушы бойында өз жеріне аяушылық, патриоттық және жауапкершілік сезімін оятуға болады. Ол үшін мектебімізде сынып жетекшілеріміз өздерінің тәрбие сағаттарында экологиялық тәрбие беру бағытында пікір – сайыс, семинар сабақтар ұйымдастырады және т.б формаларын қолданады. «Орманды сақтайық» тақырыбында мектепішілік тренинг өткізілді. Ол тренингке орман сақшысы инспектор Буктуков Ернар келіп қатысып, оқушыларға экологиялық проблемалар бойынша шағын дәріс берді. Проблемаларды шешу жолдарын атап көрсетті. Марқакөл кенттік полиция бөлімінің жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекторы Баймолдин Дархан оқушылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушылардың жауапкершілігі, табиғатқа зиян келтіру, «Қызыл кітапқа» енген құстар мен өсімдіктерді қорғау бойынша мысалдар арқылы құнды ақпараттар берілді.

«Зерде» республикалық ғылыми жобалар сайысының аудандық кезеңінде «Қалдық заттарға екінші өмір сыйлайық» тақырыбында жасалған 4 сынып оқушысы Сағатбекова Кәусар, жетекшісі технология пәні мұғалімі Хамитов Ерасыл Ержанатұлының зерттеу жобасы жүлделі 1 орынды иеленіп, облыстық кезеңінен жүлделі 3 орынды жеңіп алды. «Шебер қолдар» үйірмесінің қатысушылар «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялар көрмесіне дайындау негізінде құрылған бағдарламасынан тыс туындыларды да жүзеге асыра алады. Бірнеше қалдықтардан жасалған заттар облыстық сайыстардан жүлдері орындарды иеленді.

«Табиғатпен үйлесімді өмір сүру» тақырыбында экологиялық айлық өткізіліп отырады. Нәтижесі өте жоғары. Жасалған жұмыстар интернет желісіне салынып, кері байланыстармен толықтырылып отырылады.

Аймағыңыздағы 1-2 маңызды экологиялық проблеманы сипаттаңыз және жағдайды жақсарту үшін не істеуге болады деп ойлайсыз? (250 сөзден артық емес)

Әр оқушы ең алдымен өзінің тұрған жерінің проблемаларын, яғни жергілікті аймақтардың экологиялық жағдайларын білуге тиіс. Жалпы өндірістік орындар жоқ болғандықтан таза яғни экологиясы таза аймаққа жататын елді мекен. Проблемамыз табиғат асясында демалу кезіндегі қалдық заттардың шашылуы және ауылымыздың жанынан Қалжыр өзені ағып өтетіндіктен оның бойында өсетін ағаш, тіршілік ететін балық, жануарларды қорғау болып табылады. Бірінші проблема бойынша тұрмыстық қатты қалдықтардың пайда болуының алдын алу және оларды азайту, есепке алу мен бақылау, қалдықтардың жиналып қалуын, сондай-ақ қалдықтарды тасымалдап, залалсыздандыру жайын, оларды өңдеп, қалай кәдеге асыруға болатын жолдары анықталды.

Қоршаған орта тазалығына көңіл бөлу мақсатында:

  • қалдықтарды жинақтау, оны жою, қайта өңдеу ісіне жастарды жұмылдыру;

  • табиғат пайдаланушылардың қалдықтарды есепке алу, өңдеу және залалсыздандыру жұмысындағы жеке жауапкершілігін күшейту, әрі шығарылатын қалдық мөлшерін азайту шараларын енгізуде талапты күшейту;

  • барлық елді мекенде 2-ші санаттағы қалдықтарды түр-түрімен сұрыптап жинақтау жүйесін енгізу;

  • қалдықтарды залалсыздандыру мақсатындағы инфражүйелер мен өндірістік қуатты дамыту, өндірісте пайдаланылған үлкен қалдықтарды екінші қайтара игерудің жүзеге асыру;

  • басқа мемлекеттер секілді әр үйдің сыртында пластикалық заттарға арналған, әйнек, қағаз салуға арналған жеке жеке жәшіктер орналастыру

Қазіргі кезде бәрімізді қатты алаңдатып отырған жағдай-табиғатымыздың тікелей адамның іс-әрекетінен ластанып, бұзылуы. Екінші проблема бойынша, өз ауданымыздың экологиялық жағдайын сауықтыру үшін ағаш бұталарды кеспей, биологиялық ерекшеліктеріне қарай көктемде ағаш отырғызу керек. Мектеп ауласын көгалдандыру мақсатында 120 ағаш отырғызылды. Қыста тіршілік ететін құстарға, жануарларға көмек қолын созуымыз қажет. Мектеп оқушылар әр қыс сайын құстарға арнайы жемшашарлар дайындайды. Суды дұрыс пайдаланып, қоршаған орта тазалығына көңіл бөліп табиғатымызды аялайық, сақтайық. Оны таза сау күйінде болашақ ұрпаққа табыс ету-біздің парызымыз.

Жобаға қатысуға қызығушылығыңыздың себептерін негіздеңіз (250 сөзден артқы емес)

Бүгінгі күні тұрмыстық тұтыну қалдықтарына қолданыстан шығып қалған компьютерлер, теледидарлар және ұялы телефондар, түрлі салқындатқыштар сияқты т.б. электр құралдары жатады. Осы электр құралдарының компоненттері қоршаған ортаға салыстырмалы түрде көп зиян келтіреді. Мәселен, қорғасын, мышьяк, сурьма, кадмий, кобальт, сынап, хром сиқты элементтер мен пластиктердің адам денсаулығына және қоршаған ортаға зияны өте көп.

Егер ауылдың күндіз –түні бір тынбайтын желін ескерсек, аталған қалдықтар мен қоқыстар ұшып, ауылды ластап, қоршаған ортаға зиянын тигізуде. Ауылдағы қоқыс адамдардың табиғатқа деген немқұрайлылығының әсерінен туындап отыр.

Табиғатта өте тамаша бір қасиет бар.Оның өзі бөліп шығарған қалдықтардан біздің көмегімізсіз-ақ өзін-өзі тазартып ала алады. Ал адам баласының ақыл-ойымен өмірге келген халықшаруашылығының улы, зиянды қалдықтарын өздігінен тазалауға табиғаттың шамасы жоқ.

Қалдық заттардың адам денсаулығына тигізер кері әсері туралы зерттеу барысында әлеуметтік сараптама алынған. Сараптамалық сұрақтардың нәтижесінен ауыл тұрғындарының қоршаған ортанының ластануына аса қатты алаңдаушылық танытқаны байқалмаған (https://youtu.be/a1XthEir_tA). Қоқыс қалдықтарды қайта өңдеу адамзаттың өзектi проблемасының бiрi болып отыр. Әлемдегi жетекшi елдердiң тәжiрибесi көрсеткендей, бұл проблеманы оңтайлы шешуге толық мүмкiндiк бар. Мәселен, Швейцарияда әрбiр тұрғын қоқысты сұрыптап төгуге мiндеттi: шыныны шыныға, металды металға, қағазды қағазға. Соның нәтижесiнде, шыны сауыттардың 90 пайызы, қағаз өнiмдерiнiң үштен бiрi қайта өңдеуге пайдаланылады. Осыдан келiп, Швейцария мен Сингапур сияқты елдер әлемдегi экологиялық ең таза мемлекеттердiң қатарында есептеледi. Шынында да, қазiргi уақытта тұрмыстық және өндiрiстiк қалдықтарды жинақтау, жою, өңдеу бүкiл мемлекеттiк мәселеге айналып отыр. Біздің ауылда да осы қалдықтарды жоятын арнайы орын дайындалса, оқушыларымыз осындай қайта өңдеуге болатын қалдықтарға екінші өмір сыйлай алса кішкене болса да өз үлестерін табиғатты қорғауға қоса алса деген себептермен..........

Сіздің ойыңызша жобаға қатысу нәтижелері сіз таңдаған аймақтағы жағдайды өзгертуге қандай әсер етуі мүмкін? (250 сөзден артық емес)

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 2020 жыл 2 желтоқсандағы «2020-2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында көрсетілген статистикалық мәліметтерінде елімізде шамамен 31 млрд. тонна өнеркәсіп қалдықтары жинақталған, ал жыл сайын Қазақстанда 5-6 млн. тоннаға жуық тұрмыстық қатты қалдықтар жинақталады. Өз ауданымыздың экологиялық жағдайын сауықтыру үшін қалдықтарды жинақтау, оны жою, қайта өңдеу ісіне тұрғындарды жұмылдыру қажет. Бұрынғы кездегідей шыны бөтелкелерді ақшаға алатын орындар ашылса, бірнеше сусын бөтелкесін өткізсеңіз, кепілдеме ақшаңызды қайтарып аласыз дегендей. Мысалы, сусынның шынайы бағасы 200 теңге болсын делік, бірақ сіз оны тек 250 теңгеге сатып аласыз, арғы шетіндегі 50 теңге сіздің кепілдемеңіз. Егер сусынды ішкен соң бөтелкені өткізсеңіз, әлгі 50 теңгеңізді қайтара аласыз. Адамдар күн сайын тау-тау қылып күл-қоқысқа тастайтын пластмасса құтылар жер бетінде 500 жылға дейін, кәдімгі полиэтилен пакеттері 200 жылдан астам уақыт бойы шірімей, жатып алады екен. Ал консерві қалбырлары мен шыны сынықтары 1 мың жылға дейін жер қойнын ластап, «жегі құртша» топырақ құнарын жеп жатады. Ағаш жапырақтарын жаққанда ауаға улы заттар таралады (ангидрид, бензопирен, күкіртті сутек және диоксин). Оның түтіні 1 м-ге ғана көтерілетіндіктен көбінесе жас балалардың тыныс алу жолдарына және ойлау қабілеттеріне кері әсерін тигізеді.

Макулатура өткізетін ауданымызда орындар ашылса, мектептегі актіленген кітаптарды өткізуге болар еді. Қағазды қайта өндіргенде 1 тонна өндірілген қағаздан - 1 тонна дәретханалық қағаз жасауға болады екені анық. 1 тонна өндірілген қағаз 17 ағашты құтқарады. Қоқыс қағаздарын қайта өндіргенде судың-60%, энергияның-40%, ауаның ластануына -64%, судың ластануын – 35% үнемдейді екенбіз. Ал пластмассаны өндіргенде құрылыс материал (1000 пластикалық бутылкадан 5 м кв. тротуарлы плитка) жасауға болады екен.



Сіздің өтінімнің мықты жақтары (100 сөзден артық емес)

Бүгінгі ұрпаққа айтар ұлағат, жеткіншектер санасына құятын ғибрат туған жеріміздің тоқымдай телімін тусыратпай, сай-саласын күл-қоқысқа толтырмай, қоқыспен бітелген бұлақтардың көзін ашып, тауы мен тасын көздің қарашығындай қорғау – халықтық мүддеміз, перзенттік парызымыз. Экологиялық тәрбие адамгершілік тәрбиесімен өте тығыз байланысты.

Яғни, біздің мектепте:

  1. Экологиялық тәрбиеге байланысты мектепте жаппай шаралар ұйымдастырылады.

  2. Оқушылар қалдық заттардан әртүрлі заттар жасайды. Нәтижесінде мектебіміз безендірілу бойынша және көрмелер сайысынан жүлделі орында.

  3. Мектеп оқушылары орман шаруашылығына үнемі көмек көрсетіп отырады. Олардың негізгі атқаратын жұмыстары көшет отырғызу.

  4. Тұрған аймақтың табиғатын қорғауға мақсатында зерттеу жобаларымен айналысады.

  5. Экологиялық жорықтар, саяхаттар ұйымдастырылады.

  6. Қыстайтын құстарға қамқор бола алады.

Қосымшалар тізімі

  1. Слайдтар

  2. https://youtube.com/watch?v=KP-e9MQU-X4&feature=share

  3. https://www.youtube.com/watch?v=CKSFMiCWUAc&t=16s

  4. https://www.instagram.com/tv/CU-eSt7o414/?igshid=NWQ4MGE5ZTk=

  5. https://youtu.be/AgReGnhAJJ8