Файл: 1.жаттарды абылдау рсімі ай уаытта аралыында теді .docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 79
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1.Құжаттарды қабылдау рәсімі қай уақытта аралығында өтеді ?
9. Екінші кезең қай уақытта өтеді?
17. БИЛге қандай квоталар бекітіледі?
-
Құжаттарды қабылдау рәсімі 2023 жылғы 1 ақпан мен 15 сәуірге дейін жүзеге асырылады. Үміткердің заңды өкілдері www.bilemtihan.kz сайтындағы онлайн-форманы және конкурсқа қатысу өтінішін толтырады.
-
Үміткердің ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен өтініш (форма бойынша); -
2. Үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі, ЖСН; -
3. Фотосурет 3х4; -
4. Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататындығын растайтын құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмелері.
-
Конкурс 2 кезеңнен тұрады
-
Бірінші кезеңнің өткізілу мерзімі: 2023 жылдың 30 сәуір күні.
-
Бірінші кезеңде Үміткер 60 тесттік сұрақтан тұратын емтихан тапсырады:
-
Математика және логика – 50 сұрақ; -
Оқу сауаттылығы – 10 сұрақ;
-
Емтихандағы тестілеудің қорытынды нәтижесін есептеуде белгіленген дұрыс жауаптар санының көрсеткіші «4» (төрт) коэффициентіне көбейтіледі, бір қате жауап «-1» (минус бір) коэффициентіне көбейтіледі. Соңында жалпы қорытынды шығарылады (4*Дұрыс жауап + (-1)*қате жауап = Жалпы қорытынды ұпай).
-
Тестілеуге – 110 минут беріледі
-
Тестілеудің бірінші кезеңінің нәтижелерін қабылдау комиссиясы 2023 жылдың 3 мамыр күні онлайн түрде жариялайды. Ата-аналар (немесе басқа заңды өкілдері) нәтижелерін рұқсатнамада берілген логин және құпиясөз арқылы www.bilemtihan.kz сайтынан көре алады.
9. Екінші кезең қай уақытта өтеді?
-
Екінші кезеңнің өткізілу мерзімі - 2023 жылдың 14 мамыр күні.
-
Тестілеудің екінші кезеңінің нәтижелерін қабылдау комиссиясы 2023 жылдың 16 мамыр күні онлайн түрде жариялайды. Ата-аналар (немесе басқа заңды өкілдері) нәтижелерін рұқсатнамада берілген логин және құпиясөз арқылы www.bilemtihan.kz сайтынан көре алады.
-
Форманы толтыру кезінде қате жіберген болсаңыз, өзіңіз таңдаған лицей әкімшілігіне хабарласып, қандай қате жасағаныңыз туралы айтып беріңіз. Лицей әкімшілігі қатені түзетіп, сізге жаңа “емтиханға кіру рұқсатнамасын” жібереді. Егер қатені түзету мүмкін болмаса, онда лицей әкімшілігі сізден қайтадан тіркеуден өтуді сұрауы мүмкін.
-
Әр лицейдің қабылдайтын оқушы саны сол лицейдің сыйымдылығына байланысты әр түрлі болады, сондықтан қабылданатын оқушы саны соған қарай белгіленеді.
-
Қабылдау емтиханында ең жоғары нәтиже көрсеткен (рейтингтік көрсеткіш бойынша) белгілі оқушы саны лицейге түседі. Қабылданатын оқушы саны әр лицейдің белгілеген санына байланысты болғандықтан шекті ұпай болмайды.
-
Жоқ, конкурстық іріктеу кезінде үміткердің мектебіндегі оқу үлгерімі назарға алынбайды.
-
Емтиханға кіру үшін үміткердің өзімен бірге қағазға басып шығарылған “емтиханға кіру рұқсатнамасы” (пропуск) және туу туралы куәлігі болуы тиіс.
-
Үміткер конкурстық тапсырмалардың есептеу нәтижесімен келіспеген жағдайды, Апелляциялық комиссия төрағасының атына қабылдау емтиханының нәтижелерi жарияланған соң, келесi күнi сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін апелляцияға онлайн түрде өтiнiш бере алады. Апелляциялық комиссия өтiнiшті берген күннен бастап бiр күн iшiнде сағат 17.00-ге дейiн қарастырады. Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы және облыстардағы жергілікті БИЛ-ге қабылдау комиссиясының шешімі бойынша Апелляция комиссиясының қорытындысы жарияланады.
17. БИЛге қандай квоталар бекітіледі?
-
Ауылдық мектептердің ұлттық зияткерлік "Мың бала" олимпиадасының жеңімпаздары үшін;
-
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын ауылдық жерден шыққан отбасының балалары; -
ата-аналарының біреуі бірінші топтағы мүгедектігі бар отбасының балалары; -
мүгедек баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған отбасылар; -
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; -
отбасыларда тұратын жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; -
төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балалар; -
экологиялық, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйінен айырылған отбасыларының балалары; -
мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқарған кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындалу немесе жүзеге асыру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасыларының балалары.
-
+7 7162 32 83 72